Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Американаралық конвенциялар»Содержание книги
Поиск на нашем сайте а) «Берн» одағы. «Әдеби және көркем шығармаларды қорғау туралы» 1886 жылғы Берн конвенциясы. Авторлық құқықты қорғауға байланысты мұқият жұмыс 1858 жылы Брюссель қаласында әдебиет және өнер туындылары авторларының конгресінде басталды. Кейін бұл жұмыс Антверпен (1861 және 1877 жылдар) және Париж (1878 жыл) конгрестерінде жалғасты. Ал 1883 жылдан бастап жұмыс Бернде жалғасып, 1886 жылы 3 дипломатиялық конференциядан кейін «әдеби және көркем шығармаларды қорғау туралы» Берн конвенциясы атағына ие болған халықаралық келісім жасалынды. Бұл келісімге 10 мемлекет қол қойды: Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия, Либерия, Гаити, Тунис, Франция және Швейцария. 1887 жылдың қыркүйегінде аталған мемлекеттер делегаттары (Либерияны қоспағанда) ратификацияланбаған грамоталармен алмасты және конвенцияның 20-бабына сәйкес ол 3 айдан кейін, яғни 1887 жылдың 5 желтоқсанында күшіне енді. 1886 жылғы Берн конвенциясы негізгі материалдық құқықтық нормаларымен қатар әкімшілік ережелерімен де қамтылған. Конвенцияға сәйкес, қатысушы мемлекеттерінің ұлттық заңнамасы авторлық құқық иелеріне қорғаудың неғұрлым төмен режимімен қамтыған жағдайда, бұл конвенция ережелерін сол мемлекет заңнамасына енгізу міндеті жүктелді. Бұл конвенциядағы маңызды ережелерінің бірі – авторлық құқық иелері шетел мемлекетінде құқықтық қорғау іздесе, белгілі бір формальдылықтарды орындамау мүмкіндігі беріледі, егер де бұл шарттарды өз мемлекетінде, яғни тұңғыш жарияланған жерде орындаған болса (2-3 баптар). Сонымен қатар, 1886 жылы қатысушы мемлекеттерден Берн одағын құру жөніндегі шешім хабарланды және де бұл одақтың халықаралық бюросы сайланды. Жаңа мемлекеттердің қосылу тәртібі қарастырылды. Оған қоса, қосымша бап және түпкілікті хаттама қабылданды. Қосымша бап авторлық құқық қорғалынуының неғұрлым жоғарғы деңгейін қамтыған барлық екі жақты шарттарды күшінде қалдырды. Ал хаттамада конвенцияның кейбір жағдайларына түсініктеме берген болатын. 1896 жылғы Париж конференциясы.
1896 жылдың 15 сәуірінде Париж қаласында 1886 жылғы конвенцияға өзгерістер енгізу үшін бірінші конференция өтті. Сол уақытқа таман конвенцияға тағы 4 мемлекет қосылды: Люксембург (1888 ж.), Монако (1889ж.), Черногория (1893ж.) және Норвегия (1896 ж.). Бұл конференцияға қатысушы мемлекеттерден басқа 14 мемлекеттен бақылаушылар қатыстырылды: Аргентина, Болгария, Боливия, Бразилия, Дания, Гватемала, Греция, Колумбия, Мексика, Перу, Португалия, Румыния, АҚШ және Швеция. 1896 жылы жаңадан енгізілгендерінің қатарына конвенцияға «жариялау» деген түсініктің енгізілуі және де бұл түсінікке «көшірмелерді шығару» деген анықтама беруі. Осылайша, драмалық, музыкалық туындыларды, өнер туындыларын көрмелерде көрсету немесе орындау жариялау терминімен сәйкес келмеді. Сонымен қатар, маңызды өзгерістерінің қатарына – конвенцияның 3-бабына енгізілген анықтаулар болды, оларға сәйкес, авторы Берн одағының емес, басқа бір мемлекеттің азаматы болса да, оның туындысы қатысушы мемлекетте тұңғыш рет жарияланған болса, мұндай туындыға да құқықтық қорғау берілген. Осылайша, аумақтық принцип өзгеріссіз қалды, бірақ та мұнда ерекше көңіл бастырып шығарушыдан туынды авторына аударылды. 1908 жылғы Берлин конференциясы.
