Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
ІІ. Республика аумағындағы шектеу іс-шараларыПоиск на нашем сайте 4. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, қауіпсіздік органдары, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері: 1) денсаулық сақтау ұйымдарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсеткен кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салуды; 2) бұқаралық іс-шараларды (мерекелік, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т. б.) өткізуге тыйым салуды; 3) Токио-2020 Олимпиада және Параолимпиада ойындарына ұлттық құрама командаларды дайындау үшін оларды пайдалану кезеңінде ғана Ұлттық олимпиада комитетінде аккредиттелген спорттық базаларды қоспағанда, кинотеатрлар, түнгі клубтар, фитнес, тренажер залдары (орталықтары), сауда-ойын-сауық орталықтары жанындағы балалардың ойын алаңдары, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (дамыту, білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер және т.б.), компьютер клубтары, спорт кешендерінің (үйірмелер, секциялар) қызметін тоқтата тұруды; 4) медициналық көрсетілімдер бойынша сапарды қоспағанда, COVID-19 бойынша қолайсыз елдерге халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға шығуға тыйым салуды. Азаматтарға шетелге емделуге шығуға екі адамнан артық емес адам еріп жүргенде мынадай құжаттар болған жағдайда рұқсат беріледі: - диагнозды және емдеудің шұғылдығын растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 035-1/е нысанға сәйкес қорытындысы; - аудармасы нотариалдық куәландырылған шетелдік медициналық ұйымның емдеуге шақырту хаты. 5) медициналық көрсетілімдер бойынша шығатын және келетін адамдарды, сондай-ақ карантинді енгізу кезеңінде стационарларда және карантиндік және провизорлық стационарларда бақылауда болған адамдардың шығуын қоспағанда, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан шығуға және оларға кіруге тыйым салуды. Азаматтардың медициналық көрсетілімдер бойынша екі адамнан артық емес адам еріп жүргенде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына келуіне және олардан шығуына мынадай құжаттар болған жағдайда рұқсат беріледі: - диагнозды және емдеудің шұғылдығын растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 035-1/е нысанға сәйкес қорытындысы; - бірінші басшы қол қойған және гербті мөрмен расталған диагнозы көрсетілген және шұғылдығын растайтын карантиндік аймақта орналасқан медициналық ұйымнан шақырту-хаты; 6) қоғамдық тамақтану объектілерінде кальяндарды пайдалануға тыйым салуды; 7) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды; 8) адамдар көп жиналатын объектілерде және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету (сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар, ХҚКО, моншалар, діни мақсаттағы, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану объектілері, вокзалдар, әуежайлар, қызмет көрсету салалары (сұлулық салондары, ателье және басқалары) объектілерінде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді (қолды өңдеу үшін санитайзерлерді орнату, күніне екі реттен сиретпей беттерді өңдеу, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып ылғалды тазалау, желдету); 9) әрбір рейстің алдында қоғамдық көлікті, әуежайларды, теміржол және автовокзалдарды, супермаркеттерді, базарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне кемінде екі рет), жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер өтпелерінің таяныштарын, спорттық снарядтарды, балалар және спорт алаңдарын, ашық ауада орналасқан орындықтар мен сәкілерді, банкоматтарды, банк терминалдарын, POS-терминалдарды жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді. Өңдеу осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жүргізілсін; 10) қоғамдық жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерін, тротуарларды, саябақтарды, скверлерді, алаңдарды, темір жол және автовокзалдарға іргелес аумақтарды, автомобиль жолдарын және базар аумақтарын жуу құралдарын қолдана отырып өңдеуді; 11) көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тамақ өнімдерін өлшеп-оралған түрде өткізуді; 12) сауда, қоғамдық тамақтану объектілерінде халыққа қызметті ауысымында және бүтіндігі бұзылған кезде кемінде екі рет ауыстыруға жататын бір рет қоданылатын қолғаптармен (сатушылар, аспазшылар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей жанасатын басқа да адамдар) көрсетуді; 13) ірі сауда объектілері аумағында орналасқан фуд-корттарда үстелдер арасындағы арақашықтықтың кемінде 2 метр болуын; 14) COVID-19-дың клиникалық белгілері бойынша ұқсас вирустық инфекция белгілері бар науқастарды (және күдікті адамдарды) белсенді эпидемиологиялық қадағалауды, анықтауды және оқшаулауды; 15) іс-әрекеті COVID-19-ға күдікті науқастарды қараумен, тасымалдаумен, ошақтағы жұмыспен, емдеуге жатқызумен, емдеумен және оларға қызмет көрсетумен байланысты медицина қызметкерлерінің және персоналдың қорғаныш дәрежесі жоғары маскаларды немесе респираторларды пайдалануын; 16) Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары үшін COVID-19-дың эпидемиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы мәселелері бойынша семинарлар ұйымдастыруды және өткізуді; 17) І-ІІ типті қорғаныш костюмдерін және жеке қорғаныш құралдарын көрсете отырып, COVID-19 кезіндегі эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша өңірдің медициналық ұйымдарының барлық қызметкерлерін толық қамти отырып, нұсқама жүргізуді; 18) турларды ұйымдастырушылар (туристік фирмалардың мамандары) мен саяхатшылар (медициналық, жеке және бизнес туризмі) арасында COVID-19-дың таралуының профилактикасы және алдын алу бойынша нұсқама және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді; 19) COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша халықты үнемі ақпараттандыруды, халық арасында үрейленудің алдын алу жөнінде шаралар қабылдауды енгізуді және орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін; 20) жеке өңірде ТЖ жарияланған кезде блок бекеттерінде осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес санитариялық-карантиндік бақылау ұйымдастырылады. 5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдерімен бірлесіп: 1) 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 5 сәуір аралығында орта білім беру ұйымдарын каникулға шығаруды; 2) білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуға (техникалық мүмкіндік болған жағдайда барынша көшіруді қамтамасыз етуді), оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтықтан жүргізуге көшіруді; 3) білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында санитариялық-дезинфекциялық режимді (желдету, ауысымда кемінде үш рет ылғалды жинау, дезинфекциялау) сақтауды; 4) балалардың мектепке дейінгі мекемелерінде үй-жайларды кварцтауды; 5) мектепке дейінгі балалар мекемелерінде таңертеңгі сүзгі (балаларды топқа қабылдау кезінде қарау) өткізуді; 6) каникул және төтенше жағдайдың қолданылуы кезінде оқушылардың экскурсиясына тыйым салуды қамтамасыз етсін. 6. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 1а, 1б-санаттағы елдермен халықаралық жолаушылар қатынастарын шектеуді қамтамасыз етсін. 7. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі: 1) COVID-19 бойынша байланыста болған адамдарды карантиндеу және провизорлық емдеуге жатқызу орындарын күзетуді; 2) COVID-19 бойынша байланыста болған адамдарды іздестіру және карантинге орналастыру бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. 8. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдерімен бірлесіп халық арасында COVID-19-дың таралуының профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жандандырсын.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 33; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.) |