ІІІ. Инфекция ошақтарын шоғырландыру бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ІІІ. Инфекция ошақтарын шоғырландыру бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу

9. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері:

1) COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын симптомдары бар науқастар үшін қосымша провизорлық стационарларды ашуды;

2) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес нұсқаулықты сақтай отырып,      COVID-19-ды жұқтырудың жоғары қаупі болған адамдардың карантинін немесе COVID-19-бен ауыратын науқастармен немесе инфекция жұқтырған адамдармен  байланыста болған адамдарды тасымалдауды;

3) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес COVID-19-бен ауыратын науқастармен немесе жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдарды оқшаулау үшін карантиндік стационарлар ашуды;

4)  карантиндік стационарларды медициналық емес мақсаттағы ұйымдарда (қонақ үйлер, жатақханалар, санаторийлер және т.б.) орналастыру кезінде карантин талаптарының сақталуын жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуді көздей отырып, тәулік бойы бақылау бекеттерін ұйымдастыруды жеткілікті мөлшерде (медицина қызметкерлері қатарынан емес) көздесін.

5) халықты COVID-19-дың таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірде қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттандыруды;

6) реанимациялық жабдықтардың қажетті санын (ӨЖЖ аппараттары, перфузорлар, пульсоксиметрлер, кардиомониторлар) сатып алуды;

7) COVID-19-да үлгілерді алуға және зертханалық зерттеулер жүргізуге арналған тест-жүйелердің, диагностикумдардың, шығыс материалдарының, дезинфекциялық препараттардың төмендетілмейтін қорын;

8) темір жол және автовокзалдарға, блокпостарға кіретін ( елді мекен және перрон жағынан) температураны қашықтықтан өлшеуге арналған құралдармен қамтамасыз етсін.

10. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:

1) эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, COVID-19-бен ауыратын науқастарды және COVID-19 ауруына күдікті адамдарды оқшаулау үшін инфекциялық стационарларда бөлек төсектер бөлуді;

2) барлық денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетілетін медициналық көмектің ерекшелігін ескере отырып, COVID-19 жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациентті анықтаған жағдайда оқшаулау үшін үй- жайлар қарастыруды;

3) пациенттердің күнделікті ағымын (басқа да нозологиялық аурулар бойынша) COVID-19  ауруына күдікті пациенттермен қиылысуын болдырмай бөлуді;

4) осы қаулының 10-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жағдайларды қоспағанда, COVID-19-бен ауыратын науқастарды инфекциялық стационарда емдеуді;

5) босанатын әйелдер босандыру ұйымына, сондай-ақ соматикалық стационарларға COVID-19-да жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар өмірлік көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер түскен кезде медициналық көмек жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, оқшауланған үй-жайда көрсетіледі. Пациентте COVID-19 у диагнозы расталған кезде медициналық көмек көрсетуге тартылған персонал 14 күн ішінде карантиндік стационарда оқшаулауға жатады.

6) COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын симптомдары бар науқастарды провизорлық стационарға емдеуге жатқызуды және медициналық тексеруді;

7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес COVID-19 ауруына зертханалық тексеруді;

8) үйде оқшаулау жағдайы болмаған кезде COVID-19-бен ауыратын науқасармен немесе жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдарды карантиндік стационарда оқшаулауды;

9) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес оқшаулау жағдайлары болған кезде COVID-19-бен ауыратын науқастармен немесе жұқтырған адамдармен жақын байланыста болған адамдардың үйдегі карантинін;

10) үйде карантиндегі адамдар үшін медициналық ұйымдарға бармай уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын (еңбекке жарамсыздық парағын) ресімдеуді;

11) байланыста болған қалған адамдарды қашықтықтан медициналық бақылауды;

12) онкологиялық аурулары бар пациенттер үшін маскаларды тегін беруді;     13) тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде пациенттерге үйге рецептерді онлайн-беруді немесе жеткізуді ұйымдастыруды;

14) МСАК дәрігерлерінің қабылдауын және амбулаториялық-емханалық ұйымдар дәрігерлерінің консультацияларын қашықтықтан қызмет көрсету форматына ауыстыруды;

15) амбулаториялық-емханалық ұйымдардың кезек күттірмейтін медициналық көмек бригадаларының санын ұлғайтуды;

16) қажет болған жағдайда жоспарлы медициналық қызметтерді (жоспарлы ауруханаға жаткызу, профилактикалық тексеру, скринингтер, оңалту) көрсетуді тоқтатуды /шектеуді;

17) денсаулық сақтау ұйымының COVID-19-бен ауыратын пациенттерді емдеу үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға қажеттілігін;

18) стационарлық денсаулық сақтау ұйымдарында карантин енгізуді;

19) провизорлық және карантиндік стационарларда әртүрлі рейстерден, үй ошақтарынан келген байланыста болған, жұмыс (оқу) орны бойынша байланыста болған адамдар ағымының қиылысуын болдырмауды;

20) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес медицина персоналының инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.

11. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің көліктегі департаментінің, аумақтық департаменттерінің басшылары:

1) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес COVID-19-ды жұқтыру қаупі жоғары адамдар үшін карантин түрін тағайындау тәртібін орындауды;

2) ҚР азаматтары, шетелдік азаматтардың жалпы саны бойынша бөліп көрсете отырып, COVID-19-бен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз өзге де елдерден келген шетел азаматтарын бөлек есепке ала отырып, ҚР шекарасынан өтетін адамдар туралы күн сайынғы мониторингті және өткен тәуліктегі ақпаратты келесі күнгі сағат 02-00-ге дейін ұсынуды;

3) байланыста болған адамдарды оқшаулаудың жүргізілуін,                               сондай-ақ карантин жағдайында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды;

4) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес үй карантиніндегі байланыста болған адамдарды, сондай-ақ олармен бірге тұратын адамдарды үйде оқшаулау (үй карантині) қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы қол қойғыза отырып, хабарлама беруді;

5) бірінші және екінші деңгейдегі байланыста болған адамдардың тобын және эпидемияға қарсы іс-шаралар көлемін 48 сағат ішінде анықтай отырып, COVID-19-дың әрбір жағдайын эпидемиологиялық тексеруді;

6) халықты COVID-19-дың таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірлерде қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттандыруды қамтамасыз етсін.

12. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшылары:

1) халықты сапасына кепілдік берілген ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдай отырып, сумен жабдықтау объектілерінің жұмысын бақылауды күшейтуді;

2) әкімшілік шаралар қабылдамай, халыққа берілетін судың сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті қамтамасыз етсін.

13. «ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны:

1) тәулік бойы әлемнің елдеріндегі COVID-19 бойынша эпидемиологиялық ахуалдың мониторингін;

    2) күн сайын сағат 19-00-ге дейін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне, денсаулық сақтау басқармаларына және облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттеріне санаттар бөлігінде COVID-19-бен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз елдердің тізбесін ұсынуды;

3) COVID-19 тіркелген елдердің тізбесін сайтта күн сайын орналастыруды;

4) денсаулық сақтау министрлігіне және Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне апта сайын жұма күні ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайдың дамуының жаңартылған болжамын, күн сайын әрбір 3 сағат сайын - COVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды (жақын және ықтимал байланыс) анықтау және мониторингілеу бойынша ақпаратты ұсынуды;

5) әрбір тіркелген жағдай туралы Денсаулық сақтау министрі мен Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне бір сағат ішінде хабарлай отырып, COVID-19 расталған оқиғаларына және байланыстағы адамдарға мониторинг жүргізу және мониторинг деректерін күн сайын кемінде 2 рет ұсынуды;

6) республика аумағында «ыстық нүктелерді» көрсете отырып, эпидемиологиялық ахуалды көзбен шолу және байланыста болған адамдарды орналастыруды;

7) зертханалық зерттеулер алгоритміне сәйкес өткен айда оң үлгілердің 10% және теріс үлгілердің 5% қайта аттестаттау жүргізуді;

8) халықаралық ұсыныстарға сәйкес (ДДҰ, CDC) COVID-19 диагностика әдістері бойынша ҰО филиалының зертхана мамандарына әдіснамалық көмек көрсетуді;

9) 8(7172) 768043 нөмірі бойынша Call-орталықтың тәулік бойы жұмыс істеуін;

10) ДДҰ байланыс пункті арқылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен тұрақты өзара іс-қимылды (аптасына 7 күн 24 сағат) қамтамасыз етсін.

14. «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ҰСО):

1) COVID-19-бен ауыратын науқастарды және байланыста болған адамдарды, сондай-ақ тиісті аумақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері айқындайтын өзге де адамдарды зертханалық тексеруді;

2) COVID-19  ошақтарын дезинфекциялық өңдеуді;

3) COVID-19-бен ауыратын науқастардан үлгілерді алуға арналған зертханалық шығыс материалдарының, шығыс материалдарының, тест-жүйелердің, полимеразды-тізбекті реакция, вирусологиялық зерттеулер, молекулярлық-генетикалық зерттеулер жүргізу үшін диагностикумдардың төмендемейтін қорын;

4) COVID-19-ға күдік туындаған жағдайда ДДҰ ұсынымдарына сәйкес COVID-19 диагностикасының әдістері бойынша зертханалардың мамандарына әдіснамалық көмек көрсетуді;

5) COVID-19-ға күдікті науқас тіркелген жағдайда COVID-19-бен ауыратын  науқастардан материалды алу және тасымалдау, COVID-19-ға күдікті науқастарды тасымалдау, COVID-19-ға күдікті науқастардың ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.

15. «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» (бұдан әрі – ҚДСҰО), «М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» (бұдан әрі – АҚИҰҒО) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары орталық референс-зертхананың COVID-19-ға зерттеулер жүргізу үшін сынамалар қабылдауға дайындығын қамтамасыз етсін. 

16. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің басшылары байланыста болған адамдарды іздестіруге, оларды провизорлық және карантиндік стационарға оқшаулауға, сондай-ақ провизорлық және карантиндік стационарларды күзетуге жәрдем көрсетсін.

17. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының халықаралық әуежайларының басшылары:

1) 1а санатындағы елдерден келгеннен кейін әуе кемелерін, оның ішінде жердегі жабдықтар мен көлікке қызмет көрсететінді соңғы дезинфекциялауды;

2) әрбір тұрақты және чартерлік рейстерден кейін әуе кемелерін ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды;

3) тұрақты және чартерлік рейстердің жолаушыларын түсіруге және отырғызуға тартылған әуежай терминалдарының барлық үй-жайларын ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды қамтамасыз етсін.

     18. «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекция профилактикасы шраларын одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы                                  4 наурыздағы №12-ПГВр қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы                                  16 наурыздағы №25-ПГВр қаулысының күші жойылды деп танылсын.

19. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

20.  Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 34; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.)