Сабақтың ішкі құрылысымен танысу үшін жасайтын тәжірибе барысын түсіндіріңіз 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сабақтың ішкі құрылысымен танысу үшін жасайтын тәжірибе барысын түсіндіріңіз

ІІ деңгей

1. Ұлғайтқыш әйнек пен микроскоптың қызметін түсіндіріңіз

Микроскоп (грек. mіkros – ұсақ және грек. skopeo – көремін) – жай көзге көрінбейтін нысандардың (немесе олардың құрылымдық бөліктерінің) бірнеше есе үлкейтілген кескінін алатын оптикалық прибор.

Микроскоп бактериялар, органикалық жасушалар, майда кристалдар, қорытпалардың құрылымы, т.б. өлшемдері көздің көру мүмкіндігінен аз (ажыратқыш шамасы 0,1 мм-ге тең) нысандарды зерттеуге арналған. Микронысандардың пішінін, өлшемін, құрылымын, т.б. сипаттамаларын анықтауға, элементтерінің ара қашықтығы 0,2 мкм-ге дейінгі құрылымдарды ажыратып көруге мүмкіндік береді. Линзаның немесе екі линзадан тұратын жүйенің заттардың үлкейтілген кескінін беретін қасиеттері 16 ғасырдың өзінде белгілі болған. Микроскопты алғаш рет ғылыми - зерттеу жұмыстарына қолдану ісі жануарлар тіні мен өсімдік ұлпаларының клеткалық құрылысын анықтаған (1665) ағылшын ғалымы Р.Гук және Микроскоптың жәрдемімен микроорганизмдерді ашқан (1673 – 77) голланд ғалымы А.Левенгук есімдерімен байланысты. 1872 – 73 жылы неміс ғалымы Э.Аббе жасаған Микроскопта өздігінен сәуле шығармайтын нысандар кескінінің түзілу теориясы әр түрлі микроскопты зерттеу әдістерінің дамуына зор ықпал етті.

Қолдану облыстарына не болмаса бақылау әдістеріне байланысты анықталады. Биологиялық Микроскоп микробиологияда, гистологияда, цитологияда, ботаникада, медицинада зерттеулер жүргізуге, ал физикада, химияда, т.б. мөлдір денелерге бақылау жүргізуге арналған. Биологиялық зерттеулерде осымен қатар люминесценттікжәне инвертирленген Микроскоптар қолданылады. Металлографикалық Микроскоп – металдар мен қорытпалардың микроқұрылымын зерттеуге; поляризациялықМикроскоп – қосымша поляризациялық қондырғылармен жабдықталған және негізінен минералдар мен кендердің шлифтерін зерттеуге; стереомикроскоптар – бақыланатын заттардың көлемді кескіндерін алу үшін; өлшеуіш Микроскоптар – машина жасау саласында дәл өлшеулер жүргізуге арналған. Аталғандардан басқа арнайы Микроскоп да бар: фотоэмульсиядағы ядролық бөлшектердің іздерін анықтайтын Микроскоп; 20000С-қа дейінгі қыздырылған нысандарды зерттейтін Микроскоп; операцияларда қолданылатын хирург. Микроскоп, интерференциялық Микроскоп.

Микроскоптан басқа майда затты (3-5 есе) сәл үлкейтіп көрсететін, құрылысы қарапайым құрал – ұлғайтқыш қол әйнегі (лупа). Оның негізгі бөлімі – екі жағы бірдей дөңес шыны (линза). Пайдалануға ыңғайлы болу үшін шынының айналасы құрсауланған, қолмен ұстайтын сабы бар. Ұлғайтқыш әйнектің сабынан ұстап, заттың бейнесі анық көрінгенше затқа біресе жақындатып, біресе алыстатып қарайды.
Ұлғайтқыш қол әйнегінен күрделірек тұтқалы ұлғайтқыш әйнек болады. Ол затты 10-25 есе үлкейтеді. Тұтқалы ұлғайтқыш әйнектің де табаны (микроскоптікіндей), зат қоятын үстелшесі (тұтас тұнық әйнектен жасалған), қозғалмалы айнасы бар. Көру түтігін қозғайтын бұрандасы болады. Қарапайым көру түтігінің бір жағы – окуляр, екінші жағы – объективі. Затты көру тәртібі микроскоптағыдай.

2.Пияз қабықшасының өңі мен бөлме өсімдіктерінің жапырағының көлденең кесіндісін микроскоппен қарау тәртібін түсіндіріңіз

 Мақсаты: Пияз қабықшасының өңі мен бөлме өсімдіктерінің жапырағының көлденең кесіндісін микроскоппен қарап, салыстыру.

