денсаулық сақтау министрлігі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстан Республикасы

денсаулық сақтау министрлігі

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті

БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ

Министерство

здравоохранения

Республики Казахстан

Комитет контроля качества и безопасности товаров и услуг

ГЛАВНЫЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ САНИТАРНЫЙ ВРАЧ

         

            ҚАУЛЫСЫ                                                               ПОСТАНОВЛЕНИЕ

2020 жылғы 22 наурыздағы_ №__26-ПГВр ______ 

       Нұр-Сұлтан қаласы                                                               город Нур-Султан

«ҚР-да төтенше жағдайды енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Президентінің

Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы

халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету

жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

І.  Елге кіретін жердегі шектеу іс-шаралары

2. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:

1) үкіметтік делегацияларды, сондай-ақ дипломатиялық төлқұжаттардың иелерін, авиакомпаниялардың ұшқыштары мен локомотив бригадаларының мүшелерін, теміржол көлігінде тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды және жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерді қоспағанда, осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 1а) санаттағы елдерге соңғы барған сәтінен бастап 14 күннен кем уақыт өткен, осы елдерден келген адамдарды жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда оқшаулай отырып, 14 күн карантинді;

2) үкіметтік делегацияларды, сондай-ақ дипломатиялық төлқұжаттардың иелерін, авиакомпаниялар ұшқыштарын және локомотив бригадаларының мүшелерін, теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды және жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерді қоспағанда, осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес                         1б санаттағы елдерден келген адамдарды COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда 1 тәулікке оқшаулауды, кейіннен                      13 тәулік бойы үйде оқшаулауды (үйдегі карантинді) қамтамасыз етсін. Үйде оқшаулау үшін жағдайлар болмаған кезде жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда оқшаулауды;

 

 

 

    3) 1а) және 1б) санаттағы елдерден келген үкіметтік делегациялардың мүшелері, сондай-ақ дипломатиялық төлқұжаттардың иелері, авиакомпаниялардың ұшқыштары мен локомотив бригадаларының мүшелері, теміржол көлігінде тасымалдау қызметімен байланысты  адамдар және жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер қоңырау шалу арқылы тұрғылықты (келген) жері бойынша медициналық бақылауды;

4) 1б санаттағы елдерден келген рейсте 1а санаттағы елдердің жолаушылары анықталған кезде эпидемияға қарсы іс-шаралар мынадай үлгіде жүргізіледі: 1 а санаттағы елдерден  келген жолаушылар ПТР әдісімен        COVID-19-ға бір рет зертханалық тестілеу арқылы жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда 14 күнге оқшаулауға жатады. 1б санаттағы елдердің жолаушылары COVID-19-ға зертханалық тестілеу үшін карантиндік стационарда оқшаулауды, кейіннен 13 тәулік бойы үйде оқшаулауды (үйдегі карантинді) қамтамасыз етсін.

5) транзиттік рейсті Қазақстан аумағында аялдау әуежайына қондыру кезінде 1а санаттағы елдерден келген жолаушылар соңғы межелі пунктте                        14 күнге оқшаулауға жатады, бұл ретте көрсетілген жолаушылар ұшақтың бортын тастап кетпеуін қамтамасыз етсін.

6) тиісті аумақтың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері өңірдегі және әлемдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 1б) санаттағы елдерден келген жолаушыларды карантиндеу туралы шешім қабылдауға құқылы.

2. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің көліктегі департаменті, аумақтық департаменттері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелері:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы барлық өткізу пункттерінде шетелден келген барлық адамдарға (оның ішінде ұшқыштар, бортсеріктер, машинистер, жолсеріктер, жүргізушілер, тасымалдаушылар және басқалар) міндетті термометрия жүргізу арқылы санитариялық-карантиндік бақылау жүргізуді;

2) халықаралық әуежайлардағы және теміржол көлігіндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жолаушыларға, экипаж мүшелеріне, бортсеріктерге, машинистерге және жолсеріктерге сауалнама жүргізуді;

3) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Веб-қосымшасына деректерді бере отырып, сауалнамаларды тану жүйесінің деректерін өңдеуді;

4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттеріндегі санитариялық-карантиндік пункттердің мамандарын тәулік бойы жұмыс режимін ескере отырып, жеке қорғаныш құралдарымен (респираторлар, қорғаныш көзілдіріктері, I-II типті қорғаныш (обаға қарсы) костюмдері немесе бір рет қолданылатын қорғаныш (обаға қарсы костюмдері) және дезинфекциялық құралдармен жабдықтауды;

5) көліктік бақылау бекеттерінде тасымалдаушылар мен жолаушылар арасында COVID-19-дың таралуының профилактикасы және алдын алу бойынша санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;

6) COVID-19-дың таралуының алдын алу жөніндегі көрнекі үгіт парақтарын орналастыруды ұйымдастыруды, сондай-ақ COVID-19 профилактикасы мәселелері бойынша дауысзорайтқыш байланысы арқылы жолаушыларды ақпараттандыруды;

7) COVID-19-дың әкеліну және әлемде таралу қаупінің жағдайларында Қазақстаннан шығатын Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына және шетелден келетін барлық азаматтарға оның профилактикасы мәселелері бойынша жадынамалар таратуды;

8) COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізуді;

9) жергілікті атқарушы және жоғарыда тұрған органдарға анықталған ЖРВИ-дың күдікті жағдайлары жөнінде хабарлау алгоритмдерін қайта қарауды және орналастыруды;

10) COVID-19-дың таралуының профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінің қызметкерлеріне нұсқама жүргізуді қамтамасыз етсін.

3. «Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы:

1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына жүретін барлық поездарды сауалнамалармен қамтамасыз етсін;

2) поездардың жолсеріктеріне жүру жолында жолаушыларға сауалнама жүргізуге, толтырылған сауалнамаларды жинауға, оларды сұрыптауға және жолаушының келген жері бойынша көліктегі басқарманың санитариялық-карантиндік пункттерінің мамандарына беруге міндеттесін.

3) осы қаулыға 4- тармағының 5- тармақшасына сәйкес медициналық көрсеткіштер бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қаласына бара жатқан, сондай-ақ құжаттары болған жағдайда олардан шығатын адамдарды жеке вагонға орналастыруды қамтамасыз етсін. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында  жолаушыларды түсіру /отырғызу кезінде көрсетілген жолаушылар жүретін вагондардың ғана есіктерін ашуы тиіс.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 33; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.)