Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Аса тығыз байланыс заңы – proper law және басқа коллизиялық ережелерСодержание книги
Поиск на нашем сайте §5Тараптардың еркі
Шетел элементімен шиеленіскен азаматтық-құқықтық шарт тараптарына (соның ішінде халықаралық коммерциялық шарт тараптарына) әр түрлі мемлекеттердің материалдық құқығын таңдау. Тараптар кез-келген мемлекеттің құқығын өздерінің шарттық міндеттемелеріне қолданылуы туралы келісе алады. Тараптардың таңдау құқығы жалпы танылған «тараптардың еркі» туралы қағиданың көрінісі болып табылады, ол тараптарға шарттың мазмұнын, оның шарттарын, бекітуге мүмкіндік береді, әрине құқық белгілеген шектерде. Бұл шетел элементімен шиеленіскен шартқа қолданылатын құқықты таңдауға таралады. Соңғы нұсқада «тараптардың еркі» тіркеу формуласы (коллизиялық қағида) ретінде болады, ол шарттық міндеттемелерде басты ұстанымдарды алады. «Тараптардың еркі» коллизиялық тіркеу формуласы ретінде – lex voluntatis өзінің дамуын көптеген мемлекеттердің заңнамасында тапты (Швейцария, Түркия, Польша, Германия, Венесуэлла, Венгрия, Австрия мемлекеттерінің халықаралық құқық туралы заңдары, 1999 жылғы Қытайдың шарттар туралы заңы, 1995 жылғы Вьетнамның Азаматтық кодексі және басқалары). Мысалы, 1998 жылғы халықаралық құқық туралы Венэсуэлла заңының 29-бабына сәйкес « шарттық міндеттемелер тараптармен көзделген құқықпен реттеледі» немесе 1987жылғы халықаралық құқық туралы Швейцария заңының 116-бабына сәйкес «шарт тараптар таңдаған құқыққа бағынады». Осыдан келесі туындайды, тараптар кез-келген мемлекеттің құқығын таңдай алады, таңдалған құқық нақты шарттық міндеттемелерді реттейді. Егер де «тараптардың еркі» атты коллизиялық қағида белгілі бір мемлекеттің ішкі құқығында бекітілмесе, онда ол халықаралық құқық әдеттер нысанында құрылған құқық нормасы ретінде тәжірибеде қолданылады. «Тараптардың еркі» шарттық міндеттемелерді реттеуге өкілетті құқықты таңдау әдісі ретінде осы сұраққа қатысты барлық халықаралық шарттарда көзделген. Солардың ішінде: 1928 жылғы Бустаманте кодексі, «тауарларды халықаралық сатып алу-сатуға қолданылатын құқық туралы» 1955 жылғы Гаага конвенциясы, 1978 жылғы «агенттік келісімдерге қолданылатын құқық туралы» Гаага конвенциясы, 1980 жылғы «шарттық міндеттемелерге қолданылатын құқық туралы» Рим конвенциясы, 1986 жылғы «халықаралық тауарларды сатып алу-сату шартына қолданылатын құқық туралы» Гаага конвенциясы, 1994 жылғы «халықаралық контрактілерге қолданылатын құқық туралы» Американаралық конвенциясы және тағы басқалары. Тәжірибеде жиі пайда болатын тараптардың еркін білдіру нысаны туралы сұрақты солардың қатарына жатқызуға болады. Тараптар шарттың өзінде немесе басқа (жеке) құжатта өздерінің міндеттемелерін белгілі бір мемлекеттің құқығына бағындыра алады. Бұл жағдайда тікелей білдірілген тараптардың еркі туралы сөз болады – expresiss Verbis. Бірақ құқықты таңдау, тараптардың міндеті болып табылмайды және олар тәжірибеде бұл құқықты жиі пайдаланбайды. Бұл жағдайда көптеген мемлекеттердің заңдары мен халықаралық шарттар «үндемей білдірілген» тараптар еркін қолдану мүмкіндігін көздейді, яғни тараптар өздерінің міндеттемесін қандай да бір мемлекеттің құқығына бағындыруды ойлады деген қорытынды мәміленің мазмұнынан туындаса. Елеулі және практикалық маңызды сұрақтар тараптар еркінің білдіру шегімен байланысты. Бұнда бірнеше аспект бар: уақыт шегі, міндеттеменің мазмұнымен байланысты шектер, кеңістік шектері. Кеңістік туралы шектер келесіге тіреледі: тараптар қолданылатын құқық ретінде кез келген мемлекеттің құқығын таңдай алады ма, яғни шексіз немесе шарт байланысты мемлекеттер шегінде ғана ма. Көптеген мемлекеттердің заңдары,сонымен қатар шарттық міндеттемелерді коллизиялық реттеуін унификациялайтын халықаралық шарттар кеңістік бойынша тараптардың еркін шектемейді. Уақыт шектері тараптардың құқықты таңдау кезеңімен байланысты. Тараптар қолданылатын құқықты кез келген уақытта, шарт жасасу кезінде де, одан кейін де таңдай алады. Тараптар шартқа қолданылатын құқықты өзгерту туралы да кез-келген уағдаласа алады. Тараптар еркінің негізгі шектеулері шарттық міндеттемелердің мазмұнымен түсіндіріледі. Бұл шектеулер міндеттемелік статуттың мазмұнымен байланысты. Тараптар еркінің соңғы шектеуі шетел мемлекеттің құқығын таңдағанда пайда болады. Бұл шектеу халықаралық жеке құқықтың жалпы танылған институты – жария тәртіп туралы ескертпемен байланысты. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1090-бабы жария тәртіп туралы ескертпе деп аталады. Онда: 1. Шетел құқығы оны қолдану Қазақстан Республикасы құқықтық тәртібінің негіздеріне (Қазақстан Республикасының жария тәртібіне) қайшы келерлік жағдайларда қолданылмайды. Бұл жағдайларда Қазақстан Республикасының құқығы қолданады. 2. Шетел құқығын қолданудан бас тартуды тиісті шет мемлекеттің саяси немесе экономикалық жүйесінің Қазақстан Республикасының саяси немесе экономикалық жүйесінен айырмашылығына ғана негіздеуге болмайды. Сонымен қатар императивтік нормалар туралы бап бар. Жария тәртіп және императивтік нормаларды қолдану туралы баптар тараптар таңдаған құқықтың қолданылуын шектейді. 1091-бап императивтік нормаларды қолдану деп аталады. Онда: 1. Норманың өзінде көрсетілуі салдарынан немесе азаматтық айналымға қатысушылардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қамтамасыз ету үшін олардың ерекше маңызды болуына байланысты, қолданылуға тиісті құқыққа қарамастан, Қазақстан Республикасы заңдарының тиісті қатынастарды реттейтін императивтік нормаларының қолданылуына бұл бөлім ережелерінің қатысы болмайды. 2. Осы бөлімнің ережелеріне сәйкес, қандай да болсын бір елдің құқығын қолданған кезде сот, егер сол басқа елдің құқығына сәйкес мұндай нормалар, қолданылуға тиісті құқыққа қарамастан, тиісті қатынастарды реттеуге тиіс болса, басқа ел құқықтарының қатынасымен тығыз байланысы бар императивтік нормаларын қолдана алады. Бұл орайда сот мұндай нормалардың мақсаты мен сипатын, сондай-ақ оларды қолданудың салдарын назарға алуға тиіс. Азаматтық кодексте тараптардың еркіне қатысты арнайы норма (1112-бап) бар. Ол шарт тараптарының келісімімен құқықты таңдау деп аталады. Онда: 1. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келісімімен таңдалған елдің құқығымен реттеледі. 2. Тараптардың қолданылуға тиісті құқықты таңдау туралы келісімі, айқын көрсетілуге немесе шарттың және оларды жинақтап қарайтын істің мән-жайларының ережелерінен тікелей туындауға тиіс. 3. Шарттың тараптары түтас алғанда шарт үшін де, оның жекелеген бөліктері үшін де қолданылатын құқықты таңдай алады. 4. Шарттың тараптары қолданылатын құқықты кез келген уақытта, шарт жасасу кезінде де, одан кейін де таңдап алуы мүмкін. Тараптар шартқа қолданылатын құқықты өзгерту туралы да кез келген уақытта уағдаласа алады. Бұл норма жеке құқықтық қатынастарға қатысушы тараптардың таңдаған құқығы қолданылады дегенді білдіреді. Осындай құқықты таңдау әдісі тек қана жеке құқықтық қатынастардың бір тобына тән – шарттық міндеттемелерге. Бұл нормалардың пайда болуына көп болмаса да, қазіргі уақытта ол жалпы танылған болып есептеледі. Ұлттық коллизиялық нормалар сияқты халықаралық шарттар да шарттық міндеттемелер аясында пайда болған мәселелерді қарастыруда шешуші рөлге тараптардың еркі ие деп есептеледі. Жоғарыда келтірілген баптың (1112-бап) мазмұнынан тараптардың еркі басымдылыққа ие екені көрініп тұр, одан кейінгі баптарда көзделген құқықты таңдау әдістері тараптардың келісімі болмаған жағдайда ғана қолданады. Осылайша, шарттың бір мемлекеттің құқығымен байланысы тарапты кез келген, басқа мемлекеттің құқығының таңдау мүмкіндігінен айырмайды (шарттың сол мемлекетпен ешқандай байланысы жоқ болса да). Бірақ таңдалған құқықпен қатар шартпен байланысы бар елдің императивтік нормалары қолданылуы керек.
