Жай және күрделі гүлшоғырлар туралы жазыңыз 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жай және күрделі гүлшоғырлар туралы жазыңыз

Гүлшоғыр деп гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобын (жиынтығын) айтады (1,2-суреттер). Гүлшоғырлар сабақтың ұшында дамиды. Өсімдік түріне байланысты бір гүлшоғырда гүлдердің саны екіден бірнеше жүзге дейін жетеді. Кез келген гүлшоғырдың негізгі сабағы, тарамдалған жанама сабақшалары бар. Негізгі сабағының бұтақтануына қарай гүлшоғырлар жай және күрделі болып екі топқа бөлінеді.

Жай гүлшоғырларының жанама сабақшалары бұтақтанбайды, оның ұшы гүлмен бітеді. Мысалы: шашақ, жай масақ, собық, жай шатыр, шоғырбас (шоқпарбас), себет гүлшоғырлары жатады.

Шашақ гүлшоғырдың жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүл сағақтары арқылы кезектесіп орналасады. Сабақ ұшына жақындаған сайын сағақтары қысқарып, ұшындағы гүлі ең соңында ашылады (қарақат, қырыққабат, мойыл, мия, қараған). Кейде шашақ гүлшоғырда 2 немесе 4 гүл ғана болады, мысалы: шеңгел, асбұршақ, жабайы бұршақ және т. б. Жай масақшашақ гүлшоғырына өте ұқсас. Айырмашылығы – гүлдері сағақсыз бекінеді (жолжелкен).Собық масақ гүлшоғырына ұқсас. Айырмашылығы орталық негізгі сабағы жуан және жамылғы орама жапырақтары бар (жүгері, калла). Жай шатыр гүлшоғырының негізгі сабағы қысқарады. Оның дәл ұшынан сағағы ұзын біркелкі шоғырланған бірнеше гүлдер бір жерден шығып таралады (пияз, адамтамыр (женьшень), наурызшешек, ақшұнақ). Шоғырбас гүлшоғырында қысқарған жуан негізгі сабаққа сағақсыз гүлдер топтанып тығыз орналасады (беде). Себет гүлшоғыры қысқарған әрі жалпақ. Жуан негізгі сабаққа ұсақ гүлдер орналасады. Оның жиегін (айналасын) жасыл түсті орама жапырақтар қоршап тұрады (күнбағыс, бақбақ, өгейшөп, гүлкекіре). Күрделі гүлшоғырлар жай гүлшоғырлардың ары қарай бірнеше қайтара бұтақтануынан пайда болады. Олар: күрделі шашақ (сыпыртқы гүлшоғыр деп те атайды), күрделі масақ, сырға, күрделі шатыр. Күрделі шашақ (сыпыртқы гүлшоғыр) негізгі сабақтан бұтақтанып, гүлдері екі қатарда шашақталады. Жанама бұтақтануы ұшына жақындаған сайын кішірейеді (жүзім, гүлшетен, тары, күріш). Күрделі масақ – орталық сабаққа бірнеше жай масақша гүлдер топтанады. Әр масақшада 2-3 гүлден болады (бидай, қарабидай, бидайық).Сырға гүлшоғыры масақ пен шашақ гүлшоғырына ұқсас (2-сурет). Айырмашылығы – негізгі орталық сабағы иілгіш, гүлдеп болған соң тұтас үзіліп түседі (қайың, терек, тал, көктерек).

Күрделі шатыр – жай шатыр гүлшоғырынан құралады. Себебі жай шатырдағы жеке гүл

сағақтарында бірнеше гүлден топталып, шоғырланған (сәбіз, балдырған, аскөк).

Гүлшоғырларда жеке тұрғанда байқалмайтын өте ұсақ гүлдер жинақталады. Олар тозаңдану кезінде жәндіктерге (көбелек, ара, қоңыз) тез байқалады. Тозаңданған гүлдер ғана жеміс беріп, тұқымын таратып көбейеді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 39; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.004 с.)