Кеуде қуысы мен кеуде қуысы органдарының зақымдары мен аурулары кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек және медбикелік үдеріс 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Кеуде қуысы мен кеуде қуысы органдарының зақымдары мен аурулары кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек және медбикелік үдеріс

Кеуде қуысы мен кеуде қуысы органдарының зақымдары мен аурулары кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек және медбикелік үдеріс

 

 Мақсаты: ауырсынуын басу, гемодинамикалық көрсеткіштерін тұрақты ұстау, пациенттің жағдайын жеңілдету.

Құрал-жабдықтар: герметикалық таңғыш, аналгетиктер, стерильді таңу материалы.

Техникасы:

1. Кеудені тесіп өткен жараны сол бойда алақанмен жауып, айналасын спиртпен өңдеп, герметикалық таңғыш салыңыз.

2. Пациентті шалқайтып отырғызыңыз.

3. Көк тамырға ине салып, физиологиялық ерітіндіні 400,0 құя бастаңыз, егер шок қауіп бар болса. 

4. Баралгин 5,0 б/е.

5. Пайдаланған материалдарды лотокқа салыңыз (Б класына).

6. Пациентті ауруханаға жеткізіңіз.

 

Кеуде қуысы мен кеуде қуысы органдарының зақымдары мен аурулары кезіндегі күтім

 Мақсаты: пациенттің жағдайын жеңілдету, тыныс асқынуларының алдын алу.

Құрал-жабдықтар: мұзды мұйық, тонометр, фонендоскоп, таңу материалы, дренаждар.

Техникасы:

1. Пациенттің кереуеттегі жағдайы шалқайтып отырғызылған болуы керек.

2. Кеуде қуысына жасалған операциядан соң плевра қуысына сұйық пен ауаны эвакуциялау үшін дренаж түтіктер жүйесін орнатады. Дренаждың герметикалығы бұзылса, пневмоторакс және өкпе коллапсы болуы мүмкін. Бұл жағдайда дәрігер дренажды ауыстырып, плевра қуысына жиналған ауаны, сұйықты шығарып, өкпенің керілуіне жағдай жасайды.

3. Егер дренаждан жаңа қан кетіп көп мөлшерде жатса, /сағатына 50 мл-ден көп/, медбике дәрігерге тез хабарлауы тиіс.
4. Операциядан кейінгі пневмонияның, сондай-ақ тромбоз бен эмболияның алдын алу үшін операциядан кейінгі пациенттердің белсенді қимылдауын бақылау керек. Оларға қақырығын түсіруді үйретіп, операциядан кейінгі күндері төсекте отыруға рұқсат етеді.

5. Дренаж түтіктерін операциядан кейінгі күндері дәрігер алып тастайды да пациентке тұрып жүруге рұқсат етеді.

6.Дәрігер тағайындауы бойынша пациенттыныс гимнастикасымен айналысады, жалпы жаттығулар жасайды. 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 35; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.008 с.)