Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Биліктің шығу тегі мен функцияларыСодержание книги
Поиск на нашем сайте 3.3.Натуралистік парадигма. Натуралистік парадигма мемлекет пен биліктің шығу тегінің табиғилығын, олардың пайда болуы мен қызмет етуінің табиғи қажеттілігін негізге алады. Бұл жағдайда ең басты себеп ретінде адамдардың бірлесіп өмір сүрулерінің нәтижесінде пайда болған әлеуметтік факторлар емес, керісінше адамның биологиялық, психофизиологиялық құрылымы мен сондай-ақ қоршаған табиғи ортамен анықталатын табиғи фактор алдыңғы орынға қойылады. Табиғат – адамзаттың бастапқы негізі. Оған ол өзінің кіндігімен байланған. Өркениеттің даму себебін іздестіргенде адамзаттың ақыл-парасатының табиғи факторларға көңіл аударуы заңды нәрсе. Саяси ойлар тарихында натуралистік парадигма негізінде әрқилы тектегі геосаяси, биосаяси, психологизаторлық концепциялар пайда болып отырды. Геосаяси идеялар әртүрлі географиялық ортада өмір сүретін мемлекеттік құрылымдарды, халықтардың саяси өмірін салыстыру негізінде пайда болды. Географиялық фактор ретінде климат, жергілікті жердің рельефі, адамдар қауымдастығының өмір сүру ортасы, су бассейнінің болуы сияқты аймақтық ерекшеліктер ұсынылды. Географиялық ортаның саясат пен мемлекеттік құрылысқа тигізетін ықпалына ертедегі ойшылдар да көңіл аударған. Ежелгі грек дәрігері Гиппократ (б.з.д.460-370 жж.) өзінің «Ауа, су және жергілікті жер туралы» шығармасында аталған табиғи факторлардың адамның денсаулығына, оның мінез-құлқына, сондай-ақ жергілікті жердің қоғамдық және мемлекеттік құрылысына тигізетін ықпалына көңіл бөлді. Адамды «саяси хайуан» деп атай отырып Аристотель қоғам мен мемлекеттің пайда болуының табиғи негізінің бар екенін көрсетті. Географиялық фактор ірі географиялық ашулар орын алған және осының негізінде өздерінің табиғи-климаттық жағдайларымен ерекшеленетін, әртүрлі құрылықтарда өмір сүретін халықтардың саяси өмірі мен мемлекеттік құрылысын салыстыру мүмкіндігі пайда болған 15-16 ғғ. бастап ерекше мәнге ие бола бастады. Ғылымдағы географиялық бағыт пен геосаяси идеялардың негізін салушы ретінде француздың саяси ойшылы, заңгер Жан Боденді (1530-1596жж.) есептеуге болады, ол өзінің «Тарихты жеңіл үйрену әдісі» (1566) атты шығармасында қоғам дамуына табиғи орта ықпалын тигізеді деген идеяны ұсынды. Географиялық бағыт мейлінше тиянақты түрде француз ойшылы Шарль Луи Монтескьенің (1689-1755) «Заңдар рухы жайлы» деп аталатын еңбегінде жете зерттелді. Оның көзқарасы бойынша, климаттық жағдайлар, жергілікті жердің топырағы, рельефі халықтардың мінез-құлқына ғана емес, өте үлкен дәрежеде қоғамдық дамудың сипатына, халықтар өміріндегі саяси процестерге де ықпалын тигізеді. Географиялық детерминизм идеяларын біршама жұмсарта отыра Монтескье географиялық фактордың әсері адамдар қоршаған ортаның жағдайларына тәуелді болған өркениет дамуының бастапқы кезеңдерінде ерекше байқалғанымен, өркениеттің даму барысымен өндіріс, жеке меншік, басқару принциптері, әдет-ғұрып, дін секілді әлеуметтік факторлардың ықпалының күшейетіндігін атап көрсетті. Тұтастай алғанда географиялық парадигма ғылыми тұрғыдан аса жемісті болды. Ол ғылымдағы географиялық мектептердің институтталынуына алып келді, географиялық себептер мен жағдайларды ескере отырып саяси процестерді түсіндіруге тырысатын саяси географияның пайда болуын қамтамасыз етті. Географиялық парадигма мемлекеттердің, халықтар мен ұлттардың арасындағы өзара қарым-қатынастарда маңызды рөл атқаратын қазіргі геосаяси доктринаның қалыптасуында ерекше мәнге ие болды. Геосаяси доктриналар мемлекеттің саяси бағытының қалыптасуында басты қызмет атқарады. Қазіргі геосаясат бөтен территорияны жаулап алу, агрессия ғана емес, өзінің сыртқы саясатының бағытын айқындау үшін географиялық жағдайларды пайдалану, сыртқы саясаттағы проблемаларды шешуде қалыптасқан географиялық ахуалды мейлінше толық ескеру. Геосаясат сыртқы саяси басымдықтарды да анықтайды, себебі олар географиялық ортаның ресурстарын (мемлекеттің өмірлік маңызы бар орталықтарының кеңістіктік қорғанысын анықтайтын шекара қауіпсіздігі, пайдалы қазбалардың болуы және оларды экономикалық айырбастауды ұйымдастыру үшін пайдалану мүмкіншілігі, мемлекет территориясының әлемдік транспорттық байланыстарды ұйымдастыру желілеріне жақындығы және т.б.) пайдаланумен байланысты. Қазіргі геосаясат баламалы айырбастауды қамтамасыз етуге жағдай жасай отырып, үйлесімді түрде әлемдік нарықтық жүйеге енеді. Алайда бұл жағдай геосаяси проблемалардың дербестігін, мемлекеттің сыртқы саясаттағы және ішкі саясаттағы акцияларын қамтамасыз ету үшін оларды белсенді идеологиялық тұрғыда пайдалану мүмкіндігін жоққа шығармайды. Осы жерде Қазақстанның геосаяси жағдайын ескеретін Н.Ә.Назарбаевтың еуразиялық идеясының жемістілігін айта кеткеніміз жөн. Бұл идея Қазақстан Республикасына екі құрлықтың экономикалық, рухани факторларын біріктіруге және елдер мен халықтарды байланыстыратын көпір болуға мүмкіндік береді. Натуралистік парадигма сонымен бірге, саясаттың, саяси мінез-құлықтың, саяси құрылымдардың шығу көздерін адамзаттың биологиялық табиғатынан іздеуге талпынатын әртүрлі биосаяси доктриналарда қолданылады. Биосаясат адамның инстинктілік, генетикалық, туа біткен табиғи қасиеттері оның саяси мінез-құлқының, сондай-ақ қоғамдық өмірдің саяси құрылысының ерекшеліктерін анықтауда шешуші рөл атқаруын ескереді. Жеке тұлғаның биологиялық ерекшеліктерінің (мысалы, жынысы, жасы) саяси реакцияның ерекшелігін анықтау мен саяси жүріс-тұрысты қалыптастырудағы мәнін толықтай жоққа шығаруға болмайды. Аффектілер – тән мен жанның байланысы (Спиноза), сондай-ақ тұлғаның генетикалық ерекшеліктері де, мәселен, оның реактивтілігі саяси жүріс-тұрысқа әсерін тигізеді. Алайда, неміс ғалымы П.Мейердің көзқарасы бойынша адамның саяси жүріс-тұрысы екі деңгейден тұратындығын ескергеніміз жөн. Жоғарыда айтылғандардың бәрі төменгі деңгейге, тікелей реакцияға жатады. Саяси жүріс-тұрыстың ең жоғары деңгейі рефлексия нәтижесінде пайда болады, яғни оны анықтауда ақыл-ой, символдар және әлеуметтік-мәдени нормалар шешуші рөл атқарады. Осында, батыстық биосаясаттың адамдардың саяси жүріс-тұрысының жеке тұлғаның жынысына, жасына, генетикалық ерекшеліктеріне тәуелді болатындығын зерттеу барысында қолданбалы саясаттануда біршама табыстарға қол жеткізгендігін айта кету керек. Биосаяси мәліметтерді қолданбалы саясаттану референдумдардың, сайлаулардың нәтижелеріне саяси болжам жасауда, саяси оқиғаларға бұқараның көзқарасын анықтау үшін пайдаланады. Саяси ғылым индивидуумның не әлеуметтік топтардың саяси оқиғаларға деген психологиялық көзқарастарына ерекше көңіл бөлетін әртүрлі психологизаторлық ағымдарды да натуралистік парадигмаларға жатқызады. Мінез-құлықтың психологиялық түрткілерінің бастапқылығын, тікелей екендігін мойындай отырып, бихевиоризм оларды саяси мінез-құлықтың мотивациясын индивидтің немесе бұқараның (тобырдың) рефлекторлы-инстинктивті сезімдері арқылы анықтайтын микрофактор ретінде қарастырады. Ескеретін жайт, біздің саясаттануда бұқараның саяси мінез-құлқының психологиялық негізі тіптен зерттелмеген проблема. Биосаяси доктриналардың қатарына нәсілшілдік те жатады. Нәсілшілдікбелгілі бір саяси қажеттіліктерге қызмет ететінидеологиялық және саяси доктрина болып табылады, ол ақ нәсілге жатпайтын халықтар топтарының нәсілдік кемдігін танумен, әртүрлі нәсіл өкілдерінің жалпыөркениеттік дамуға қосқан үлесінің теңсіздігін мойындаумен және қазіргі кезеңдегі саяси процестердегі ақ нәсілдің рөлінің басымдылығын дәлелдеумен байланысты. Нәсілшілдік идеология ретінде БҰҰ тарапынан айыпталып және қазіргі жағдайда мемлекетаралық қатынастарда саясат факторы ретінде қолданылмаса да, психологиялық тұрғыда адамдардың мінез-құлықтық реакциясына ықпалын тигізіп, бұқаралық санада маңызды орын алып отыр.
