Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
азақстан РеспубликасыныңПоиск на нашем сайте Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А. Есмағамбетова Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы ___________ ___ қаулысына 1-қосымша COVID-19 коронавирустық инфекциясы бойынша қолайсыз елдер 1 а) санат Франция Иран Италия Испания Германия Үнді Таиланд Малайзия БАӘ Шри-Ланка Египет
1 б) санат 1а) санаты тізбесіне кіретін елдерден басқа КВИ жағдайлары тіркелген барлық елдер
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы ___________ ___ қаулысына 2-қосымша
COVID-19 тіркелген кезде мониторинг және тергеп-тексеру жүргізу мақсатында жолаушылардың деректерін өңдеу алгоритмі:
1. Комитеттің көліктегі аумақтық бөлімшесінің санитариялық-карантиндік пункттерінің (бұдан әрі – СКП) мамандары шет елдерден келген жолаушыларға сауалнама (қағазда) жүргізеді. Сауалнаманы жолаушылар СКП қызметкерлері енгізу үшін сілтеме ұсынған кезде мобильді құрылғылар арқылы дербес жүргізе алады. 2.Жолаушылар сауалнаманы қағазда немесе мобильдік қосымша арқылы толтыруға міндетті. Сауалнаманы толтырудан бас тарту әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін негіз болып табылады. 3.Қағазда сауалнама жүргізу кезінде СКП қызметкерлері рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде қағаз сауалнамалардан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің веб-қосымшасына (бұдан әрі – Веб-қосымша) мәліметтерді енгізеді. Мобильді құрылғылар арқылы сауалнама жүргізу кезінде жолаушылар мобильді құрылғыға сауалнамадан сәтті өткендігі туралы жазба ұсынуы қажет. Өз кезегінде, СКП қызметкерлері жолаушының сауалнаманы электронды форматта толтырғанына көз жеткізуі тиіс. Сауалнаманы толтырғаннан кейін деректер автоматты түрде Веб- қосымшаға жүктеледі. 4. Дербес деректер Веб-қосымшада реттік нөмірмен автоматты түрде кодталады (Нұр-Сұлтанға, Алматыға, Ақтауға келген пациенттің деректері – » Кодтау: тиісінше 1NS, 1AL, 1AK).* 5. Денсаулық басқармалары (бұдан әрі – ДСБ) мен Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі – АД) мамандары жолаушыларды карантиндік стационарына карантинге орналастырған кезде олар бойынша ақпаратты Веб-қосымшаға жүктейді (Веб-қосымшадағы түс гаммасы: стационардағы карантин – сары түс). 6. ДСБ және АД мамандары жолаушыларды СКП үйдегі карантинге орналастырған кезде олар бойынша ақпаратты Веб-қосымшаға жүктейді. 6.1. Веб-қосымша медициналық ақпараттық жүйелерге (бұдан әрі – МАЖ) келген адамдар жөніндегі мәліметтерді береді. 6.2. ДСБ және (немесе) МСАК ұйымдарының мамандары алдын ала әзірленген сауалнама бойынша үй карантиніндегі адамдарға тұрақты қоңырау шалады. 6.3. Пациентте денсаулық жағдайына шағым анықталған кезде МСАК ұйымдарының қызметкерлері пациенттің шағымдарын медициналық ақпараттық жүйеге тіркейді және Z20.9 диагнозын қояды. 6.4. Пациенттің жай-күйі туралы ақпарат учаскелік дәрігерге (ЖТД дәрігеріне) беріледі, ол уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ашып, емдеуге жатқызу немесе үйде оқшаулау қажеттілігін анықтайды. 6.5. Денсаулық жағдайына шағым болмаған жағдайда пациентпен уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ашу туралы мәселе талқыланады, уақытша еңбекке жарамсыздық парағы ашылған жағдайда бұл жағдай МАЖ-да тіркеледі және Z20.9 диагнозы қойылады. 6.6. ДСБ және (немесе) МСАК ұйымдарының мамандары азаматтар үшін (мүмкіндігінше соңғылардың) мобильдік қосымшаны орнату және денсаулық жағдайына қашықтықтан мониторинг жүргізу мақсатында қажетті кезеңділікпен денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді енгізу қажеттілігі бойынша нұсқаулық жүргізеді. 6.7. Тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ үй карантинінде медициналық қадағалаудағы азаматтар қашықтықтан мониторинг жүргізу мақсатында өз денсаулығының жай- күйі туралы мәліметтерді қажетті кезеңділікпен енгізуге міндетті. Денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді уақтылы енгізбеу әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болып табылады. 6.8. Медициналық ақпараттық жүйе қашықтықтан медициналық бақылау нәтижелерін Веб-қосымшаға береді. 7. Деректерді медициналық ақпараттық жүйеден Веб-қосымшаға беру техникалық жағынан мүмкін болмаған жағдайда ҚДБ мамандары қашықтықтан медициналық бақылау нәтижелерін Веб-қосымшаға қолдан енгізеді (Веб-қосымшада түс гаммасы: үй карантині және қашықтықтан медициналық бақылау - көк түс). 8. АД мамандары COVID-19-ға зертханалық зерттеудің оң нәтижесін алған кезде 10 минуттың ішінде оларды Веб-қосымшаға жүйтейді (Веб-қосымшадағы түс гаммасы: COVID-19-ға оң нәтиже – қызыл түс). 9. АД мамандары COVID -19-ға оң нәтижені алғаннан кейін екі сағаттың ішінде осы науқас бойынша эпидемиологиялық анамнез жинайды және Веб-қосымшаға жүктейді. 10. СКП мамандары Веб-қосымша арқылы нәтижелерді алған кезде егер бұл науқас басқа елден келген болса, бортта жолаушылардың отырғызылуына сәйкес жақын және ықтимал байланыста болған (бұдан әрі – сәйкесінше ЖБ, ЫБ) болып табылатын адамдарды анықтау арқылы науқастардың анамнезі бойынша деректерді жинауды жүзеге асырады және Веб-қосымшадан ақпаратты алғаннан кейін 2 сағаттың ішінде деректерді Веб-қосымшаға жібереді (Веб-қосымшадағы түс гаммасы: ЖБ – қызғылт сары түс, ЫБ – сұр түс). 11. АД мамандары ДСБ-мен бірлесіп БК іздестіру және оларды карантиндік стационарға жатқызу бойынша іс- шараларды Веб қосымшадан ақпарат келіп түскеннен кейін 12 сағат ішінде жүргізеді . 12. АД мамандары ДСБ-мен бірлесіп ЖБ-ны емдеуге жатқызуды аяқтағаннан кейін Веб-қосымшадан ақпарат келіп түскеннен кейін 24 сағаттың ішінде ЖБ-ны іздестіру және оларға қолхат арқылы үйдегі карантинді белгілеу бойынша іс-шараларды жүргізеді. 13. Белгіленген мерзім аяқталған соң пациент мониторингтен алынады және алып тастау бойынша деректер Веб-қосымшаға енгізіледі (Веб-қосымшадағы түс гаммасы: бақылаудан алынған адамдар – жасыл түс). 14. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері міндетті түрде Веб-қосымшаға (емдеуге жатқызу, үй карантині) жүктелуі тиіс. 15. ҚД саласындағы ТЖ бойынша Жедел орталықтың мамандары сұрау бойынша Веб-қосымшадан жиынтық ақпаратты шығарып алады.
*Кодтау мысалы: Нұр-Сұлтан қаласынан келген жолаушылар: 1,2,3,....... –» реттік нөмірлер арқылы кодталады 1NS, 2NS, 3NS және т.б.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 35; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.) |