Халықаралық жеке құқықтағы еңбек қатынастардағы коллизиялық байламдар 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Халықаралық жеке құқықтағы еңбек қатынастардағы коллизиялық байламдар

Поиск

 

Шетел элементімен күрделенген қатынастарда, бір еңбек қатынасын реттеуде екі немесе одан да көп мемлекеттердің заңдары бәсекелестікке түседі. Осындай кезде қай елдің заңын қолданылатын шешуіміз керек. Қазіргі кезде доктрина мен тәжірибе бұл жағдайларды коллизиялық нормаларды қолдану арқылы шешеді. Коллизиялық нормалар дауды шешуге қолайлы мемлекеттің заңнамаларындағы материалдық нормаларға сілтеме жасайды.

Еңбек құқығындағы коллизиялық мәселені шешу үшін дүние жүзілік тәжірибеде келесі байламдар қолданылады:

1. Тараптардың еркіндік заңы - lex voluntatis

2. Еңбек ету орнының заңы - lex loci loboris

3. Ұйым орналасқан жер заңы - lex loci deligationis

4. Ту елінің заңы - lex flagi

5. Жұмыс берушінің жеке заңы- lex patrie; lex nationalis

6. Жалдау мәмілесін жасап отырған елдің заңы - lex loci contractus

7. Proper of the law - lex causae

Франция, Бельгия, ФРГ және т.б. елдерінде еңбек қатынастарын реттеуде азаматты құқықтық концепияларында Lex voluntatis кең таралған. Ол басым заңды таңдау құқығы еңбек шартының тараптарына берілген. Бұл байлам көптеген мемлекеттерде қолданылады, алайда кейбір мемлекеттердің заңнамалары мен сот тәжірибесінде жасырын түрде шектеулер қойылған. Халықаралық жеке құқықта lex voluntatis асыра пайдаланушылық мүмкіндігі көп байқалады.

Австрия, Испания, Швейцария, Нидерланды, Бразилия заңнамаларында lex loci laborisнегізгі коллизиялық байламы ретінде ғана емес, сондай-ақ халықаралық келісімшарттарда (көбінесе 1980 шарттық міндеттемелерге қолданылатын Рим конвенциясы) бекітілген. Жұмысшының жұмыс орындалатын жерінің заңы деп lex loci laboris талқыланады. Франция, Бельгия және басқа да мемлекеттерде еңбек қатынастарын реттеу үшін азаматтық құқықтық концепциялар қолданылады. Осы салада әдеттегі институттар мен халықаралық жеке құқықтың нормалары қолданылады. Бұл ең негізінен тараптардың еркінділігін шектеу болып табылады. Ұлыбритания, Италия мемлекеттерінің сот практикасында құқық таңдау еркіндігін шектелмейді. Егер кәсіпорын бір мемлекетте, ал басқару органы басқа мемлекетте орналасса, жұмыс орнының заңы болып, кәсіпорнының орналасқан жері болып саналады. Жұмысшы бірнеше мемлекеттерде жұмыс жасаса және оның әдеттегі жұмыс орнын анықтау мүмкін болмаса, онда Австрия заңы бойынша жұмысшының тұрғылықты жері немесе өз қызметін қөбінесе жүзеге асыратын жердің заңы қолданылады. Бұл байламның бір кемшілігі жұмыс берушінің жағдайы ауқымды қорғалады және олар бұл байламды асыра пайдаланады.

Lex loci laboris тек ұзақ мерзімде жұмыс істейтін жұмысшыларға қолданылады.

Басқа мемлекетке іс сапармен жіберілген жұмысшыға мекеме орналасқан мемлекет, яғни іссапарға жіберуші, заңының қағидасы қолданылады. Ол дегеніміз lex loci deligationis.

Келесі байлам lex flagi. Су немесе кеме көліктерінде жұмыс жасаушы жұмысшының еңбек қатынастары көлік құралы тіркелген мемлекеттің заңымен реттеледі.

