Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Саясаттағы лидерлік, саяси партиялар.Содержание книги
Поиск на нашем сайте 7.4. Адам саясат әлемінде
Біз саясатты адамдардың үлкен бұқарасының өзара әрекеттесуі ретінде қарастырдық. Енді адамның өзіне, нақты индивидке көшіп оның саясатқа және қоғамның саяси өміріне қатысу дәрежесін анықтап көрелік. Егер жоғарыда қарастырылған әлеуметтік топтарды қоғамның молекулалары десек, онда жеке адамды, индивидті қоғамдық өмірдің атомы деуге болады. Индивид, адам особі биоәлеуметтік сипаттағы жеке қасиеттерге ие. Биологиялық қасиет – жеке индивидтің табиғи бастапқы негізі, оның гендік құрылымы мен психофизиологиялық ерекшеліктері. Әлеуметтік - әлеуметтік-мәдени бағдарламаны игеру нәтижесінен туындайтын ерекшеліктер. Индивид қоғамдық қатынастар жүйесіне қалай қатысатынына, онда қандай әлеуметтік көрнекі рөл атқаратынына және әлеуметтік-мәдени бағдарламаны игеру мен пайдалану дәрежесіне байланысты тұлға бола алады. Демек, индивидтің тұлғалық қасиеттерінде биологиялық және әлеуметтілік көрініс табады деп есептеуге болады. Яғни, біз тұлғаны жеткілікті саналы әлеуметтік рөл атқаратын және қажетті жеке қасиеттерінің болуына байланысты қоғамдық қатынастар жүйесінде белгілі бір әлеуметтік мәртебеге, құқықтар мен міндеттемелерге ие индивид деп анықтауымызға болады. Қоғамдағы маңызды әлеуметтік проблемалар тұлға – тұлға; тұлға - әлеуметтік топ; тұлға – қоғам; тұлға – мемлекет арасындағы өзара қатынастар негізінде пайда болады. Индивидтің әлеуметтік проблемаларға қатынасы әлеуметтік белсенді, әлеуметтік бейтарап, әлеуметтік енжар болуы мүмкін. Бұл жағдайда ол қатынас индивидтің тіршілік әрекетінің процесінде өзгеруі мүмкін. Бұл өзгерістер елеулі дәрежеде индивидтің саяси істерге қатысу дәрежесін анықтайды, оның саяси қызметінің қозғаушы күші болып табылады, оны саясат субъектісі ретінде сипаттайды. Адам әрқашанда саясат субъектісі болып табылатындықтан, саясат мазмұны бойынша да, жүзеге асу әдістері мен құралдары бойынша да антропоморфты. Ежелгі грек ойшылы Аристотель саясаттың осы аспектісін ескере отырып, адамды «саяси хайуан» деп атаған. Бұл қазіргі кездегі саяси қанатты сөз тіркесінде былай көрсетілген: «Егер адам саясатқа қызығушылық танытпаса, онда саясат адаммен өзі айналысады». Саясаттың мазмұны мен бағыты адамдардың қалың бұқарасын жұмылдырумен, оларға билік жүргізумен, осы адамдардың мақсат-мүдделеріне қатысты өте маңызды шешімдерді қабылдаумен және жүзеге асырумен байланысты. Сондықтан, адамдар биліктік ықпал етудің объектісімен қатар саясаттың объектісі де болады, бірақ адамдар – өздерінің ішкі дүниесі, мүдделері бар саналы тіршілік иелері, олар сыртқы әсерлерді қабылдайды, өңдейді, шешімдер қабылдайды және әрекет етеді. Мұның барлығы адамның субъектінің шығармашылық қасиеттеріне ие екендігін, демек, оның саясат субъектісі бола алатындығын көрсетеді. Алайда, саясат субъектілері болу үшін, шығармашылық әлеуетпен қатар қоғамдық өмірдің түпкілікті проблемаларын шешудегі саясат пен биліктің рөлін терең түсінумен байланысты саясатқа араласуға деген ынта, тілектің болуы шарт. Субъектінің саясатқа қатынасы әртүрлі болуы мүмкін: әлеуметтік-жауапты, конструктивті, әлеуметтік-жауапсыз, деструктивті. Әлеуметтік-жауапты, конструктивті деп терең ойластырылған, салмақты саяси шешімдер қабылдау және оларды негізгі әлеуметтік құндылықтарды (адамдардың өмірі, олардың жақсы тұрмыс ахуалы, өркениеттілікке жету сатысы, қоғамның жайлылығы және т.