3.4.Әлеуметтік парадигма. Әлеуметтік парадигма қоғамдық ғылымдарда өте кең тараған. Ол саясаттың шығу тегін, оның мәні мен функцияларын әлеуметтік себептер арқылы түсіндіреді. Оның негізінде қоғамдық ғылымдардың рационалды түрде дәлелденген жүйесі жасалған. Ол әлеуметтік шынайылықтың, оның проблемалық мазмұнының барлық байлығын көрсететін концептуалды негізге айналды. Қоғамдық өмірдің тұтастай түсінігінен шыға отырып, әлеуметтік парадигма қоғамдық дамуды ішкі қарама-қайшылыққа толы процесс ретінде қарастырады. Үлкен әлеуметтік топтардың (байлар мен кедейлердің, ауқаттылар мен жарлылардың, сословиелердің, таптардың) мүдделерінің антагонизмі қарама-қайшылықтың негізі. Әлеуметтік парадигма таптар мен тап күресінің идеологиясының концептуалды тұғыры болып табылады. К.Маркс пен Ф.Энгельс бірігіп жазған «Коммунистік партияның манифесті» атты белгілі шығармада әлеуметтік парадигма адамзатты қанаудан құтқаратын пролетариаттың бүкіл әлемдік-тарихи мессиялық рөлін орнықтыратын революциялық идеологияның концептуалды негізі ретінде қолданылады. Бұл тарихи міндетті пролетариат революция жасағанда және өзінің таптық диктатурасын орнатқанда ғана орындай алады. В.И.Лениннің ойы бойынша марксизмдегі ең басты мәселе – пролетариат диктатурасының тарихи болмай қалмайтындығы мен оның тарихи қажеттілігін мойындау. Марксизмде әлеуметтік парадигма әлеуметтік - экономикалыққа өзгереді. К.Маркс пен Ф.Энгельстің көзқарасы бойынша, қоғамдық дамудың іргетасы адамдардың материалдық игіліктерді өндіруі болып табылады, ал ол сатылы процесс ретінде, өндірістің ерекше тәсілі ретінде жүзеге асырылып, қоғамның экономикалық базисін қалыптастырады.Осы базистің үстінде қондырма деп аталатын құрылымданған жүйе пайда болады. Қондырма базиске қатынасы бойынша қайтарымды әрі белсенді. Әртүрлі әлеуметтік институттар қондырманың маңызды компоненттері болып табылады. Олар: идеологиялық көзқарастар, ұйымдар, мекемелер, бұлардың арасынан беделді орынды идеология және ұйымдастырушы құрылым ретінде (мемлекеттік билік, саяси партия және басқалары) саясат иеленді. Марксизмді насихаттау немесе сынау біздің міндетімізге жатпайды. Біз тек мына мәселеге ғана назар аударамыз,: әлеуметтік-экономикалық парадигма революциялық идеологияның негізі ретінде аса мақсатты болғанымен оның әлеуметтік-жасампаздық рөлі тиімді болмады, себебі ол тарихи процестің нағызжасампаз негізі ретіндегі адамзаттың әлеуметтік-мәдени дамуының деңгейін төмендетіп жіберген еді. Әлеуметтік парадигмалардың қатарына әлеуметтік-экономикалықтан бөлек, патриархалды-тектік құрылыс ыдырап ол жаңа нормалар мен биліктік құрылымдары бар таптық қоғамға өте бастаған кезде ерекше мәнге ие болған этикалық-нормативті тәсілді жатқызуға болады. Мұндай тәсіл әсіресе Конфуций (б.з.д.522-479жж.) мен Аристотельге (б.з.д.384-322жж.) тән. Әрине, таптық қоғамның дамуы мен мемлекет пен оның заңдарының реттеуші рөлінің күшеюіне байланысты этикалық-нормативті тәсіл екінші орынға ығысты. Бірақ азаматтық қоғам қызмет ете бастаған қазіргі кезде аталған парадигма дамудың жаңа қарқынына бет бұруда. Әлеуметтік парадигмалардың қатарына мәдени-антропологиялық парадигма да жатады, оның көмегімен саясаттың сыртқары натуралистік жалпыәлеуметтік негіздерінен адамның өзіне, оның әлеуметтік-мәдени дүниесіне, ол өмір сүретін өмірлік жағдайларға, оның осы жағдайларға бейімделуі мен өзінің жеке шешімдерін қабылдауға өтуі іске асырылады. Бұл көзқарас тұрғысынан, саясат адамның әрекетшіл мәнінің құбылысы, оның шығармашылық қызметінің жүзеге асуы болып табылады. Бұл парадигма бойынша, тұлға саяси өмірдің қайнары мен өзегі болады. Адамзат өзінің саясатқа қатысуын анықтайтын өзгермейтін субстанциялық қасиеттерге ие. Индивидуалдық даму деңгейі, тәжірибе мен мәдениетті игеру адамның осы процеске жасампаздық тұрғыда қатысуын анықтайды. Сондықтан саясат сферасы адам осы процесте өзін саяси субъект ретінде көрсете алатын адамдардың іс-әрекетінің аймағы болып саналады. Мұнда, саясаттың маңызды ерекшеліктері адамдардың бірлескен өзара әрекетімен анықталғанымен бұл парадигма бойынша ортақ мүдденің жеке мүдделердің жиынтығы ғана екендігін ескерген жөн. Саясатта іске асырылатын жалғыз шынайы мүдде – жеке адамның саяси іс-әрекетінің негізі, өзегі болып табылатын жеке мүдде. Сондықтан да, саясатта негізгі балама ретінде ортақ мүдде ұсынылған кезде, индивидті манипуляциялау қолға алынады, өйткені ортақ мүдде өткінші болып келеді. Осылай, мәдени-антропологиялық парадигма саясаттағы жекелік принциптерді концептуалды түрде негіздейді. Саясаттанулық концепция ретінде мәдени-антропологиялық парадигма әліз болғанымен, оның саясаттың қолданбалы проблемаларын зерттеуде, саяси өмір агенттерінің жеке көзқарас мәселелерін талдауда аса пайдалы нәтижелер беруі мүмкін екендігін ескеру қажет. Өйткені саясатты жеке қабылдау, жеке саяси реакция - саяси өмірдің нағыз шынайы құбылысы. Сондықтан да оларды зерттеуде, әлеуметтік-психологиялық негізін ашуда, индивидтің әлеуметтік-мәдени дамуға тәуелділігін анықтауда жемісті нәтижелерге қол жеткізуге болады. Мәдени-антропологиялық парадигма саяси элитаның қалыптасуын және жетекші тұлғалардың (лидерлердің) жасампаздық қасиеттері мен саяси іс-әрекеттерін қарастырумен байланысты мәселелерді зерттеуде ерекше құндылыққа ие. Өйткені, саясат сферасында белсенді жасампаздық іс-әрекет элитарлық сипатта болады. Ол тұлғаның саяси іс-әрекетке мүдделілігі, ерекше қасиеттері мен қабілеті, яғни тұлғаның элитарлық өлшемдері болғанда ғана мүмкін болады.
3.5. Рационалды-сыни парадигма. Рационалды-сыни парадигма саясат әлемін өзінің ішкі заңдылықтарымен дамитын әлеуметтіліктің дербес сферасы ретінде зерттеумен байланысты. Ол саясаттың сыртқы, натуралистік негіздерге тәуелділігін елемейді, саясатты таза түрде ала отыра оның ішкі проблемаларын зерттейді. Сондықтан да, бұл парадигма бойынша саясатты өзінің ішкі жаратушылық мүмкіндіктері мен бастаулары бар құбылыс деп есептеуге болады. Бұл парадигма саясат әлемін зерттеуде әртүрлі тәсілдерді қолдануға және таңдалған аспектіге байланысты зерттеу акценттерін өзгерте отырып объектіні өзекті практикалық саяси міндеттермен тығыз байланыста зерттеуге мүмкіндік береді. Рационалды-сыни парадигманың жүзеге асуында қазіргі саясаттанудың конфликт және консенсус сияқты орталық ұғымдары ерекше мәнге ие. Саясат әлемі қақтығыстарға толы екендігі ежелден белгілі, дегенмен бұрынғы дәуірлер бұл қақтығыстардың (конфликтілердің) натуралистік, әлеуметтік, психологиялық және т.б. сыртқы бастауларын бөліп көрсетті. Сондықтан да, конфликтінің шешілуі саясат алаңынан тыс жатқан проблемаларға тікелей тәуелділікте қарастырылды. Саясаттың өз мүмкіндіктері, оның шығармашылық, реттеушілік функциялары ескерілмей қалды. Өйткені әлеуметтік орта антагонизмге, қарсылық пен күреске, өзара күш көрсетуге толы дүние. Бұл жағдайда – сұхбаттасу, мүдделерді ескеру, саяси бәсекелестердің позицияларына құрметпен қараудан көрініс табатын мәселені таза саяси шешу мүмкін болмай қалды. Өзінің мәні мен мазмұны бойынша адамгершілікке жат қанды соғыстар мен революциялар – адамзат болмысының нақтылығы болғанымен, мұндай акциялардың нәтижесінде конфликтілер жойылып кетпеді, және өз кезегінде күш көрсету қайтадан жеңіске жетіп отырды. Тарихи тәжірибе дамудың эволюциялық жолының ерекше құндылығын, жасампаздығын көрсетті. Пісіп-жетіліп келе жатқан конфликтілердің өз уақытында шешілуімен байланысты өркениеттің сақталуы мен дамуы үшін бірізділік аса жемісті мәнге ие болады, ал бұл қоғамдық организмге жазылмайтын жарақаттарды түсірмеуге, мүдделерді өзара ескеру негізінде мәселелерді шешуге, саяси процеске қатысушылардың барлығын белгілі бір дәрежеде қанағаттандыратын саяси шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді, ал нәтижесінде - әрбір адам бейбітшіліктің, келісімнің, қоғам тұтастығының сақталғанына және өз мүдделерінің ескерілгендігіне қуанатын болады. Саяси мәдениеттің мәні саяси оқиғалардың ушығып кетпеуі үшін қажетті шараларды қолдана білу қабілетінде жатыр. Пісіп-жетілген конфликтілерді шешу үшін дер кезінде қоғамдық организм үшін залалсыз әдістерін табуға, олардың дамымауы үшін ұрығында жоюға, талас тудырмайтын, қарама-қайшылыққа соқтырмайтын, саяси проблемаларды өзара келісім негізінде, құқық шеңберінде, моральдық негізде шешуге мүмкіндік беретін амалдарды пайдалану, саясат өнерінің бар арсеналын қолдану қажет. Мұндай іс-әрекет үшін саяси-құқықтық ортаны конституцияның баптары мен ауқымы жасайды. Демократиялық мемлекеттердің конституцияларының баптарында саяси әрекет үшін кең құқықтық кеңістік жасалған, статус-квоны қамтамасыз ететін терең тізбектелген жүйе қалыптасқан. Рационалды-сыни парадигманың негізінде қазіргі саяси білімдердің бір саласы – конфликтологияпайда болып даму үстінде. Рационалды-сыни парадигманың екінші маңызды ұғымы консенсус болып табылады. Өзінің саяси мәні мен әлеуметтік мағынасы бойынша консенсус – қарсы жақтардың мүдделерінің түйісуі мен өзара келісімі негізінде қол жеткізілетін белгілі бір компромисс. Әрине істің бұлай шешілуінің белгілі бір сенімсіздігі, тұрақсыздығы болары анық. Бірақ мұның сиы бейбітшілік пен өзара келісім екендігі даусыз. Консенсус шынайылық бола отырып әлеуметтік өмірге әсерін тигізеді, өзінің идеологиясын, саяси құрылымын қалыптастырады, яғни қоғамдық өмірдің демократиялық құрылысының ажырамас бөлшегі болып табылатын консенсус мәдениетін жасақтайды. Консенсуста қарсы жақтардың қайсысы болса да өз мүдделерін сақтай және таныта отырып, өз мүдделерінде бейбітшілік пен келісім жағдайын пайдалана алады. Саясаттанудың мультипарадигмалығы толық түрде саяси ойлар тарихында жүзеге асты. Сондықтан да бұл проблеманы ашу үшін адамзаттың саяси ойларының тарихына шағын саяси шолу жасап көрелік.
