Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
СаясаттанудыҢ Ғылым ретіндегі пӘні, Әдістері мен Қызметері
Қазіргі өркениеттің экономикалық тұрғыдан талдануы, адамдардың экономикалық мүдделерінің бастапқылығы, фундаменталдылығы жалпыға мәлім. Экономикалық қатынастар қазіргі таңдағы негізгі әлеуметтік концепциялардың методологиялық принциптері болып отыр. Сондықтан да , саясаттану пәнін ғылым ретінде қарастырғанда келесі мәселелерге баса назар аударуымыз керек.
«Экономика» және «саясат» ұғымдары қоғамдық өмірдің бір-бірімен өзара тығыз қарым-қатынастағы екі маңызды саласын бейнелейді. Атап айтқанда, саясатта, саяси шешімдерде, саясат субъектілерінің іс-әрекеттерінде тұтастай қоғамның, сондай-ақ оның жеке жіктері мен топтарының экономикалық мүдделерінің мейлінше жинақталған қалпы көрініс табады. Сондықтан да, экономика мен саясаттың адамзаттың тіршілік әрекетіндегі өзара қарым-қатынасы принципті түрде дүниетанымдық және методологиялық мәнге ие. Экономикадан қол үзген саясат пен саяси іс-әрекет өзінің шынайы мазмұнын жоғалтып, нақты базистік негізінен ажырайды.
Саяси мәдениеттің мәнін экономикамен, экономикалық қатынастар мен мүдделерге тікелей байланысты адамзаттың жалпыөркениеттік дамуының элементі ретінде қарастырмасақ тұрпайы болар еді. Саясат - объективті байланыстар жүйесі мен даму логикасы, сондай-ақ негізі субъект пен субъектінің арасындағы қарым-қатынас болғандықтан маңызды субъективтік түсінігі бар қоғамдық қатынастардың дербес сферасы. Сол себептен де «саясат» термині жеткілікті түрде көп қырлы болып келеді.
Саяси шынайылықтың күрделі әлемінде аталған терминді идеологиялық қағидаларды, маңызды билік шешімдерін, әлеуметтік институттарды, қоғамдық ұйымдардың формаларын, әдістерін, әрекет ету құралдарын белгілеу үшін және саяси қатынас субъектілері өз мүдделерін іске асыру мақсатында билікке ықпал етуге, билікті қалыптастыруға қолданады.
|