Италия, Франция және т.б. елдердің теңіз көлігінде ту заңы, Албанияда әуе және су көліктері тіркелген елдің заңы қолданса, Венгрияда теміржол мен автомобиль көліктеріне тасымалдаушының заңы қолданылады. Сондай-ақ кейбір мемлекеттерде бірлескен тұрғылықты орнын қолдану түрі байқалуда. 

Жұмыс берушінің жеке заңы – lex personalis, lex societatis. АҚШ және Англия заңнамаларына сәйкес, жалдау шартын жасасқан мемлекеттің заңы, еңбек қатынастарын реттейтін шарт осы мемлекеттерде жасалса, жергілікті құқық қолданылады.

Жұмысшының еңбек құқығы, әрекет қабілеттілігінің жеке заңы бойынша анықталады. Мысалы: Англия мен АҚШ заңнамасында шетел азаматы өз заңы бойынша әрекет қабілеттілігі жоқ болса да, ол шарт жасасқан жердің заңы бойынша әрекетке қабілетті деп танылса, онда lex loci contractus қолданылады.

Жақын құқықты, lex causae, қолданудың негізгі максаты: біріншіден lex voluntatis асыра пайдаланушылыққа жол бермеу; екіншіден келісімшарты таныс емес құқыққа бағындырудан сақтау.

Федосееваның оқулығы бойынша Венгрлік құқық астарынан келесідей қосымша коллизиялық байламдар қалыптасқан:

· Тағайындаушы органның немесе сайлаушы ұжымының жеке заңы

· Жұмыс берушіңің жеке заңы, егер де ол бірнеше мемлекеттерде жұмыс атқарса;

· Венгірлік заң, егер венгірлік еңбек етушілердің іссапар барысымен шет елге шығу кезінде;

· Тасымалдаушының жеке заңы халықаралық тасымал шеңберінде пайда болған еңбек қатынастарын реттейді. 

Алайда, нақты бір мемлекеттің құқығы коллизиялық нормаларды жекелей дифференцияласа да, олар еңбек жағдайларының әр алуандығымен еңбек қатынастарының барлық элементтерін қамти алмайды. Дегенмен де, Қазақстан құқығында халықаралық жеке еңбек қатынастарына қатысты қоллизиялық нормалардың жүйесін дайындағанда, осы саладағы шетел тәжірбиесін пайдалануымыз қажет. Соңғы жылдарда, әр түрлі мемлекеттердің заң шығарушы органдары нормативтік актілерде еңбек аясында заң қақтығыстары жағдайларының орын алуын көрсетеді. Дания, Венгрия, Испания, Австрия мемлекеттерінің халықаралық жеке құқық туралы немесе азаматтық кодекстердің сәйкес тарауларында арнайы тарауларында арнайы еңбек коллизиялық нормалары бар.

Қазіргі ҚР заңнамасында және бұрынғы Одақ мемлекеттерінде халықаралық еңбек қатынастарына байланысты коллизиялық нормалар бекітілмеген. ҚР “Еңбек туралы Кодесінде” (15.05.2007 ж.); АК ерекше бөлімінде енбек қатынастарына қатысты коллизиялық нормалар жоқ.

Ескерте кететін жайт, АК бабында, жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігі оның жеке заңымен анықталады. Бұл байланымды заң ұқсастығы реттінде жеке тұлғаның еңбекке әрекет қабілеттілігін анықтағанда қолданады. Сондай-ақ, нормативтік актілерде әр түрлі коллизиялық байламдар бар. Мысалы: “Шетел инвестицтялары туралы” ҚР заңында (27.12.94 ж. –күші жойылған) келесі екі коллизиялық байланым қарастырылған: негізігі – lex voluntatis және субсидарлы – lex loci laboris.

ҚР аумағында орналасқан құрылтайшылары немесе меншік иелері толығынан немесе ішінара шетелдік заңды немесе жеке тұлғалар болып табылатын ұйымдардың қызметкерлеріне ҚР Еңбек туралы заңдары қолданылады. Демек, бұл заң lex loci laboris-ті заңды түрде бекітіп отыр.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 50; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.)