3.6.Саяси ойлар тарихынан Саяси ойлар тарихы адамзат санасындағы мемлекет пен биліктің пайда болуы мен қызмет етуінің саяси тәжірибесі мен осы процеске адамдардың қатысуының көрінісі болып табылады. Саяси ойлар тарихы осы процестің тарихи және саяси салдарға ие тұстары мен сәттерін қарастырады. Ол фактілерді, оқиғаларды жай ғана анықтаумен айналыспайды, керісінше саяси тәжірибені нақты саяси білімдердің категорияларында, ұғымдарымен ойларында белгілейді, саяси ілімнің мектептері мен бағыттарының арасындағы даму мен сабақтастық байланыстардың анықтаушы ағымдарын ашып көрсету арқылы саяси өткенді бірізді және жүйелі тұрғыда зерттейді. Сондықтан саяси ойлар тарихының ғылыми құндылығын мынадан көруге болады: Біріншіден, ол мемлекет, билік және қоғамдық басқаруды орнатудағы тәжірибені сүзгіден өткізе отырып халықтар мен елдердің саяси тәжірибесін көрсетеді. Екіншіден, ол бұл тәжірибені адамзат санасында, саяси білімдер жүйесінің категорияларында, ұғымдарында, түсініктерінде белгілейді. Үшіншіден, адамзаттың саяси дамуындағы бірізділікті, саяси ойлардың ортақтығын қадағалайды және саяси дамуды айқындайтын үрдістердің бар екендігін анықтайды. Саяси ойлар тарихының ежелгі кезеңінен біздің заманымызға дейінгі объектісі биліктің пайда болуы мен қызмет етуінің саяси проблемалары болып қала береді. Ол саяси ойлар дамуының бастапқы кезеңдерінде қарапайымдылығы мен нақты өмірдің негізімен астасып кеткендігіне орай қарапайым және шектеулі болды, ерекше функция ретінде жеке көрініске ие бола қоймады. Бірақ өркениеттің дамуымен, мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызмет етуінің күрделенуімен саяси ойдың мазмұны байи түсті. Яғни, саяси ой мемлекеттік-биліктік функцияның орындалуымен, қоғамның құрылымдық күрделенуімен және оның даму проблемасымен байланысты. Алайда, қоғамдағы билік құру проблемасы қанша күрделене түскенімен де саяси ойдың базалық негізі ретінде сақталып қалған өз ядросы болады. Бұл: - биліктің, мемлекеттік биліктің әлеуметтік қажеттілігі, биліктің заңды болуы; - биліктің негізгі функциялары; - билік құрушы субъектінің, оның өкілеттілігінің анықталуы, биліктің шектелуі; - саясаттың, қоғамның саяси өмірінің нормативті негіздері; - билік пен оған бағыныштылардың өзара қарым-қатынасы. Қоғамды басқаруды ұйымдастырумен байланысты осы және басқа да мәселелер саяси ойдың тұрақты мазмұны болды. Сонымен қатар, саяси ойдың өмір мазмұнына қарай салмақтала түсетіндігін, оны саяси шынайылық пен оның проблемаларының үнемі өзекті етіп отыратындығын ескеру қажет. Саяси ойлардың тарихы туралы мейлінше толық түсінік алу үшін жалпы түрде қысқаша тарихи шолу жасап өтелік. Саяси ойдың даму кезеңдері адамзаттың әлеуметтік-мәдени дамуының сатыларымен байланысты. Бірінші кезең – ежелгі дүние. Ежелгі дүние өз бастауын ғасырлардың терең қойнауынан алады. Осы ретте ежелгі дүниеде адамдар қалай өмір сүрді, онда билік, адамдарды басқару болды ма,- деген бірінші сауалымызға жауап беріп көрелік. Адам және ол жасаған өркениет бастапқы табиғи, хайуандық жағдайдан шықты деген концепцияға сүйенер болсақ, осы табиғи жағдайға және одан кейінгі даму барысына алғашқы қауымдағы адамдардың тіршілік әрекеттері үшін қажетті тәртіптілікті ендірген басқарудың тән болғандығын мойындауға тура келеді. Гректер мемлекетке дейінгі басқарудың бұл түрін белгілеу үшін «архия» (билік, басқару) – терминін пайдаланды. Бұдан – анархия (биліксіздік), монархия (бір адамның билігі) келіп шықты. Бірақ архия кемелденген саяси мазмұнда болмады, ол алғашқы қауым адамдарының шынайы өмірімен араласып кеткен болатын және адамдардың бір тобының басқа топқа үстемдік етуінің формасы бола алмады. Бірақ басқарудың бұл түрі өзінің осы қарапайым формасында адамзат қауымдастығына бастапқыдан-ақ тән екендігімен қызық, ал басқарудың мемлекеттік формасы, мемлекеттік билік қоғам дамуының бұдан гөрі кемелденген сатысында пайда болды; олардың пайда болуы билік функциясының, басқару проблемаларының мазмұнының күшеюімен байланысты болды. Алғашқы мемлекеттер ежелгі Шығыс елдерінде (Мысыр, Үндістан, Қытай) пайда болды. Олар ірі жер иеленуші өркениеттер еді. Жер және су ең негізгі ресурстар болғандықтан, осы ресурстарға кім иелік етер болса, сол шешуші әлеуметтік-экономикалық және саяси позицияға ие болатын. Ірі ирригациялық құрылыстар (бөгендер, каналдар) салу үшін құлдардың күші кеңінен пайдаланылды. Қоғам сословиелерге бөлінді. Ресурстарға иелік етіп отырған жоғары сословие өкілдері өздерінің арасынан жоғары билеушіні бөліп шығарып оның шыққан тегі мен іс-әрекеті жеткілікті дәрежеде мифологияландырылды. Билік деспоттық сипатта әрі шексіз болды және әдет-ғұрып, дәстүрмен шектелді. Абсолютті билік жоғары билеушінің мақсаты – ортақ игілік, өйткені ол – қол астына қарайтындардың әкесі, оның бұйрықтарының бәрі мүлтіксіз орындалуға тиіс деген патерналистік түсініктегі идеологиямен тұғырланды. Абсолютті биліктің қысымындағы әдет-ғұрып және дәстүрлермен шырмалған адам сыртқы жағдайларға толық тәуелді және еріксіз еді. Ол билікке бағынышты және оған толықтай тәуелді болды. Ежелгі дүниеде ежелгігректік қоғам мен саяси ойдың ежелгігректік үрдісі ерекше орын алады. Ежелгігректік өркениет қолөнер мен сауда орталықтары бола отырып өзін-өзі экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ете алатындықтан саяси тәуелсіздікке ие қалалардың айналасында пайда болды. Бұл қалалар полистер (қала-мемлекеттер) деп аталды. Оларда басты саяси рөлді ерікті азаматтар ойнады. Патша билігі, тирания, құл иеленуші аристократия мемлекеттік биліктің формалары болды және мемлекеттік билік формасының өзгеруі саяси күштердің ара қатынасына тәуелді еді. Аталған күштердің күресі, қатаң бәсекелестік әсіресе Афиныға тән болды. Ежелгігректік саяси ойда мифологиядан теорияның қалыптасуына өту бастау алды, себебі саяси өмірдің әртүрлі құрылысы, бәсекелестік күрес, оның толыққандылығы саяси ойдың жандануына, саяси проблемалар туралы рационалды-философиялық рефлексияның дамуына септігін тигізді. Грекияның деспоттық мемлекеттерден ерекшелігі ондағы азаматтар ерікті болды, оның саяси акциялары моральдық қағидалармен және сақталынып қалған дәстүрлермен шектелінген болатын. Ежелгі Римдегі саяси өмірде толыққанды еді. Ежелгігректік саяси құрылымды мұраға ала отырып, ежелгіримдік қоғам қысқа уақыттың ішінде саяси құрылыстың барлық сатысынан өтті, бірақ римдіктердің гректерден бір ерекшелігі, оларда азаматтық қоғам идеялары туындады және тұлға мен қоғамның, тұлға мен мемлекеттің арасындағы байланыстарды құқықтық реттеу мәселелері жасақталды. Адамзаттың құқықтық мәдениетінің негізі болған – римдік құқық римдіктердің ең жоғары жетістігі болып саналады. Рим ежелгі дүниенің ірі сауда империясы болғандықтан Римнің ерікті азаматтары үшін жеке меншік, экономикалық мүдде, баламалы айырбас, пайда сияқты түсініктер абстрактілі категориялар емес, керісінше олар шынайы өмірлік мазмұнға ие болды. Орта ғасырлар.