сімдіктің көбею немесе генеративті мүшесі – гүлдің құрылысын зерттеу тәртібін түсіндіріңіз 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

сімдіктің көбею немесе генеративті мүшесі – гүлдің құрылысын зерттеу тәртібін түсіндіріңіз

5.Өсімдіктің өсімді немесе генеративті мүшесі – жапырақтың ішкі құрылысын практикалық тұрғыда зерттеуді түсіндіріңіз

зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Жапырақтың ішкі құрылысымен танысу.
Мақсаты: өсімдіктің өсімді немесе генеративті мүшесі – жапырақтың ішкі құрылысын практикалық тұрғыда зерттеу.
Құрал-жабдықтар: кез келген бөлме өсімдігі, өткір ұстара, микроскоп, жабын әйнек пен зат әйнегі, сапты ине, қысқыш (пинцет), су.

Жұмыстың барысы:

1. Кез келген бөлме өсімдігінің (традесканция, қазтамақ (герань), т. б.) жапырағының астыңғы өңінен сылып препарат жасап микроскоппен қарау, жабын ұлпа – өң жасушаларымен (мөлдір) ондағы жанаспалы жасушалардың құрылысы, ерекшелігімен танысу, оқулықтың суретімен салыстыру.

2. Жапырақ тақтасынан өте жұқа көлденең кесіндіден (дайын микропрепараты болса тіпті жақсы) препарат жасап микроскоппен қарау. Өңнің астындағы жұмсақ бөліміндегі бағаналы, борпылдақ жасушаларды көру, хлорофилл дәндерін қарау.

3. Осы препараттан жасушааралық кеңістік пен жүйкелерін (шоқтар) көру.

Нәтижесі: Жапырақтың ішкі құрылысын жаз:

6.Өсімдіктің көбею немесе генеративті мүшесі – гүлдің құрылысын зерттеу тәртібін түсіндіріңіз

 

зертханалық жұмыс.

Тақырыбы:Гүл құрылысын талдау.

Мақсаты: Өсімдіктің көбею немесе генеративті мүшесі – гүлдің құрылысын зерттеу.

Құрал-жабдықтар:нағыз гүлдер (қызғалдақ гүлдеп тұрған бөлме өсімдіктері және т.б.), қатты қағаздан ойылған жеке бөліктері, ұлғайтқыш қол әйнек, сапты ине.

Жұмыстың барысы:

1. Нағыз гүлден (ол болмаса) немесе гүл бөліктерінің қатты қағаздан жеке-жеке қиылған жапсырма (аппликация) көрнекі құралдардан гүл бөлімдерін табу, пішініне, санына, реңдеріне көңіл аудару.

2. Табиғи (нағыз) гүлден гүл бөліктерінің орналасу тәртібімен танысу.

3. Гүл бөліктеріне қарап жай немесе қос гүлсерікті екендігін анықтап ажырату.

4. Аталық пен аналықты жеке бөліп алып құрылыстарымен танысу, суретін салып атын жазу.

Нәтижесі:1) Гүлдің құрылысын жаз:

7. Жай және күрделі гүлшоғырларды зерттеуге жасалатын тәжірибелерді түсіндіріңіз

Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Жай және күрделі гүлшоғырлармен танысу.
Көрнекілігі: күріш масақтары, жүгері собығы, күнбағыс немесе
түймедағы себеті, сұлы масағы, сәбіздің гүлшоғыры,
мия гүлшоғырлары, асбұршақ, жолжелкен, балдырған
гүлшоғыры және т.б.
Орындалатын тапсырмалар
1) Алдымен алдарыңа үлестірілген гүлшоғыр түрінің кеппешөбін жай және күрделі гүлшоғырға бөліп алу.
2) Жай гүлшоғырлардың түрлерін талдап өсімдіктің атын жазып оқулықтағы суретпен салыстыру, суретін салу.
3) Күрделі гүлшоғырлардың түрлерімен танысу, талдау, өсімдіктің атын білу, жай гүлшоғырларына ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарау.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 38; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.009 с.)