ртүрлі ұлпа жасушаларының құрылысының дайын препараттарын пайдалану тиімділігін түсіндіріңіз 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ртүрлі ұлпа жасушаларының құрылысының дайын препараттарын пайдалану тиімділігін түсіндіріңіз

11.Әртүрлі ұлпа жасушаларының құрылысының дайын препараттарын пайдалану тиімділігін түсіндіріңіз

Жұмыстың мақсаты: дайын микропрепараттарды микроскоп аркылы карап, жасушалар және ұлпалар құрылысымен танысу.

Керекті құрал-жабдықтар: микроскоптар, әр түрлі ұлпа жасушаларының дайын микропрепараттары; көлденең жолақты бұлшық ет ұлпалары, көлденең жолақты жүрек, бірыңғай салалы бүлшық ет, эпителий (эпителийдің әр түрлі типтері), сүйек, жүйке ұлпалары.

Жұмыс реті

Әр түрлі ұлпа жасушаларының күрылысының дайын препараттарын қараңдар. элементтерін (мем­брана, цитоплазма, ядро) табыңдар. Микроскоп арқылы көрген органоидтерін көрсетіп, жасушаның суретін салыңдар.

Микроскоп арқылы:

а) көлденен жолакты бұлшык ет; ә) көлденең жолакты жүрек;

б)тегіс салалы бұлшық ет; в) эпителий (өр түрлі эпителий);

г) сүйек;ғ) жүйке ұлпаларын караңдар.

Бұл ұлпалардың құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар туралы қорытынды жасаңдар. Бұл ұлпалардың құрылымдык бөліктерін табыңдар. Ұлпаларда жасушалар бірдей орналаскан ба?

Көрген үлпаларыңның суретін салындар. Органоидтерін жазыңдар. Оқулықтағы ұлпалардың суретімен салыстырыңдар.

Дөптерлеріңе кестені толтырыңдар.

Ұлпалар және олардың қызметі

12.Рефлекс доғасының жұмысын көрсететін тәжірибе барысын түсіндіріңіз

Мақсаты: тізені бақылап,көру

Құрал-жабдықтар: резеңке балға.

Жұмыс барысы.

Бір оқушы орындыққа аяғын бірінің үстіне бірін қойып, яғни аяғын айқастырып отырады. Екінші оқушы резеңке балғамен немесе алақанның қырымен тізенің төменгі бөлігін жайлап ұрады. Осы кезде сіңір жалғамасында пайда болған қозу санның алдыңғы қабырғасының бұлшық етіне беріледі де, аяқ тізе буынынан бүгіліп, алға жоғары қарай тебіледі. Бүгілу сезімтал және қозғалтқыш нейрондар есебінен болады, сондықтан тізе рефлексі деп аталады.

Рефлекс доғасының суретін салыңдар. Оның бөліктерін түрлі түсті бояумен көрсетіңдер. Бұл жұмысты түрлі түсті қағаздан аппликация (жапсырма) түрінде де жасауға болады.

Қорытынды.

Сәйкестендір: Рефлекстік доға

Нейронның түрлері:

Сезгіш

Байланыстырғыш

Қозғалтқыш

Нейрондардың қызметі:

А. тітіркендіргіштерді қабылдап, қозуды сезім мүшелерінен ОЖЖ не өткізеді;

Б. қозуды орталық жүйке жүйесінен (ОЖЖ) жұмыс мүшесіне жеткізеді;

В. сезгіш және қозғалтқыш нейрондар арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

Нейрондардың орналасуы:

Г. нейронның денесі жұлында, ал оның ұзын өсінділері одан тыс жерлерде орналасқан.

Д. нейронның денелері ОЖЖ не баратын жолдарда жүйке түйіндерінде орналасқан.

Е. нейронның денесі мен оның өсінділері орталық жүйке жүйесінде жинақталған.

Айтылған нейрондарды суреттен тауып,

олардың қандай сандармен белгіленгенін көрсет.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 32; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.007 с.)