Бұл кезеңде тарихи процесс бірте-бірте Жерорта теңізі жағалауынан еуропалық құрылықтың ішкері аймақтарына қарай көше бастады. Бұл процесс еуропалық құрылықтағы варварлық тайпаларды қарқынды әлеуметтік өмірге араластырған римдік жаулап алулардан бастау алады. Варварлар аяғына тұрып, өркениеттенген соң, өзінің бар күшін Римге төгіп, оны құлатты және осының нәтижесінде бұрынғы құлиеленуші алып империяның қираған орнында көптеген жаңа мемлекеттер пайда болды. Еуропаның ортағасырлық тарихы осылай қалыптаса бастады. Бұл кезең діни соғыстар, мұра үшін күрестер, таққа талас, крест жорықтары, еретиктерді қудалау, шаруалар көтерілістері секілді оқиғаларға толы болды. Орта ғасырларда озық ойлы элитаның негізгі қаруы, оның «ғылыми матрицасы» діни догматика болды. Діни күпірлік (ересь) өзінің мазмұны жағынан өзгеше, діни ортодоксалды емес еді, мұнда діни тұманды жарып өтіп адамдардың шынайы, өмірлік мүдделері қарастырылды. Бұл кезеңде саяси өмір сахнасында билік үшін күресті жер иеленуші аристократия мен дін басылар, ақсүйек билеушілер, шіркеу қайраткерлері сияқты екі үлкен саяси күш ұйымдасқан түрде жүргізді. Бұл күрестің басында билікті заңдастыру проблемасы тұрды. Орта ғасырда құл иеленуші Римнің құлауы нәтижесінде Жерорта теңізі бассейнінде өте күшті мемлекет – араб Халифаты пайда болды. Оның пайда болуы жалғыз Құдай – Аллаға сенушілердің әлеуметтік ынтымақтастығын танитын бұқаралық әлеуметтік-саяси қозғалыс ретіндегі исламның шығуымен байланысты. Исламның дамуы Жерорта теңізінің шығысын, оңтүстігін, батысын өте тез қамтыған, өзінің ықпалын азиялық құрлықтың шығысына дейін таратқан динамикалық әлеуметтік-саяси процесс болды. Ислам мемлекеті өзінің идеологиялық базасы бар, құқықтық негізге ие, жекеменшік, нарық жүйесі, дінге сенушілердің әлеуметтік ынтымақтастығы, құқықтық және моральдық нормалар тәрізді бірлесіп өмір сүрудің позитивті құндылықтары сақталған теократиялық мемлекет еді. Кейінгі ортағасырға саяси аренада өте күшті феодалдық мемлекет – Шыңғысхан империясының пайда болуы жатады. Шыңғысханның жаулап алу жорықтарының теріс жақтары болса да, оның еуразиялық құрылықтағы саяси процестерге тигізген айтарлықтай ықпалын ескеруіміз қажет. Олар этностардың мемлекетке бірігуін, халықтардың тәуелсіздігін, дипломатиялық іс-әрекеттің жандануын, геосаяси оқшаулықтан өтуді қамтамасыз етті. Атап айтар болсақ, Шыңғысхан империясының саяси салдарына Мәскеу кінәздығының өрлеуі, орыс жерлерінің Мәскеу айналасына бірігіп мемлекет құруы, сондай-ақ Шыңғысханның өзінің үлкен ұлы Жошыға ұлыс бөліп беруі жатады. Осы ұлыстың негізінде ХV ғ. Қазақ хандығы пайда болды. Еуропалық орта ғасыр XIV-XVI ғғ. Еуропадағы Қайта Өрлеу мен Реформация дәуірімен аяқталады. Осы кезеңде Еуропада феодализмнің ғасырлар бойы қалыптасқан тірегінің ыдырауы басталды. Рационалды ғылым және гуманистік мәдениет барған сайын берік позицияларды жаулап ала бастады. Тұлғаны жаншуға бағытталған, адамның жердегі қажеттіліктерін күнә деп есептейтін догматикаға ие шіркеу өзінің идеологиялық және саяси позицияларынан айырыла бастады. Еуропаның озық ойлы элитасы антикалыққа, адамға табынуға ерекше назар аударды, осының нәтижесінде құндылықтардың мүлдем басқа әлемі ашылды. Тіпті діннің, шіркеудің өзінде әртүрлі еретикалық ілімдер мен бағыттар дами бастады. Осылай еуропа халықтарының өмірінде түбірлі әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістердің жаршысы болған орасан зор рухани дүмпу өтті. Жаңа заманНидерландыдағы революция (1566-1609 жж.), Ағылшын революциясы (1642-1689 жж.), Француз революциясы (1789-1794 жж.) сияқты Еуропа халықтарын бірінен кейін бірін күйзеліске ұшыратқан революциялық оқиғалардан басталады. Аталған революциялық оқиғалар ұзақ және қатыгез сипатта болып, тұтас халықтар мен елдерді қанды қырғынға ұшыратты. Осынау революциялық оқиғалар қарсаңында, олардың кезінде және олардан кейінгі іргелі өрлеуде саяси ілім өз дамуына аса үлкен қарқын алды. Саяси ғылымның одан кейінгі дамуының, саяси мәдениеттің қалыптасу концепциясының негізіне айналған бірқатар принципті ережелер жасақталды. 1. Монархиялық режимнің тірегі болған шіркеуге елеулі соққы берілді. Біртіндеп дін мен шіркеудің демократиялық қоғамдағы саяси ортасы – клерикализм көрініс ала бастады. 2. Қоғамның құқықтық мәдениеті мейлінше дәйекті және мақсатты түрде қалыптасып, құқықтық мемлекеттің концептуалдық негіздері қалана бастады. 3. Билікті шектеудің қажеттілігіне: конституциялық құрылыстың орнауына (барлық билік құрушы субъектілер, барлық азаматтар қолданатын қоғамдық және мемлекеттік құрылыстардың жаңа принциптері мен заңдарының салыстырмалы тұрғыда өзгермейтін жинақтарының қабылдануы; биліктің шектелуі; билік құрушы субъектілердің өкілеттігінің анықталуы; белдеулік болсын, көлбеу болсын, биліктің бөліну принциптерінің жүзеге асуы; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігі тармақтарына бөлінуі) көңіл аударыла бастады. 4. Билікті легитимдендіру проблемалары жасақталды. Сайлау жүйесінің біртіндеп қалыптасуы, оларды демократияландыру жүрді. 5. Биліктің өкілетті органдары кең қанат жая бастады. Жоғарыда айтылған революциялық оқиғалар, соғыстар және басқа да әлеуметтік өзгерістер Еуропаның, сондай-ақ бүкіл әлемнің шырайын түпкілікті түрде өзгертті. Жалпығаламдық шынайылыққа айнала, Жер шарының барлық түкпірлеріне тарай отырып капитализм біртіндеп дами бастады. Осы жетістіктер, сондай-ақ революция мен соғыстың ауыр сабақтары либерализмді Жаңа заманның белгісі ретінде көрсетті. Еуропа елдерінде азаматтық теңдік принципі ендіріліп, дауыс беруге құқығы бар адамдар саны көбейе бастады. Адамдардың жеке өміріне мемлекеттің араласуын шектейтін, кәсіпкерлік іс-әрекеттің еркіндігін қамтамасыз ететін азаматтық қоғам қарқынды түрде қалыптаса бастады. Алайда сонымен қатар қоғамда экономикалық және әлеуметтік теңсіздік сақталып күшейе түсті, сондықтан құқық теңдігін жариялау тиімсіз әрі жеткіліксіз еді. Әлеуметтік қатынастарда шиеленіс қордалана бастағандықтан ХІХ ғ. әлеуметтік наразылықтар кезеңі болды. Осы кезеңде бұқаралық қозғалыстар пайда болып, саяси өмір сахнасына жұмысшы табы шыға бастады. Франциядағы Лион көтерілісі (1831,1834 жж.), Англиядағы чартизм (1830-1850), 1848-1852жж, Орталық Еуропаның көптеген елдеріндегі революциялық толқулар, Париж коммунасы (1871ж) осы процестің жарқын мысалдары. Халық бұқарасының осы және басқа да толқулары наразылық әлеуетінің жиналып қалғандығын көрсетті. Әртүрлі формадағы әлеуметтік наразылықтың өсуі негізінде қарқынды идеялық ізденістер жүрді. Либерализм саяси ағым ретінде айтарлықтай берік позицияларды жаулап ала отырып, еуропалық саяси элитаның қолындағы туына айналды. Сонымен қатар, әлеуметтік наразылықтың өршуі революциялық радикализмнің себепшісі болды. Марксизмның пайда болуы жұмысшылардың бұқаралық қозғалысына сүйенетін революциялық радикализмнің ұшар шыңы болып табылды. Марксизмнің ұраны К.Маркс пен Ф.Энгельстің бірігіп жазған «Коммунистік партияның манифесті» (1848) атты шығармада баяндалған. Марксизмнің идеология ретінде танылуына 1848-1852жж. Еуропадағы революциялық оқиғалар, Париж коммунасы (1871), жұмысшы табының әлеуметтік наразылықтарының өсуі кең мүмкіндік туғызды. Таптық ынтымақтастықтың негізінде жұмысшы табының халықаралық ұйымы – І Интернационал (1864-1876жж ) дүниеге келді. Сонымен қатар пісіп-жетілген жұмысшы қозғалысына радикалдық әрекеттерден бас тартуға, дамудың эволюциялық жолын таңдауға үндейтін либерализм идеологиялары да енді. Көрнекті идеологтары Э.Бернштейн мен К.Каутский болған социал-демократиялық жұмысшы қозғалысының осы жолды жақтайтын қанаты қалыптасты. Олардың бастамасымен 1889ж. құрылған ІІ Интернационал капитализмнің біртіндеп даму мүмкіндігін және социалистік идеалға экономикалық (табыстың әділетті бөлінуі, әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы, әлеуметтік функциялардың мемлекетке берілуі, меншіктің дисперсиясы және т.б.) және саяси (қоғамды демократияландыру, мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызмет етуіне халықтың ықпалын күшейту және т.б.) реформалар арқылы жетудің мүмкіншіліктері туралы социал-демократиялық концепцияларды жетекшілікке алды. Социал-демократиялық саяси ағымның дамуы капитализмнің монополистік саяси сатыға өтуіне мүмкіндік берді. Лениннің пікірі бойынша, аталмыш саты мен социализмның арасында ешқандай өтпелі саты жоқ, өйткені монополистік капитализм социализмнің толықтай материалдық дайындығы болып табылады. Бұл кезең болу үшін не саяси революция, саяси партияның билікті өз қолына алуы және оның диктатурасының орнауы керек, не құрылымдық экономикалық және саяси реформалардың қабылдануы және қол жеткен материалдық жағдайларды пайдалану, сонымен қатар оларды тиісті әлеуметтік (табыстың әділетті бөлінуі, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы) және саяси (биліктің халықтан алшақтауына жол бермеу мемлекеттік биліктің демократиялық құрылымдарының дамуы және қоғамның өзін-өзі басқаруы) мазмұнмен толықтыру жеткілікті. Жұмысшы қозғалысы басқа қозғалыс формаларының (аграрлық, ұлттық, анархиялық, либералдық және т.б.) әлеуметтік аясында пайда болып дамыды. Әр бағыттағы әлеуметтік қозғалыстардың осы жиынтығы ХХ ғ.саяси проблематикасын айқындады. Екі дүниежүзілік соғыс, үздіксіз революциялық соғыстар мен күйзелістер, геноцид, зорлық-зомбылық, әлеуметтік мәселелердің ғаламдануы осы кезеңнің өзіне тән ерекшеліктері болды. ХХ ғ. КОКП-ның саяси тәжірибесі ерекше әлеуметтік мән мен ықпалға ие болды. Марксизм-ленинизмнің мейлінше радикалды қанаты революциялық саяси партия құрып, саяси төңкеріс жасау арқылы Ресейде билікті басып алып, бірпартиялық саяси жүйе орнатқаны қатаң идеологиялық қысым мен күш қолдану арқылы әлеуметтік секіріс жасағысы, яғни коммунизмнің қоғамдық идеалдарын жүзеге асыруға талпынғаны баршамызға мәлім. Бірақ объективті салыстырмалы сараптау көрсеткендей, бұл авантюристік тәжірибе қоғамның негізгі өлшемдерінің тоқырауына әкеліп соқтырды (еңбекке қызығушылықтың төмендеуі, халықтың билік пен әлеуметтік жүйеден шеттетілуі, өндірісті технологиялық жетілдіруге ынтаның болмауы, милитаризация және т.б.). Сонымен, өркениет тарихындағы тәжірибеден өткен құндылықтарға, яғни нарықтық экономикаға, демократияға, либерализмге, консенсустың мәдениетіне, негізгі гуманитарлық құндылықтардың сақталынуы мен дамуына қайта оралу «социалистік лагерь» деп аталатын елдердің бүгінгі өмірінде өзекті мәселелер болып отыр.
