Тамыр бөлімдерін сипаттап беріңіз 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тамыр бөлімдерін сипаттап беріңіз

  Тамыр (лат. radix) — Тұқымды және жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің (мүктен басқасы) топыраққа бекіп, одан су, қоректік зат сіңірген, оларды бірқатар бастапқы өзгеріске түсіретін, зат алмасуда пайда болған кейбір заттарды бөліп шығаратын негізгі вегетативті орган.

Кейбір өсімдіктерде Тамырда қоректік зат жиналады, атпа тамырлы өсімдіктер Тамырымен вегетативті көбейеді. Гүлді өсімдіктердің Тамыры тұқымның қрығынан басталады және бұны алғашқы тамыр деп атайды. Тамыр бой конусындағы өсу нүктесі жасушалары бөлінуі нәтижесінде ұшынан өседі. Тамырдың бөлімшелері

Тамыр ұзындығына, атқаратын қызметіне байланысты келесі аймақтарға бөлінеді: тамыр оймақшасы, бөліну аймағы, созылу (өсу) аймағы, сору аймағы, өткізгіш аймағы деп бөлінеді.

Тамыр оймақшасы

Тамыр оймақшасы тамыр бөліміне кірмейді. Тамыр ұшындағы өсу нүктесінің сыртын қаптап тұрады. Оймақша жасушалары тірі. Сыртқы қабатындағы жасушалары топырақтағы кедергілерге үйкеліп, зақымданып түлеп түседі. Оның орнына жаңа жасушалар түзіліп ұдайы жаңарып отырады. Тамыр оймақшасының сыртқы қабатындағы жасушалар шырышты зат бөледі. Ол зат тамыр ұшындағы жаңадан пайда болған нәзік жасушаларды жарақаттанудан қорғайды. Тамырдың топырақтағы қозғалысын жеңілдетеді.Тамыр оймақшасы тамырдың бөліну аймағының сыртын қаптап қорғап тұрады.

Бөліну аймағы

Бөліну аймағы атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортанғы, ішкі болып үш қабаттан тұрады. Ең сыртқы қабатындағы жасушалар тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасын түзеді. Ортанғы қабатынан алғашқы қабық, ішкі қабаттан орталық цилиндр түзіледі. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалыптасуына себепші болады.

Созылу (өсу) аймағы

Созылу (өсу) бөлімінің жас жасушалары бөлінбейді. Ұзыннан созылып, ұзарып, тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді. Алғашқы өткізгіш ұлпалар осы бөлімде түзіледі.

Сору аймағы

Сору бөлімі өсу бөлімінен кейін орналасқан, қалың түктері бар бөлік. Тамы түктері тамырдың сыртын қаптап жатқан жұқа өң қабықшасы жасушаларының созылуынан пайда болады. Ол алғаш жай өсінде түрінде 1-3 күнде бұртиып шығады. Қабықшасы тез созылып, түк ұшынан ұзарып өсе бастайды. 10-20 күннен соң қурап түсіп, орныны жаңа түктер шығып, жаңарып отырады. Тамыр түтіктерінің ұзындығы әр түрлі. Әр бір түк - жұқа қабықшасы, цитоплазмасы, ядросы жане вакуолі бар жеке ұзын жасуша. Ол топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, су мен онда еріген минералды тұздарды сорады. Жас тамырға тірек қызметін атқарады.

Өткізу бөлімі

Су мен онда еріген қоректі заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл бөлімде тамыр түктері болмайды,жанама тамырлар дамиды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 36; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.006 с.)