Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Шетелдік асырап алу қатынастарына байланысты балаларды қорғау және ынтымақтастық туралы Конвенция аясында реттеу (29.05.1993ж)Содержание книги
Поиск на нашем сайте б) Қазақстан Республикасының авторлық құқық заңдылығындағы қиыншылықтар туғызатын мәселелер. Авторлық құқық заңдылығын қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы бұл салада бірқатар жетістіктерге жетті. Бірақ, мұнда қиыншылықтардың бар болуы сөзсіз және де олар жөнінде айтпай кетуге болмайды. Бірқатар мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Қазақстанға интеллектуалдық меншік құқық бұзушылықтарға байлансты жақтырмаушылықтары жөніндегі талаптарды ұсынып жатыр. Бұл талаптар келесі мәселелерге тиесілі: 1. Қазақстан Республикасы заңнамасында шетелдік авторлар туындыларын қорғауын қамтамасыз ететін норманың әлсіздігі; 2. Интеллектуалдық меншік құқық бұзушылықтарына жауапкершілік көздейтін қылмыстық заңдылықтың нәтижесіздігі. (Мұнда ҚР Қылмыстық кодексінің 184-бабына сәйкес қозғалған қылмыстық істер санының өте аз болуы, 2012/01/12 №537 - IV Заңымен өзгерістер және толықтырулар енгізілді). Яғни, сотқа дейін жететін даулар сирек кездеседі. 3. Музыка, дыбыс жазба, компьютерлік бағдарлама, кітап пен журнал шығару саласында пираттық деңгейінің өте жоғары болуы. Кейбір эксперттердің бағалауынша бұл көрсеткіш жалпы көлемнен 78 %-ға жетті. 4. Пираттық өнімдерді шекарада бақылау дәрежесінің төмендігі. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңы жөнінде айта келгенде, ол өзгерістер мен толықтыруларды қажет етеді. Бұл мына мәселелерге байланысты: 1) Кейбір ережелерді дұрыс емес талқылағандықтан туынды авторлары мен пайдаланушылар арасында қарама-қайшылықтар бар, яғни айтылып отырған заңға түсініктемелеренің жоқтығы; 2) Заңдардың кейбір нормалары, ҚР ратификациялаған халықаралық шарттар ережелерімен сәйкес келмейтіндігі. 1996 жылы 10 маусымда «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңының қабылданғанына дейін Республикамызда авторлық құқық сұрақтары қазақ Кеңес Одағының азаматтық кодексімен реттелген, оған сәйкес автордың авторлық құқығы өмір бойы және оның қайтыс болған сәтімен тағы 25 жыл бойы қорғалған. Кейін, Қазақстан Республикасының авторлық құқық заңы бұл мерзімді 50 жылға дейін арттырды, қазір 70жылға дейін. Бірақ, бұл заң авторлық құқықтың қорғау мерзімі сол күнге дейін өтіп кеткен туындыларға 50 жылдық мерзім таралатын кері күш көзделмеген. Осылайша, 1972 жылға дейін қайтыс болған авторлардың құқықтарын қорғау мерзімі заңды қабылдау сәтіне дейін өтіп кетіп, ал 1972 жылдан кейін қайтыс болған құқықтарын қорғау мерзімі, қабылданған заңға сәйкес, тағы 25 жылға ұзартылды1.» Бұл мәселе жөнінде Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын Берн конвенциясының 18-бабында нақты айтылған. (Мұнда 50 жылдық авторлық құқықты қорғау мерзімі көзделген). Оған сәйкес, конвенцияны қабылдау сәтіне қорғау мерзімі өтіп кеткен және жалпыға игілік болып үлгермеген туындыларға таралады. Сонымен қатар Конвенцияға қосылушы әрбір мемлекет бұл ережені қолдану шарттарын белгілеуі керек. Ал, Конституцияның 4-бабына сәйкес халықаралық шарттардың Қазақстан Республика заңдарының алдында үстем етуін білеміз. Бірақ, Қазақстан Республикасы Конвенцияға қосылу барысында ешқандай тиісті шарттарды белгілемеді, осылайша 18-бапта көзделген міндеттемені мойнына алмады. Сондықтан, 1972 жылға дейін қайтыс болған шет мемлекеттері авторларының құқықтары 50 жылдық қорғау мерзімі өтіп кетпесе де Қазақстан Республикасында қорғамайды. Авторлық құқықты халықаралық қорғауының жүйесi мемлекеттердiң iшкi құқығының негiзiнде құрылады. Берн, Дүниежүзiлiк және Рим конвенциялары қорғанудың мiндеттi минимумын қамтамасыз ететiн ұлттық реттеу қағидасына негiзделген. Қазақстан Республикасы Берн конвенциясына қосылғанымен де Қазақстанда авторлық құқық саласындағы бұзушылықтар деңгейi өсiп жатыр. Негiзiнен Қазақстан Республикасында авторлық құқықтың қатынастарын реттейтiн берiк құқықтық негiздемесі бар. Бiрақ өкiнiшке орай, бұл заңдар мемлекет тарапынан нақты әрекеттермен қамтамасыз етiлмеген. Сол себептi бiздiң мемлекетiмiзден көптеген перспективті шетел серіктестері қарым-қатынас жасаудан бас тартып жатыр. Пысықтау сауалдары: 1. Авторлық құқық бойынша “Ұлттық режим” принципі нені білдіреді? 2.Берн конвенциясының кері күші жоқ дегенді қалай түсінесіз?
