Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Халықаралық әуе тасымалыСодержание книги
Поиск на нашем сайте Доктриналық Заңнамалық Халықаралық 1.Г.И Тулеугалиев және М.Г Тулеугалиевтың көзқарасы бойынша , тасымалдау шартының халықаралық сипаттамасы субъективті құрамымен анықталады. Тасымалдау шартына қатысушы тараптар әр түрлі мемлекеттердің заңды немесе жеке тұлғалары болып табылады. 2. автордың пікірінше,халықаралық тасымалдау дегеніміз - мүліктерді және жолаушыларды бір мемлекеттен екінші мемлекетке жеткізу немесе транзитпен жүктерді, жолаушы бір мемлекеттен екінші мемлекетке жеткізу немесе транзитпен жүктерді, жолаушыларды өткізу. 3.Х.И Шварцтың пікірінше, халықаралық тасымалдау шарты болып табылу үшін жүкті жөнелту орны мен жүкті қабылдап алу орны әр түрлі мемлекеттерде орналасуы тиіс. Көптеген ғылыми әдебиеттерде тасымалдау қатынастарына байланысты шетелдік элементті жүктің бір мемлекеттен екінші мемлекет аумағына тасымалдану үрдісі кезінде іздеу керек деп көрсетілген. Осы тұжырымдамадан шығатын қорытынды: халықаралық тасымалдау болып табылу үшін келесідей 2 критерийге сай болу керек: 1.Жүктің бірнеше (екі немесе одан да көп) мемлекеттер аумағы арасында тасымалдануы. 2.Осы тасымалдау үрдісінің шартын анықтайтын халықаралық келісімшарттың болуы. Халықаралық тасымалдау кезінде кеңістік 2 критерий жүзеге асады: 1.Жүк жөнелту мен жүкті қабылдап алу пункттері әр түрлі мемлекеттерде орналасуы. 2.Жүк жөнелту мен жүкті қабылдап алу пункттері бір мемлекет аумағында орналасқан, бірақ тасымалдау кезінде басқа мемлекет аумағында аялдама жасайды. Тасымалдау шартының халықаралық сипаттамасы заңнамалық тұрғыдан әр түрлі мемлекеттердің ішкі заңнамасымен анықталады. Көп нормалар атап көрсететіндей ол аумақтық қағидаға сүйенеді. Демек, жүкті жіберу орны мен жүкті қабылдап алу орнындарының әр түрлі мемлекетте орналасуын көздейді.
Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284-II қабылдаған Заңында теңіз арқылы тасымалдаудың халықаралық сипаттамасы анықталмаған Теңіз арқылы жүк тасымалдау туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының 1978 жылы 31 наурызда қабылданған Конвенциясы. (Гамбург ережелері)Конвенция екі әр түрлі мемлекеттердің арасындағы барлық теңіз тасымалдау шарттарына қолданылады. Егер: а) теңіз тасымалдау шартында көрсетілген жүкті жөнелту порты келісуші мемлекеттердің бірінде орналасқан болса; b) Теңіз тасымалдау шартында көрсетілген жүкті қабылдап алу порты келісуші мемлекеттердің бірінде орналасқан болса; c) Теңіз тасымалдау шартында көрсетілген жүкті қабылдап алу опционды порттардың біреуі келісуші мемлекеттің бірінде орналасқан болса; d) Коносамент немесе теңіз тасымалдау шартын расайтын басқа құжат келісуші мемлекеттің бірінде берілген болса; e) Коносаментте немесе теңіз тасымалдау шартын растайтын басқа құжатта шарт осы Конвенцияның нормаларымен немесе осы Конвенцияның нормаларын заңды үшіне енгізген кез келген мемлекеттің заңнамасымен реттелетіндігі қарастырылса. Осы Конвенцияның нормалары кеменің, тасымалдаушының, нақты тасымалдаушының, жүк жіберуші мен қабылдап алушының және басқа да мүдделі тұлғаның ұлттық қатысталығына тәуелсіз қолданылады.
Тасымалдау шартында әр түрлі құқықтық субъектілер қатысады. Халықаралық тасымалдау субъектісі ереже бойынша жеке және заңды тұлға табылады. Шарттың бір тарабы ретінде тасымалдауға мүдделі және осы тасымалдау үшін белгілі бір ақшалай сыйақыны төлеуге дайын тұлға танылады; тасымалдау шартының екінші тарабы ретінде көлік құралын иеленуші және белгілі бір сыйақы үшін жөнелту бойынша қызметті жүзеге асырушы тұлға қатысады. Шарт бойынша бір тарап болып табылатын тасымалдаушы ретінде көлік ұйымы, яғни тасымалдаушы танылады, бірақ «тасымалдаушы» деген ұғымның өзі эволюцияға ұшырады. Англо-саксондық, француз, неміс құқығы бойынша тек қана тасымалдау шартын жасасқан көлік құралын меншіктеуші (Shipowner – англ; Ship Her – неміс; le bourdeois de Navire - француз).Француз және неміс құқығында «көлік иеленушімен» (armature, Reeder) қатар «фрахтователь»(freteur, Verfracher) термині пайда болады, осындай өзгерістер Солтүстік Еуропаның көптеген елдерінде және Голландияда пайда болды. АҚШ –та олар freight/ contractors деп аталады. 1921 жылы Гаага ережесінде «тасымалдаушы» термині енгізілді ( transporteur – франц., carrier – ағыл.; transportowiec – поляктық) Халықаралық тасымалдауда тасымалдаудың бірнеше түрі бар: 1. Теңіз тасымалдауы. 2. Әуе тасымалдауы. 3. Теміржол тасымалдауы. 4. Автокөлік тасымалдауы. 5. Аралас тасымалдау. §2 Теміржол тасымалы. Соның ішінде, көп уақыт бойы теміржол тасымалдауы ең маңызды келісімдердің бірі болып «Жүкті және жолаушыны теміржол тасымалдауы туралы» Берн Конвенциясы танылды. 1980 жылы Берн Конвенциясын қайта қарау конференциясында жаңа халықаралық теміржол тасымалдауы туралы келісім (КОТИФ) қабылданды. Оған 38 мемлекет қатысты. КОТИФ ережесі бойынша жүкті мерзімінен кешіктіріп жеткізгені үшін жүкті қабылдап алушы зиян шеккен жағдайда оған жүкті тасымалдау үш есе етіп қайтарылады. Біздің Қазақстан Республикасында 2001 жылы 8 желтоқсанда “Теміржол көлігі туралы” Заң қабылданды. Осы Заңның 65-бабына сәйкес, «жолаушыны тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы оған жол жүру құжатына сәйкес, пойызда орын беріп, оны баратын жеріне жеткізуге міндеттенеді, ал жолаушы жол жүру ақысын төлеуге міндетті». Тасымалдау жөніндегі міндеттемелерді орындағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тасымалдаушылардың өзара жауапкершілігі болады. Темір жол тасымалы шеңберінде келесідей арнайы мамандандырылған халықаралық ұйымдар бар: Темір жол ынтымақтастық ұйымы (ОСЖД), Жүк вагонының жалпы паркі (ОПВ). ОСЖДның басты мақсаты болып Халықаралық жолаушы және жүк таситын қатынастар