б.) сақтай отырып жүзеге асыруға ұмтылу түсіндіріледі. Әлеуметтік-жауапсыз белсенділіктің мысалы ретінде утопиялық жобаларды іске асыруға бағытталынған әртүрлі тектегі революционаризмді айтуға болады. Саясат субъектісі белсенді әрекет етуден өзге, саяси ерікке ие болуы міндетті, себебі саяси қызмет жетістіктермен қатар сәтсіздіктерге де толы. Әдістер мен құралдардың арсеналын меңгеру, жеткілікті түрдегі оңтайлы маневрлік тактиканы дайындау, яғни қазіргі саяси мәдениетті оның барлық ауқымымен игеру шарт. Саясат субъектісі ретіндегі тұлғалар келесі категорияларға бөлінуі мүмкін: саясаттың қатардағы субъектілері – сайлаулардың, митингілердің, демонстрациялардың қатысушылары, яғни белгілі бір саяси бағдарға ие ниеттестердің бұқаралық тобы; белсенділер - әрекетшіл, белсенді адамдар; ұйымдастырушылар – олар ниеттестер бұқарасына жақын болғанымен, олардан өздерінің жеке қасиеттерімен ерекшеленеді; лидерлер – саяси қызметтің стратегиясы мен тактикасын айқындайтын саясаттың жоспарлаушылары. Олардың арасынан саяси процеске жөн сілтеп, ықпал жасайтын идеологтар, теоретиктер, қайраткерлер шығады. Тұлғаның қоғамның саяси өміріндегі орнын анықтайтын патернализм мен либерализмның әлеуметтік-саяси концепциялары методологиялық негіз болып табылады. Бұл концепциялар адамзаттың барлық саяси өмірінде жүзеге асқан және саяси ойлар теориясында толықтай бейнеленген. Патерналистік концепция адамның қауымдастыққа тәуелділігі принципінен шыққан. Адамдар қауымдастығы (отбасы, ру, тайпа, ұлт, ұлыс, қоғам, мемлекет) жеке адамның тіршілік әрекетінің базалық негізі, оның тіршілік етуінің негізгі өлшемдерін қамтамасыз етеді. Адамдар қауымдастығы сословиелерге, таптарға, этникалық, жыныстық, жас ерекшеліктік, кәсіптік топтарға іштей жіктелінеді және олар жеке индивидке қатынасы бойынша басымдылыққа ие болады. Сондықтан, қауымдастық мүдделері бастапқы, ал индивидтердің мүдделері – екінші, тәуелді болып танылады. Өркениеттің дамуымен тәуелділік тым салыстырмалы болып, құқықтық мәдениетпен және моральмен мөлшерлене түсті. Индивидтің қауымдастықтан шексіз тәуелділігін тану тоталитаризм идеологиясының түпқазығы болды. Тұлғаның либералды концепциясы индивидті басты, мүдделерін бастапқы деп есептейді. Оның әлеуметтік-мәдени даму деңгейі, белсенділігі қоғамдық өмірдің өзіндік ерекшелігін анықтайды. Сондықтан, қоғамдық құрылыс адамзаттың жеке-даралығы көрінетін және жүзеге асатын кеңістік беруге міндетті. Тұлға өзінің әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі бойынша анықталынатын таңдау еркіндігіне ие болуы қажет. Қоғамның, мемлекеттің міндеті осы таңдау еркіндігіне жағдай жасауды қамтамасыз ету болып табылады. Шектеулер тек басқа адамдардың мүдделері, құқықтары мен бостандықтары болуы мүмкін. Қоғамда адамның экзистенциалды өзіндік құндылықтарын (өмірі, жетістіктері, ұрпақ жалғастыруы) танудан шығатын табиғи құқықтар қызмет етеді. Өркениеттің даму өлшемі бойынша тұлға – тұлға; тұлға - әлеуметтік топ; тұлға – қоғам; тұлға – мемлекет арасындағы өзара қатынастар тиімді нормативтік негізде құқықтық мәдениетте құрылады. Гегель айтып кеткендей, құқықтық мәдениетте көрініс табатын өркениет дамуының сипатты, мәндік ерекшелігі - адамдардың бостандық принципін терең түсінулері. Бұл процесті адамзаттың жалпыөркениеттік дамуының нәтижесі деп есептеуге болады; оның көрнекті сәттері – экономикадан тыс мәжбүрлеу, тұлғаға күш көрсету факторларының бірте-бірте жоғалуы болып табылады. Нарықтық байланыстар жүйесі, адамдар арасында баламалы айырбастың жолға қойылуы бірлесіп өмір сүрудың базалық негізіне айналды. Бірақ, адам қылықтары мен мінез-құлқында пайдакүнемдік, атаққұмарлық, эгоизм сияқты қасиеттерді тудыратын иррационалдықтың болуы тұлғаны моральдық нормалармен қатар құқықтық мәжбүрлеу шаралары жүйесімен дамытуды талап етеді.. Қоғам мен адам арасындағы өзара қатынастарды реттейтін құқықтық мәдениеттің концептуальды негізі ретінде саяси ойлар тарихында үш тәсіл қарастырылады. 