Эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке ұлпаларын микроскоп астында зерттеу тәжірибелер барысын түсіндіріңіз 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке ұлпаларын микроскоп астында зерттеу тәжірибелер барысын түсіндіріңіз

9.Құстар мен сүтқоректілердің сыртқы құрылысындағы және қаңқасындағы ұқсастықтар мен кейбір ерекшеліктерін зерттеу тәжірибелерін барысын түсіндіріңіз

Мақсаты:Құстар мен сүтқоректілердің сыртқы құрылысындағы және қаңқасындағы ұқсастықтар мен кейбір ерекшеліктерін зерттеу.

Құрал-жабдықтар:құс (ұзақ не басқа) пен сүтқоректінің тұлыптары (болса әр 4-5 оқушыға бірден, болмаса мұғалімнің қасындағы оңаша үстелге, әр оқушы келіп көретіндей біреуі қойылады), құрастырылған қаңқалары, кейбір жекелеген сүйектері (қабырға, жілік, омыртқа, т. б.), құс қауырсындары. Тақтаға ілінген құс пен сүтқоректінің сыртқы құрылысы мен қаңқаларының кестелері.

Жұмыстың барысы:

1. Алдарыңдағы тұлыптардан құс пен сүтқоректінің дене бөлімдерін, пішінін мұқият қарап, кестедегі суреттерін пайдаланып, дененің әр бөлімінің атаулары, дене пішінін және жабынын, олардың ерекшеліктерін қысқаша сипаттап дәптерге жазыңдар. Екеуінің дене пішініндегі, жамылғысындағы ерекшеліктердің немен байланысты екенін ойланып, жазыңдар.

2. Екеуінің сыртқы мүшелерін қараңдар. Олардың ішіндегі әр жануардың орын ауыстырып қозғалуымен байланысты ерекшеліктеріне көңіл бөлген жөн. Ол – қандай ерекшеліктер? Жазыңдар.

3. Енді құс пен сүтқоректінің қаңқаларын мынадай жоспар сұрақтар бойынша зерделеңдер (кестелерді де пайдалануға болады): 1) Дене бөлімдерінің (бас, мойын, тұлға, құйрық, аяқтар) негізгі сүйектерін тауып, әр бөлім бойынша атауларын тізіп жазыңдар; 2) алдыңғы аяқ қаңқаларындағы екеуіне де ортақ негізгі сүйектерді анықтап, қанат қаңқасындағы сүйектердегі ерекшелікті анықтап қысқаша жазыңдар.

4. Екі қаңқадағы атауы, түрі бірдей, яғни екеуіне де ортақ бір-екі жеке сүйектерді (мысалы, қабырға, ортан жілік, төссүйек) ұстап жай салмақтап көріңдер. Қайсысы жеңіл? Бұл немен байланысты?

5. Жақ сүйектерді зерделеп, ерекшеліктерін жазыңдар.

6. Құс қауырсындарының түрлерін зерделеп, әр түрінің суретін салыңдар, желпуіш қауырсынның құрылысымен танысып, суретіне әр бөлігінің атауын сызықшамен көрсетіп жазыңдар.

7. Жұмыста көріп, зерделегендеріңе сүйене отырып, «Құстың сыртқы құрылысы мен қаңқасының сүтқоректімен ұқсастықтары және ерекшеліктері» тақырыбын қысқаша, нақтылы етіп қорытып жазыңдар.

Нәтижесі:

1) Құстар мен сүтқоректілердің қаңқасындағы ұқсастықтар мен кейбір ерекшеліктерін жаз:

Ұқсастықтары:

Ерекшеліктері:

2) Құстың қаңқа бөлімдерін атап жаз:

 

Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: микроскоптар, әртүрлі ұлпа жасушаларының дайын микропрепараттары; көлденең жолақты бұлшық ет ұлпалары, көлденең жолақты жүрек бұлшық еті, бірыңғай салалы бұлшық ет, эпителий (эпителийдің әртүрлі типтері), сүйек, жүйке ұлпалары.

Жұмыс барысы.

1.Әртүрлі ұлпа жасушаларының құрылысының дайын препараттарын қараңдар. Құрылымдық элементтерін (мембрана, цитоплазма, ядро) табыңдар. Микроскоп арқылы көрген органоидтерін белгілеп, жасушаның суретін салыңдар.

2.Микроскоп арқылы мына ұлпаларды қараңдар:

А)көлденең жолақты бұлшық ет;

Ә) көлденең жолақты жүрек бұлшық еті;

Б) бірыңғай салалы бұлшық ет;

В) эпителий (әртүрлі эпителий);

Г) сүйек;

Ғ) жүйке ұлпалары.

Бұл ұлпалардың құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар туралы қорытынды жасаңдар. Бұл ұлпалардың құрылымдық бөліктерін табыңдар. Ұлпаларда жасушалар бірдей орналасқанба?

Көрген ұлпалардың суретін салыңдар. Органоидтерін жазыңдар. Оқулықтағы ұлпалардың суретімен салыстырыңдар.

Қорытынды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 31; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.005 с.)