келісіміне іс жүргізу болып табылады. ОПВ-ның мақсаты европалық елдердің мамандандырылған халықаралық ұйымы, жалпы паркке қатысушылармен жіберілген теміржол вагондарын бірлесіп пайдалану үшін құрылған. Бас орынды Берндегі Халықаралық темір жол қатынастарының Орталық Бюросы алады. Бұл ұйымның басты мақсаты МГК және МПК іс жүргізу және қайта қарастыру болып табылады. Бұл ұйым құқықтық материал мен сот тәжірибесін жүйелі түрде жариялайды. Маңызды рөлді үкіметаралық емес ұйым – Берндегі Теміржол көлігі жөніндегі комитет алады. Европалық Экономикалық Комиссияның Ішкі транспорт жөніндегі комитеті 1947 жылы БҰҰның Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің IV сессиясының шешімімен құрылды. Бұл кеңес Европалық Экономикалық Комиссияның темір жол, автокөлік және теңіз тасымалы мәселелері бойынша кеңес беруші орган болып табылады және көлік саласында қатысушы мемлекеттердің арасында ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Қазақстан Республикасы 2001 ж. 8 желтоқсанда (10.07.2012 –өзгерістер еңгізілді) «Темір жол көлігі» туралы Заңын қабылдады. Осы Заң темiр жол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерi тасымалдарын жүзеге асыру кезiндегi тасымалдаушылар, тасымал процесiне қатысушылар, мемлекеттiк органдар, жолаушылар, жөнелтушiлер, алушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Қазақстан темір жол қызметінің заңи базасы. Қазақстан Республикасы 2001 ж. 8 желтоқсанда Темір жол көлігі туралы Заңының 3 бабына сәйкес, Темiр жол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және шарттарда жүзеге асырылады. Тасымалдаушы осы Заңда және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделгеннен басқа жағдайларда, ақысын төлеген және жол жүру немесе багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдарына арналған тасымалдау құжаттарын дұрыс ресiмдеген қызмет пайдаланушыларға тасымал жасаудан бас тартуға құқығы жоқ. Темiр жол көлiгi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. Әскери және арнайы тасымалдарды ұйымдастыру, қамтамасыз ету және орындау ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi. Магистралдық темiр жол желiсi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында ортақ пайдаланылатын темiр жол көлiгiнiң объектiсi болып табылады, жекешелендiруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн шарттармен және тәртiппен Ұлттық темiр жол компаниясына берiледi. Магистралдық темiр жол желiсiне жатпайтын темiр жолдар жеке пайдалану объектiсi болып табылуы және жеке меншiкте болуы мүмкiн. Магистральдық темiр жол желiсiне жатпайтын темiр жолдарды салу (қайта жаңарту), сондай-ақ кейiннен пайдалану концессия шарттары негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн. Тасымалдаушылар магистралдық темiр жол желiсi бойынша тасымалдарды магистралдық темiр жол желiсiн пайдалану ережелерiне сәйкес жүргiзедi. Тасымалдаушы магистралдық темiр жол желiсi көрсеткен қызметтер үшiн магистралдық темiр жол желiсiнiң операторына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мөлшерде ақы төлейдi. Магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы магистралдық темiр жол желiсi көрсететiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткiзудi қамтамасыз етуге және тасымалдаушыларға магистралдық темiр жол желiсiн пайдалануға бiрдей құқық беруге мiндеттi. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, өткiзу қабiлетiнiң шектелуiне байланысты тасымалдаушыларға поездар қозғалысының нақты бағытында магистралдық темiр жол желiсiн пайдалануға беру мүмкiндiгi болмаған кезде, тасымалдау тасымалдаушылардың магистралдық темiр жол желiсi көрсететiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткiзу ережелерiнде көзделген тәртiппен конкурстық негiзде жүзеге асырылады. Ұлттық темiр жол компаниясы магистралдық темiр жол желiсiн салуды, күтiп ұстауды және жаңғыртуды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен бағдарлама бойынша жүзеге асырады. Осы Заңға сәйкес, жаңа магистралдық жолдар салу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады. Магистралдық темiр жол желiсiн пайдалану кезiнде туындайтын мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, магистралдық темiр жол желiсiн пайдалану ережелерiнде, сондай-ақ осылардың негiзiнде жасалатын шарттарда белгiленген негiздер бойынша және мөлшерде жауаптылықта болады. Мемлекеттiк меншiк болып табылатын темiр жол бойынша темiр жол қатынасын тоқтатуды Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Тасымалдау шарттарының мiндеттi талаптары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда және соларға сәйкес шығарылған тасымалдау ережелерiнде белгiленедi. Тараптар тасымалдау шарттарының өзге де талаптарын белгiлеуге ерiктi. Жолаушылар тасымалын ұйымдастырған кезде Ұлттық темiр жол компаниясы мен тасымалдаушылардың мемлекеттiк басқару органдарымен өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарт талаптарымен жүзеге асырылады. Тасымалдаушы өздерiнiң құзыретiне сәйкес мәлiмделген ерекше маңызды тасымалдарды жүзеге асыру туралы мемлекеттiк органдардың жазбаша нұсқауларын (шешiмдерiн) орындауға мiндеттi. Тиiстi нұсқауларда (шешiмдерде) осындай тасымалдар үшiн есеп айырысу тәртiбi мен мерзiмдерi туралы мәлiметтер болуға тиiс. Темiр жол көлiгiмен халықаралық қатынаста және транзитпен жолаушыларды, багажды, жүктi және жүк-багажды тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Локомотивтiк тартқыш операторы шарттар негiзiнде және уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен локомотивтiк тартқыш қызметтерiн көрсетедi. Тартқыш көлiк құралының (локомотивтiң) иесi бiрiншi кезекте арнайы және әскери тасымалдарды орындау үшiн ұлттық тасымалдаушыға локомотивтiк тартқыш көрсететiн қызметтердi ұсынуға мiндеттi.