1. Табиғи-тарихи тәсіл. Бұл тұжырымдама бойынша құқықтық мәдениет өзінің «табиғи құқық» деп аталынатын табиғи негізіне ие. Бұл негізді мемлекет белгілемейді. Қазіргі құқықтық мәдениет табиғи құқықтың тарихи және логикалық дамыған түрі. Мемлекет пен құқықтық мәдениеттің қалыптасқан жүйесі осы негіздің пайда болуы мен іске асуын қамтамасыз етуі тиіс. Яғни бұл тәсілге әдет-ғұрып пен дәстүрдің негізінде бей-берекет түрде пайда болған әдеттегі құқық жүйесін белгілі бір тұрғыда идеализациялау тән. 2. Құқықтық позитивті тәсіл. Құқық адам мен қоғам арасындағы өзара қатынастарды реттейді. Мемлекет мәжбүрлеуші күш ретінде қоғам атынан қызмет етеді, осы өзара қатынастарды нормалайды, жалпыға ортақ, міндетті нормативті негіздерді құра отырып оларға рационализациялау элементін ендіреді. Мемлекет жалпы рөлді ұстана отырып адамдардың ортақ мүдделерін қорғайды, отырып заңдар шығарады және оларды қорғайды. 3. Маркстік тәсіл. Мемлекет заңдар жүйесін жасақтай отырып, таптық ұйым ретінде қызмет етеді. Ол үстем таптың қолындағы қанау құралы болып табылады. Құқық – заң түріндегі үстем таптың еркі. Құқықтық қатынастар үшін ешқандай табиғи негіз жоқ және тұлға құқығы тіршілік етудің жайлылығын жақсарту үшін мемлекет беріп отырған игілік болып саналады. Егер олар мақсатты емес және ортақ мүдделерге қайшы деп танылса алынып тасталуы да мүмкін. Адам – қоғам арасындағы өзара қатынастарды жақсартуға мүдделердің таптық антагонизмі болмайтын, мемлекет болмайтын кемелденген коммунизмде ғана қол жеткізілуі мүмкін, ал адамның қоғаммен өзара қатынасының реттеушісі мораль болады. Тұтастай бұл тәсілге және оның салдары – тоталитарлық режимге – белгілі бір дәрежеде құқықтық нигилизм тән. Бұл тәсілдердің барлығында шындыққа жақын кейбір көріністердің бар екендігі даусыз. Дәл осы жайт бұл тәсілдердің әрқайсысының құқық тұжырымдамасы бола алу мүмкіндігін жасайды. Адамды іргелі құндылық ретінде қарастыратын және оның табиғи құқықтары бар, осыған орай ол осы дүниеге адамзат иесі ретінде келіп, адамдар қауымдастығының базалық элементі болады деп есептейтін либерализмде қазіргі кезде осы тәсілдерді синтездеу жүріп жатыр. Мемлекет пен құқықтық мәдениет осы табиғи құқықтарды сақтап, оларды жүзеге асырады. Бірақ, бұл жағдайда, құқықтық нормалар жүйесін қалыптастырып, оны жүзеге асыратын мемлекет рөлінің өте маңыздылығы мен құқықты түсіндірудегі адамдардың мүдделері және олардың әлеуметтік мәртебесі белсенді рөл атқаратындығы адамзаттың шынайы саяси-құқықтық тәжірибесінен келіп шығады. Қазіргі мемлекеттің адамгершілік келбеті, әлеуметтік құндылығы адам мен азамат құқығының (өмір сүру құқығы, адамзат құндылықтарын құрметтеу, қасақана заңсыз тұтқындаудың мүмкін еместігі, қанауға қарсы құқығы, ата-аналардың балаларын тәрбиелеу құқығы, сенім бостандығы және абырой бостандығы және т.б.) қаншалықты қорғалатындығымен анықталынады. Аталмыш құқықтар адамзаттың ерте кезден біздің заманымызға дейінгі құқықтық мәдениетінің, яғни әдеттегі құқықтың; антикалық полис азаматтарының құқығының; римдік құқықтың; қазіргі құқықтық және заңдық мәдениеттің дамуының өзегі болып келеді. 1948 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясы адам құқығының Жалпы декларациясын қабылдады. БҰҰ осы құқықтық декларацияның даму барысында тұлға мен оның мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды құжаттар қабылдады. Сонымен, тек тұлға құқығының сақталуы ғана қоғамда әлеуметтік жайлылық пен адамның саяси процестерге белсенді қатысуы үшін жағдайлар жасай алады.