Берн конвенциясының дамуының келесі кезеңі – 1908 жылғы Берлин конференциясы болды. Сол кезде конвенцияға тағы да 4 мемлекет қосылды : Жапония (1899ж.), Швеция (1901ж.), Дания (1903ж.) және Либерия (1908ж.). Бұл конференцияға қатысушы мемлекеттерден басқа 19 мемлекеттен жіберілген делегаттар қатысты. Жаңа редакция 30 бабтан тұрды және келесі 4 мәселеге қатысты болды: 1. 1886 жылғы конвенция бірінші жариялаған мемлекетте көзделген шарттар мен формальдылықтарды орындауына байланысты авторлық құқықтық қорғау берді. Берлин конференциясында бірінші жарияланған мемлекетте формальдылықтар бар болса да, мұндай барлық шарттардан бас тарта алу мүмкіндігі жөнінде келісілді. 2. Берлин конвенциясының мәтінді қорғалатын объектілер тізімін нақтылады және кеңейтті, оған хореография, пантомима, кинематография, фотосурет және архитектура туындылары қосылды. 3. Аудару құқығын реттейтін ережелер кеңейтілді. Берлин конференциясы ешбір шектеусіз оның жарамдылығын авторлық құқықтың бүкіл мерзімі бойы таниды. 4. 1908 жылғы конференция авторлық құқықтың қорғау мерзімін автордың өмір бойы және қайтыс болған сәтінен 50 жыл көлемінде белгіледі. Бірақ бұл ереженің міндетті күші болған жоқ. Ұлттық заңмен бұдан ұзақ немесе қысқа мерзім көзделсе, бұл конвенцияның ережесі қолданылмауы мүмкін. Сонымен қатар, 1908 жылғы конференцияда авторға өзінің жұмысын ұсыну және жариялау киноматография арқылы жүзеге асыру құқығы берілді.
1914 жылғы Қосымша Берн хаттамасы.
Бұл уақытқа таман конвенцияға тағы 2 мемлекет қосылды: Португалия (1911ж.) және Нидерланды (1912ж.). Ұлыбританиямен ұсынылған 1914 жылғы қосымша хаттаманың мақсаты – конвенциямен бекітілген кейбір режимдерді шектеу. Мұнда конвенцияның келесі мәтіндерінде көрініс тапқан «клаузула о репрессалии» құрылған. Клаузулаға сәйкес – қатысушы мелекеттерге олардың аумақтарында тұрмайтын авторларға олардың авторлық құқығын қорғауын шектеу мүмкіндігін берді. Бұл ереже тәжірибеде тек бір-ақ рет қана, Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Ұлыбритания өзі соғыс жағдайында болған мемлекеттердің азаматтарына қатысты қолданылған болатын.
1928 жылғы Рим конференциясы.
1914 жылдан 1928 жылға дейінгі уақыт аралығында конвенцияға келесі мемлекеттер қосылды: Австрия, Болгария, Бразилия, Венгрия, Греция, Ливан, Марокко, Польша, Румыния, Сирия, Чехословакия, Эстония сонымен қатар тәуелсіздік алған Ұлыбритания доминиондары: Австралия, Ирландия, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Африка Республикасы. Рим конференциясы ХХ ғасырдың басына тән бұқаралық ақпараттар құралдары және коммуникациялар дамуының кезеңінде өтті. Бұл конференцияға сәйкес, енді авторлардың құқықтары – туындыларын радио арқылы трансляциялағанда да қорғалды. Қорғалатын объектілер шеңбері кеңейді. Конвенцияның 2-бабында көзделген объектілер қатарына – ауызша әдеби шығармалар кірді (дәрістер, сөз сөйлеу т.б.). Бірақ та, қосымша бапта мемлекеттерге объектілер қатарынан заңшығарушылық немесе қоғамдық жиналыстарда немесе соттарда айтылған саяси баяндамалар, мәлімдемелер толық немесе ішінара алып тастау құқығы берілді.
1948 жылғы Брюссель конференциясы.
ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропада халықаралық авторлық құқыққа байланысты жұмыстар жаңғыртылды . Берн конвенциясы 1984 жылы Брюсселде қайтадан өзгерістерге ұшырады. Конференцияның басты мақсаты – ұлттық заңдар мен конвенция ережелерін неғұрлым бірдейленуіне жеткізуге ұмтылу, сонымен қатар ғылыми техниканың жаңа даму шарттарын ескеру. Конвенция қолдану ережелерінің бірдейлігін оның ұлттық заңдардан басымдылық қағидасы арқылы қол жеткізілді. 1967 жылғы Стокгольм конференциясы.
