Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Шетел мемлекеттерінің заңнамалары.Содержание книги
Поиск на нашем сайте 2.Өсиеттің негізі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасы мұрагерліктің екі негізін орнатты өсиет және заң. Яғни өсиет арқылы берілетін мұрагерлік және заңды мұрагерлік, бұлар Мұрагерлік құқықтың өз алдына жеке институттары болып табылады. Бұл жағдайда, біз мұра қалдырушының еркін негізге алуымыз керек. Қазіргі таңда өсиет арқылы берілетін мұрагерлік, заңды мұрагерлікке қарағанда сирек кездеседі. Оның өзіндік себептері бар. Өйткені көп азаматтар өздерінің өлімінен кейінгі мүлкінің Мұрагерлік құқықтың нормаларына сәйкес жүзеге асыруын қалайды. Бұл түсінікті жағдай, өйткені заңды мұрагерлер мұра қалдырушы азаматтың жақын туысқандары болып табылады. Қазақстанда өсиет қалдырудың сирек кездесуінің негізгі себебі, заңның бәсеңділігі және азаматтардың сауатсыздылығын білдіреді. Біздің көзқарасымыз бойынша, өсиет қалдыру қатынасы неке шарттарын құру қатынастарымен ұқсас келеді. Азаматтардың мүлікке деген қызығушылықтары олардың болашақ жұбайлық өмірдің қызығымен немесе оларға жақын адамдардың қымбат өмірімен теңестірілмейді және айнымас болып табылады. Не болған жағдайда да факт ол факт болып қала береді, яғни біз өсиет арқылы берілетін мұрагерліктен қарағанда заңды мұрагерлікпен көп кездесеміз. Бұрын көптеген азаматтарда қалдыратын мүлкі болмаған еді, ал қазір олар өз жекеменшігінде қымбат мүліктерді иемденуде, яғни (тұрғын немесе коммерциялық жылжымайтын мүлік және автокөліктер). Егер азамат мүлкін заңды мұрагерлікпен қалдыруды қаламаса, онда оған өсиет жасау қажет. Алайда, кейбір жағдайларда қайтыс болған адамның мүлкі ол қалаған адамдарға берілмей қалып жатады. Заңды мұрагерлік әрқашанда өсиет арқылы берілетін мұрагерліктен қарағанда баламалы мұрагерлік болып табылады. Осыған қарамастан АК ҚазКСРО бірінші орынға заңды мұрагерлікті шығарды. Оған себеп, мұрагерлік мүлік тек қарапайым тұрмыстық заттардан құралды, яғни мұра қалдырарлықтай мүлік болған жоқ. Ал қазіргі таңда, азаматтарымыздың өз мүлкіне қатысты мүмкіншіліктері көп, сондықтан заң шығарушы Азаматтық құқықтың негізгі қағидаларын ескере отырып, өсиет арқылы қалдырылатын мұрагерлікті бірінші орынға қояды. Қазақстанда әрекет етуші АК шешімі бойынша, өсиет арқылы берілетін мұрагерліктің басымдылығы көп, яғни ол туралы 58 бөлімде, ал заңды мұрагерлік 59 көрсетілген. Заңды мұрагерлік мынандай жағдайларда қолданылады: Өсиет болмаған жағдайда; Өсиет жарамсыз болған жағдайда; Өсиетте барлық мүлік көрсетілмесе; Егер мұрагерлер мұрадан бас тартса және оның кімге берілетінін көрсетпесе; Егер мұрагерлер мұраға лайықсыз болса. Мұрагер мұра қалдырушыдан бұрын қайтыс болған жағдайда көріп отырғанымыздай, Қазақстан заң шығарушысы жорамалдайды, яғни азамат өз мүлкінің тағдырын және кімге беретіндігін. Нотариалдық және соттық тәжірибеде шектеулі жағдайлар көп кездеседі, яғни мұра қалдырушы мұраның жарты бөлігін белгілі бір адамға өсиет етсе, ал екінші жартысы заңды мұрагерлікпен жүзеге асырылады. Сондықтан да өсиет ету барысында заңды мұрагерліктің ережелері көмекші құрал ретінде қолданылады және ол өсиет етілмеген мүлікке қатысты бейімделінеді. Ал енді өсиеттің түсінігіне келетін болсақ: Өсиет – ол заңда белгіленген тәртіппен, мұра қалдырушы өз еркімен өзінің өлімінен кейінгі мүлкінің заңды тағдырын анықтау болып табылады. Мұндай ерік білдіру бір жақты мінез және пікір болып табылады. Өсиет екі немесе көп азаматтармен жасалынбайды, оны мұра қалдырушы өзі жасап және кез келген уақытта өзгертіп немесе жоя алады. Сонымен қатар азаматтар ортақ және өзара өсиеттер жасай алады. Ортақ өсиет – ол екі немесе бірнеше тұлғалардың еркін білдіретін өсиет. Мұндай өсиет ФРГ заңнамаларында кездеседі, яғни ортақ жұбайлық келісім. Ал Англия және АҚШта ол тек жұбайлық қана емес, сондай-ақ басқа тұлғалардың өсиеті болып табылады. Өзара өсиет – ол бірнеше тұлғалар арасындағы қарым- қатынастардан туындайтын өзара міндеттемелерден тұрады. Бұл институт түрі англо- американдық құқық жүйесінде кездеседі. Іс