4. БИЛІК 4.1. Билік ұғымы. Саясаттануда билік туралы, биліктің пайда болуымен байланысты қоғамдық қатынастар туралы, биліктің негізі, шығу көзі, қызмет етуі мен заңдылығы орталық мәселелер болып табылады. Негізгі мәні ғылым ретіндегі саясаттану болып табылатын саяси мәдениетті биліктің қалыптасуы және қызмет етуінің мәдениеті деп есептеуге болады. Билік туралы мәселені қарастырғанда, ең бастысы оның негізінде жатқан қатынастардың әмбебаптық сипатын ескере кеткеніміз жөн. Әлемде үстемдік құрып тұрған жалпыға бірдей өзара тәуелділік элементтері - тәуелділік, үстемдік және бағынушылық осы қатынастардың өзегі болып табылады. Өзара тәуелділік табиғатта әмбебаптық сипатқа ие және онда белгілі бір иерархияны қалыптастырады. Бұл жағдайда біз күн жүйесіндегі планеталардың оның орталық элементі – Күнге тәуелділігіне назар аудара отырып, мәселен Жер планетасына және ондағы өмірге Күннің билігі туралы айта аламыз. Өзара тәуелділік тірі жәндіктер ассоциациясының ішінде басқа мазмұнға ие болады. Болмыстың фундаменталдық сипаттамасы бола отырып және особьтардың тіршілік етуі үшін қажетті сипат ала отырып өзара тәуелділік ассоциациялардың ішінде иерархиялық байланыс жасай олардың гендік құрылымы мен инстинктінде тұғырланады. Бұған аралардың ұясы, құмырсқалардың, термиттердің колониясы және басқалар көрнекті мысал бола алады. Мұнда иерархия особьтардың табиғи негізінде, олардың гендерінде болады. Особьтардың күресі, олардың жеке қасиеттері шешуші рөл атқаратын жоғары ұйымдасқан хайуандардың үйіріндегі иерархияның қалыптасуы барынша ашық және мейлінше аз консервативтік сипатқа ие. Адамдар қауымдастығына келер болсақ, үйір, жанұя адамдардың ең алғашқы ассоциативті топтары болып табылады, олардың ішінде әрекет бірлігін дағдыландыратын және осы қауымдастықтың тұтастығын сақтайтын ұйымдастырушы элемент ретіндегі биліктің қалыптасуы мен қызмет етуінің бастауы жатыр. Приматтар үйірінде, адамзаттың арғы тектерінің ассоциативті тобында биліктің қалыптасуы және қызмет етуі қарапайым психофизиологиялық негіздегі особьтардың шынайы мінез-құлықтарынан келіп шықты, себебі әлеуметтік тұрғыдан алғанда адамзаттың арғы тегінің қауымдастығы гомогенді (гр.сөзі – біртекті) болды, бірақ қауымдастықтың дамуымен гомогендік сипатты социумның гетерогенділігі (гр.сөзі – біртекті емес, әртүрлі бөліктерден құралатын) алмастыра бастады. Еңбек бөлінісі, айырбастың дамуы адамдар қауымдастығының әлеуметтік жіктелуіне алып келді, яғни қажеттіліктерді қанағаттандыруда, тұрмыс салтында әр алуандылық, мүліктік теңсіздік қалыптасты, әртүрлі кәсіптер, сословиелер, таптар пайда болды. Адамдар ассоциациясы этномәдени, әлеуметтік, жыныстық, жас ерекшеліктік, кәсіби және басқа да негіздерге ие бола бастады. Осындай жағдайларда биліктің қалыптасуы мен қызмет етуі, үстемдік ету мен бағынудың әлеуметтік иерархиясының жүзеге асуы, адамдар мүдделерінің түйісу процесінің іске асуы тым күрделене түседі де арнайы білім мен дағдыларды талап ететін ерекше әлеуметтік функция - элитарлық әрекетке айналады. Бұдан келіп қоғамның саяси мәдениеті пайда болып, дамиды, оны игеру мен қолдану, әлеуметтік құбылыс ретінде биліктің пайда болуы мен қызмет етуі орын алады. Жалпы алғанда биліктің қажеттілігі мен үстемдік ету-бағыну қатынастарының табиғилығы айқын болғанымен, нақты жағдайда субъект-субъектілік қатынастар жүйесінде – үстемдік ету мен бағынудың қалыптасуы, қызмет етуі мен дамуы шынайы түрде қандай деген сауал кадр сыртында қала береді. Билік құрудың осы мәдениетінің ерекшеліктерін ашу саясаттанудың ғылым ретіндегі өзгешелігін, оның пәндік мазмұнын көрсетеді. Сондықтан саясаттануды билік туралы ғылым деп қысқаша атауымызға болады. Сонымен, билік дегеніміз не? Бұл ұғымға қатынастағы қызығушылық ерте замандардан басталған. Биліктің өз құпиясы бар. Адамзат өз дамуының өне бойында өзінің ойшыл өкілдерімен оның мәнін ашуға талпынды. Неге адамдар басқа адамдарға бағынады? Т.Джефферсон айтқандай, бір адамдар – арқасында ерімен, ал басқалары – аяқ киімдеріндегі өкше темірлерімен туылмайды. Бірақ осылай болса да, біреулер билік құрады, ал басқалары осы билікті мойындайды және оған мүлтіксіз бағынады. Билік құрылымын зерттеушілер бұл ұғымды анықтауда әртүрлі тәсілдерді қолданып, түрлі көзқарастарды ұстанады. Билік – билік құру объектісін басқарудағы ерекше іс-әрекеттерді жүзеге асыратын субъект. Себебі биліктің әсері қоғамның барлық құрылымдық элементтерінде бойлай отырып, соларда жүзеге асатындықтан, билік қоғамдық өмірдегі өз көрінісінің көптүрлілігімен сипатталынады. Бұл: - еріктің, бастаманың жігердің, көрінуі, субъект-субъектілік қатынастардың белсенді элементі; - мақсатты жасақтау, бағыныштылардың тіршілік әрекеттерінің мәнді аспектілерін бағдарламалау; - шешімдер қабылдау, оларды жүзеге асыру тетіктерін анықтау; - жеке мүдделерді түйістіру мен ескеру; - жалпы мүдделердің жеке мүдделерден басымдығын мойындау және осы басымдықтарды қамтамасыз ету үшін биліктік ықпал ету нормалары мен құралдарын қолдану; - биліктік ықпал етудің әлеуметтік мәнін мойындаумен байланысты билік субъектісінің ерекше психикалық жағдайы және т.б. Осы аталған бағалау пікірінің барлығы билік мәніне тереңдей енуге талаптану болып табылады. Әлеуметтік өмірде билік өзін көпаспектілі және көпөлшемді құбылыс ретінде көрсетеді. Билік құрушы субъект өз акцияларында, әрекеттерінде өз «мендігінің» шегінен шығып кетеді. Оған объектіге ықпал етуге ұмтылу, онда өзінің субъектілігін, яғни өзінің әлеуметтік ықпалы мен мәнін жүзеге асыру тән. Бұқаралық санада қалыптасқан жалпы түсінік бойынша билік тәртіп үшін керек, ол – қоғамдағы тәртіпті сақтаудың қаруы, құралы. Бұл формуланың көзге көрініп тұрған қарабайырлығына қарамастан мұнда билік қажеттілігін мойындау мен билік құрудың мақсаты көрсетілген. Алайда, мұнда осы тәртіпті қалай, қандай тәсілдермен, құралдармен, акциялармен, әрекеттермен іске асыруға болады, ол адамдарға не береді, оның әлеуметтік ықпалы мен мәні, сондай-ақ билік құрудың саяси мәдениетінің әлеуметтік өмірдің әртүрлі аспектілеріне және тұлғаның өзіне әсері қандай деген сияқты мәселелер ашылмай қалады. Саяси білімдер жүйесінде билік ұғымын анықтаудың төмендегідей әртүрлі тәсілдері бар: 1. Телеологиялық ( гр.сөзі teleos – мақсат + logos - түсінік,ілім). Телеологиялық тәсіл кез-келген құбылыс, процесс өзінің негізі, қозғалтқыш күші ретінде алдын-ала белгіленген мақсатты ұстанатынын мойындауды білдіреді. Сондықтан адамдар қауымдастығына бірқалыпты, реттелген даму мен тұтастықты сақтау мақсат болып табылатындықтан, биліктің қалыптасуы мен қызмет атқаруы осыдан келіп шығады-мыс. Мұндай тәсіл биліктің қажеттілігінің қандай да бір анық аспектісін дәйектегенімен, оның қалыптасуы мен қызмет етуінің жолдары туралы нақты сұраққа жауап бере алмайды. Маңызды элементі билік болып табылатын барлық әлеуметтік процесті тек нәтижеге, мақсатқа телу оның мағынасын және ондағы билік рөлінің мәнін түсінуді тым жұтаңдатып жібереді. Адамгершілікке жат мағынаға ие «Мақсатқа жетуде кез-келген әрекетті қолдануға болады» деген белгілі формула өзінің әдістемелік негізі ретінде билікті түсінудің осындай тәсілін ұстанады. 2. Инструменталдық.Ол билікті түпкілікті әлеуметтік проблемаларды шешетін құрал, аспап ретінде қарастырады. Бұл тәсіл билік құралдарын қолдану қажеттілігін аша отырып, олардың әлеуметтік процестегі мәнін анықтайды. Ол биліктік ықпалдың шынайы актілерін, биліктің ұйымдастыру құрылымдарының сәйкестігін, олардың өкілеттіктерін, түпкілікті әлеуметтік проблемаларды шешу үшін олар қолданатын әдістер мен құралдарды бағалауға, сараптауға мүмкіндік береді. Бірақ инструменталдық тәсілдің негізінде билік әрекетінің тиімділігін анықтау әдістемесін жасау мүмкін болғанымен, оның биліктік іс-әрекеттің гуманистік аспектілерін толықтай бейнелей алмайтындығын ескеру қажет. Биліктің аса тиімді әлеуметтік құрал екені сөзсіз. Ол үстемдік етуші әлеуметтік күштердің мүдделерін іске асыруға пайдаланатын сословиелік, таптық, этникалық және басқа да құрал болуы мүмкін. Сондықтан биліктің инструменталдылығы оның әлеуметтік маңызын бар мазмұнымен аша алмайды деп айтуға болады. 