14-т а р а у.
Патенттiк ҚҰҚыҚ жӘне ҚазаҚстан Республикасынан тыс жерде тауар таҢбаларын ҚорҒау
§ 1. Патент құқығының түсiнiгi мен мазмұны
Қазiргi таңда Қазақстан Республикасының экономикасы өтпелi кезеңнен ендi-ендi бас көтеруде. Мемлекетiмiздiң беделiн халықаралық сахнада көтеру және дамыған мемлекеттер қатарына қосу үшiн халықтың әл-ауқатын көрсететiн оның экономикасының мықты болу қажеттiлiгi сөзсiз. Кеңес социалистiк республикалар одағының жетпiс жыл бойы құрамында болып келген Қазақстан егемендiгiн алғаннан кейiн, экономикасының даму бағытын «нарықтық» деп 1993 жылғы, одан кейiн 1995 жылғы Конституцияларында бекiттi. Жоғары деңгейдегi шетелдiк инвестициялар мен iшкi жинақтары бар ашық нарықтық экономикаға негiзделген экономикалық өсу «Қазақстан–2030» стратегиясының маңызды ұзақ мерзiмдi басымдықтарының бiрi. Бүгiнгi таңдағы бiлiмге негiзделген экономикада зияткерлiк активтер негiзгi валюта болып табылады. Қазақстанның экономикалық өсудiң қарқынына жетуi, оның әлемдiк нарық құрылымына толық енуi қазiргi индустриалды экономиканың мықты материалдық, техникалық және технологиялық базасын құруға ықпал ететiн зияткерлiк меншiктi қорғаудың дамуынсыз мүмкiн емес. Бұл Елбасының кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi тапсырмалары және «Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуының 2003–2015 жылдарға арналған стратегиясын» iске асыру жөнiндегi мiндеттер аясында да өзектi мәселелердiң бiрi болып табылады. Зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау бiздiң мемлекеттiң Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруi және саудада ең қолайлы жағдайларға қол жеткiзу үшiн басты шарттардың бiрi болып табылатынын да айта кету жөн. Ал бұл бiздiң елдiң беделiн халықаралық сахнада арттыруға әсер етедi, өйткенi зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау адам мен азаматтың құқықтарын және заңи мүдделерiн сақтаудың қажеттi шарттары мен кепiл-дiктерiнiң бiрi. Сондықтан, соңғы жылдары экономикалық және сауда аспектiлерiмен тығыз байланысы бар зияткерлiк меншiк құқық-тарын қорғау саласы саяси сипатқа ие болды. Осыған байла-нысты Республикадағы зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы жұмыстың жалпы бағыттары және мемлекеттiң осы мәселе бойынша саясаты Қазақстан Үкiметi мен ДЗМҰ (ВОИС) арасындағы ынтымақтастық бағдарламасының, Зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау тұжырымдамасының ережелерiнде белгiленген және анық жазылған. Зият – бұл елдiң маңызды және ешқашан таусылмайтын ресурсы. Ал осы қордың күшi өзiнiң тек қана осындай мәртебесiнде мемлекет пен қоғамның мүдделерiне қызмет ететiн қорғалатын зияткерлiк меншiкте. Нарықтық экономикада қандай да бiр кәсiпкердiң алдында тұратын мәселе – тауарларының бәсекеге қабiлеттi болуы. Кәсiпкерлердiң қазiргi таңда «ұлттық өндiрушiнi қорғау және қолдау – өндiрушiнiң өз қолымен» деген ұранды ұстауы – маңызды. Кәсiпкерлер үшiн осындай қорғанудың бiр жолы болып кәсiпкерлердiң өз кәсiпорындарында инновациялық қызметтi дамытуы табылады. 