Жапырақтың ішкі құрылысы туралы айтып беріңіз 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жапырақтың ішкі құрылысы туралы айтып беріңіз

Жапырақтың көлденең кесіндісінен жапырақтың екі беті мөлдір, түссіз үстіңгі және астыңғы өңмен (жабын ұлпа) қапталғанын көруге болады. Өң жасушалары тірі, бір - бірімен тығыз жанасып жатады. Астыңғы өңінде жанаспалы жасушалар орналасады. Өң жасушаларында хлорофилл болмайды, сондықтан түссіз. Күн сәулесін өткізеді және қорғаныш қызметін атқарады. Тұйықтаушы жасушалар – жарты ай немесе бүйрек пішінді бір – бірімен жанасқан екі жасуша. Жанасқан жерінде саңылауы бар. Бұл саңылау бірде ашылып бірде жабылады. Саңылау арқылы жапыраққа ауа енеді. Атмосфераға су буы, оттегі және көмірқышқыл газы шығарылап тұрады. Тұйықтаушы жасушада болатын хлорофилл дәндерінде күн сәулесінен қант (орг зат) түзіледі. Сол кезде қысым артып күндіз саңылау ашылады, түнде қант мөлшерінің азаюы қысымды төмендетіп, саңылау жабылады. Егер күндіз күн өте ыстық желді болса, ылғалды сақтау үшін саңылау жабылып тұрады. Саңылау күзде күндіз де түнде де жабық болады.
Өңнің астында қалың, жұмсақ ортаңғы қабаты (негізгі ұлпа) көрінеді. Жапырақтың ортаңғы жұмсақ бөліміндегі жасушалар пішіміне қарай бағаналы және борпалдақ деп екіге бөлінеді. Бағаналы жасушалар жарық мол түсетін үстіңгі өңнің астына жанаса жатады. Бағана тәрізді ұзын бір - біріне тығыз орналасқандықтан осылай аталады. Жасушалар тығыз орналаспай арасында кеңістіктері болса, борпылдақ жасушалар деп аталады. Жапырақ жүйкелері де осы қабатта орналасады, ал су мен минералды заттар жапыраққа жүйке арқылы өтеді. Ортаңғы қабат жасушаларындағы хлоропластарда фотоситез үрдісі жүзеге асады. Жапыраққа беріктілік, серпімділік қасиет беретін, оның “қаңқасын” құрайтын талшықтар жапырақ жүйкесін құрайды. Жапырақжүйкесінің құрамында әртүрлі жасушалардан құралған негізгі өткізгіш ұлпа — ксилема; өсімдікте органикалық заттарды таситын және өсімдіктің арнайы мүшелерінде (жер асты тамырында, өсу нүктесінде, жемісі мен дәнінде, т.б.) қор жинауға қатысатын түтікті-талшықты күрделі ұлпа — флоэма болады. Жапырақ сағағынан тақтасына қарай жалғасып жатқан өткізгіш шоқтар — орталық жүйке деп аталады, ал одан жан-жаққа таралған жанама жүйкелердің орналасуына қарай жүйкелену бірнеше типке бөлінеді: қауырсын тәрізді торлы жүйкелену — орталық жүйкенің жан-жағын жанамалап жатуы (тал, терек, алма, алмұрт, шие, т.б.); саусақ салалы жүйкелену — негізгі орталық жүйке бір жерден басталып, жапырақ жиегіне дейін саусақ тәрізді салаланып таралуы (үйеңкі, бегония, т.б.); параллель (қатарласа) жүйкелену — талшықтар жапырақтың ұшына қарай қатарласа созылуы (барлық астық тұқымдастары), доғалы жүйкелену — жүйкелер жапырақ тақтасының түбінен шығып, жапырақтың ұшына жеткен кезде доға тәрізді бір-бірімен соқтығысады (інжугүл, жолжелкен.)



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 42; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.236 (0.007 с.)