Темір жол тасымалымен жүкті тасымалдауды ұйымдастыру және басқару. Осы Заңның 36-бабына сәйкес, жүк тасымалдау шартына сәйкес тасымалдаушы жүк жөнелтушi өзiне сенiп тапсырған жүктi оның тасымалдау талаптарын сақтай отырып, баратын темiр жол станциясына дер кезiнде әрi сол күйiнде жеткiзiп беруге және жүк алушыға тапсыруға мiндеттенедi, ал жүк жөнелтушi (жүк алушы) жүк тасымалына ақы төлеуге және оны қабылдап алуға мiндеттенедi. Темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдау шарты темiр жол көлiгi жүкқұжатын толтыру арқылы ресiмделедi. Жүк жөнелтушiге темiр жол көлiгi жүкқұжатының негiзiнде жүк қабылданғаны туралы квитанция берiлген кезден бастап жүк тасымалдау шарты жасалды деп есептеледi. Тасымалдау шартының талаптарын өзгерту, соның iшiнде жүктiң барар жерiн өзгерту тараптардың келiсiмi бойынша тасымалдау ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады. Кедендiк бақылаудағы жүктiң барар жерiн өзгерту тиiстi кеден органының келiсiмi болған кезде жүргiзiледi. Кедендiк бақылаудағы жүктi тасымалдау адамдардың денсаулығы мен өміріне, жүру қауiпсiздiгiне, экологиялық қауіпсiздiкке, жүктiң сақталуы мен сапалық жай-күйiне қатер төндiрген жағдайда жүктiң барар жерiн өзгерту, кеден органын белгiленген мерзiмде мiндеттi түрде хабардар ете отырып, олардың келiсiмiнсiз жүзеге асырылады. Бұдан әрi тасымалдау жүру қауiпсiздiгi мен жүктiң сақталуына қатер төндiретiн жағдайда, тасымалдаушы жүк жөнелтушiнi (жүк алушыны) хабардар ете отырып, жүктi қайта тиеуге құқылы. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар өздерінің құзыретiне сәйкес жүкті тасымалдаушыдан алып қоюға құқылы. Бұл орайда тасымалдаушының жүктi тасымалдау және сақтау жөнiндегi шығыстарын, сондай-ақ оған келтiрiлген зиянды кiнәлi тарап өтеуге тиiс. Жүк тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт бойынша тасымалдаушы жүктi белгiленген мерзiмдерде қабылдауға, ал жүк жөнелтушi жүктi тасымалдауға келiсiлген көлемде тапсыруға мiндеттенедi. Жүк тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартта тасымал көлемдерi, мерзiмдерi, сапасы, көлiк құралдарын берудiң және жүктердi тасымалдауға ұсынудың талаптары, сондай-ақ тасымалдауды ұйымдастырудың осы Заңда және тасымалдау ережелерiнде көзделмеген басқа да талаптары белгiленедi. Тасымалдаушы мен жүк жөнелтушi жүйелi түрде тасымалдауды жүзеге асыру қажет болған кезде тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұзақ мерзiмдi шарт жасауы мүмкiн. Жүктiң баратын жерiне жеткiзiлгенi туралы хабарланған кезден бастап тасымалдау шарттары бойынша құқықтар мен мiндеттер жүк алушыға ауысады. Жүк алушы жүк жөнелтушiнiң дұрыс емес iс-әрекеттерi салдарынан тасымалдаушыға төленген шығыстар мен залалдардың орнын толтыруды жүк жөнелтушiден талап етуге құқылы. Жүк тасымалдау ережелерi жалпы ережелердi қамтиды, сондай-ақ мыналарды: 1) тасымалдарды жоспарлау; 2) тасымалдау жоспарын орындаудың есеп карточкасын жасау; 3) жүктердi тасымалдауға қабылдау; 4) жүктердi беру; 5) вагондар мен контейнерлердi пломбалау үшiн бекiту-пломбалау құрылғыларын қолдану; 6) жүкқұжаты мен тасымалдау құжаттарын ресiмдеу; 7) жаппай тасымалданатын жүктердi маршруттармен және вагондар тобымен бiр жүкқұжаты бойынша тасымалдау; 8) құндылығы жарияланған жүктердi тасымалдау; 9) жүктi вагон таразыларында өлшеу дәлдiгi нормалары; 10) жүк массасының табиғи азаю нормалары; 11) тасымалдар бойынша есептер; 12) вагондарды беруге-алып кетуге шарттар жасасу және осындай шарттардың мiндетті талаптары; 13) тиеу және түсiру мерзiмдерi; 14) жеткiзiп беру мерзiмдерiнiң және жеткiзiп беру мерзiмдерiн есептеу ережелерi; 15) сақтау; 16) жүктi ұстап қалу, жүктердi мемлекеттiк органдарға тапсыру; 17) жүктiң барар жерiн өзгерту, жүк жөнелтушiге қайтару; 18) бос және үйiп тиелген жүктi тасымалдау; 19) ашық жылжымалы құраммен тасымалдау; 20) жолсерiктердiң жолбасшылығы арқылы тасымалдау; 21) жөнелтушi маршруттарымен тасымалдау; 22) ұсақ және шағын тонналық жөнелтiлiмдермен тасымалдау; 23) контейнерлермен және көлiктiк пакеттермен тасымалдау; 24) мұз болып тоңазыған жүктердi тасымалдау; 25) тез бүлiнетiн жүктердi тасымалдау; 26) жануарлар мен құстарды тасымалдау; 27) ветеринариялық, фитосанитариялық бақылауға жататын жүктердi тасымалдау; 28) тар табанды темiр жолдармен тасымалдау; 29) актiлер жасау; 30) вагондар, контейнерлер, түсiретiн тасымалдау аспаптары бөлiктерiнiң құнын өтеу; 31) сұйық жүктердi құйып алу арқылы вагон-цистерналарда және бункерлiк жартылай вагондарда тасымалдау; 32) қауiптi жүктердi тасымалдау; 33) арнайы зерттеулер мен сараптамалар жүргiзу талаптары мен тәртiптерiн; 34) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де