Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Адам және бақа қанының боялған даяр микропрепараттарын пайдаланудын тиімділігін түсіндіріңізПоиск на нашем сайте 17. Адам қаңқасының түрлері, олардың құрылысы мен атқаратын қызметі меңгеруге қатысты тәжірибелерді түсіндіріңіз Адам қаңқасы бірімен-бірі өзара әр түрлі байланысқан жеке сүйектерден тұрады. Ересек адамның қаңқасында 200-ден астам сүйектер бар. Ағзада болатын барлық сүйектер пішіні, мөлшері жағынан ұзын сүйектер, қысқа сүйектер, жалпақ сүйектер деп бөлінеді. Ұзын сүйектерге қол-аяқты құрайтын жіліктер жатады. Ұзын сүйектердің жілік майы толтырып тұратын ортаңғы бөлігі қуыс болғандықтан, түтікті сүйектердеп те атайды. Жалпақ сүйектердің ұзындығы мен ені әр түрлі. Жауырын, бассүйек, қабырға, төс, жамбас сүйектері - жалпақ сүйектер.Қаңқа - тұлға, бассүйек, иық белдеулері мен қол сүйектері және жамбас белдеулері мен аяқ сүйектері деп бөлінеді.Тұлға қаңқасы - омыртқа жотасы мен қабырғалар және төссүйектен тұрады.Омыртқа жотасы - тұлғаның негізгі тірегі. Адамда омыртқалардың саны 33-34, олар: 7 мойын омыртқа; 12 арқа омыртқа; 5 бел омыртқа; 5 сегізкөз омыртқа; 4-5 құйымшақ омыртқалар.Омыртқаның құрылысы - әр омыртқаның денесі мен доғасы болады. Омыртқа доғасының көптеген (бір арқа, екі бүйір, екі үстіңгі және екі астыңғы буындық) қанаттары бар. Омыртқа доғасы иіліп, денемен тұтасқан. Омыртқалардың дәл ортасындағы кең қуыста жұлын орналасады. Мойын омыртқалардың пішіні жағынан басқа омыртқалардан біршама айырмашылықтары бар: омыртқа денесі кішілеу, бірінші мойын омыртқаның (ауыз омыртқа) денесі болмайды, ортасындағы қуысы үлкен әрі үшбұрышты. Мойын омыртқаларының біріншісі бассүйекпен байланысып, басты бұруға қатысады. Денеге күш түсуіне байланысты 3-мойын омыртқадан бастап 7-омыртқаға дейін пішіндері сәл өзгереді. Омыртқа денесі ұлғайып, арқа өсіндісінің ұшы (7-омыртқадан басқасы) екіге ажырап ашаланады.Арқа омыртқалары мойын омыртқаларынан ірілеу, арқа өсіндісі көлбеу орналасқан. Бүйір өсінділерінде және омыртқа денесінде қабырғалар бекінетін шеміршекті буын ойықтары болады. Арқа омыртқалар қабырғалармен байланысады.Бел омыртқалары басқа бөлімнің омыртқаларымен салыстырғанда денесі жалпақ әрі үлкен. Арқа қанаттары да жуан, бұл бел бөлімінің көбірек қозғалуына әсер етеді. Бел омыртқаларына дене салмағының күші көбірек түседі. Тік жүруіне байланысты адамның омыртқа жотасы иілімдер түзеді, оның екеуінің дөңесі - мойын және бел лордозы алға қарай бағытталған. Иілімдердің болуы адамды басқа омыртқалы жануарлардан ерекшелейді және олар денені тік ұстап, еркін қозғалуды, тепе-теңдікті сақтауды қамтамасыз етеді. Омыртқалар арасында серпімді омыртқааралық дискілер орналасқан. Сегізкөз омыртқалары бірімен-бірі қозғалмастай тұтасып кеткен. Пішіні үшбұрышты, ішке қараған беті сөл иіліңкіреп, ойықтау болып келеді. Ойыс жағынан сегізкөз омыртқаларының тұтасып кеткен іздері 4 көлденең бұдыр сызық болып анық көрініп тұрады. Сегізкөз омыртқаларының 4 жұп тесіктерінен жұлын жүйкелерінің тарамдалған ұштары шығады.Құйымшақ омыртқалар қалдық ретінде тұтасып кеткен. Тек бірінші омыртқада омыртқаның кейбір белгілері ғана сақталған. Қалғандары біртіндеп кішірейген. Барлық омыртқалар бірімен-бірі шеміршектер, бұлшықеттер, сіңірлер арқылы байланысып, омыртқа жотасын құрайды. Омыртқа жотасы - тұлғаны алға, артқа, бүйіріне қарай иіп-қозғалту арқылы түрлі қимылға келтіреді.Омыртқа жотасы төрт жерінен алға және артқа қарай иіледі. Мойын мен бел омыртқалардың тұсында екі иілім алға қарай иілген. Арқа мен сегізкөзомыртқаларының тұсында екі иілім артқа қарай иілген. Жаңа туған нәрестенің омыртқа жотасы түзу, иілімдері болмайды. Нәрестенің мойны қатқанда - мойын, отыра бастағанда арқа иілімі білінеді. Қаз тұрып жүре бастағанда бел мен сегізкөз омыртқаларының тұсындағы иілімдер байқалады. Иілімдер 18-20 жаста толық қалыптасады. Омыртқа жотасының иілімдері кеуде, жамбас қуыстарының мөлшерін кеңейтеді. Иілімдер дененің тепетеңдігін жеңілдетіп, жүгіріп, секіргенде серпімділікті