Балықтың ішкі құрылысын зерттеуге ұйымдастырылатын тәжірибені сипаттап беріңіз 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Балықтың ішкі құрылысын зерттеуге ұйымдастырылатын тәжірибені сипаттап беріңіз

Зерханалық жұмыс.Сазан балығының сыртқы және ішкі құрылысын қарау.

Керекті құралдар:сазан балығы әр партада біреу,микроскоп,скальпел,салфетка,микропрепарат,әр оқушыда ақ халат және перчатка.(з\ж-тың барысы кітапта)

Биология сабағында балықтың ішкі құрылысына тәжірибе жасау барысында мұқият болуымыз шарт.Қажетті құрал жабдықтарды дайындап аламыз.

Жұмыстың барысы:

І. 1. Ауыз қуысындағы қоректенуге қатысатын мүшелерді зерделеу.

Астың жүріп өтетін жолын, кестені пайдаланып, анықтап, әр бөлімнің атауымен, сыртқы түрімен, пішінімен, мөлшерімен (ұзын, қысқа, үлкен, кіші, т.с.с.), орналасуымен (арқа, құрсақ, құйрық бөлімдері) танысу.

2. Астың қорытыла бастайтын және әбден қорытылатын бөлімдерін табу.

3. Асты қорытуға қатысатын бауыр мен қарынасты безін, өт, сөл жүретін жолдарының асқорытудың қай бөлімімен жалғасатынын анықтап көру.

ІІ. 4. Балық желбезегін зерделеп, қақпақшаларын, жапырақшалары мен талшықтарын қарап, әрқайсысының орналасуына назар аудару.

5. Зәршығару жүйесінің бөлімдерін (бүйрек–несепағар–қуық–аналь тесігі) тауып, зерделеу.

6. Жүрегінің орнын, түрін, пішінін анықтау.

7. Жақсы дамыған бұлшықетті дене бөліміне назар аудару.

8. Аталық немесе аналық (зерделеніп отырған қайсысы?) бездердің орналасуымен, пішінімен, мөлшерімен, сыртқы көрініс-түрімен танысу.

Тәжірибе барысында қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып орындаймыз.алдымен балықтың ас-қорыту мүшесіне анықтамаберіп бастаймыз;

 Ішкі құрылысы:

Сүйекті балықтардың қаңқасында майда сүйектер өте көп болады. Қаңқа бөліктері шеміршекті балықтарға ұқсас. Желбезектенің сырты желбезек қақпағымен жабылған. Ауыздары бас бөлімінің алдыңғы жағында орналасады. Жқсүйектерінде тістері орналасқан. Ауыз қуысы —- көлемді жұтқыншақ —- қысқа өңеш —- қарын —— аш ішек —- тоқ ішек —- тік ішек —- аналь тесігі. Бауыр мен ұйқыбез өзектері аш ішектің алджыңғы бөліміне ашылады. Сүйекті балықтарда ерекше мүше – торсылдақ пайда болған. Ол балықтың дене салмағын өзгертуге, кейде түрлі дыбыстар шығаруға қатысады. Су түбінде тірішілік ететін сүйекті балықтарды торсылдақ болмайды. Тынысалуы желбезек қақпағының қозғалысымен байланысты. Қантарату жүйесі шеміршекті балықтармен ұқсас.- — екі қуысты жүрек, бір қанайналым шеңбері. Зәр шығару жүйесі — -екі бүйрек, екі несепағар жүйесі. Алғаш рет қуық пайда болған. Зәр шығаратын тесік өз алдына жеке ашылады. Миы шеміршекті балықтармен салыстырғанда кіші әрі қарапайым. Есту мүшесі тек ішкі құлақтан тұрады. Балықтар бір – бірімен түрлі дыбыстар шығару арқылы байланысады. Иіс сезу, дәм сезу, бүйір сызықтары шеміршекті балықтарға ұқсас. Балықтар негізінен дара жынысты, тек теңіз алабұғасы ғана қосжынысты. Аналық бездерінде аналық жұмыртқа жасушасы – уылдырық , ал аталық безде сперматозоидтар – шоғал дамып жетіледі. Сүйекті балықтар сырттай ұрықтанады, суға өте көп мөлшерде уылдырық шашады. Кейбір балықтар көбею үшін өрістейді, мысалы, теңізден өзенге, кейде керісінше. Кәсіптік маңызы бар балықтарды қолдан көбейтіп, өсіреді.

1. Оқушыларға сүйекті балықтардың өзіне тән – ерекшеліктері туралы білім беру.
2. Оқушыларға балықтың түрлері, отрядтары жөнінде ұғым бере отырып, ой — өрісін, іздену қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға жан – жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Оқушылар тақырыпты толық меңгереді,жоғары деңгейде ойлай алады,топта бірлесіп жұмыс жасауға дағдыланады,өз пікірін қорғай алады,сыни ойлай білуге үйренеді,ақпаратты тиімді қолдана біледі.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 40; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.236 (0.008 с.)