Омыртқа жотасы мен жамбас сүйегі сынған кездегі дәрігерге дейінгі көмек 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Омыртқа жотасы мен жамбас сүйегі сынған кездегі дәрігерге дейінгі көмек

Омыртқа жотасы мен жамбас сүйегі сынған кездегі дәрігерге дейінгі көмек

 

Мақсаты: ауырсынуын басу, гемодинамикалық көрсеткіштерін тұрақты ұстау, пациенттің жағдайын жеңілдету.

Құрал-жабдықтар: қатты зембіл, оттегі, натрий хлориді 0,9% - 400,0 мл, трамадол 2,0, диазепам 10 мг 2мл амп.

Тактикасы:

1.зардап шегушіні қатты зембілге, ол болмаса тегіс тақтайға шалқасынан жатқызады. Егер омыртқа өсінділері  мен доға зақымданса –етпетінен жатқызады.

2.А/Қ мен пульсін қадағалап отырады, пациентті тоңбайтындай етіп қалың қымтайды. 

3.Көк тамырға ине салып, физиологиялық ерітіндіні 400,0 құя бастаңыз, егер шок қауіп бар болса. 

4. оксигенотерапия.

5. трамадол 2,0 в/м және пациент өте абыржулы болса + диазепам 2,0.  

 

 

Омыртқа жотасы мен жамбас сүйегі сынған пациентке медбикелік күтім жасау

Мақсаты: пациенттің жағдайын жеңілдету, асқынулардың алдын алу.

Құрал-жабдықтар: күтім құралдары, аналгетиктер, мұзды мұйық, стерильді таңу материалдары.

1.Пациентті астына ағаш тақтай салынған матрасқа жатқызады. Бұл пациенттер тері ойылуға бейім болатындықтан, үрмелі резин матрас болғаны немесе үрмелі дөңгелектер қолданған жөн.

2.Жаймалар мен төсемелерінің қыртысын тегістеп, қыртыстанбас үшін оларды кереуетке бекітеді. Төсемдерін күн сайын тегістеп жайып, ылғалын құрғаққа ауырстырып тұрады.
3.Теріге мұқият күтім жасау, массаж, ванна, физиотерапевтік процедуралар тері ойылудың алдын алуға бағытталған.

4.Бұл «спиналдық» пациент болса, оларда қуық, тік шек атониясы болатындықтан, тәулігіне 2-3 рет зәрін катетермен шығарады. Кейде памперс қолданады.

5. Циститтің алдын алу үшін қуығын жылы фурацилин ерітіндісімен жуып тұрады.

6.Аптасына 2-3 рет тазалау клизмасын қою қажет.
7. Жұлыны зақым келген пациенттерде өкпе асқынулары болуы мүмкін, сондықтан тыныс гимнастикасын, оттегі ингаляциясы, ауыз-мұрын қуысы  туалетін жүргізеді.

8. Аяқ бастары салбырап қалмас үшін оларды 90˚бұрышқа келтіріп, тіреу қояды.

9.Жарасы болса, таңып тұрады.

10. Жамбас сүйегі зақым келген пациенттің күтімі де осындай..

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 38; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.004 с.)