Аса тығыз байланыс заңы (Proper law) берілген құқықтық қатынаспен аса тығыз байланысты мемлекеттің құқықтығы қолданатыны білдіреді. Бұл шарттық міндеттемелер аясында коллизиялық сұрақтарды шешу үшін сатушы мемлекеттің заңы деген тіркелу формуласымен бірге қолданылады. Бірақ, бұны шетел элементімен шиеленіскен барлық жеке құқықтық қатынастарды реттеу үшін қолданылады. Осыған мысал ретінде 1978 жылы. Австрияның халықаралық жеке құқық туралы заңын келтіруге болады, осы заңның 1-ші параграфында шетел элементімен күрделенген құқықтық қатынастар аса тығыз қатынасы бар құқықтық тәртіпке бағынады деп жазылған. Бұл тіркеу формуласы Англо-Американдық халықаралық құқық теориясы мен тәжірибесінде қалыптасып, шарттық міндеттемелерге қолданылатын құқықты анықтау үшін қолданады. Сондықтан да оны Law of the contract немесе Proper law of the contract деп атайды. Халықаралық жеке құқық шарт тараптарына шарттық міндеттемелерді реттеу үшін кез келген мемлекеттің құқығын таңдау мүмкіндігін бере отырып, бұл ережеге бірінші дәрежелі маңызды береді. Қолданылатын құқықты таңдаудың басқа әдістері екінші орында тұрады, себебі олар тараптар құқықты таңдамаған жағдайда қолданылады. Біздің заңнамада осы танылған қалыпты мойындайды: егер қолданылатын құқық туралы тараптарды келісім болмаса немесе егер шартта тараптар өздерінің құқықтық қатынастарын қандай құқыққа бағындырғысы келгісі туралы белгіленбесе, онда заңнамада шарттық міндеттемелерді реттейтін, құқықты таңдау туралы толықтырушы, субсидиарлы ережелер көзделеді (көзделген). Аса тығыз байланыс заңы барлық шарттарға қолдана бермейді. Мысалы Ресейдің азаматтық кодексінде онда екі шарт бар: тұтынушы қатысқан шарт және шетел элементінің қатысуымен заңды тұлғаны құру шарты. Тұтынушы қатысатын шартты арнайы құқықтық реттеу, тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғауы қажеттілігі мен байланысты. Бұл шарттың түріне жеке тұлғаның– өзінің, от-басының, үй мұқтаждықтары үшін және басқа кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес заттарды (жұмыстарды, қызметтерді) жеке тұлғаның алуы (сатып алуы) жатады. Қолданылатын құқықтың бекітілуі екі коллизиялық байлам негізінде жүзеге асырылады: тараптар еркі және тұтынушының тұрғылықты жерінің заңы – Lex domicilii. Бұнда тұтынушының тұрғылықты жерінің заңы басымдылыққа ие. Аса тығыз байланыс заңы тарамайтын тағы да бір шарттың түрі– ол шетелдіктің қатысумен заңды тұлғаны құру туралы шарты. Бұл жағдайда заңды тұлға құрылатын елдің құқығы қолданады. Ресей заңнамасында бір жақты мәмілелерге қатысты аса тығыз байланыс заңы қолданылмайды. Себебі бұл міндеттемелер бір тұлғаның (жеке тұлғаның) әрекетінен туындайды, сондықтан міндеттеме осы тұлғаның заңына бағынуы керек. Біздің Азаматтық кодексімізде айырмашылықтар бар (Ресей коллизиялық нормаларына қарағанда). Бұл айырмашылықтарды төменде ҚР-сының Азаматтық кодексінің келтірілген баптардан көруге болады: 1114- бап. 1. Шетелдің қатысуымен заңды тұлға қуру туралы шартқа осы заңды тұлға құрылатын немесе құрылған елдің құқығы қолданылады. 2. Осы баппен реттелетін қатынастар өзіне заңды тұлғаны құру және тоқтату оған қатысу үлесін беру жөніндегі қатынастарды және заңды тұлғаны қатысушылары арасындағы олардың (соның ішінде кейінгі келісімдермен белгіленетін) байланысты өзара құқықтары мен міндеттеріне басқа да қатынастарды қамтиды. 3. Осы баптың ережелері шетел қатысатын заңды тұлға қатысушыларының өзара құқықтары мен міндеттері бақа құрылтай құжаттармен белгіленген жағдайда да қолданылады. 1116- бап. Біржақты мәмілелерден туындайтын міндеттемелерге (марапаттауға жария уәде ету, бөтен адамның мүддесіне тапсырмасыз қызмет істеу және басқалар) мәмілелер жасалған жердің құқығы қолданылады. Біржақты мәміле жасау орны Қазақстан Республикасының құқығы бойынша анықталады. 1118-бап. Тұтынушының тауар сатып алуға немесе қызмет көрсетуге байланысты туындаған зияны туралы талабына, тұтынушының таңдауы бойынша: 1) Тұтынушы тұратын тұрғылықты жердегі елдің құқығы; 2) Өндірушінің немесе қызмет көрсетуші тұлағаның тұрғылықты жеріндегі немесе орналасқан жеріндегі елдің құқығы; 3) Тұтынушы тауарды сатып алған немесе оған қызмет көрсетілген елдің құқығы қолданылады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 50; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.009 с.) |