Саяси лидерлік жеке тұлғаның, саяси топтың бұқарамен өзара әрекетте болуымен байланысты ерекше функция. Лидерлік тұлғаны, саяси топтар осы мәртебеге лайық деп таныса ғана мүмкін болады. Ал лидер танылуы үшін лидерге тән қасиеттерді иеленіп, оларды көрсете алуы тиіс. Олардың ішіндегі ең бастысы - бұқараның барлық құрамдас бөліктерінің әрекеттерін біріктіру мақсатында оған ықпал ете алу қабілеттілігі болып табылады. Сондай-ақ, егер лидер саясатты жобалап, жүзеге асырса да саяси лидерлік болуы мүмкін. Ол мақсаттарды жобалауды және оны адамдардың тіршілік әрекетінің негізіне айналдыруды қамтамасыз етуі керек. Сондықтан кез келген әлеуметтік лидердің саясаткер болуы шарт. Саясат – лидер қызметінің мәнді аспектісі. Макс Вебер лидерліктің келесідегідей түрлерін бөліп көрсетеді: І. Дәстүрлі лидерлік. Әлеуметтік топтың тұлғаны лидер деп тануы қалыптасқан дәстүрдің негізінде өтеді. Негізгі өлшемдері: а) тұлғаның әлеуметтік мәртебесі, оның шыққан тегі, осы тұлғаны қалыптастырған кіші әлеуметтік ортаның беделділігі; ә) өмірлік тәжірибесі мен лидерлік функцияны атқаруға ынтасының болуы: б) әлеуметтік топтың тұлғаның лидерлік функцияларды атқару үшін қажетті қасиеттерін тануы, қолдауы және бағынуы. ІІ. Харизматикалық лидерлік. Елден ерек, айрықша жеке қасиеттерінің арқасында тұлғаның ерекше құндылығын әлеуметтік топтың тануы. Харизманың қалыптасуы тұлғаның өмірі мен қызметін белгілі бір тұрғыда мифологияландырумен байланысты. Харизматикалық лидерлер адамдардың қалың бұқарасын тартатын ірі, түпкілікті қайта өзгерістердің қажеттілігі туындайтын әлеуметтік дағдарыстар кезеңінде пайда болады. Дін Адам-Құдай мәртебесін берген Иса пайғамбардың (егер осы тұлға шынымен өмір сүрген болса), Мұхаммед пайғамбардың харизматикалық лидерлер екендігі даусыз. Харизматикалық лидерлер қатарына Махатма Ганди, В.И.Ленин және басқа да саяси қайраткерлерді жатқызуға болады. Харизматикалық лидерлердің ойлары мен сезімдері, қызметтері – ірі әлеуметтік қозғалыстардың белгісі болып саналатындықтан, де олардың ықпалы өлгеннен кейін ұзақ уақыт бойы сақталынады. Бірақ шынайы өмірде бұқараның әлеуметтік үміті ақталмайды, сондықтан уақыт өте келе харизматикалық лидер өз ықпалын жоғалта бастайды. ІІІ. Ресми-бюрократиялық лидерлік. Ол бюрократиялық жүйеде болады және лауазымдық лидерлік болып табылады. Бюрократиялық жүйе қатаң иерархияланғандықтан,лидерлік функция осы жүйедегі жоғарғы эшелонның өкіліне беріледі. Мұндай лидерлік тұлғаның жүйе құндылықтарын берік ұстанушылығын, жүйедегі мінсіз жүріс-тұрысын, басқару тәжірибесін, жеке қасиеттерін, жүйе ішіндегі байланыстары мен қолдауын ескере отырып ішкі сұрыптау негізінде қалыптасады. Мұнда тұлғаның көрнектілігі мен таланты басты емес, функционалдық міндеттерді қатаң орындау, тәртіптілік, аппараттық жұмыс мәдениетін игеруі мейлінше құнды болып табылады. Лидерлерді өздерінің лидерлік функцияларын жүзеге асыру тәсілдері бойынша авторитарлық және демократиялық деп бөлуге болады. Авторитарлық лидер