жүзінде, өзара өсиет – бұл екі жақты келісім шарт, бірақ түбінде қазақстанның мамандық ғылымында көрсетілгендей, өсиетке, яғни бір жақты мәміліге қарама-қайшы келеді. Ал бір жақты мәміледе тек бір адамның ерік- жігері білдіріледі. Сондай-ақ Франция заңнамаларында да ортақ және өзара өсиеттерге тыйым салынады. Ал Швейцариялық заңдарда белгілі бір тыйымдар көрсетілмеген, алайда соттық тәжірибесінде осыған ұқсас және басқа да өсиеттер жарамсыз болып табылады. Қазақстан Республикасының Мұрагерлік құқығы өсиет пікірі қағидасын қолданбайды. Бірақ, қағиданың аталуы емес оның түсінігі үлкен маңызға ие. Франция және Швейцария заңнамаларында өсиет пікір қағидасына мынандай түсінік берілген – яғни, өсиеттеуші тұлға өсиеттің күшін жоюға және оның себебін түсіндірмеуге құқылы. Не болған жағдайда да ол оның мүлкі, ешкім оның мүлкін өз бетінше иемдене алмайды. Көріп отырғанымыздай, өсиет пікір қағидасы да және Қазақстан Республикасының заңдары да үлкен маңызға ие. Осы көрсетіліп отырған қағида өсиет бостандық қағидасымен тығыз байланыста. Өсиет бостандық қағидасы Азаматтық құқықта нақты көрініс табатын қағида, яғни ол жекеменшікке қол сұқпаушылық қағидасынан шыққан. Өсиет бостандық қағидасына сәйкес, мұра қалдырушы тұлға өзінің өлімінен кейінгі мүлкінің заңи тағдырын өзі ғана анықтай алады. Мұра қалдырушы мүлкін түгелдей немесе оның тең жартысын кез келген тұлғаға өсиет ете алады, сонымен қатар ол мұрагерлер арасында мүлікті бөліп беруге, оларды мұрадан айыруға немесе мұраны басқа азаматқа қалдыруға құқылы. Өсиет бостандық қағидасы – бұл мұра қалдырушының өсиетінің жойылуы немесе өзгертілуі еркін түрде болуы тиіс, яғни оған ешкімнің ықпал етуге құқығы жоқ. Өсиет пікірі өсиет қалдырушымен кез келген уақытта толығымен немесе жартылай жүзеге асырылуы мүмкін және не үшін әр түрлі құралдардың қолданылатындығы: жаңа өсиеттің құрылуы, алдыңғы немесе оған қарама-қайшы келетінді тікелей өзгерту, өсиетті жою, ресми депозитке салынған өсиетті алып тастау және т.б. Өзара өсиет англо – американдық құқыққа сәйкес бір жақты ретпен шақырылуы мүмкін, бірақ екінші жақтың мүдделері бұзылған жағдайда,құқық әділеттік,яғни (remedies) құралымен қорғалуы мүмкін. Өсиеттің жойылуы заңға сәйкес, яғни неке бұзылу ережелеріне ұқсас( өсиет жұбайының пайдасына берілуі), ал Англия және АҚШ-та мұра қалдырушы жаңадан некеге тұрған кезде орын алады. Қазақстан Республикасының мұрагерлік құқығына мүлдем белгісіз түсініктер, яғни ортақ және өзара өсиеттер, мұрагерлік туралы келісім шарт институты болып табылады. Мұрагерлік туралы келісім шарт және А және Б арасындағы шарт болып табылады. Мұрагерлік келісім шарт дегеніміз – мұра қалдырушы мен бір немесе бірнеше мұрагерлер арасындағы шарт болып табылды және ол шарт түзілген сәттен бастап күшіне енеді. Ал өсиет мұра қалдырушы тұлғаның өлімінен кейін күшіне енеді және сонысымен мұрагерлік шарттан ерекшеленеді. Сонымен қатар өсиет мұра қалдырушы тұлғамен кез келген уақытта өзгертіледі, ал мұрагерлік шарт бір жақты тәртіппен өзгертілуге жатпайды. Мұрагерлік туралы келісім шарттар ГФР және Швейцария заң шығарушысымен толық реттелген, ал Францияда олар ерекше жағдайларда кездеседі, яғни( көбінесе жұбайлар арасында). Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі(Ерекше бөлімі) өсиетке мынадай анықтама береді: «Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады». Қазақстанның және басқа шетелдердің өсиет ұғымдары сәйкес келеді. Отандық әдебиеттерде өсиет анықтамасы бір жақты мәміле ұғымына ие, яғни заңдық нысанда жасалынған өсиет етушімен мұрагерлерді тағайындау. Бұл мәміленің ең маңызды ерекшелігі, ол қайтыс болған жағдайында жүзеге асырылады және мұрагерліктің негізі болып табылады. Өсиет арқылы мұра қалдырушы мұрагерліктің тәртібін заңмен өзгертеді. Келесі бір онша маңызды емес ерекшілігі, яғни өсиет бір тұлғамен жасалынған мәміле болып, онда тек сол адамның еркі көрсетіледі және сол адаммен жүзеге асырылады. Демек өсиет – жеке қатаң сипатқа ие бір жақты мәміле болып табылады. Сонымен қатар, өсиет тек бір адамның атынан жасалынған жеке келісім болып табылады. 