күшейтеді. Бұл омыртқалардың бірімен-бірі жалғасқан жеріндегі шеміршектердің созылғыштық қасиетіне де байланысты. Омыртқа жотасының алға және артқа қарай иілімдері адамның тік жүруіне байланысты қалыптасқан. Бұл - қалыпты құбылыс. Ал омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай иілуі бұзылғанда сколиоз (грекше - қисаю, иілу) ауруы пайда болады. Омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай қисаюының негізгі себептері: орындықта түзу отырмау; жазу үстелі мен орындық биіктігінің сәйкессіздігі; көбіне бір қолымен ауыр жүк көтеру; сүйектер мен бұлшықеттердің нашар дамуы және т. б. Сондықтан да жүргенде, тұрғанда, отырғанда омыртқа жотасын түзу ұстауға тырысу керек. Ауыр жүк көтермеу, жүйелі түрде спортпен шұғылданған жөн. Кеуде қуысының қанқасы - кеуде торы 12 арқа омыртқасы, 12 жұп қабырғалар, алдыңғы жағында жалғыз төссүйектен құралады. Қабырғаның алдыңғы шеті шеміршекті болады. Жоғарғы 7 жұп қабырғалар (шын қабырғалар) шеміршек арқылы төссүйекпен байланысқан. Келесі жұп қабырғалардың шеміршек шеттері өзара қосылып, доға түзеді. Қабырғалар омыртқалармен буын арқылы қозғалмалы, төссүйекпен шеміршек арқылы шала қимылдап байланысады. Қабырғалардың 11,12-жұптарында (жетім қабырғалар) шеміршек болмағандықтан, алдыңғы шеттері бұлшықеттердің арасында бос жатады. Қабырғалар тыныс алу мен тыныс шығағанда кеуде қуысы көлемінің ұлғайып, кішіреюіне әсер етеді. Кеуде қуысында орналасқан мүшелер: жүрек, өкпе, ірі қантамырлар, кеңірдек, ауатамырлар, өңеш және жүйкелер. Кеуде торының пішіні жынысына, жас ерекшеліктеріне, дене бітіміне, дамуына байланысты. Кеуде торының жоғарғы және төменгі тесігі болады. Жоғарғы тесігі артқы жағынан бірінші арқа омыртқасының денесімен шектеледі. Бүйірі - бірінші жұп қабырғалармен, алдыңғы жағы төстіктің жалпақ бетімен бітеді. Жоғарғы тесік арқылы өңеш, кеңірдек ірі қантамырлар мен жүйкелер өтеді. Жануарлармен салыстырғанда денесін тік ұстап, тік жүруіне байланысты адамның кеуде қуысы екі жағына керіліп, кеңейген Қаңқаны қүраушы сүйектер тобы, құрылысына қарай: сүйектік бөліктен, pars osseae, және шеміршектік бөліктен, pars cartilagines тұрады. Сүйектердің шеміршектік бөлігіне: буын бетінің шеміршектері, cartilagines articulares, үзын түтік тәрізді суйектердің эпифиздік ұшындағы шеміршектерден, cartilagines epiphysales, және қабырғалардың шеміршектерінен, cartilagines costales, тұрады. Сүйектердің сыртқы беті өте жұқа қан тамырларға және нервтерге бай сүйек тканді қабықшадан, periosteum тұрады.Сүйектік тканді қабықшасы. Сүйектік тканді қабықшасының терең қабаты орналасуына қарай, сыртқы беті дәнекер ткандардан, терең қабатты остеогендік қабаттан тұрады. Сыртқы талшықты дәнекер тканді қабаты, сүйектік ткандермен тығыз байланысып қоймай, қан тамырлар мен нервтерге өте бай қабат болып саналады. Бұл қабықшаның қан тамырлары сүйектің терең қабатына қарай сүйектік өзекшелер, canalis nutricius, арқылы өтіп, сүйектің кемікті бөлігімен өзара тығыз байланысқан. Сүйек қабықшасының остеогендік қабаты сүйек ткандерін құраушы остебласт клеткаларынан тұрады. Гистологиялық препараттар — микроскопиялық зерттеулерде пайдаланылады. Гистологиялық препараттарды дайындау процесі төмендегідей кезендерден тұрады:1) зерттеуге керекті гистологиялық материалды тиісті мүшелерде жануарлар организмі мүшелері мен ұлпаларынан кесіп алып бекіту (формалин, алмас және т.б. ерітінділерде), 2) бекітілген гистологиялық материалды тығыздап қатайту (спирттер ерітінділері қатарынан — 60 , 70 , 80 , 96 , 100 өткізіп сусыздандырып, парафин немесе целлоидиннің эфирдегі ерітіндісіне салып қатайту), 3) қатайған кесекшелерден микротом арқылы жұқа жонындыларды дайындау, 4) жарық микроскопымен зерттеуге дайындалған жонындыларды бояу (гистологиялық бояғыштар қолданылады), 5) боялған жонындыларды төсеніш және жапқыш шынылар арасына канада бальзамына салып қатыру. Микропрепарат дайындау
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 37; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.236 (0.006 с.) |