Ересектерге САВ бағадарламасы бойынша реанимация шарасын жасау. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Ересектерге САВ бағадарламасы бойынша реанимация шарасын жасау.

Құлап жатқан адамды көрген кезде құтқаруш (біз) оның айналасында өзіне қауіп жоқ па деп бексереді. Санасын тексеру үшін иығынан қағып атын дауыстап атайды. Санасы жоқ болса, 103 шақырады. Екі сұқ саусақпен өз жағынан пациенттің мойын бұлшық етінің ішкі жағынан немесе трахеяның жанынан ұйқы артериясын басып, пульсін тексереді. Егер пульсі жоқ болса, бұл-асистолия. Тынысын тексеру үшін құтқарушы басын пациенттің кеуде тұсына жақындатып, кеуденің тыныс алғандағы қимылы бар-жоғын тексереді.Тынысы жоқтығы-апноэ. Бұл клиникалық өлім. Клиникалық өлім диагнозы қойылғаннан кейін, пациентті тегіс қатты жерге шалқасынан жатқызып, қысып тұрған киімін, белбеуін босатамыз, ауыз қуысын құсықтан, протезден, бөгде заттан тазалаймыз, аяқтарын 30-40° -қа көтеріп қоямыз.

Мақсаты: өмірлік маңызды органдардың жұмысын қалпына келтіріп, пациентті тірілту.

С сатысы:

Екі қол алақанфның қырын төс сүйегінің төменгі 1/3 бөлігіне қойып, құтқарушы өз қолын тіке жазып ұстап, бар дене салмағымен итереді. 18-20 секундта 30рет компрессия жасайды. Сонда бір минутта 100 компрессиядан кем болмауы тиіс.

А сатысы:

Жоғары тыныс жолдарының ауа өтімділігін қамтамасыз ету үшін Сафардың «үштік әдісін» қолданады, яғни:

 1)басын кері шалқайту,

2)төменгі жақ сүйегін ілгері жылжыту,

3)аузын ашу.

В сатысы:

 «Ауыздан ауызға» немесе Амбу қапшығымен 2 рет тыныс үрлейді.

Құтқарушылар саны қанша болса да, компрессия мен жасанды дем беру арақатынасы 30:2 болу керек. Мұны 1 цикл деп атайды. 5 цикл жасалуы тиіс. Мұны 1 период деп атайды. 1 период шамамен 2 минутқа созылады. Бір период аяқталған соң 10-15 секундқа үзіліс жасалады. Мұны стоп-анализ үзілісі деп атайды. Осы уақыт ішінде пациенттің жалпы жағдайын бағалайды (АҚ, пульс, тыныс тексерілед) және құтқарушылар орын алмасады, егер ациентте тіршілік белгілері болмаса. Реанимация шарасын жедел жәрдем келгенше немеес паицентт тірілгенше жалғастыра береді.

 

Жүрек-өкпе реанимациясының тиімділігі критериі:

а/ жалпы белгілері пайда болса: өздігінен дем алса, цианозы азайып, терісі қызара бастаса, көз алмасы қимылдаса;

б/ гемодинамикалық белгілері: науқастың систоликалық қан қысымы 70-80 мм.с.б.б көтерілсе, пульсі ұйқы артериясы ғана емес, шеткі артерияда да пайда болса,

Реанимация шарасын жүргізгенде берілетін дәрілер, оларды көк тамырға егуге немесе кеңірдек ішіне енгізуге болады. Бұлар: адреналин (эпинефрин) (0,1%)-1 мл +10 мл 0,9% NaCl ерітіндісі к/т (жүрек сезімталдығын арттырады). Лидокаин 2% -1,0 мл +10 мл физиол.ерітінді, амиодарона- антиаритмиялық препарат ретінде егіледі. Натрий гидрокарбонатын ацидозбен күресу үшін 1ммоль/кг есеппен егеді. Адреналин мен лидокаинды кеңірдек ішіне де жіберуге болады, бұл кезде дозасын көк тамырға еккеннен екі есе етіп алады. Бұл дәрілер өкпе альвеолдары арқылы тез сіңеді.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 37; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.004 с.)