1998 жылғы 28шілдедегі №539 куәлігі Қазақстан Республикасындағы нотариалдық іс- әрекеттердің жүзеге асырылу тәртібі туралы нұсқаудың 136-бабына сәйкес бірнеше адамның атынан жасалынатын өсиетке жол берілмейді. Егер де өсиетте екі немесе бірнеше тұлғалардың еркі көрсетілсе, онда ол Қазақстан Республикасы АК 158-бабына сәйкес жарамсыз болып саналады. «Мүлік құрамы өсиетті дайындау кезінде емес, мұра ашылған сәтте анықталады. Өсиетті дайындау кезінде мұра қалдырушыдан оның мүлікке деген құқығын куәлендіретін дәлелдеме талап етілмейді (Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 14 шілдедегі №155-1 Нотариат туралы заңы 56-бап). Осыдан байқауға болады, яғни қандай пәтерлер назарға алынғанының маңызы шамалы екенін. Сондықтан Алматы және Тараз қалаларындағы пәтерлер аталған мұрагерлерге өтеді». Өсиет жасау қабілеттілігі тұлғаның белгілі бір жасқа толуымен және ол өз іс-әрекетінің мәні мен зардаптарын ұғына алуымен өлшенеді. Өсиеттік талдау келісімдердің санына жатады, яғни жеке сипатқа ие. Осыған орай өз мүлкін өзінің қалауынша(өсиет бостандығы) өсиет ету құқығы азаматтың әрекет қабілеттілігін білдіреді. Мұра қалдырушының әрекет қабілеттілігі тек заңды мұрагерлікті жүзеге асырылу кезінде қажет етіледі. Өсиет мәміле болып табылғандықтан, оны жасау барысында арнайы әрекет қабілеттілігі орнатылмайды. Өсиет мәміленің жарамдылық шарттарын қанағаттандыруы тиіс. Басқаша айтқанда мәмілені тек, яғни азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер мәмілесін жасай алатын тұлға ғана құра алады. (Қазақстан Республикасы АК 147б). Ал мәмілені, өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі(азаматтық әрекет қабілеттілігі) бар адам ғана жасай алады(Қазақстан Республикасы АК 17-б). Қазақстанда жеке тұлғалардың әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады. Бірақ заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Ал, Франция, Англия, Швейцария және АҚШ-тың көптеген штаттарында өсиет жасау қабілеттілігі толық көлемде кәмелетке толған(18) кезде жол беріледі. ФГР-да кәмелетке толмаған, яғни он алты жасқа толған тұлғалар өсиет жасай алады. Францияда кәмелетке толмаған, 16 жастағы тұлғалар өзіне тиісті мүліктің жартысына қатысты өсиет жасауға құқылы,ал туысқандары болмаған жағдайда ол кәмелетке толғандармен тең болып саналады. АҚШтың кейбір штаттарында өсиет жасау құқығы ерте жастан басталады (мысалы Джорджида 14 жастан). Ал, Англияда әскери қызметкерлер мен моряктар 14 жастан бастап өсиет жасауға құқылы болып табылады. Жоғарыда айтылған, қолдануға болатын құқықпен Қазақстан Республикасының құқығы болса, онда өсиет ету құқығы азаматтардың кәмелетке толған сәтінен немесе некеге тұрған кезде, егер ол кәмелет жасқа толғанға дейін орын алса пайда болады. Әрекет қабілеттілігінен айырылған тұлғалар өз мүлкін өсиет етіп қалдыра алмайды (олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қамқоршылары мәміле жасайды), сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі азаматтар заңға сәйкес ата-анасының, асырап алушысыының немесе қамқоршысының келісімімен мәміле жасауға құқылы. Бұл қағида тек кәмелетке толмағандарға ғана емес сонымен қатар кәмелетке толған, бірақ әрекет қабілеттілігі шектеулі, яғни спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарына салынған азаматтарға тиісті. Өсиет – бұл ерекше мәміле, ол өсиет қалдырушы адаммен байланысты, сондықтан оны өкіл, тіпті заңды өкіл арқылы жүзеге асыру өсиеттің маңызына қарама-қайшы келеді. Өйткені, заңды өкіл мұра қалдырушының нағыз ерлігін білмейді, сондықтан ұсынылған өкілдігі бойынша өсиет жасауды іске асыру мүмкіншілігі жоқ. Өсиетті жүзеге асыру кезінде мұра қалдырушының әрекет қабілеттілігі маңызды орынға ие. Ал мұрагер болу үшін, жеткілікті жалпы азаматтық құқық қабілеттілікке ие болу керек. Өсиет аясындағы таластар мұра ашылғаннан соң басталады. Өсиеттің мазмұнын екі өсиеттік билік ету топтарына бөліп қарастырамыз: негізгі мазмұны(маңызды пункттер) және заңи сипаты жоқ билік(фидуциарлық). Соңғысы құқықтық салдар туғызбайды, оларды орындау мұрагердің құқықтық міндеттерімен емес, тек моральдық жолымен жүзеге асырылады және өсиет қалдырушы тұлғаны өмірлік құрметтеу болып табылады.
