ос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың құрылысының айырмашылықтарын мысал келтіре түсіндіріңіз 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың құрылысының айырмашылықтарын мысал келтіре түсіндіріңіз

Қос жарнақты тұқымның құрылысы.Қос жарнақты тұқымның мысалы ретінде үрмебұршақ (фасоль) тұқымын қарастырайық (1-сурет). Тұқымның қабығы (қауызы), жарнағы және ұрығы болады. Үрмебұршақ тұқымының пішіні бүйрекке ұқсайды. Оның ойыс жағында жеміске бекінген жерін тұқым кіндігі дейді. Тұқым кіндігінен тұқымның ішіне ауа, су кіреді.Тұқым қабығы(қауызы) қалың, тығыз, сырты тегіс жылтыр, түрлі түсті. Қабығы тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды.Қабығын сылып алса (суға жібіген тұқымда тез сылынады), ішінен екі тұқым жарнағы көрінеді. Тұқымда екі тұқым жарнағы бар өсімдіктер қос жарнақтылар деп аталады. Қос жарнақтыларда (күнбағыс, қауын, қарбыз, асқабақ, қияр және т. б.) ұрыққа қорек болатын заттар жарнақта жиналады. Жарнақты ұзынынан екіге жарса, бір ұшында жабысып тұрған ұрығы болады.Ұрық – алғашқы тамырша, алғашқы сабақша және бүршікшеден тұрады.Дара жарнақты тұқымның құрылысы.Дара жарнақты тұқымға алдын ала суға жібітілген бидай дәнегін аламыз. Дәнектің сырты тығыз қабықпен (қауыз) қапталған. Бидайдың жемісі бір тұқымды. Піскенде қабығы ажырамай, тұқымға тығыз жанасып бірігіп кетеді. Қанша жібітсе де қабығын ажырату қиын. Бидай тұқымы әрі жеміс, әрі тұқым болып есептелетіндіктен дәнек дейді. Бидай қабығы (қауызы) тез сылынбайтындықтан, өткір ұстарамен ұзынынан тең екіге жарады (2-сурет). Дәнектің едәуір бөлігін – эндосперм алып жатады. Эндосперм жасушаларында крахмал, нәруыз, май заттары жиналады. Дәнектің төменгі ұшында эндоспермге тығыз жанасып бекінген ұрық бар (құрылысы үрмебұршақтікіндей). Ұрық пен эндоспермнің арасында жұқа бір жарнақ орналасады (бітеу бидайдың сыртынан сәл білеуленіп белдік тәрізді білінеді). Коректік заттар қоры эндоспермде жиналады, жарнағында болмайды. Дара жарнақтылардың тұқым жарнағы, тұқым өнген кезде эндоспермдегі қоректік заттарды ерітетін зат бөледі. Ерітетін зат органикалық заттарды сұйылтады. Сұйылтылған қоректі жасушалары арқылы сорып, бастама тамырша мен бүршікшеге өткізеді. Ұрықтағы май қоры да өнуге жұмсалады. Дара жарнақты өсімдіктерге лалагүл, жуа, бидай, құртқашаш, банан, қияқөлең, пальма, жүгері, күріш, тары жатады. Тұқымда бір тұқым жарнағы бар өсімдіктер дара жарнақтылар деп аталады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 38; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.006 с.)