Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Саясаттану пәні ғылым ретіндеСодержание книги
Поиск на нашем сайте Оқу пәні ретіндегі ғылыми білімдердің нақты жүйесін баяндау ең алдымен оның пәнін қарастырудан басталады. Ғылым пәнінің бөлінуі, оның негізгі өлшемдерінің айқын белгіленуі қарастырылып отырған білімдерді біртұтас ғылыми-методологиялық негізге ие тұтастыққа біріктіруге мүмкіндік береді. Ғылымның пәні қарастырылып отырған ғылыми білімдер жүйесінің тәуелсіздігі мен дербес дамуының түпкілікті шарты болып табылады. Белгілі дәрежеде ғылым пәнінің өзінде алдын-ала анықталғандық пен тапсырыстық тұрғыдағы емес, дамудың рационалды-логикалық негізі тұрғысындағы ғылыми білімнің нақты жүйесінің даму мүмкіндігі жасырынған қалыпта болады. Кез-келген ғылым пәнінің бірден дайын күйінде берілуі мүмкін емес, ол пайда болудың, қалыптасудың ұзақ жолынан өтуі керек, өйткені ол объектінің жай ғана бөлігі ғана емес, осы бөліктің идеалды конструкциясы да. Бұл процесс жаңа ғылымның өзінің жеке пәнімен бірге бөлінуінің, тармақталуының негізіндегі ғылыми білімдердің жалпы жүйесінің шеңберінде іске асады. Саяси білімдер де осындай жалпы жүйелердің бірі болып табылады. Тарихи тұрғыда саяси білімдер қоғамдық ғылымдардың әрқилы жүйелерінде қалыптасып дамыды: тарихи ғылымдарда саяси қатынастардың даму тарихы ретінде қандай да бір елдегі мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызмет етуінің тарихы мен саясаттың әрқилы субъектілерінің іс-әрекеттерінің тарихы қарастырылады; заң ғылымдарында мемлекеттік құқықты зерттейтін ғылыми іс-әрекет ретінде; философияда саяси қатынастар мен биліктің дүниетанымдық, моральдық-этикалық, әлеуметтік, психологиялық негіздерін көрсететін рефлексия ретінде қарастырылды. Қазіргі кезде адамзат проблемалық аспектілердің көлемінің кеңдігін ескере отырып саясатты, саяси шешімдер мен іс-әрекеттерді аса мол әлеуметтік маңыздылығына және оған баламаның жоқтығына байланысты бірінші орынға шығарды. Біздің ойымызша, саясаттану пәнінің анықтамасына осы кіріспе қажет, өйткені саясаттану ғылым ретінде өзінің жеке пәнін қалыптастыруды және методологиялық базаға, ғылыми аппаратқа және білім жүйесін қолдану ареалына ие дербес, теориялық тұрғыда жетілген ғылымға айналу процесін басынан кешіруде. Саясаттану - саясат туралы, яғни мемлекеттік және қоғамдық істер туралы ғылым (гр.politixa – мемлекеттік және қоғамдық істер). Бірақ бұл терминологиялық анықтама саясаттану пәнінің мәнін толық аша алмайды. Бұл терминнің мазмұны белгілі дәрежеде ғылыми зерттеу объектісін, ғылым пәнінің іздену аясын көрсетеді. Ғылым пәнінде объектінің басты, маңызды белгілері мен қасиеттері ғана бейнелетіндіктен ғылым объектісі мен пәнінің арасындағы айырмашылық салыстырмалы сипатта болады, алайда ғылыми білімнің өзіндік сипатын түсіну үшін ғылым пәніне ғылыми ұғымдар мен түсініктерден көрініс табатын объектінің өзіндік бөлігі ретінде анықтама беру өте маңызды екендігін ескергеніміз жөн. Саяси білімдердің басқа да жүйелері секілді саясаттанудың да зерттеу объектісі саяси шынайылық. Қазіргі қоғам – күрделі құрылым, көпбейнеліліктің бірлігі мен экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани салалардың өзара әрекеті ретінде қызмет ететін нақтылық. Бұл салаларды бөліп көрсету - қоғам өмірінің ғылыми-теориялық бейнесінің қажетті алғышарты. Өркениеттің өне бойындағы тарихи тәжірибе көрсеткендей, қоғам өмірінің барлық салаларының арақатынасы басты рөлде экономика ойнайтын иерархиялық сипатта. Бұл арада ескере кетер жайт , қоғамдық өмір – объективті, әлеуметтік-практикалық процесс. Қоғамдық өмірдің табиғаттан ерекшелігі, онда оның өзін жасаушы субъект әрекет етеді. Сондықтан да, социумда қоғамдық процестердің, олардың даму себептерінің тұрпайы экономикалық түсініктері қабылданбайды, өйткені адамнан, оның әрекетінен тыс ешқандай