3.Өсиет нысаны.
Барлық қарастырылып отырған мемлекеттердің заң шығарушысы өсиеттің нысанына зор мән береді, яғни өсиет қалдырушы ықтиярының анық орнатылу қажеттілігін баяндайды. Заңмен берілген сақталмауы өсиеттің жарамсыздығына әкеп соғады. Континенталдық Еуропа елдерінің заң шығарушысы мынандай өсиеттің негізгі нысандарын қарастырады. Өз қолымен жасалған өсиет – бұл өсиет қалдырушы тұлғаның басынан аяғына дейін өзі жазып және қол қойып күні белгіленген, сонымен қатар жалған ықтималын азайту мақсатында( сол себептен машинкада басылған мәтінге жол берілмейді) жасалынған өсиет болып табылады. Бұл нысан көп таралған, яғни өсиет құрудың қарапайымдылығы және өсиет қалдырушының құпияларының сақталу мүмкіншілігі. Сонымен қатар ол жетіспеушіліктен арыла қойған жоқ, мысалы, опат болу қауіп-қатері немесе өсиеттің жоғалуы, сондай-ақ үшінші жақтың ықпалы, яғни өсиет етушінің нақты ықтиярының бұрмалануына әсер ету. Жариялық акт нысанындағы өсиет бұл – ресми лауазымды тұлғаның қатысуымен(нотариус) және орнатылған құқықтық іс-жүргізуге сәйкес жүзеге асатын өсиет болып табылады. Францияда өсиетті құру кезінде екі нотариустың қатысумен(немесе бір нотариус және екі куәгердің қатысуымен), ал Швейцарияда – бір ресми лауазымды тұлғаның және екі куәгердің қатысуымен жүзеге асырылады. Осы нысанның құндылығы - өсиет шындығының кепілі және өсиет қалдырушының ықтиярының мазмұнына сай келуі. Өсиеттің сақталуы алдын ала ескерілген заң шығарумен оның нотариуске депозитке салыну мүмкіншілігімен немесе хабардар лауазымды тұлғамен қамтамасыз етіледі. Құпия өсиет – бұл мұра қалдырушымен жазылған және куәгердің қатысуымен жапсырылған нотариуске сақтауға берген өсиет. Бұл Франция заң шығарушысымен қарастырылған өсиет қалдырушының құпиясын және оның сақталуын қаматамсыз ететін нысан болып табылады.( ФАК 969, 1007б). Швейцария Азаматтық кодексі, ұқсас өсиеттерді құру ерекшеленбейтін мүмкіншілік және осымен байланысты сұрақтарды регламенттеу контондардың құзыретіне кіреді( 2-т. 505-бап). Англияда, континентік Еуропа елдерінен айырмашылығы, заң тек бір өсиет нысанын қарастырады, яғни өсиет қалдырушының таңдау құқығы болмайды. 1837жылғы заңның 9-бабына сәйкес, өсиет жазбаша түрде өсиет қалдырушымен қол қойылған( немесе оның нұсқауындағы басқа тұлғамен) және өз қатысуындағы екіден кем емес куәгерлермен куәландыруы тиіс. Континенттік құқықтың өз қолымен жасалынған өсиетінен ағылшындық заңның айырмашылығы, ол өсиет қалдырушының қолымен жазылуын талап етпейді. Өсиетті азаматтың атынан басқа тұлға дайындай алады және машинкада басылуы мүмкін, тіпті криптограммалар түрінде дайындалуы да мүмкін. Қолжазба және машинкада басылған мәтіндерге рұқсат беріледі. Ағылшындық өсиет нысанының негізгі белгілері АҚШ-тың барлық штаттарымен қабылданған, бірақ соның ішінде Луизиана француздік үлгіге сүйенеді. Бөлек штаттардың бақылаушы заңнамаларындағы айырмашылық қатаң сипатқа ие емес. Сонымен қатар кейбір штаттардың (Массачусетс, Мэн және т.б) заң шығарушысы өсиеттің үш куәгермен куәландыруы қажеттілігін ескертеді. Сонымен бірге көптеген штаттарында( Арканзас, Аризона, Калифорния) бұл көрсетілген нысан жалғыз болып табылмайды. Бұл штаттарда( шын, шек қойылған шектерде) қолмен жасалған өсиет континенттік Еуропа елдерінің заңнамаларында көрсетілген өсиеттерге ұқсас келеді. Жапония елдерінің құқығы онға жуық өсиет нысанын қарастырады.: өз қолымен жасалынған өсиет, жариялық акт нысанындағы өсиет, құпия өсиет және т.