3. Функционалдық.Әлеуметтік құбылыстарды, оның ішінде билікті де зерттеудің де бірден-бір іргелі тәсілі, өйткені, тек функцияларда ғана мейлінше толық формада биліктің мәні, әлеуметтік ықпалы мен маңыздылығы, оның іс-әрекетінің өзгешелігі көрініс табады. Билік құру адамдар қауымдастығының тұрақтылығын, олардың мүдделерінің түйісуі мен дамуының мақсаттылығын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік функция болып табылатындығы сөзсіз. Функционалдық тәсіл билік пен саясаттың ажырамас бірлігінен туындайды. Билік функциялары, ең алдымен саяси тұрғыда болады. Яғни билік формасының қажеттілігін, билік субъектісінің билік құруға құқығын, билікті жүзеге асыруда белгілі бір ұйымдасқан құрылымдарды, күштерді, құралдарды және әдістерді пайдалану заңдылығы мен қажеттілігін негіздейтін саяси идеология жасақталынады. 4. Құрылымдық-функционалдық тәсіл.Бұл тәсіл адамдар қауымдастығының билеуші және бағынышты болып екі құрылымдық элементке бөлінуімен және олардың бір-біріне функционалдық тәуелділігін анықтаумен байланысты. Осы тәсіл билік пен оған бағынушылардың өзара қарым-қатынасын субъект-субъектілік қатынастар ретінде қарастыру арқылы оларға қойылатын әлеуметтік талаптар жүйесін анықтауға мүмкіндік береді. Функционалдық және құрылымдық-функционалдық тәсілдер билік пен саясаттың жалпы теориясын жасақтау үшін, билік пен саясаттың адамдар қауымдастығындағы орны мен мәнін анықтау үшін құнды. Бірақ билікті қолдану іс-әрекетін, билік құрудың әлеуметтік-саяси тәжірибесін, оның ситуативтік және субъективтік аспектілерін анықтау мен бағалаудың нақты процесін сараптау үшін бұл тәсілдер жеткіліксіз. 5. Билікті еріктің, жігердің көрінуі ретінде түсіну.Бұл тәсілде биліктік ықпал етудің мақсаттылығы мен қарқындылығына ерекше назар аударылады, әлеуметтік дамудың нақты процесі билік құрушының субъективтік еркінің, жігерінің іске асуының нәтижесі ретінде қарастырылады, және субъект-субъектілік қатынастардың объективтік негіздері еленбеуі де мүмкін. Методологиялық тұрғыдан алғанда бұл тәсіл волюнтаризмге, субъективизмге, авантюризмге ұрындырады. Билік қаншалықты күшті әрі агрессивті болғанымен, дүниеде барлығы дерлік билікке бағына бермеуі мүмкін. Аталған тәсілдердің барлығы билік, билік құру ұғымдарымен белгіленетін қоғамдық қатынастардың шынайы мазмұнын жете түсінуге, биліктің көпөлшемділігін, оның мәндік аспектілерін жете түсінудің қиындығын ашуға, билік мәнінің сарапшылар анықтаған тәсілге, позицияға және мүддеге тәуелділігін түсіндіруге мүмкіндік береді. Сонымен, билікті адамдар қауымдастығына тұтастықты сақтау үшін оның құрылымдық элементтеріне мақсатты әсерін тигізетін белсенді, жігерлі бастама ретінде, осы қауымдастықтың ішкі және сыртқы өзекті проблемаларын шешуге бағытталған ұйымдастырушы әрекет ретінде де сипаттауға болады.Осы жағдайда өз ықпалының тиімділігін көтеру үшін билік адамзаттың жинақтаған саяси мәдениетін, оның қандай да бір аспектілерін өз жағдайына, өзінің проблемалары мен міндеттеріне сәйкес өзектендіре отыра қолдануы қажет. Сондықтан да билік шынайы өмірде көпнұсқалы болып келеді.
Ең алдымен ескерер жайт, билік пен басқару белсенді, ынталы, үстемдік етуші субъект мен салыстырмалы тұрғыда белсенді емес, бағынышты субъектінің арасындағы субъект-субъектілік қатынастардың нәтижесінде пайда болады. Бағынышты тарап биліктік қатынастарда билік ықпалының объектісі болады. Бірақ биліктік қатынастың қай жағы болмасын өз мүдделері мен құқықтары бар шынайы, әрекетшіл субъектілер болып табылатындықтан олардың арасындағы биліктік қатынастар өзара келісім жағдайында ғана пайда болып, тиімді қызмет етуі мүмкін. Биліктік қатынастардың ерекше проблемасы билік құрушы субъектінің басқару құқығына келіп тіреледі: неге осы субъект билік құру құқығына ие және неге бағыныштылар, одан келетін биліктік импульстерді әрқилы дәрежеде қабылдап, орындауға міндетті. Саяси ойлар тарихында бұл проблема әрдайым назарда болған және солай болып қала береді де. Өйткені, биліктік қатынастар субъект-субъектілік қатынас ретінде субъективті және ситуативті болғандықтан белгілі бір тұрақсыздықпен сипатталынады. Осындағы тағы бір ескеретін жайт, өркениет тарихында биліктік қатынастар әртүрлі әлеуметтік негіздерге, әртүрлі тарихи тамырларға ие. Олар мынадай жағдайлармен қалыптасты: 1. Адамдар қауымдастығының табиғи тарихи дамуының, оның құрылымдануының, басқару функцияларының күрделенуінің нәтижесінде жолға қойылды. Афины мемлекеті мұндай дамудың классикалық мысалы бола алады. Афины демократиясының идеологы Аристотель - отбасыны, адамдар қонысын, мемлекетті ең жоғарғы сатысында мемлекеттік билік пайда болатын әлеуметтіліктің даму сатылары деп кездейсоқ есептемеген. 2. Соғыстың, зорлық-зомбылықтың, басып алудың нәтижесінде қалыптасқан билік бағындырудың, тікелей мәжбүрлеудің құралы болды. Бұған спартандықтар мен илоттар арасындағы биліктік қатынастар мысал бола алады. Илот қоныстарына әрдайым үрей, шабуыл қатерін төндіре отырып, оларды қырып-жою спартандықтардың билік құруының құралы еді. 3. Қоғамның әлеуметтік жауласушы күштерге бөлінуі және сословиелік таптық диктатураның орнауы нәтижесінде қалыптасты. Билік құрудың осы ерекшелігін мемлекетті үстем тап қолындағы сойыл ретінде қарастыратын марксизм идеологиясынан көруге болады. Саяси революциялар таптық диктатураның ауысуымен байланыстырылады. Марксисттердің көзқарасы бойынша, соңғы саяси революция адамдарды қанау және таптық үстемдіктің құралы ретіндегі мемлекет болмайтын тапсыз қоғамға жол ашатын пролетариат диктатурасының орнауына алып келеді. Билік пен биліктік қатынастардың шығу көздерінің әртүрлі болуына қарамастан, қауымдастықтың тұтастығын сақтау, экономикалық, әлеуметтік,саяси және құқықтық кеңістікті ұйымдастыру сияқты биліктің негізгі функциялары биліктік қатынастарды демократияландыра және гуманитарландыра отырып, оларды біртіндеп өзгертеді. Билікке құқық сондай-ақ басқарушылардың қолында әрқилы билік көздерінің болуымен де қамтамасыз етіледі, бұлар: 1. Экономикалық.Билік құрушының экономикалық ресурстарға ие болу және басқару құқығы. Бұл меншікке ие болу, оны басқару, экономикалық ресурстарды бөлу, экономикалық көтермелеу мен жазалау құқығы. Сондықтан да, экономикалық тұрғыдан үстем сословиелер, таптар, экономикалық элита билік органдарында берік позицияларды иеленеді. 2. Идеократтық.Идеология бұқара халыққа биліктің ықпал етуінің құралы ретінде пайдаланылады. Бұқара санасының жанды жерлерін идеологиялық тұрғыдан өңдеу, оларға назар аудару, осы проблемаларды өз мақсатына пайдалану үшін идеялық-теориялық кестені қалыптастыру және бұқараның осыған тиісті мінез-құлқын дағдыландыру – биліктің осы көзінің қызметіне жатады. Дін мен шіркеу биліктің аса күшті идеократтық көзі болды. Осы қайнар көздің негізінде клерикалды саяси қозғалыстар, клерикалдық, теократиялық билік пайда болды. Биліктің аса күшті идеократтық көздеріне өзгеше ойлауды қудалау мен идеялық қысым көрсету тән болған фашизм, национал-социализм, коммунизм секілді тоталитарлық режимдер ие болды. 3. Ақпараттық.Қазіргі таңда БАҚ-тарға ие болу және басқару бұқаралық санаға тікелей немесе жанама әсер етудің құралдарына айналуда. БАҚ саяси басымдықтарды анықтап, адамдардың әуестіктерін қалыптастырып, оларды саяси жағдайға бағыттап бұқара санасын манипуляциялауы мүмкін. Қазіргі саяси тәжірибе көрсетіп отырғандай, кім БАҚ-қа ие болса, сол бұқараның көңіл-күйі мен жүріс-тұрысына өте күшті әсерін тигізеді. Ақпарат виртуалдық шынайылықты қалыптастырып не бұқараны тыныштандырады, не керісінше дүрліктіреді. 4. Авторитарлық.Билік субъектісінің беделінен туындайтын билік көзі. Бедел мәжбүрлемей, күштемей бағындырудың құралы ретінде кез-келген билікке қажетті. Авторитаризм, авторитарлық - билік органдарының белгілі бір құрылымдарына, билікті жүзеге асырудың өзіндік әдістеріне ие билік құрудың ерекше формасы. 5. Харизматикалық.Харизма (гр.сөзі charisma–құдай берген қабілет) – билік функциясын орындау үшін оны иеленуші субъектінің бойындағы ерекше икемділіктің, қабілеттің бар болуы. Харизма – бұқаралық сананың құбылысы. Бұқара халық қана лидерде харизматикалық қасиеттердің бар екенін танып, оны билік тұғырына көтереді, оған табынады әрі бағынады. Алайда биліктің бұл көзі мәңгілік емес. Уақыт өте келе билік құрушы субъектінің харизмасы көмескілене бастайды, бірақ идеологиялық көтермелеу арқылы оны ұзартуға болады. 