талаптарды белгiлейдi. Жүк тасымалдау ережелерiн сақтауына бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. Жүктi тиеудi және түсiрудi (жүктен босатуды) тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi (жүк алушы) тасымалдау ережелерiнде немесе шарттарында көзделген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырады. Кедендiк тексерiп қарау мақсатында орналасуы кеден органдарымен келiсiлген ортақ пайдаланылатын кiрме жолдарда жүктi, жүк-багажды вагондарға, контейнерлерге тиеудi, сондай-ақ олардан түсiрудi тасымал үрдісіне қатысушылар жүзеге асыруы мүмкiн. Бұл қызмет Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген кедендiк тексерiп қарау актiсi көрсетiлген кезде ғана жүзеге асырылады. Тасымалдау процесiне қатысушылардың тауарларды тиеуге (түcipугe), зақымдалған буманы жөндеуге, буманы ашуға, буып-түюге немесе қайта буып-түюге, сондай-ақ вагондарды, контейнерлердi беруге және алып кетуге, санитарлық паспорттар беруге, жүктердi, контейнерлердi сақтауға байланысты шығыстары және кеден органдарының не өзге де мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының бастамасы немесе нұсқауы бойынша осы жұмыстарды орындауға байланысты туындаған басқа да шығыстары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мөлшерде жүк жөнелтушілер, жүк алушылар есебiнен өтеледi. Жүк жөнелтушi жүктi тасымалдауға жүру қауiпсiздiгi, жүктiң және жылжымалы құрамның сақталуы қамтамасыз етiлетiндей етiп дайындауға мiндеттi. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының құралдарымен жүктi тиеуге, түсiруге (жүктен босатуға) вагондар, контейнерлер беру уақыты туралы берерден кемiнде екi сағат бұрын оларды хабардар етуге мiндеттi. Егер тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартта өзгеше белгiленбесе, тасымалдаушы тасымалдау ережелерiнде көрсетiлген тәртiппен жүктiң баратын станцияға жеткiзiлгендiгi туралы жүк келген күннен кейiнгi тәулiкте күндiзгi сағат он екiден кешiктiрмей жүк алушыны хабардар етуге мiндеттi. Егер шарт талаптарында көзделген болса, тасымалдаушы жүк алушыға немесе экспедиторға оның атына жүк келе жатқандығы туралы алдын ала хабар беруi мүмкін. Жүк алушы өзiнiң атына келген жүктi қабылдап алуға, жылжымалы құрамды босатуға және оны тазалауды қамтамасыз етуге мiндеттi. Жылжымалы құрамды тазалау тасымалдау ережелерiнде көрсетiлген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Темiр жол көлiгi жүкқұжаты. Тіркеме қағаз (накладная) және оны қолдану міндеттемелері. Жүк жөнелтушi жүктi тасымалдауға ұсынған кезде тасымалдаушыға әрбiр жөнелтiлiм үшiн темiр жол көлiгi жүкқұжатын, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қажеттi жағдайларда өзге де құжаттарды (сертификатты, лицензияны, ветеринариялық куәлiктi, кедендiк декларацияларды) тапсыруға мiндеттi. Темiр жол көлiгi жүкқұжаты мен өзге де тасымалдау құжаттарының нысаны, оларды ресiмдеу тәртiбi тасымалдау ережелерiмен белгiленедi. Жүк жөнелтушi жүкқұжатқа енгiзiлген мәлiметтердiң дұрыстығы, сондай-ақ ол темір жол көлiгi жүкқұжатында көрсеткен мәлiметтердiң қателiгiнен, дәл еместiгiнен немесе толық еместiгiнен болған барлық зардаптар үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жауаптылықта болады. 1. Тасымалдаушы темiр жол көлiгi жүкқұжатында көрсетiлген мәлiметтердiң дұрыстығын тексередi, ол үшiн: 1) жүкке тексеру жүргiзуге; 2) жүк жөнелтушiден, жүк алушыдан, экспедитордан және вагондардың (контейнерлердiң) операторынан заңды тұлғаның тiркелгендiгi туралы нотариус куәландырған куәлiктiң көшiрмесiн алуға; 3) жүк жөнелтушi, жүк алушы, экспедитор және вагондардың (контейнерлердiң) операторы ретiндегi жеке тұлғалардың өз басын куәландыратын құжаттарын тексеруге құқылы. Жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, экспедитордың өкiлi тасымалдаушыға жүктi қабылдауға (жөнелтуге) немесе беруге (алуға) сенiмхат тапсыруға мiндеттi. Жүк жөнелтушi, жүк алушы, экспедитор жүктi қабылдағанға немесе бергенге дейiн тасымалдаушыға хабарлауға мiндеттi. СМГС жағдайларына сәйкес, Жүктерді тасымалдаудың тікелей халықаралық теміржол қатынасы біртұтас үлгідегі құжаттармен рәсімделеді. Комплект бес парақтан тұрады: 1. Тіркеме қағаздың түпнұсқасы –жіберуді келісілген станцияға дейін жүзеге асырады және жүкпен, оның келуі туралы ескерту қағазымен алушыға беріледі. 2. Жол тізімі -жіберуді келісілген станцияға дейін жүзеге асырады және сол жолда қалады. 3. Тiркеме қағаздың дубликаты –тасымалдау шартын бекіткеннен кейін жіберушіге беріледі. 4. Жүкті беру парағы -жіберуді келісілген станцияға дейін жүзеге асырады және келісілген жолда қалады. 