б. Жариялық акт нысанындағы өсиетті құру кезінде екіден кем емес куәгерлер, өсиет қалдырушымен нотариуске өсиет мазмұнының ауызша баяндалуы, баяндалғанды нотариуспен жазу және дауыстап оқып шығу, өсиет қалдырушының келісімі және куәгерлердің мәтінімен және қол қоюлары, әрекеттердің аяқталғандығы жөніндегі нотариустың қосымша жазуы, жазуларды оның қолымен бекіту және мөр талап етілінеді. Қарастырылып отырған өсиет нысанына заң шығарушы ерекше жағдайларда өсиеттің жүзеге асырылуын жеңілдетеді, яғни әдеттегі нысанға жүгіну мүмкінсіз және аса қиын, сонымен қатар бөлек тұлғалар категориясына (әскери қызметкерлер, су теңізшілер). Герман азаматтық ережесі (ГАЕ-ға) сәйкес, індет және өзге ерекше жағдайлар себебімен хабарлама үзілген орында немесе неміс кемесінде жүзуде болған тұлға үш куәгердің қатысуымен ауызша нысанда өсиетті жүзеге асыра алды. 1837 жылғы ағылшын заңының 11 бабына сәйкес, нақты қызметтегі әскери қызметкерлер және жүзудегі моряктар куәгерлердің қатысуымен ауызша және жазбаша өсиеттерді жүзеге асыра алады, ол қол қоюды және куәгерлермен куәләндіруді талап етпейді. Өсиеттік билік ету нысаны мұраға қолданылатын заңмен анықталады – жалпы ереже. Сонымен бірге, әлем елдерінің көпшілігі осы саладағы коллизиондық сұрақтардың балама шешім мүмкіншілігін қарастырады. Венгр заңында бұл мынандай үлгіде қарастырылады: «Өсиеттік билік етуге мұра қалдырушының соңғы жеке заңы болған құқықтық тәртіп қолданылды. Өсиет және оның өзгертілуі нысанға сәйкес жарамды болып табылады, егер ол венгр заңының талаптарын қанағаттандырса немесе: а) өсиеттік билік етудің жүзеге асырылуы немесе жойылуы кезінде сол заң әрекет етсе, ә) өсиетті құру және тоқтату кезіндегі мұра қалдырушының жеке заңы немесе оның өлімі, немесе, б) өсиетті құру және жою кезінде мұра қалдырушының домицилиясы және тұрған жері немесе ол қайтыс болған жағдайда, сол заңның мемлекетте әрекет етуі». (2-т. 36-бап). Моңғол заң қаулысы осы жағдайға байланысты баяндайды: «Мұра қалдырушының тұрғылықты жері және акттың құрылуы қай мемлекетте болса, онда өсиеттің мазмұны және нысаны және оның өзгертілуі сол елдің заңына бағынады. Өсиет және оның өзгертілуі жүзеге асырылған мемлекеттің немесе моңғол құқығының талаптарын қанағаттандырса, онда ол нысанының сақталмауына байланысты жарамсыз болып табылмайды( МХР АК 2-т. 436-бап). Чехия және Польша заң шығарушысы қозғалған сұраққа басқаша және баламалық жолмен өсиеттердің жарамдылығына қатысты ұлттық құқықтық нормаларды таратпайды. 18 Халықаралық жеке құқық туралы заң және Чехия процесінде және Поляк Республикасының 35бабына сәйкес, өсиет нысаны мұра қалдырушы азаматы болып саналатын мемлекеттің құқығымен анықталады; ол жеткілікті, бірақ егер өсиет жасалынған аумақтың заңы сақталынса. Бұл ереже Чехия заңында кездеседі және өсиетті өзгерту қатынастарында ықпал етеді. 1964жылғы 10 маусымдағы №100 өсиет нысан құқығы туралы Жапония заңы бойынша: «Өсиеттік билік ету нысаны жарамды болып табылады, егер ол: 1) акт жүзеге асатын орынның құқығына(lex loci actus); 2)өсиет қалдырушы қай елде өсиет құрып және сол елдің азаматы болса немесе қайтыс болса, онда сол елдің заңына; 3) мұра қалдырушы өсиетті құру кезінде уақытша тұрып жатқан елдің заңына; 4)мұра қалдырушының өсиетті құру кезіндегі тұрақты тұрғылықты жерінің немесе өлімі орын алған мемлекеттің заңына; 5) жылжымайтын мүлікке қатысты – яғни жылжымайтын мүлік орналасқан мемлекет заңына (Lex situs) сәйкес келсе» (2-бап). Қазақстан Республикасы АК-де өсиеттің екі аспектісі көрсетілген:1)тұлғаның өсиетті құру немесе тоқтату қабілеттілігі(әрекет қабілеттілігі); 2) өсиет нысаны және оны тоқтату актісі. Екі аспектіге де бірдей коллизиондық байланыс қолданылады, яғни мұра қалдырушының тұрғылықты жері орналасқан мемлекет заңы, егер ол өсиетте өзі азаматы болып табылатын елдің заңын көрсетпесе. Өсиеттік әрекет қабілеттілік бұл – коллизиондық құқықта орнатылған жалпы және арнайы ережелер қатынасын анықтау үшін жеке тұлғаның азаматтық әрекет қабілеттілігінен пайда болған. Ол өсиетті құру кезіндегі азаматтың тұрғылықты жері орналасқан мемлекет заңының өсиеттік әрекет қабілеттілігін анықтауға қолданылады. Бұдан көруге болады мұра қалдырушының азаматтығы мен тұрғылықты жері сәйкес келмейтіндігін, ол кейбір жағдайларда құқықтық тәртіпке сәйкес келмеуі де мүмкін. Нысанның сақталмауы жарамсыз болып табылмайды, егер ол сол елдің немесе Қазақстан Республикасының заң талаптарын қанағаттандырса. Дәл, осы ереже балама ереже болып табылады. Ол осы құқықтық қатынастар үшін таңдау құқығын беретін ережені орнатады. Яғни, өсиет нысанына, басқаша