6. Психологиялық.Билік құру жинақталған іс-әрекет болғандықтан билеушілердің де, бағынушылардың да психологиялық қабылдауының ерекшеліктерін қалыптастыратын психологиялық негіздерге ие екендігі сөзсіз. Сондықтан қоғамдағы бір адамдарда басқаруға, лидерлікке, билік құруға деген табиғи психофизиологиялық қабілет дамыса, оған керісінше, басқаларында бағыну, бас ию сияқты қасиеттер басым болады. Дегенмен, индивидтерді бұлай бөлу принципті тұрғыда дұрыс емес, себебі ол адамзат тұлғасының тұтастығына, оның өзіндік ерекшелігіне, қасиеттеріне нұқсан келтіреді. Бірақ адамның жүріс-тұрысының оның қоғамдық мәртебесіне сәйкес болмауы өте жиі кездесетін құбылыс. Адамның гендік құрылымында агрессивтілік, үстемдікке, басшылыққа ұмтылу сияқты қасиеттер болуы мүмкін, ол мәселен күнделікті өмірде ол адамның мінез-құлқындағы девиацияға (кейінгі лат. Deviatio – нормадан ауытқу) соқтырса, ал саясатта билікке ұмтылу ретінде жүзеге асады. 7. Күштеу. Биліктің өзіне тән ерекшеліктерінің бірі – мәжбүрлеу оның қоғамда күштік көзінің бар екендігін көрсетеді. Бұл бағынушыға қатынаста күш көрсету, мәжбүрлеу акцияларының әрқилы формалары. Алайда, өркениеттің дамуымен күштеп мәжбүрлеу тек мемлекеттік биліктің атрибуттық белгісі болып саналады. Ал күштеп мәжбүрлеудің кез-келген басқа тәсілі озбырлық, құқықтық емес акция, жеке адамдардың қарапайым құқықтарын бұзу ретінде қарастырылады. Мемлекеттік биліктің мәжбүрлеу функциясының өзі заңдармен белгіленген, ол тек белгілі бір құқықтық шеңберде ғана мүмкін болатын іс-әрекет. 8. Формальды-бюрократиялық. Өркениеттің дамуымен биліктің киелілігі (сакральдылығы) жоғалып кетеді де, биліктік іс-әрекеттің рутинизациялануы пайда болады. Билік құрушы белгілі бір шенеуніктік-бюрократиялық іс-әрекетті атқару үшін таңдалып алынған, қоғамнан жалақы алатын тұлғаға айналады. Ол көпшіліктің қолдауымен осы функцияны орындауға лайықты адам ретінде белгілі бір қызметтік лауазымға сайланады. Жоғарыда аталып өткен билік көздерінің барлығы билік ресурстары болып табылады. Қандай дәрежеде болмасын олар қандай да бір тұрғыда билікке тән. Билік ресурстары деп биліктің өз функцияларын жүзеге асыру үшін қолданатын күштер мен құралдардың, мүмкіндіктердің жиынтығы танылады. Биліктің іргелі ресурсы, оның іс-әрекетінің негізі саясат болып табылады. Яғни, билік құру саясатпен тығыз байланысты. Билік құру үшін белгілі бір саясатты жасақтау және оның жүзеге асуына қол жеткізу қажет. Билік құру тетігінің өзі осы саясатты жүзеге асыруға қызмет етеді. Саясат билікке келу, билікті нығайту және билік функцияларын атқару үшін қажет. Сондықтан саясатты биліктің негізі, басты көзі және іргелі ресурсы деп есептеуге болады. Алайда, билік құрушы субъектінің өзі билік құру процесінде саясатты үздіксіз жасап отырады, оны реттейді, нақтылайды, тіпті қажет болған жағдайда өзгертіп те жібереді. Ол саясатты қалыптастырады және оны жетілдіре отырып, өз ресурстарын жасақтайды. Бұл билік пен саясаттың өзара байланысының өте терең екендігін көрсетеді. Билік пен саясаттың осы өзара қатынасының маңыздылығы мен қажеттілігін түсіну үшін саясат ұғымына тағы да назар аудару қажет. Осы ретте саясат ең алдымен, адамдар қауымдастығы мен қоғамға ұйымдастырушылық, реттеушілік, бақылаушылық әсерін тигізетін әлеуметтік өмірдің ерекше, маңызды саласы. Саяси ғылымда адамдар мүдделерінің мейлінше жинақталған көрінісі, олардың тәжірибелік сфераға ауысуы, саяси міндеттердің шешілу деңгейін анықтау мақсатында саяси тәжірибені сараптау мен дәйектеу және оларды одан ары нақтыландыру мен саясатты жетілдіру жүріп отырады. Саясат – маңызды әлеуметтік проблемаларды шешудегі адамдардың жүріс-тұрысына мақсатты ықпал жасайды, осы проблемаларды биліктік шешімдер жүйесіне аударады, оларды жүзеге асыру үшін ресурстарды, күштер мен әдістерді табады. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда шешімдердің дайындалуы мен жүзеге асуының негізгі катализаторы ретіндегі қызметті билікке бағыныштылардың саяси белсенділігі мен олардың билікті қалыптастырудағы және оның әрекетін жетілдіру мақсатындағы билікке қысым жасау түріндегі билікке ықпалы атқарады. Саясат құрылымданған және нақты болуы керек, яғни ол қоғамдық өмірдің әрқилы салаларына (экономикаға, әлеуметтік өмірге, рухани салаға) және қоғамдық өмірдің әрқилы агенттері (әлеуметтік, этникалық,кәсіби, жыныстық, жас ерекшеліктік және басқа топтар) мен жеке индивидтердің түпкілікті мүдделеріне үйлестіре жасалынуы керек. Саясат қоғамдық өмірдің ерекше сферасы бола отырып, саяси әрекетті іске асыруға қажетті барлық компоненттерге ие, оларға ұйымдар, идеология, әдістер, құралдар, саяси тәжірибе және саяси әрекет субъектісі ретіндегі адамдар жатады. Бірақ саясат сферасы биліктің қалыптасуы,мен қызмет етуінің шынайы ортасы болғандықтан аталған компоненттердің барлығы онда қандай дәрежеде болмасын билікпен өзара әрекеттесуі тиіс. Тиімді қызмет атқарып отырған мемлекеттік билік өз қолына саяси бастаманы алады, атап айтқанда, ол дамудың саяси перспективасын жасайды, стратегиялық мәселелер жүйесін ұсынады, тактиканы өзгертіп, жетілдіреді, саяси жағдай мен қоғамдық көзқарасты саралап отырады. Билік ресурстарға, күш пен құралдар арсеналына ие бола отырып, саяси кеңістікте үстем құрылым ретінде көрінеді. Саясат пен оның міндеттерінің табысты шешілуі, саяси мәдениетті игеру, ресурстарды, күш пен құралдарды тиімді пайдалану мемлекеттік биліктің нығаюына алып келеді. Билік функциялары оның әлеуметтік қажеттілігі мен мәнін бейнелейді. Бұл тарауда біз билік ұғымын жалпы қарастырып отырғандықтан, биліктің төмендегідей функцияларын бөліп көрсетуге болады: 1. Ұйымдастырушылық функциясы. Билік адамдар қауымдастығын белгілі бір тұтастыққа ұйымдастырады. Ол осы қауымдастық өзінің тіршілік әрекетін іске асыратын әлеуметтік кеңістікті қалыптастырып, қауымдастық агенттері арасындағы әлеуметтік қатынастардың дамуы мен олардың қажеттіліктерінің қанағаттануына қолғабыс етеді. 2. Идеологиялық функция.Адамдардың тіршілік етуі саналы процесс болғандықтан, билік бірігіп тіршілік етудің керек екенін және қауымдастықта тәртіпті сақтаудың, оның тіршілік әрекетінің перспективаларын айқындаудың мәнін теориялық тұрғыда негіздейді. Адамдар қауымдастығында іргелілігі мен қажеттілігіне орай билік бағалайтын саяси құндылықтар бар. 3. Мәжбүрлеу, көндіру функциясы.Биліктің бұл функциясы «агрессивтілігімен» сипатталынады, ол мақсатты және бағынушыдан белгілі бір реакцияны талап етеді, өзінің еркін таңа отырып, шектеулер қою арқылы оның жүріс-тұрысын нормалайды. Мәжбүрлеу, көндіру үшін билік жазалау, сондай-ақ марапаттау сияқты ықпал ету құралдарын пайдаланады. 4. Келісім функциясы.Бұл функция биліктің маңызды функцияларының бірі. Билік төреші рөлін орындай отырып, дербес орган ретінде субъект-субъектілік қатынастар жүйесінде әрекет етеді. 5. Басқару функциясы.Бұл функция біріктіруші сипатқа ие. Ол белгілі бір дәрежеде жоғарыда аталып өткен функциялардың барлығын қамтығанымен, олардың бірде-біреуіне жатпайды. Олар тұтастай басқару процесінің сәттері, тараптары ретінде байқалады. Билік – басқарудың өзегі, басқару жауапкершілігін көтеретін оның белсенді әрі әрекетшіл бастамасы. Қоғамдағы адамдар арасында болатын тәуелділік қатынастардың табиғи ортада болатын осындай қатынастардан айырмашылығы зор. Ол қатынастар қоғамда өз мүдделерін түсінетін саналы тіршілік иелері адамдар арасында қалыптасып, жүзеге асады, яғни субъект-субъектілік сипатта болады. Билік осы қатынастарға төреші ретінде қатысады. Билік адамзат қауымдастығындағы таза әлеуметтік құбылыс,ол әлеуметтік субъектілер арасындағы өзара байланысты көрсетеді және толықтай адамзат ойының жемісі болып табылады, оның шығу тегі мен әрекетінде ешқандай ғажайып, киелілік жоқ. Саяси ойлар тарихында билік идеологтары билік пен билік құрудың мифологиялық, табиғаттан тыс ғажайып бастауларын табуға әрекеттенгендерімен, барлық саяси мәдениетті саралау оның ерте заманнан біздің дәуірімізге дейінгі билік құрудың практикалық тәжірибесі ғана екендігін көрсетті. Демек, әлеуметтік өмір субъектісінің биліктік қатынастарды түсінуі мен билікті ұйымдастырудағы тәжірибесі қандай болса, билік те соған сай болады. Халық үшін қандай билік лайық болса, оның ақиқат болуы шүбәсіз. Билік әртүрлі деңгейде жүзеге асырылады. Биліктің іске асырылуының жоғары деңгейі мемлекеттік басқару, яғни биліктік-басқару құрылымдары мен билік тармақтары бар мемлекеттік билік. Орта деңгейі- бірлестіктердегі, ассоциациялардағы, ұжымдардағы, өндірістік