5. Келуі туралы ескерту парағы -жіберуді келісілген станцияға дейін жүзеге асырады және жүк пен оның тіркеме қағазының түпнұсқасымен бірге алушыға беріледі. Тасымалдау төлемдерін төлеу реті. Тасымалдау ақысы. СМГС бойынша тасымалдау ақысы келесідей жүзеге асырылады: - жіберу елінің теміржолымен жүкті тасымалдау – жіберушімен, жіберу станциясында; - келісілген мемлекеттің теміржолымен жүкті тасымалдау – алушымен, келісілген станцияда; - транзиттік жолмен тасымалдау ақысы жіберушіден немесе алушыдан, өздерінің ішкі сауда келісімдеріне байланысты; Жүк тасымалдау ақысын және тасымалдаушыға тиiстi өзге де төлемдердi жүк жөнелтушi, экспедитор жүк жөнелтiлгенге дейiн төлейдi. Бұл орайда жүк тасымалдау ақысы жүк тасымалы жүзеге асырылатын ең қысқа ара қашықтыққа есептеп алынады және беруге байланысты түпкiлiктi есеп айырысуды жүк алушы жүк жеткiзiлген кезде жүргiзедi. Жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, экспедитордың тасымалдар үшiн берешегi болған, сондай-ақ олар төлемдердi дер кезiнде жасамаған жағдайда, бұдан кейiн тасымалдаушы борыш өтелгенге дейiн тасымалдау шартын жасасудан бас тарта алады. 4. Кiнәлi тарап (жүк жөнелтушi, жүк алушы, экспедитор) тасымалдаушыға вагондар мен контейнерлердi пайдаланғаны үшiн ақыны бүкiл кiдiрiс уақытына қоса төлейдi. Жүк тасымалына ақы - жүктi тасымалдауға қабылдаған күнi, ал жүк жеткізілген кезде есеп айырысқан ретте жүк берiлген күнi төленедi.
Тасымалдаудан туындайтын міндеттемелербойынша жауапкершілік. Тасымалдаудан туындайтын мiндеттемелердi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда және темiр жол көлiгi саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, тасымалдау ережелерiнде, сондай-ақ осылардың негiзiнде жасалған шарттарда белгiленген негiздер бойынша және мөлшерде жауапты болады. Мiндеттеменi бұзған тарапты жауапқа тарту, құқығы бұзылған тараптың талап етуi бойынша ғана жүргiзiледi. Тараптардың жауапкершiлiктi шектеу немесе жою мақсатындағы келiсiмдерi жарамсыз болып табылады. Тараптар өзара келiсiм бойынша жауапкершiлiк мөлшерiн ұлғайта алады, сондай-ақ тасымалдау шарты бойынша қосымша жауапкершiлiк көздей алады. Тасымалдау жөнiндегi мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тасымалдаушылардың өзара жауапкершiлiктерi жүктердi, жолаушыларды тасымалдау ережелерiнде, сондай-ақ тасымалдаушылар арасындағы шарттарда белгiленедi. Тасымалды бiрнеше тасымалдаушы жүзеге асырған жағдайда олар жөнелтушiнiң (жүк жөнелтушiнiң), алушының (жүк алушының) алдында багаждың, жүктiң, жүк-багаждың жоғалғаны, жетiспеушiлiгi, бұзылғаны (бүлiнгенi), жеткiзiп беру мерзiмiн өткiзiп жiбергенi үшiн ортақ жауапкершiлiкте болады. Егер тасымалдаушы басқа тасымалдаушының, жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, тармақ иеленушiнiң, экспедитордың кiнәсiнен жауапқа тартылса, оның кiнәлiлерге керi талап қоюға құқығы бар. Тасымалдаушы жолаушының өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес жауапты болады. Жолаушының өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиян үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi жолаушының поезда отырған және вокзал аумағында поезға отырғызу (одан түсiру) кезiнде туындайды. Тасымалдаушы жүктi, багажды, жүк-багажды тасымалдауға алған кезден бастап жүк алушыға, алушыға берген кезге дейiн олардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Багажды, жүктi, жүк-багажды жоғалтқаны, оның жетiспеуi, бұзылуы (бүлiнуi) үшiн мүлiктiк жауапкершiлiк оларды қабылдаған - тапсырған кезден бастап ауысады. Тасымалдауға құндылығы жарияланбай қабылданған жүктi жоғалтқаны, оның жетiспеуi немесе бұзылуы (бүлiнуi) үшiн тасымалдаушы мына мөлшерде: 1) жоғалтқан немесе жетiспеген жағдайда - жоғалған немесе жетiспеген жүктiң құны мөлшерiнде; 2) бұзылған (бүлiнген) жағдайда - жүктiң құны төмендеген сома мөлшерiнде жауапты болады. Жүктiң құны сатушының шотында, шартта көрсетiлген баға негiзге алынып, ал ол болмаған кезде салыстырмалы жағдайларда осыған ұқсас тауарлар үшiн алынатын баға негiзге алынып анықталады. Тасымалдауға құндылығы жарияланып тапсырылған багаж бен жүк-багажды, сондай-ақ жүктi жоғалтқаны, олардың жетiспеуi немесе бұзылуы (бүлiнуi) үшiн тасымалдаушы жарияланған құндылығы мөлшерiнде жауапты болады. Багаж, жүк, жүк-багаж жеткiзiп беру мерзiмiнен жетi күн өткеннен кейiн жоғалды деп есептеледi. Багаж, жүк, жүк-багаж аталған мерзiм өткеннен кейiн келген жағдайда, алушы оларды қабылдай алады және тасымалдаушының жоғалтқаны үшiн төлеген сомасын қайтара алады. Егер тасымалдаушы жүктiң немесе багаждың жоғалуы, жетiспеуi немесе бұзылуы (бүлiнуi) өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, жүктiң немесе багаждың жоғалуына жауап бередi. Темiр жол көлiгi жүкқұжатында