өз қызметінде қысым көрсету, мәжбүрлеу, бағындыру әдістеріне басымдық беріп, бағынушысының жақсы атқарушы болуын талап етеді. Демократиялық лидер бағыныштыларына еркіндік пен жауапкершіліктің белгілі бір дәрежесін бере отырып, олардың дербестігін, бастамасын қолдауға ұмтылады. Алайда, лидерлік функцияның типінен, оны жүзеге асыру тәсілінен тәуелсіз лидерлік: а) ортақ мақсатқа жету жолында топ мүшелерін біріктіруді; ә) осы топқа кіретін адамдар арасындағы өзара қатынастарды реттеуді; б) топтық құндылықтардың қалыптасуы мен олардың жүйеленуіне ықпалын тигізуді қамтамасыз етуге міндетті. Саяси лидерлік – саясат сферасында жүзеге асатын әлеуметтік лидерліктің бір формасы. Саяси лидерлік тұлғадан кәсіби қызмет үшін қажетті қасиеттердің бар болуын талап етеді. Бұл қасиеттер әртүрлі болып келеді. Оларды жалпы түрде былай топтауға болады: 1. Салмақты саяси шешімдер қабылдауға қажетті дағдылардың, іскерлік пен білімнің болуы. Бұл үшін адамдардың мүдделерін білуі, оларды біріктіре әрі саясат сферасына икемдей алуы керек. 2. Мақсаттылықты, ерік пен ұйымдастырушылық талантты талап ететін шешімдерді жүзеге асыра білу қабілеттілігі. Саяси лидердің функциясын тиімді түрде жеке индивид, тұлға емес, саяси партияға ұйымдасқан саяси топ атқара алуы мүмкін. Саяси партияның лидер ретіндегі басымдығының өзі сонда, ол мүшелері саясат сферасын өздерінің қызметі үшін таңдаған әлеуметтік-белсенді топтың саяси энергиясын өзінде біріктіреді. Саяси өмірдің тарихында партиялықтың дамуы саяси ынтымақтас топтардың пайда болуынан саяси партия тәрізді саяси ықпалды құрылымдардың құрылуына дейінгі жолдан өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында демократиялық қоғамның қажетті құрылымы көппартиялық саяси жүйені қалыптастыру процесі белсенді жүргізілуде. Біздің еліміздегі барлық саяси партиялар қызметтерін ҚР Конституциясының шеңберінде жүргізуге, парламенттік партиялар есебінде «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдарды орындауға міндетті. Олардың негізгі міндеттері өкілетті органдарда сайлауға қатысу, осы негізде билік құрылымдары арқылы өздерінің мақсаттарын жүзеге асыру. Бұл мәселенің іске асуымен партияның шынайы ықпалдылығы және саяси салмағы өлшенеді. Елімізде қазіргі уақытта тоғыз саяси партия жұмыс істейді: «ОТАН», Қазақстанның Азаматтық партиясы, Қазақстанның Аграрлық партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, Қазақстан патриоттар партиясы, «Ауыл» партиясы, «Ақжол» партиясы, Руханият және Асар партиялары. Қазіргі таңда елімізде көппартиялықты одан ары дамыту процесі жүргізілуде. Бизнес-элита өкілдерінің тобы 2002 ж. қаңтарында болашақта өз саяси партияларын құру туралы мәлімдемемен бірқатар саяси акциялар өткізді. Бірақ бұл партияның қаншалықты саяси маңызды болатындығын уақыт көрсете жатар. Саяси партияның қызмет етуі үшін оған әлеуметтік база мен саяси тенденцияны қамтамасыз ететін белгілі бір әлеуметтік-саяси дәліз қажет. Көптеген ресми мәлімделген партияларда мұндай дәліз атымен жоқ және олар лидердің жеке саяси мансабын қанағаттандыру негізінде пайда болғандықтан әлеуметтік-саяси негізі болмайды. Сондықтан шулы саяси декларациялардан кейін олар біртіндеп кері кете бастайды және ішкі тартыстардың әсерінен қирайды. Осындай партиялардың қызмет етуі тек ресми сипатта ғана қалады және «оларды халық танымайды» деп айтуға әбден болады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 50; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.009 с.) |