Модульді оқыту технологиясының тиімділігін сипаттап беріңіз 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Модульді оқыту технологиясының тиімділігін сипаттап беріңіз

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі: 1) қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі; 2) оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, 3) барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу.Оқушыларға: 1) өз ойларын толқы жеткізе алмауы; 2) материалды мұғалімнің жеңілдетіп түсіндіруін қалауы; 3) нақты фактілерге мән бермеуі; 4) білімді жинақтауға мән бермеуі.С.И.Ожеговтың пайымдауынша «Модуль дегеніміз – белгілі бір тақырып ішіндегі бөліктердің өзара топтастырылған жүйесі». Ал «технология» гректің «шеберлік» деген сөзі.Яғни, модуль — тұтас жүйенің бір бөлшегі, пәннің негізгі заңдылықтарын ашатын ұғымдардың бір-біріне байланысты элементтердің жиынтығы.Модульдік технология дегеніміз-білім алушының ішкі мүмкіншілігіне, қабілетіне қарай өз бетімен ізденуіне, әрекет етуіне лайықталған дидактикалық құрылым, адамның өзін-өзі дамуының амалы, жолы.Оқыту технологиясының біз әзірлеген нұсқасының бір ерекшелігі – оның білімді меңгеруге емес, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерін, яғни жадының алуан түрін (есту, көру, қимыл-қозғалыс және т.б.), ойлау, ынта, қабылдау қабілеттерін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас жасау, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілде) дамытуға бағытталуында.М.М.Жанпейісованың технологиясында модуль 3 құрамды бөліктен тұрады:1.Кіріспе2.Сөйлесу3.Қорытынды.Әр оқу модулінің сағаты әр түрлі болады. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсеткен. Осы оқу модулінің ерекшелігі жалпы сағат санына қарамастан кіріспе және қорытынды бөліміне 1 немесе 2 сабақ саны бөлінеді, ал қалған сағаты сөйлесу сағаты болады.Кіріспе бөлімде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттеріментаныстырады. Сонан соң осы оқу модулінің барлық уақытына есептелгеноқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте, және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Оқушылар бұл кезеңде бағдарламаның аталған тарауын неге және не үшін оқып үйренулері керектігін, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түсінуі қажет.Сөйлесу бөлімінде оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейі, қарапайым білік пен дағдыларын және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы жүзеге асырылады.Тақырып мазмұнына «өсу» бағытымен — қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмалар мен зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, жазбаша және ауызша тілін дамытуға мүмкіндік береді.Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әрбір берілген оқу материалын сабақта үш күрделілік деңгейінде тыңдау, жазу, көру және айтуға мүмкіндігі болатындай етіп құрылған.3,4-сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай тапсырмаларберіледі (ІІІ және ІІ деңгейлер)І деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне, яғни интеллектуалдық және креативтік дарынды балаларға арналған.Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмалар қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңімен орындалу міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүкіндігіне қарай таңдауға ерікті.Оқу модулінің қорытынды бөлімі – бақылау. Бұл бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларынешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.Егер сөйлесу бөлімінде оқушыларға үш деңгейлік (жеңілдетілген стандарт, стандартты, стандарттан жоғары) тапсырмалар берілсе, қорытынды бөлімде барлық оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай бірдей тапсырмалар беріледі.Зерттеушілік сипаттағы тапсырмалар бөлек есептеледі. Олар баяндама, хабарлама, реферат түрінде болуы және оқушыллардың ғылыми қоғамына (ОҚҒ), конкурстарға ұсынылуы мүмкін.Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады.Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы.Оқу модулі, негізінен, үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлесу бөлімі және қорытынды бөлімнен тұрады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 38; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.236 (0.01 с.)