Берн конвенциясын өзгерткен және толықтырған конвенциялар арасында 1967 жылғы Стокгольм конференциясы ерекше орын алып отыр. Сол уақыттарда халықаралық аренада көптеген дамыған мемлекеттер пайда болды. Олар өздеріне қажетті ғылым және мәдениет туындыларына неғұрлым еркін қол жетулері үшін, Берн конвенциясындағы авторлық құқықты қорғау деңгейін төмендетуге тырысты. Ұзаққа созылған күрделі конференцияның нәтижесі болып дамыған мемлекеттерге одан бұрын болмаған артықшылықтар беретін хаттаманың жасалынуы болды. Оған қоса, бұл хаттамада бұрын болмаған авторлық құқыққа байланысты жаңа ұсыныстар енгізілді. Стокгольм конференциясында қабылданған елеулі өзгерістер қатарына келесі ережелерді жатқызуға болады: 1. Конвенцияны іске асыру критерийлерін жетілдіруі; 2. Пайда болу мен жариялаумемлекеттері түсініктерін анықтау; 3. Көшірмелеу құқығын тану; 4. Кинематографиялық және оған теңестірілген туындылардың ерекше режимін бекіту (телефильм, т.б.); 5. Автордың жеке құқықтар шеңберін кеңейту; 6. Конвенция тұңғыш рет фольклор туындыларына қорғауды бекіту туралы ережені бекітті. Бірақ, батыс мемлекеттердің ірі баспа монополиялары мен фирмаларының мүддесін қорғайтын саясатының нәтижесінде бұл хаттама күшіне енбей қалды. Париж конференциясына келген келісімнің нәтижесінде (1971 ж.) дамушы мемлекеттерде оқу және ғылыми мақсаттарында аударымды әдебиеттің таралуын жеңілдететін кейбір ережелер Берн конвенциясына енгізілген1.
Көптеген мемлекеттердің басын қосқан Берн одағы авторлар және бұл салада істейтін кәсіпкерлер құқықтарын қорғайтын мықты әрі берік халықаралық құрылымға айналды. Бірақ, оны бүкіл әлемдік деп атауға болмайтын еді. Бұның себебі, Берн одағымен қатарлас авторлық құқықты қорғайтын басқа мемлекетаралық одақ дамыды. Бар шамалы өзгешеліктерге қарамастан, Берн және американ авторлық құқықты қорғау жүйесінде елеулі келіспеушіліктер жоқ. Авторлық құқықты қорғаудың американаралық жүйесінің негізінде 1889 жылы Монтевидеода жасалынған «көркем және әдеби меншік туралы» конвенция болды. Оған қоса, келесі конвенциялар қабылданды: - Көркем және әдеби меншікті қорғау туралы конвенция (Мехико, 1902 ж.); - Әдебиет пен көркем меншігін қорғау туралы конвенция (Рио Де Жанейро, 1906 ж.); - VІ Американдық конференциясында қайта қаралған көркем және әдеби меншікті қорғау туралы конвенция (Гавана, 1928 ж.); - Әдеби, ғылыми және көркем туындыларына авторлық құқық туралы Американаралық конвенция (Вашингтон, 1946 ж.). Аталған барлық конвенциялардың басты кемшілігі – АҚШ-тың жоқтығы. АҚШ 1946 жылғы Вашингтон конвенциясын әзірлеуге белсенді түрде қатысқанымен, оны өзі ратификацияламады. Мүмкін, АҚШ авторлық құқықты қорғауға байланысты ыңғайлы шарттарды қамтамасыз ететін өзінің ішкі ұлттық заңнамасын өзгерткісі келмеуі бұған себеп болған болар. Екі одақтың қатысушы мемлекеттері екі одақты біріктіру жөніндегі өздерінің мүдделерін білдірген. Осыған байланысты 1928 жылы Рим конференциясында сөз қозғалған еді. Бұл ұмтылыс Ұлттар Лигасының ІХ сессиясының шешімдерінде көрініс тапты, оларға сәйкес Берн мен Американ жүйелерін біріктіру арқылы авторлық құқықты халықаралық қорғау туралы біркелкі келісімді жасау мүмкіндігі жөніндегі мәселені қарастыру жұмыстары басталды. 1934 жылғы Ұлттар Лигасының ХV сессиясы екі конвенцияны біріктіру (Гавана мен Рим) немесе бар екі конвенцияның орнына келетін жаңа бір конвенцияны құру мақсатында 2 жүйені бірдейлендіру үшін қолданылған күш салулармен ерекшеленеді. Берн одағының атқарушы органы конвенциялар арасындағы бар кемшіліктерді ескере отырып, олардың бірікітірілуі мүмкін емес деп саналды. Сондықтан Гавана мен Рим конвенциялар ережелерін басшылыққа алатын жаңа конвенцияны құруға тура келді. Кейінірек, бұл келісімнің жобасы құрылды. Бірақ ІІ Дүниежүзілік соғыс басталғандықтан жаңа конвенцияны құру мүмкін болған жоқ.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 46; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.) |