көрсетiлген мәлiметтерге сәйкес келмейтiн жүктi берген жағдайда, мұндай жүктi тасымалдаушы тиеген болса, ол жүк алушы алдында жүктiң темiр жол көлiгi жүкқұжатында көрсетiлген құны мөлшерiнде, оны жоғалтқанмен бiрдей жауапкершiлiкте болады. Тасымалдаушы қабылданған өтiнiмге сәйкес көлiк құралдарын бермегенi, ал жүк жөнелтушi жүктi ұсынбағаны, сондай-ақ берiлген көлiк құралдарын пайдаланбағаны үшiн, айлық есептiк көрсеткiш шамасынан мынадай мөлшерде пайызбен есептелетін айыппұл түрінде өзара мүлiктiк жауапкершiлiкте болады: 1) жүктi контейнерлермен тасымалдағанда: брутто салмағы қоса алғанда бес тоннаға дейiн әр контейнер үшiн он бес пайыз; брутто салмағы қоса алғанда бес тоннадан он тоннаға дейiн әр контейнер үшiн отыз пайыз; брутто салмағы он тоннадан артық әр контейнер үшiн алпыс пайыз; 2) жүктi рефрижератор вагондардан, транспортерлардан басқа вагондарда тасымалдаған кезде - әр вагон үшiн бiр жүз елу пайыз; 3) рефрижератор вагондарда, транспортерларда тасымалдаған кезде - әр вагон, транспортер үшiн екi жүз тоқсан пайыз. Жүктi (вагондармен ғана тасымалдау белгiленген) тар табанды темiржол желiлерiмен тасымалдаған кезде - осы баптың 1-тармағында көзделген айыппұлдардың елу процентi мөлшерiнде мүлiктiк жауапкершiлiкте болады. Жүк тасымалдау өтiнiмiн орындамағаны үшiн айыппұл вагондарды, контейнерлерді пайдаланғаны үшiн төлемге қарамастан алынады. Тасымалдаушының қабылданған өтiнiмге сәйкес жылжымалы құрамның берiлмегенi үшiн айыппұл төлеуi оны жылжымалы құрамды беру жөнiндегi одан әрi атқаратын мiндеттемелерден босатпайды. Жылжымалы құрам жүк жөнелтушiмен келiсiлген ұзартылған мерзiмде берiлмеген жағдайда, егер тасымалдаушы жылжымалы құрамның берiлмеуi өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, тасымалдаушы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген 5 еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi. Тасымалдаушы, жүк жөнелтушi, жүк алушы, сондай-ақ басқа да тұлғалар өздерiне тиесiлi емес вагондарды, контейнерлердi өздерiнiң тасымалдары, жүктерiн сақтауы үшiн пайдалануға, сондай-ақ олардың иелерiнiң рұқсатынсыз, егер бұл тиiстi шарттарда көзделмесе, тиеу үшiн пайдалануға құқығы жоқ. Мұндай талапты сақтамағаны үшiн кiнәлi тарап вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны үшiн ақы төлеумен қатар көлiк құралдары иесiнiң алдында вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы мөлшерiндегi айыппұл түрiнде мүлiктiк жауапкершiлiкте болады. Вагонға, контейнерге жүк көтерiмдiлiгiнен (сыйымдылығынан) артық жүк тиегенi үшiн жүк жөнелтушiден тасымалдаушының пайдасына келтiрiлген залалдарды өтеумен қатар, тасымал ақысының елу пайызы мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алынады.
Халықаралық әуе тасымалы дегеніміз- әуе кемесі қонатын кем дегенде бір пункт басқа мемлекеттің аумағында орналасуы. Жолаушылар мен жүктерді әуе арқылы тасымалдау 1929 жылы қабылданған халықаралық әуе тасымалы туралы Варшава Конвенциясымен реттеледі. 1933 жылы бұл конвенция Гаага хаттамасымен толықтырылады. Конвенцияға 100- ден астам мемлекет қатысады. Олар сәйкесінше Гаага хаттамасын да ратификациялады. Конвенцияда әуе тасымалдау құжаттарына қойылатын талаптар, тасымалдану кезінде жіберушінің жүкті иелену құқығы, белгіленген жерде жүкті беру және жүк иеленуші мен жолаушылар алдындағы тасымалдаушының жауапкершілігі туралы маңызды мәселелер қамтылады. Варшава конвенциясы әуе тасымалына қатысты барлық жағдайларды анықтамайды. Әуе тасымалы кезінде жіберуші пункті мен қабылдау пункті бір мемлекетте орналасса, бірақ әуе кемесі осы конвенцияға қатыспайтын басқа мемелекеттің аумағында аялдаса конвенцияның күші бұл мемлекеттерге де таралады. Варшава конвенциясы бойынша тасымалдаушының жауапкершілігі шектеулі. Яғни, 1 кг салмақ үшін 250 франкпен белгіленген. Жеткізілген жүктің толық сақталуының қамтамасыз етілуіне байланысты жүкті қабылдап алған күннен бастап 14 күн ішінде сотқа арыз беріледі. Ол мерзім өтіп кеткен жағдайда талапкер сотқа шағымдану құқығынан айырылады. Тасымалдаушы келесідей жағдайларда келтірілген зиян үшін жауапкершілікке тартылады: жолаушының өлімі немесе кез келген дене жарақатын алса, егер зиян келтіретін төтенше жағдай әуе кемесінің бортында немесе отырғызу, түсіру операцияларын жүргізу кезінде болса, тіркелген қолжүгінің, жүктің бүлінуі, жоғалуы не кем шығуы жағдайларында, сонымен қатар зиян әуе тасымалдауын жүзеге асыру барысында орын алған болса, тасымалдаушы зиянның алдын алу үшін барлық амал- шараларды қолданған немесе ондай шараларды қолдану мүмкін емес болғандығын дәлелдесе, жауапкершіліктен босатылады. Варшава конвенциясы зиян келтірілген жағдайда зиян орнын толтыру