құрылымдардағы билік. Төменгі деңгей - әртүрлі кіші топтардағы билік. Ескеретін жайт, бұл деңгейлердің бәрінде билік институтталынған, бірақ деңгей төмендеген сайын ресмиленген құрылымдар мен нормалардың ролі кеміп, ресми емес құрылымдар мен нормативтік құндылықтардың рөлі арта түседі. Аталған деңгейлерде биліктік іс-әрекетті нормалау маңызды проблема болып қала береді. Өйткені, биліктік іс-әрекет өз табиғатына сәйкес агрессивті, оның мәні бағындыру мақсатында еріктің көрініс табуы мен таңылуынан көрінеді. Саяси мәдениет билік құру мәдениеті бола отырып, толық мәнін демократия мен құқықтық мемлекетте нақты түрде алатын нормалық мазмұнды өзінде жинақтайды. Нормативтілік билік субъектілерінің өкілеттіктерінде, олардың іс-әрекеттерінің құқықтық базасының айқын анықталуында жүзеге асқанда оның агрессивтілігі алынып тасталынады. Билік агрессивтілігі сонымен қатар әртүрлі билік құрушы субъектілер арасындағы көлбеу және тік биліктің орталықсыздандыру жолымен де алынып тасталынады. Билікті бір-бірін өзара бақылайтын әрқилы тармақтарға бөлу, биліктік шешімдерді бірігіп қабылдау, билікті билік тігінің төменгі сатыларына беру, биліктің әсер ету өкілеттіктерін, кеңістігін шектеу, биліктің басынушылығынан қорғайтын әртүрлі тетіктерді практикаға енгізу, билеуші мен бағынушы арасындағы кері байланысты қалыптастыру және осы байланыстың мәнін көтеру – қоғамның биліктік басынушылықпен күресінің түрлері мен әдістері болып табылады. Биліктің әмбебаптылығы оның қоғамдық өмірдің барлық салалары мен құрылымдарында, атап айтқанда: экономикалық, әлеуметтік, әскери салаларда, күнделікті тұрмыста, саясатта, тұрақты және уақытша ассоциацияларда, ресми немесе бейресми ұйымдарда, топтар арасында және жеке адамдар арасындағы қатынастарда қызмет етуінен көрінеді. Билік барлық жерде әрқашан болады және өзіне тән функцияларды орындай отырып, әртүрлі сфералар мен құрылымдардағы билік шешімдерінің мазмұны мен билік өкілеттіктерін жүзеге асыратын құралдар мен әдістер арқылы бір-бірінен ерекшеленеді. Экономикада ол өзінің іс-әрекетін экономикалық саясатты жасақтау базасында жүзеге асырады, мұнда билік экономикалық марапаттау немесе жазалау құралдары арқылы экономикалық өмірдің субъектілеріне, олардың экономикалық мүдделеріне өз ықпалын жүргізеді Билік өзінің жеке әлеуметтік өмірінде әлеуметтік саясатты жасайды, мұнда биліктік әсер ету объектісі – адамдар, олардың әлеуметтік мүдделері, мәртебелік жағдайы, ал құралдары – мүдделер мен жағдайға ықпалын тигізетін шешімдердің қабылдануы және жүзеге асуы болып табылады. Билік рухани салада адамдарға, олардың көзқарастары мен жүріс-тұрыстарына әсер ету үшін білімдер мен ақпараттарды пайдаланады. Мектеп, шіркеу, ғылыми-ағарту ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ секілді рухани мекемелер рухани билік жүзеге асатын құрылымдар болып саналады. Әскерилер билігі. Армия саласы мен күштік құрылымдардағы әскерилердің билігін қоғамдағы әскери биліктен айырып алғанымыз жөн. Армия, күштік құрылымдар төтенше жағдайларда ғана әрекет ету үшін бағытталғандықтан биліктік импульстар жоғарыдан келеді, олар ешқандай талқылауға жатпайды және сөзсіз орындалуға тиісті. Армия жасақталу тәсілі, әлеуметтік міндеттері бойынша демократияға қызмет етуі мүмкін бола тұрса да, өзінің құрылымы, қызметі, өз әрекетінің кеңістігі бойынша демократиялық мекеме бола алмайды. Бірақ белгілі бір дағдарыс жағдайларында әскери басшылық тәртіп орнату және дағдарыстан шығу мақсатында билікті өз қолына алуы мүмкін. Бұл жағдайда олар билік құралы ретінде өздерінің төл әдістері мен ұйымдық құрылымдарын қолдануы мүмкін. Билік органдары мен құрылымдарында саясат биліктік әсер етудің негізі, қозғаушы күші мен шешуші құралы болғандықтан, билік пен саясат бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Осы ерекшелікті белгілеу үшін саяси билік термині қолданылады. Бұл мемлекеттік билік, қоғамдық ұйымдар мен партиялардағы билік. Саясат – адамдар бұқарасының жүріс-тұрыстарына ықпалын жүргізу, манипуляциялау, сондықтан саяси билік, ең алдымен, биліктік әсер етудің объектісі ретінде ерекшеленеді, яғни адамдардың аса үлкен бұқарасын қамтып, биліктік әсер етудің әрқилы құралдарын пайдаланады. Саясатта адамдардың шынайы мүдделері жинақталған, шоғырланған формада болса, саяси билік мейлінше басым сипатта болады. Ол мемлекет пен мемлекеттік билікті, мемлекеттік билікті қалыптастыруға қатыстыру мен оған қысым көрсету жолымен пайдалануға ұмтылады. Яғни адамдардың үлкен бұқарасының әрекетін біріктіруге және олардың бірлігін қамтамасыз етуге ұмтылу, саяси шешімдердің үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік билікке әртүрлі жолмен қысым көрсету – саяси биліктің өзіне тән ерекшеліктері. Билікті жіктеген кезде қоғамда ашық, заңды билікпен қатар жасырын, заңсыз, мафиялық биліктің бар екендігін ескере кеткеніміз абзал. Өйткені қоғамдық өмір көп қатпарлы, онда өзінің биліктік қатынастарын қалыптастырып, әрекет ететін жасырын тұстар да бар. Мафиялық биліктің іс-әрекеті деструктивтік сипатта болғандықтан, қоғам мен мемлекет оның мемлекеттік тіркеуден өтуін, іс-әрекетінің заңдастыруын, құқықтық нормаларға бағынуын талап ете отырып, онымен күрес жүргізуге мәжбүр. Жасырын мафиялық билік мемлекеттің бақылауында болмайтын құрылымданған жүйе. Мафиялық құрылымдардың мемлекеттік билікпен араласып кетуі қоғамдық қауіпті тудырады, ал бұл қоғамдық өмірдің қылмысқа толы болуына, зорлық-зомбылық пен заңсыздыққа алып келеді. Осындай араласып кету мафиялық ұйымдардың қолында аса зор қаржы қоры болуынан мүмкін болады, осының арқасында олар мемлекеттік шенеуніктерді, саяси қайраткерлерді, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін сатып алу мүмкіндігіне ие, ал қоғамның жеткілікті түрде ұйымдаспаған тұрғындары оларға адам ресурстарын беріп отырады. Тұлға үшін биліктің өзіндік ерекшелігі мен маңызды көрінісі – оның тұлғалық, мәдени-этикалық, психологиялық аспектісі. Тұлғалық тұрғыдан алғанда билік құру – ерекше психологиялық кеңістік. Билік құрудың екі бағытта жүргізілетінін ескеру қажет: біріншіден, ол басқа адамдарды бағындыру, олардың жүріс-тұрысын реттеу, олардың тіршілік әрекетіне араласу мақсатында басқа адамдарға қатынастағы еріктің көрінуі болып табылады. Бірақ басқа адамдар сияқты билік құрушы субъекті де адам, сондықтан оның басқалардың мүдделеріне, өмірлеріне араласуы, оларға қатынаста басқару, бақылау, ерік функцияларын жүзеге асыру – аса жауапты, агрессивті және осыған орай моральды-психологиялық тұрғыдан алғанда күрделі іс-әрекет. Барлық адамдар бұған дайын емес және оны қажет етпейді де. Ол тек әуесқойлар үшін деп айтуға болады. Батыс ғалымдарының зерттеулері бойынша, өркөкірек адамдар басқаларға өз үстемдігін жүргізіп, әлеуметтік мәнін таныту үшін энергиясын билік құру аумағында жұмсайды. Кейбір психологтар билік құруға ұмтылатын адамдарды садистік әрекеттерге бейім деп есептей отырып, психогендік негіздерге баса назар аударады. Бұдан өзге, билік құру тұлғаға, оның ішкі құрылымына бағытталуы, өзін-өзі тәрбиелеудің, өзін-өзі бақылаудың, өз бетінше әрекеттенудің еріктік актісі, жеке белсенділігінің психологиялық негізі болуы мүмкін. Яғни жеке адам, индивид соңғы, ажырамас, атомарлық әлеуметтік субъект болып табылса, билік құру өзіне-өзі билік құру ретінде және жүріс-тұрысын өзі реттеуге, өзін-өзі бақылауға, тіршілік әрекетінің жеке психологиялық тұрғыда саналанған кеңістігін қалыптастыруға бағытталған терең тұлғалық, мәдени-этикалық, психикалық акция ретінде жүзеге асуы мүмкін. Әлеуметтік және саяси ойлар тарихында билік құрудың осы бағыты зерделеніп, идеологиялық тұрғыда қолданылған. Динамикалық, сондықтан агрессивті батыстық өркениет көбінесе бірінші бағытты қолданды. Ол, ең алдымен, жаппай мақсатты акциялар, төңкерістер (революциялар, жаулап алулар, ірі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру) негізінде жеке адамның тіршілік әрекетінің анықтаушы факторы ретіндегі оның өмір сүруінің сыртқы жағдайларын түбірімен өзгертуге болады деп есептеді. Шығыстың кейбір дамыған өркениеттерінде (Үндістан,Қытай) билік құрудың басқа бағытына назар аударады. Дәл осы жерлерде, әлеуметтіліктің жеке тұлғалық аспектісінен шыққан, жеке адамның деструктивті эмоциялары мен әрекеттерін тежеу үшін өзін-өзі игеру, өзін-өзі бақылау формасындағы биліктік санкцияның қолдану қажеттілігіне негізделген буддизм, конфуциандық сияқты дүниетанымдық, мәдени-этикалық жүйелер пайда болды.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 48; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.02 с.) |