Құрал-жабдық пен көрнекіліктер: микроскоп, тамызғы, сапты ине, қысқыш зат, заттық және жабын шыны, өткір ұстара, су, пияз, сүзгіш қағаз, электронды оқулық.

Ескерту: қажетті құралға қосымша кез келген бөлме өсімдіктері алынады (хлорофилді көру).

Орындалатын тапсырмалар

1. Пияз қабығының өңінен жасалған препараттың микроскоптағы көрінісінің суретін дәптерге салу, жасуша пішініне көңіл аудару.

2. Жеке жасушаның бөліктерінің атын жазып, оқулықтағы суретпен салыстырып талдау.

3. Бөлме өсімдігі жапырағының жұқа көлденең кесіндісінен препарат жасап, жасыл пластидтердің пішіні мен түсіне көңіл аудару (жапырақтары түксіз өсімдіктер алынады). Тіпті жапырақ өңін азғана жұмсағымен сылып алып қараса пластидтер көрінеді.

4. Қорытынды жасаңдар.

Денесі бір ғана жасушадан тұратын (мейлі өсімдік я жануар болсын) ағзаларда әр жасуша өз алдына жеке ағза болып есептеледі. Көп жасушалы ағзадағы бір жасуша ағзаның кішкене бір бөлшегі ғана. Өсімдік жасушасының құрылысымен толық танысу үшін препаратты қайта жаңартып, микроскоппен қарайық. Препараттан пішіні төрт бұрышты, ұзынша, бір-бірімен тығыз орналасқан көп жасушалар көрінеді. Жеке бір жасушаның құрылысы – жасуша қабықшасы, цитоплазма, ядро, пластидтер және вакуоль Жасуша қабықшасы жасушаның сыртын қаптайды. Ол өте тығыз, қалың, қатты, ыстық суда, басқа да қосылыстарда ерімейтін мықты болады. Қабықша – жасунықтан (целлюлоза) тұрады. Қабықшаның өте жұқарған жерін – саңылау деп атайды (саңылау тесік емес, тек салыстырмалы атауы). Саңылау арқылы, біріншіден, бір жасуша мен екінші жасуша арасында өзара су, газ, зат алмасады. Екіншіден, бір жасушаның цитоплазмасы екінші жасушаның цитоплазмасымен байланысады. Қабықша жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет береді. Ішкі бөліктерін зақымданудан, кеуіп кетуден қорғайды.

Цитоплазма(грекше «цитос» – жасуша; «плазма» – сұйықтық) – жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат. Цитоплазманың құрамында 60-90% су, 10-20% нәруыз, 2-3% май, 1% бейорганикалық заттар бар. Жасушаның тіршілігіне қажетті денешіктер (органоидтар) цитоплазмада орналасады. Жасушада жүретін барлық күрделі тіршілік әрекеттеріне қатысады. Цитоплазмада жасушадағы зат алмасудың көпшілігі жүзеге асады. Ол үздіксіз қозғалыста болады.

Ядро– цитоплазмаға қарағанда тығыз әрі сыртында 2 қабат қабықшасы бар. Цитоплазманың ішінен пішіні өте анық байқалады. Жасуша қабықшасындағыдай ядро қабықшасында да өте жұқарған (саңылау) жерлері көп. Саңылаулары арқылы цитоплазма сұйықтығымен өзара ұдайы байланысып зат алмасады. Әрбір тірі жасушаның тіршілігі ядро мен цитоплазманың тіршілік әрекетіне байланысты. Ядро жасушаның көбеюіне қатысады.

Пластидтер– тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер. Бұлар бактериялар мен саңырауқұлақтарда болмайды. Құрамында болатын бояғыш заттардың түсіне қарай пластидтер – хлоропластар, хромопластар, лейкопластар деп 3-ке бөлінеді.

Хлоропластарөсімдікке жасыл түс береді. Өсімдіктің барлық жасыл мүшелерінде кездеседі. Хлоропласта жасыл пигмент – хлорофилл бар. Хромопластар гүл күлтелеріне, күзгі жапырақтарға, піскен жемістерге, жемтамырларға қызыл, сары түс береді.

Лейкопластар – өсімдіктің тұқымында, тамырында, түйнегінде кездесетін түссіз, ұсақ денешіктер. Олар өсімдікте қоректік қор жинауға қатысады.