мөлшерін және жолаушылар өлімі болған жағдайда жауапкершілікке тартылатын тұлғалар туралы мәліметтерді қамтымағандықтан әр мемлекеттің соты ұлттық заңнамаларға немесе қалыптасқан тәжірибеге сүйене отырып аталған мәселелерді шешеді. Мұндай мәселелер сот елінің заңы бойынша, тасымалдаушының заңымен немесе тасымалдау шарты бекітілген елдің заңымен шешілуі мүмкін. [18] Әуе кеңістiгi бақыланатын әуе кеңiстiгiне және бақыланбайтын әуе кеңiстiгiне бөлiнедi. - Бақыланатын әуе кеңiстiгi деп радиолокациялық құралдармен бақыланатын кеңiстiк түсiнiледi, онда аэронавигациялық ұйымдар тарапынан ұшуға тiкелей басқару қамтамасыз етiледi; - Бақыланбайтын әуе кеңiстiгi деп радиолокациялық құралдармен бақыланбайтын кеңiстiк түсiнiледi. Бақыланатын әуе кеңiстiгiнде әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлiк және ұшу-ақпараттық болуы мүмкiн. Бақыланбайтын әуе кеңiстiгiнде әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлiк, ұшу-ақпараттық және консультациялық болуы мүмкiн. Бұдан басқа, авариялық жағдайлар туындаған кезде, әуе қозғалысына авариялық қызмет көрсетiлуi ықтимал.[19]
Халықаралық әуе тасымалы саласындағы халықаралық ұйымдар. Халықаралық әуе тасымалы саласындағы әмбебап халықаралық ұйым – Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы (ИКАО).Біріккен ҰлттарҰйымының мамандандырылған органы болып табылады. 1944 жылғы 7 желтоқсандағы Халықаралық азаматтық авиация туралы Чикаго Конвенциясының қабылдануының нәтижесінде 1947 жылы құрылған. 190 мемлекет оның мүшесі болып табылады. ИКАО халықаралық азаматтық авиация қызметінің мәселелеріне байланысты халықаралық стандарттар әзірлейді. Олар «халықаралық авиациялық регламенттер» деп аталады. Ашық теңіз үстінен ұшқан жағдайдан басқа кездері бұл регламенттердің міндеттілік сипаты жоқ. Мемлекеттер өзінің ұлттық заңнамаларының тәжірибесіне сүйеніп немесе басқа мемлекеттермен қарым- қатынас жағдайларын ескере отырып ол регламенттерді орындауға немесе бас тартуға құқығы бар. Халықаралық Азаматтық Авиациялық Ұйымы қызметін келесідей бағыттарда жүзеге асырады: · әуе кемесін басқару (фэронавигация); · әуе тасымалын қаржыландыру; · халықаралық әуе құқығы; · халықаралық азаматтық авиацияның қызметіне заңсыз қолсұғушылықпен күресу; · техникалық көмек көрсету; Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымынан басқа әуе тасымалдау саласында ынтымақтастықты жүзеге асыратын аймақтық әуе ұйымдары – Азаматтық Авиацияның Еуропалық Конференциясы (ЕКАК), Африканың Азаматтық Авиация Комиссиясы (АФКАК), Араб елдерінің азаматтық авиация Кеңесі (КАКАС).
Әуе тасымалын реттейтін негізгі халықаралық конвенциялар: § Халықаралық әуе тасымалдауына байланысты кейбір ережелерді унификациялау туралы Конвенция (1929 ж. Варшава ковенциясы). Бұл конвенцияға толықтырулар келесідей протоколдармен енгізілген: 1955 ж. Гаага хаттамасы – тасымалдау құжаттарын рәсімдеуге байланысты жеңідіктерді қарастырды және жолаушыларды тасымалдау кезінде тасымалдаушының шектеулі жауапкершілік мөлшерін 250000 француз алтын франкіне дейін көтеруді енгізді. Хаттамаға 112 мемлекет қатысады. 1963 ж. 1 тамызда заңды күшіне енді. 1971 ж. Гватемала хаттамасы – жолаушыларға қатысты тасымалдаушының жауапкершілігін 100000 АҚШ долларына дейін көтерді және тасымалдау құжаттарын рәсімдеуді жеңілдетуді енгізді. Яғни хаттама бойынша құжаттар электрондық нұсқадағы мәліметтермен ауыстырыла алатындығын белгіледі. Сонымен қатар ұлттық заңнама негізінде залалдың орнын қосымша толтыру туралы өзгеріс енгізді. Алайда бұл хаттама тек қана 11 мемелектпен ратификацияланып, заңды күшіне енген жоқ. 1975 ж. Монреаль хаттамасы. § Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенция (1944 ж. Чикаго конвенциясы) – 26 мемлекет ратификациялағаннан кейін 1947 ж. 4 сәуірде күшіне енді. Конвенция бойынша әрбір мемлекет өзінің аумағының үстіндегі әуе кеңістігіне қатысты толық және айырықша құқықты иеленеді және ешбір халықаралық тұрақты рейстер мемлекеттің алдын ала келісімінсіз оның аумағының үстіндегі әуе кеңістігінен ұшуды жүзеге асыра алмайды. Конвенцияның 96- бабында Келісуші мемлекеттердің артықшылықтары мен шектеулері көрсетілген. 44- бабына сәйкес Чикаго конвенциясының басты мақсаттары: халықаралық азаматтық авиацияның қауіпсіз және жүйелі түрде дамуын қамтамасыз ету, әуе кемелерін жүргізу және оларды бейбіт мақсатта құрастыру өнертабыстарына қолдау көрсету, әуе кемесін жүргізу кезінде қауіпсіз ұшуға ықпал ету, әуежайлардың және аэронавигация құрылғыларының дамуына ықпал ету, Келісуші мемлекеттер арасында достық қатынастар орнату және Келісуші мемлекеттерге әуе тасымалдауымен айналысу үшін әділ мүмкіндіктер ұсыну. § Шарт бойынша тасымалдаушы болып табылмайтын тұлғалармен жүзеге асатын халықаралық әуе тасымалына байланысты кейбір ережелерді унификациялау туралы Конвенция (Гвадалахар конвенциясы 1961 ж. қабылданды, 1964 ж. заңды күшіне енді) Осындай тасымалдауларға Варшава конвенциясында бекітілген шектеулі жауапкершілік қағидасын таратады. 