Биология кабинетіндегі жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау туралы жазыңыз 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Биология кабинетіндегі жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау туралы жазыңыз

6.Биология кабинетіндегі жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау туралы жазыңыз

1.Зертханалық оқушы үстелдерінде биология сабағына қатысты оқу
құралдары, аспаптар мен құрал жабдықтар ғана жатады.
2.Өткір пышақпен, сапты инемен жұмыс істеу кезінде жарақат алып
қалмас үшін бұл аспаптардың кесетін немесе түйрейтін бөліктерін
ешқашанда өзіңе, жолдастарыңа қарай бағыттама.
3.Шыны ыдыс пен жұмыс істегенде сақ болу керек,оны сабынмен
жума(қолға ұстауға сусымалы болады, сол себепті
құлатып,сындырып алуың мүмкін). Егер шыны ыдыс бәрібір сына
қалса, оның жарықшақтарын қолмен жинама, дұрысы-сыпырғы мен
күрекшенің көмегімен жинап алу керек.
4.Зертханалық жұмыстар біткен соң қолды міндетті түрде мұқият
сабындап жуу қажет.

7.Микроскоппен жұмыс істеудің ережелерін айтып беріңіз

Микроскопты ыңғайлап, сол жаққа қойыңыз. Айнаның ойыс жағын жарық түсетін жаққа бағыттаңдар. Револьверді айналдырып, 8 есе үлкейтіп көрсететін объективке /кіші/ қойыңыздар. Кіші объектив пен препарат орналасатын орындықтың аралығы 1-1,5 см болуы керек. Айнаны ептеп қозғап біркелкі түсетін жарықты табыңыздар. Препараттың кішкентай шынысын жоғары бағыттап орналастырып, микроскоппен қараңыздар. Макровинтпен тубусты жоғары немесе төмен түсіріп, препараттың біркелкі боялғанын көресіздер, жақсы және ашық көрінетін тұсына қойыңыздар. Фокусын өзгертпей кіші объективтен, үлкен объективке көшіріңіздер. Микровинтті ақырын бұрап, препараттың өте анық көрінетін тұсын табыңыздар. Препаратты ақырын қолмен жылжытуға болады. Препаратты зерттеп болған соң үлкен объективтен кіші объективке көшіріңіздер. Микроскоппен жұмыс істеп болғаннан соң оны салфеткамен жауып қойыңыздар. Айнаны қойған кезде көру аймағында жарық біркелкі, әрі жеткілікті болу қажет. Жарық көзі үстелге қоятыншамболғандықтанмикроскопайнасыныңойысжағықойылуы керек. Қарайтын препаратты микроскоптың үстеліне жұқа шынысы үстіне қарайтындай етіп орналастыру.Үлкен винтті (кремальерді) қозғау арқылы сәуле шоғырын

( фокусы, жарық шоғыры) табу. Линза мен зерттеу үстелінің арасы

1 см-ге жуық болуы керек.

Препаратты кішкентай ұлғайтқышпен қарап, препараттың зерттелетін жерін тауып алып, оны көру аймағының ортасына орналастыру керек.

Фокусты өзгертпей револьвердің көмегімен үлкен ұлғайтқышқа қою керек ( бақылау револьвердің шырт етуімен реттеледі).

Препаратты зерттеп және суретін салғаннан кейін тубусты көтеріп, револьверді кішкене ұлғайтқышқа ауыстыру керек, тек содан кейін барып, препаратты микроскоптың зерттеу үстелшесінен алуға болады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 41; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.005 с.)