Вакуоль – цитоплазмада орналасады, сыртында қабықшасы бар іші шырынға толы болатын бөлігі. Жасуша шырынының жиналуына байланысты біртіндеп пайда болады. Шырынның құрамындағы органикалық қышқылдар, витаминдер, тұздар жасушаның қоректенуіне жұмсалады. Вакуоль жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді. Егер қысым өзгерсе, өсімдік қурап қалады. Вакуоль сулы ортаны қалыптастырады. Пияз қабықшасының өңі мен бөлме өсімдіктерінің жапырағының көлденең кесіндісін микроскоппен қарау.Сабақтың мақсаты:. Жасушаның маңызды бөліктермен таныстырып , оладыңатқаратын қызметтерін түсіндіру.2. Оқушылардың шапшаңдығын, тез ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.3.Жауапкершілікке, табандылыққа тәрбиелеу.Пияз қабықшасының өңі мен бөлме өсімдіктерінің жапырағының көлденең кесіндісін микроскоппен қарау.Орындалатын тапсырмалар:1. Пияз қабығының өңінен жасалған препараттың микроскоптағы көрінісінің суретін дәптерге салу, жасуша пішініне көңіл аудару.2. Жеке жасушаның бөліктерінің атын жазып, оқулықтағы суретпен салыстырып талдау.3. Бөлме өсімдігі жапырағының жұқа көлденең кесіндісінен препарат жасап, жасыл пластидтердің пішіні мен түсіне көңіл аудару (жапырақтары түксіз өсімдіктер алынады). Тіпті жапырақ өңін азғана жұмсағымен сылып алып қараса пластидтер көрінеді.Ескерту: Көрнекілікке қосымша кез келген бөлме өсімдіктері алынады (хлорофилді көру).

Сабақ - өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін бір-бірімен жалғастырып тұратын орталық тірек.

Сабақтың ішкі құрылысын ағаш діңінің көлденең кесіндісінен көреміз. Ішкі құрылысы төрт қабаттан тұрады: қабық, камбий, сүрек, өзек.

 

Сабақ мынадай қызметтер атқарады:

1) қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің басқа мүшелеріне жеткізеді;

2) сабаққа бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді;

3) көбеюге қатысады;

4) органикалық заттар қорға жиналады;

5) өсімдіктердің жоғары жағының аумағы бұтақтану арқылы артады;

6) вегетативтік көбею.

Сабақтың ішкі құрылысымен танысу.

Мақсаты: Сабақтың ішкі құрылысын ұлғайтқыш қол әйнегімен қарап, оның қабаттарын бір-бірімен салыстырып зерттеу.

Құрал-жабдықтар: қарағаш, емен, терек ағаштарының 20 см ұзындықтағы жас өркендері, ұлғайтқыш қол әйнегі, ағаштың жуандау (2-3 жылдық) діңінің көлденең кесіндісі (қалыңдығы 5-8 см).

Жұмыстың барысы:

1. Әр түрлі ағаштардың (қарағаш, емен, қайың, терек, тал, т. б.) жас бұтақтарынан (ұзындығы 20 см) сыртқы қабығының түсіне, қабығын жарып бұртиып шыққан (шұбарланған) жасымықшаларына, оның пішініне көңіл аударып, лупамен қарап суретін салыңдар.

2. Кез келген ағаштың көлденең кесіндісінен сабақтың ішкі құрылысының қабаттарын ажырату. Әр қабаты қанша көлемді алып жатқандығын (калыңдығын) ажыратып, түсіне көңіл аудару. Өзек жасушаларының ерекшеліктерін бақылап көру.

3. Оқулықтағы суретпен салыстырып талдау.

Нәтижесі: 1) сурет бойынша 2) Бос орындарды толтыр:

 

 

Қорытынды: Берілген сөйлемдерді зер салып оқып сабақтың қай қабатына тән екендігін анықтап, тұсындағы санын дәл келетін қабаттың астындағы бағанына жазыңдар.

Қабық

Камбий

Сүрек

Өзек

 

 

 

 

 

1. Сабақты жуандатып өсіреді. 2. Жылдық шеңбер (сақина) түзіледі. 3. Органикалық заттар қорға жиналады. 4. Су мен минералды заттар қозғалады. 5. Тін талшықтары орналасқан. 6. Сабақтың барлық бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады. 7. Қабық пен сүректің арасында орналасады. 8. Сабақ тыныс алатын жасымықша жасушалары орналасады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 36; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.236 (0.007 с.)