72 мемлекет қатысушысы болып табылады. § Үшінші тұлғаларға шетелдік әуе кемелерімен әуеде келтірілген зардаптарын өтеу туралы Конвенция (1952 ж. Рим конвенциясы). Бұл конвенцияның мазмұны бойынша әуе кемесінің салмағына сәйкесінше келтірілген залалдың орнын толтыру мөлшері шектеледі. Жауапкершілікке тартылушы тұлға ретінде эксплуатант танылады (залал келтірілген сәтте кемені иеленуші тұлға). Залал дегеніміз - өлім, дене жарақаты немесе әуе кемесінің ішіндегі мүліктің бүлінуіне ықпал ету, сонымен қатар әуе кемесінен жүктің түсіп қалуы жатады. 1978 жылы Рим конвенциясын өзгерту туралы Монреал хаттамасы қабылданды. Алайда бұл хаттама заңды күшіне енген жоқ. § Әуе кемесінің бортында жасалған құқық бұзушылықтар және басқа да әрекеттер туралы Конвенция (1963 ж. Токио конвенциясы).[20] Қазақстан Республикасының әуе тасымалын реттейтін ішкі заңнамасы: ҚР-ның әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi 4-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен авиация қызметiн реттейтiн заңдар ҚР-ның әуе кеңiстiгiн пайдалану мен авиация қызметi осы Заңмен, ҚР-ның өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ ҚР қатысушы болып табылатын халықаралық конвенциялармен және шарттармен реттеледi. Eгep ҚР бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. Бұл заң бойынша авиацияның 3 түрі қарастырылады: 1) Мемлекеттік авиация 2) Азаматтық авиация 3) Эксперименттік авиация
12-бап. Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезiнде радио алмасуды жүргiзу тiлi
Қазақстан Республикасының аумағында аэронавигациялық ұйымдар мен Қазақстан Республикасы әуе кемелерiнiң экипаждары арасындағы радио алмасу мемлекеттiк тiлде және (немесе) орыс тiлiнде, ал шет мемлекеттер әуе кемелерiнiң экипаждарымен - орыс немесе ағылшын тiлiнде жүргiзiледi. 1995 жылғы ҚР Заңына сәйкес тасымалдаушының қосымша құқықтары: Жүк жөнелтуші, жүк иесі немесе жолаушы паспорттық, кедендік, санитарлық және басқа да ҚР-ның әуе тасымалдауға байланысты Заңнамаларындағы талаптарды бұзғанда; Жолаушының әуе тасымалы кезiндегi көңiл-күйi немесе денсаулық жай-күйi немесе мiнез-құлқы осы жолаушының өзiнiң саулығына немесе әуе кемесiнiң бортындағы адамдар мен мүлiктiң қауiпсiздiгiне қатер төндiрсе, сондай-ақ басқа жолаушыларға, ол медициналық қорытындылаумен расталуға тиiс, қолайсыз жағдай жасаса және олардың қарсылығын туғызса, тасымалдаушы жолаушыны әуеде тасымалдауды бiржақты тәртiппен тоқтатуға құқылы; Жолаушы мен жүктің тасымалдану жағдайын төмендетпейтін ережелерді қабылдауға; 1995 жылғы ҚР Заңына сәйкес тасымалдаушының қосымша міндеттері: Жүктi, тiркелген теңдеме жүктi және жолаушыларды тасымалдаған кезде, жiберiлген және баратын пункттерi, жiберiлген жүк салмағы, жүктi тасымалдаудың шарттары көрсетiлген жүк құжатын беруге; Жүктің қай уақытта келетіні туралы мәлімдеуге; Әуе тасымалдау жағдайлары өзгергені туралы жұк жөнелтушіні хабарландыруға және сол жағдайдағы жүк туралы сұрауға;[21]
Жалпы, тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда тіркелген әуекомпанияларының саны 1150 шамасында болды, ал қазіргі кезде Республикамызда 56 әуекомпаниясы бар: § 6 әуекомпания ұдайы рейстер жасайды; § 17 әуекомпания чартерлік ұшуларды орындайды; § 27 әуекомпания авиациялық-техникалық, санитарлық, ауылшаруашылық жұмыстарды орындаумен айналысады;
Осы барлық тасымалдаулардың 50%-н Эйр Астана ұлттық компаниясы жүзеге асырады. • Мемлекеттік тіркеудегі азаматтық әуе кемелерінің саны 647, соның ішінде 569 ұшақ,78 тікұшақ. 1-3 кластағы 163 ұшақ бар. • Әлемде 9439 азаматтық әуежайлар бар; • Қазақстанда 25 ірі әуежай бар;
Көліктік тасымалдау құжаттары: - Авианакладная(авиажүк құжаты). Халықаралық әуе тасымалдау туралы шарт және оның талаптары мен жүкті тасымалдаушының қабылдауы авианакладноймен куәландырылады. Жүк жіберуші авианакладнойда толық мәлімет беруге және жүк қабылдап алушыға жеткізу кедендік және басқа да рәсімдеулерден өтуге қажетті қосымша құжаттарды беруге міндеттенеді.Жүк жіберуші аталған құжаттардағы мәліметтердің қателігі, жетіспеушілігі немесе мүлдем жоқтығы үшін тасымалдаушының алдында жауапты. - Манифест. - Билет. Жолаушылар тасымалдауын жүзеге асыру кезінде қолданылатын құжат. - Теңдеме жүк түбіртегі. - Жүк құжаты.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 42; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.014 с.) |