айтқанда негізгі колизиондық байланысқа екі баламаны қолдануы мүмкін - өсиет құрылған жердің заңы немесе Қазақстан Республикасының заңы. Екі байланыстың өзара қатынасы жайлы мұра қалдырушының тұрақты тұрғылықты жерінің заңын және акт құрылған жердің заңын айтуға болады. Мысалы: Түркияда тұрушы Қазақстан азаматы Германияда Қазақстан азаматының пайдасына өсиет құрған жағдайда. Егер Қазақстан Республикасы соты бұл істі қарастыратын болса, онда ол міндетті түрде Түркияның заңын қолдану керек. Егер сол кезде, өсиетт жарамсыз деп тануға негіз болса, онда Сот Германия заңын қолданып, өсиетті жарамсыз деп танудың барлық талаптарынан бас тартуға міндетті. Мұра қалдырушының тұрғылықты тұратын жерінің және Қазақстан Республикасы заңының байланысының өзара қарым қатынастары жөнінде сауал туулуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан азаматы Туркияда тұрақты тұрып жатқанда және Туркияда өсиеттің жарамсыз деп тану негіздері Қазақстанда жоқ. Бұл жағдайда негізгі заң болып Түркия заңы сақталады, бірақ өсиеттің жарамсыз болып танылуы Қазақстан заңымен анықталады. Қазақстанда мұрагерліктің қосарланған статут қағидасы қолданылатындықтан, жылжитын және жылжымайтын мүлік мұрагерлігіне әртүрлі құқықтық байланыстар қолданылады. Адамдардың өсиет жасауға немесе оның күшін жоюға қабілеттілігі, сондай-ақ соңғысының нысаны, егер аталған мүлік өсиет етіп қалдырылса, нақ сол құқықпен анықталады(1123-бап). Жоғарыда айтылғандардан қорытындылай келе, яғни өсиеттің нысаны және ол нысандардың көп түрлілігі мемлекеттердің ерекшеліктерімен ескерілінген, яғни оның мәдениеті және әдет-ғұрпы. Ал коллизиялық норма мен өсиет нысаны айтарлықтай ұқсас. Және бұл Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының құқық шығармашылық жұмысының көрінісі болып табылады. 1961жылы 5 қазанда Гаагада өсиеттік билік ету нысанына қатысты коллизиялық заң туралы конвенция қабылданды. Бұл заң, сәйкес коллизиялық нормаларды бірыңғайлайды. Конвенция барлық мүмкін коллизиялық байланыстардың түрлерін қарастырады және өсиет нысанын регламенттеуші, яғни азаматтық ел заңы, мүлік орналасқан жер.
Англияға және Францияға арналған сипаттама, қарым-қатынас болудың мұра қалдырушының соңғы өмір сүрулерін мұрагерлікпен орын заңына бағынады. Айқын дәрежеде барлық қандас туысқандардын бөлінуі арқылы мұрагерлерді топтастыруы жүзеге асырылады. Францияда мұрагерлік сұрақтары француз азаматтық кодекспен реттеледі (Наполеон кодексі) 1804 жылы сонымен қатар «мұрагерлік туралы» және «тірісінде сыйлық туралы өсиет» және үшінші кітаппен оның «тәсілдері туралы, меншік тауып алынады». Бірінші дәрежеге мұра қалдырушының төмен түсетінге жатады (балалар, немерелер, шөберелер). Заңға сәйкес 3 қаңтар заңды балалармен бірге 1972 жылдың некесіз балалар мұрагерлікке шақырылады. Екінші дәрежеге мұра қалдырушылармен әке-шешелерімен көз алдына келген, оның ағайындарымен және әпкетайлармен және олардың төмен түсетін туысқандармен. Үшінші дәреже қарапайым анықталады: барлық басқа өрлеп келе жатқандар мұра қалдырушының әке-шешелері басқа, яғни оның атасы, әжесі және үлкен әже болып табылады. Мұрагерлер қатарына заң бойынша біріншіден мұра қалдырушынын жақын туысқандары жатады, егер нақ сол адамға мүлкін қалдыратын болса, өсиетті құру жағдайында. Сонымен қатар мұрагерлер заңы бойынша және мұрагерлердін әр елге шақырылуы бірдей емес. Мұрагерлік құқыққа, мысалы Англия, Франция, ФРГ, Швейцария және АҚШ ты алатын болсақ. Біздін жұмысымыз, Мұрагерлік заң бойынша білдіруін және теңдестіруін, осы мемлекеттерде әрқайсының ерекшелігін белгілеп отыруымыз керек. Англия және Францияға сәйкес, мұрагерлік қатынастары бойынша заңға бағынады мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрған жері. Францияда өсиеттің сұрақтары Француз Азаматтық кодексімен (Наполеон кодексімен) реттеледі 1804 жылы, жекешеленген, титул 1 Мұра туралы, титул 2 өмір сүру сыйы және өсиет, үшінші кітап тәсілі бойынша жекешеленуі болуы мүмкін. Рим құқығының дәстүрі бойынша, классификация негізі мұрагерлік заңы бойынша және анықталуы ізбасарлық шақырылуы оларды мұрагерлік