тарих, ешқандай экономика болмайды. Анықтап айтсақ, субъект қалай болса, тарих солай болады. Қоғамдық дамудың аталған ерекшелігі тарихи процестің субъектілік себеп байланысын қалыптастырады. Қоғамдық даму өндіріс тәсілдерінің қарапайым, бірізді алмасуы емес, бұл адамзат ұрпағына субъектілік сипат беретін, оны адам санатына қосатын тіршілік әрекеті. Тарих адам жасампаздығының, оның алдына қойған мақсаттарының тәжірибе жүзінде іске асуының нәтижесі. Әлеуметтік даму мен тарихи өзгерістер - адамдар әрекетінің, әлеуметтік күштердің, қалың бұқараның өзара қарым-қатынасынан туындайды. Қоғам өмірінің осы тұсын «саяси шынайылық» ұғымымен белгілеуге болады. Саяси шынайылық объективті, себебі қоғамдағы әлеуметтік жіктелуге орай үлкен топтар объективті түрде қатар өмір сүріп, өзара әрекет етеді. Бұлардың арасындағы осы қатынастарды саяси қатынастар деп атайды, өйткені топ мүдделерінің, қабылдаған шешімдерінің іске асырылуы үшін оларды өзара келістіру қажеттілігі пайда болады. Сонымен қатар саяси қатынастар адамдар арасындағы шынайы қатынастар болғандықтан субъектілер арасындағы қатынастар болып табылады, яғни субъект-субъектілік сипатта болады. Осы субъектілердің мүдделерін түйістіру және осының негізінде дамудың басты шарттары саналатын қоғам тұтастығын сақтау, әлеуметтік келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету саяси шынайылықтың ең маңызды әлеуметтік проблемасы. Бұл үшін қоғамдық организмде басқару мен билік функцияларын атқаратын белгілі бір құрылымдық элементтер қалыптасады. Тарихқа көз жүгіртсек қазіргі саяси жүйелердің өзегі болып отырған басқару мен биліктің мемлекеттік формасының кеш пайда болғандығын көреміз. Басқару мен билік мемлекеттен бұрын болған. Басқару мен биліктің негізін құрайтын саяси қатынастар рулық сипаттағы әлеуметтік қатынастардың бір түрі, ал таптық саяси қатынастар ретінде ауыспалы, өткінші болады. Бұл жағдай Аристотельдің «Политика» атты еңбегінде жеткілікті түрде айқын көрсетілген: «Бір-бірімен үздіксіз байланыста болатын немесе бөлінген бірнеше бөліктерден құралған билік құру элементі мен бағыну элементі тұтастық құрайды. Бұл – табиғат заңы болғандықтан, оған жанды тіршілік иелерінің бәрі бағынады». Өркениет тарихы беттерінен саяси шынайылықтың дамуын қарап отырсақ, биліктің мазмұны мен формасының қалай өзгергенін, мемлекеттік биліктің сойыл ретінде қызмет еткен кездегі ашық, тіке зорлық-зомбылық әдістері мен құралдарынан өзара келісім жолымен мүдделер бірлігін қамтамасыз ететін әдістер мен құралдарға қалай өткенін байқауға болады. Сондықтан Аристотель билікті деспоттық (қожайынның құлына билігі) және саяси (мемлекеттің азаматқа билігі) деп бөліп қарастырды. Міне, осыдан адамзаттың саяси мәдениетінің қалыптасу жолдарының қиындыққа толы болғандығын көруге болады. Қазіргі заманғы саяси шынайылық – барлық бөліктері бір-бірімен өзара әрекетте болып, тығыз байланысып жатқан құрылымданған күрделі бірлестік. Оның ең маңызды бөліктері мемлекет пен азаматтық қоғам. Сол себепті жалпы түрде саяси ғылымды мемлекетті зерттейтін, яғни мемлекет ісін зерттейтін ғылым және азаматтық қоғамды (саяси қатынастар субъектілерінің өзара әрекет етуі мен қызмет етуінің мемлекеттік емес формалары мен тәсілдері), яғни қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың әрқилы түрлерін, сонымен қатар саяси қатынастар субъектісі адамды зерттейтін ғылым деп бөлуге болады. Ұсынылып отырған бұл классификацияда саяси ғылым жеке пән ретінде айқын анықталынған. Мемлекет ісімен қатар азаматтық қоғамды да зерттейтіндіктен саясаттану бұл жерде біріктіруші саяси ғылым ретінде көрініп отыр. Саяси білімдер жүйесінде саясаттану ерекше орын алады және оның өзіне лайықты мәртебесі болуы керек.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 69; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.006 с.) |