осы елдерде болуы қажет жүйе дәрежелі, туған туысқандарды топқа бөліп тәуелді болуын ұйғарып мұра қалдырушының жақыны. Бірінші дәрежеге мұра қалдырушының жақыны ( балалары, немерелері, шөберелері). Заңға сәйкес 3 қаңтар 1972 жылы некесіз туылған балалар өсиетке заңды балалармен бірге шақырылады. Екінші дәрежеде көрсетілген мұра қалдырушынын ата-анасына, оның аға және тәтелеріне жақын туысқандарына жатады. Үшінші дәреже анықталады: басқа жақын мұра қалдырушының ата- анасынан басқа, яғни атасы, апасы, атасынын атасы, апасынын апасы жатады. Және ең соңғы төртінші дәрәжәге алыс туысқандары бейнеленеді, ағасымен тәтесінен басқа. Барлық ең кемінде бір туысқандарынан алдыңғы дәрежеден тұрады мұрадан туысқандарынын бәрін келесі дәрежеден тұрады. Ішкі дәрежеде туысқан аса жақын дәреже туысқан болып келеді, мұрадан туысқан аса алыс дәрежелі туысқан болып келеді. Алайда соңғы ереже құқықтық есебімен қолданады, яғни мұрақалдырушы қайтыс болған жағдайда. Немерелері мұра қалдырушының құқықтық орнын алады, ойын сол үлестегі мұра, олардың әкесіне арналған, яғни мұра қалдырушының баласына, (егерде ол қайтыс болмаған жағдайда). мұра қалдыру заң бойынша ойын тек қана мұра қалдырушының жақын туысқандары және алыс туысқандары ағасы мен тәтесі. Егер мұра қалдырушының алыс туысқандары болмаған жағдайда, яғни мұрадағы мүлік бірдей бөлінуі мүмкін мұрагерлерге әкесі мен шешесі жағынан. Егер мұра қалдырушының өлімінен кейін әкесі немесе шешесі жалғыз қалып қойса және жақын туысқандары (мысалы шешесі жағынан әкесі және апасы), мұрагерге шақырылса (мысалы әкесі жағынан ағасы, шешесі жағынан ағалары). Барлық жақындары бірдей дәрежедегі туысқандары бірдей үлесті мұра алады кейбір жағдайларда әкесімен шешесі жағына мұрагерлік мүлік бөлінеді. Егер әке-шешесі мұрагерліке шақырылса, сонымен қатар мұра қалдырушының ағасы мен тәтесі, әр ата-аналардың мүлікке ¼ құқығы бар, ал қалған мүлік ағасы мен тәтесіне теңдей бөлінеді сандық сипат бойынша екеуінің ұғымы әрқалай, яғни сол Қазақстанда сипатқа ие. Англо-Американдық жүйесінде құқық (міндетті орнатушы топ) құжат, соттық прецедент атқаратын рөлі, реттеу мұрагерлік қатынаста заң үлкен рөл атқарады. Англияда 1837 жылы Өсиет туралы заң қабылданды, кейінірек 1925 жылы әкімшілік (заң қабылданды), мұра туралы заң , 1952ж мұрагерлік тұлға туралы заң, және қалдырмаған өсиет, 1975 жылы мұра туралы заң қабылданған. Англиядағы құрамы келесі жақын туысқандары біразы ерекшеленеді. Сәйкестік құрамына қарамастан, Француз заңнамасында қарастырылған. Біріншіден мұрагер мұра қалдырушының ( зардап шеккен) жұбайы болып табылады. Оған тәуелді болатын мұраның бөлігі мұра қалдырушының жақын туысқандары бар немесе жоқ деп есептеп жұбайы болмаған жағдайда ағылшын заннамасы мұрагерге келесі бекітіліммен шақырылады 1) жақындары, 2) ата-анасы, 3) толық қанды бауыры және әпкесі, 4) толық қанбаған ағасы мен әпкесі, 5) атасы мен апасы, 6) толық қанбаған ағасы мен тәтесі, 7) толық қанды ағасы мен тәтесі. Жұбайы әрқашан мұрагерге құқылы, мұра қалдырушы болмай қалған жағдайда белгіленген жақын туысқандары, 1925 жылы меншік заннамасымен орнатылды. Мұрагерлік жылжымайтын мүлік занына сәйкес өсиет жағымсыз болып келеді. 1952 жылы, мұрагерлер келесі класпен, егер жұбайы және жақын туысқандар жоқ болған жағдайда, шақырылуы мүмкін. Жақын жұбайы енгізілген ақшалай соммасын алуға құқылы, лордконцеляр мөлшері бойынша бекітіледі. Осыдан басқа, ол өмір бойы пайдаланады. Мұра қалдырушының қалған жарты мүлкін, өмір бойы пайдалануына болады, қарыздарынан ерік. Басқа мүліктін жартысы мұра қалдырушының жақын туысқандарына балаларына немесе немерелеріне өтеді. Егер жақындары кәмелет жасқа толмаған болса, оларға арналған мүліктің жартысы заң негізі бойынша жеке сенімділік, осындай жағдайда олар бенефициант болып қалады. Егер мұрақалдырушының жақын туысқандары жоқ болса, бірақ ата- анасымен, аға-әпкесі болғанда, яғни жұбайы енгізілген ақшалай сомасына үлкен мөлшерде үлкен мөлшерде алуға құқылы. Оған қарамастан, ал мұраның қалған жеке құқықты алады. Басқа жарты бөлігін мұраның осындай жағдайында , онда братына және әпкесіне беріледі. Қарастырылған екі жақтың жағдайында жұбайы сондай-ақ арналған ерекше құқығының үй жабдықтарының затына ие бола алады. Егер мұра қалдырушының жоғарыда айтып кеткеніміздей туысқандары жоқ болса , онда барлық мүлкі жұбайына қалады. Кәмелет жасқа толғандар және ата-анасына мұра қалдырурушы мүлікті жекеменшікке алады, басқа қойған ол сенімді меншікке ие. Жұбайының институты Францияда үлкен рөл атқарады, оның қүұықтық мұрагері едәуір кем блады, Англиядағы жұбайына қарағанда. Куәгерлік сипаттау тиісті заң шығару, жұбайы бірде-бір, дәрежеде формальді қосылмаған мұраға кіруі мүмкін. Егер мұрагер көбірек едәуір улкен дәрежелердің бірі ол ата-анасынан, онда жұбайы жекеменшік жарты мұрагерлік мүлікке ие болады. Германияда заң парантелла санын шектемейді және мұрагерлер келесі кезекпен мұрагерлікке шақырылады: 1-ші парантелла – мұра қалдырушының жақын адамдары; 2-ші парантелла – ата-анасы және олардың жақындары; 3-ші парантелла – арғы атасы-әжесі және олардың жақындары; 4-ші парантелла – әкесінің арғы атасы-әжесі және олардың жақындары; Әрбір парантелла мұраға алдыңғы парантелланың туысқандары болмаған жағдайда шақырылады. Мұра қалдырушының жұбайы 1-ші, 2-ші, 3-ші парантелланың туысқандарымен бірге мұраланады. Анасы мен әкесіне қатысты некесіз туылған бала, некелі туылған баламен тең құқықта болады. АҚШ-та әрбір штаттың құзыретіне қатысты мұрагерлік заң қабылданған. Бұл елде бірыңғай федералдық нормативтік акт жоқ, сондықтан әр штаттың заңнамасы айтарлықтай өзгеше. Мысалы, Луизиана штатында Француз АК-і әрекет етеді. Қазіргі таңда АҚШ-та мұрагерлік заңды бірыңғайлау шаралары қабылдануда. АҚШ-тың мұрагерлік заңы Англия заңнамасымен аналогиялық ұқсас., яғни көптеген штаттарда бұрынғы жұбай мұраға қатысты артықшылықтарға ие. Мысалы, Нью-Йорк заңы бойынша, бұрынғы жұбай 2000 доллар алуға, сондай-ақ қалған мүліктің 1/3 бөлігін иемденуге құқылы. Егер бұрынғы жұбайының бір баласы болса, онда оның үлесі мүліктің ½ бөлігіне дейін көбейеді. Ал, егер мұра қалдырушының жақын туысқандары мүлдем болмаса, бірақ ата-анасы тірі болса, онда бұрынғы жұбай 25000 доллар немесе қалған мүліктің ½ үлесін алады. Қалған штаттарда өсиеттік билік ету қағидасы мынандай сипатта болады: бұрынғы жұбайдың тек үлесінің көлемі өзгереді. Егер бұрынғы жұбайы болмаса, онда бірінші кезекте жақын адамдары, сосын ата-анасы және алыс туысқандары мұраланады. Заңды мұрагерлердің қатары бірнеше ерекшеліктермен(Канзас және Вайолинг штаттарында) Қазақстанға қарағанда шектелмейді. Енді Қазақстан Республикасы-ның заңды мұрагерлерінің тобына тоқтасақ.Бұрын әрекет еткен ҚазССР АК сәйкес заңды мұрагерлердің 3 кезегін орнатқан. Кейін қабылданған АК сәйкес заңды мұрагерлердің қатары алтыға дейін көбейді. Осы жағдайға заңгерлер өз ойларын білдірді. Ю.К Толстойдың ойынша, заңды мұрагерлердің қатарын шексіз көбейтудің қажеті жоқ:яғни, ұзақ туысқандықты орнату өте қиын және мүмкін емес және бұл қатынастар шиелініске алып келуі мүмкін. Заңды мұрагерлік кезінде негізгі 2 сауал туындайды: кім заңды мұрагер болуы мүмкін және мұрагер қандай ретте мұрагерлікке шақырылады. 2007 жылы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасы АК өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасы заңы қабылданды. Өзгертулер 2007 жылы 3 ақпанда басып шығарылған күннен бастап әрекет ете бастады. Осы заңға сәйкес заңды мұрагерлерді мұрагерлікке шақырылу реті өзгертілді, сонымен қатар заңды мұрагерлердің қатарына бірнеше тұлғалардың категориясы енгізілді. Сонымен қазіргі таңда заңды тұлғаларға мыналар жатады. – мұра қалдырушының балалары, соның ішінде өлімінен кейін туылған баласы, жұбайы, ата-анасы. – толыққанды немесе толыққанды емес ағалары мен әпкелері, ата-әжесі. – туған ағасы және жеңгесі. – арғы атасы мен әжесі. – туған жиендерінің балары және атасы- әжесінің бауырлары. – немерелерінің балалары және ағасы мен тәтесінің балалары. – өгей ағасы мен әпкесі, өгей әкесі мен шешесі.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 40; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.013 с.) |