1992 жылы 24 шiлдеде Қазақстан Республикасының алғашқы Патент Заңы қабылданды. Қазіргі таңда 1999 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасының патент Заңы» қолданылады. Өнертабыстар мен өндiрiстiк үлгiлердi патенттiк қорғаудың жаңа нысанына көшкеннен кейiн Қазақстан Республикасын-дағы патент иеленушiлер осы объектiлердi пайдалануға монополиялық құқықты мемлекеттiң берген құқықтық кепiлдiгi ретiнде алды. Монополиялық құқықты иеленушi тұлғаларда үшiншi тұлғалардың құқықтарын және заңнаманың нормаларын бұзбай патенттiк құқық объектiлерiне билiк ету мүмкiндiгi пайда болды. Құқықтық реформаларды жүргiзу барысында мемлекетiмiз 1994 жылы экономикалық құқықтық қатынастарды реттеудiң негiзi болып табылатын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн бекiттi. Азаматтық заңнамадағы «интеллектуалдық меншiктi» құқықтың жеке объектiсi ретiнде қарастыру, тео-риялық жағынан осы саланың жетiлуiн қажет еттi. Кодекс ар-қылы интеллектуалдық меншiк объектiлерiнiң иелерiне «ерекше құқық» берілді. Қазақстан Республикасының үкiметi арыз берушiге ыңғайлы, тұтынушыға қолайлы, жаңалықты дамытатындай, яғни мағынасы жағынан жай, рәсiмдеу төлемi арзан, сараптамалық және мәлiметтердi iздестiру қызметiнiң сапалы, патенттiк құқықты қорғаудың жеңiл жолдары бар, халықаралық патенттiк жүйенiң талаптарына сәйкес келетiн ұлттық патенттiк жүйесiн қалып-тастыруға мемлекетiмiздiң құрылуының алғашқы күндерiнен-ақ жағдай жасауда. Қазiргi таңда жоғарыда көрсетiлген жағдайлардың тек кей-бiреуi ғана көрiнiс алуда. Ал, патенттiк органға түсiп жатқан арыздардың саны жылдан-жылға көбеюде. Мысалы, 1992–2001 жылдар аралығында өндiрiстiк меншiк объектiлерiне патент алу үшiн 17388 арыз берiлген. Қазiргi кезде ұлттық және шетелдiк патент иеленушiлердiң қолында 12014 өндiрiстiк меншiк объектiлерiне алдын ала патент пен патент бар. 1. Патенттердiң саны көбейген сайын пайда табуға талпын-ған патент иеленушiлердiң де саны көбеюде. Кеңес Социалистiк Республикалар Одағы кезiнде өндiрiстiк меншiк объектiлерiнiң иесi болып көбiнесе мемлекет болып табылғандықтан авторлар мен патент иеленушiлердiң құқықтарын жетiлдiруге еш шаралар қолданылмаған. Ендеше зияткерлік меншiк дегенiмiз не? Бұл сауалға халық-аралық, сонымен қатар, елiмiздiң заңнамаларынан да толық қамтылған жауап алуға болады. Қазақтан Республикасы қатысушы болып табылатын Бүкiлдүниежүзiлiк интеллектуалдық меншiктi қорғау ұйымы (БИМҰ) Конвециясының 2-бабында «Интеллектуалдық меншiктiң» әдеби, көркем және ғылыми шығармаларға, әртiстердiң орындаушылық қызметiне, дыбыс жазу, радио және теледидар хабарларына, адами қызметтiң барлық саласындағы өнертабыстар мен ғылыми жаңалықтарға, өнер-кәсiптiк үлгiлер, тауар таңбалары, қызмет көрсету белгiлерi, фирмалық атаулар мен коммерциялық көрсеткiштерге, қара ниеттi бәсекелестiкке қарсы қорғану, сондай-ақ өндiрiстiк, ғылыми, әдеби және көркемөнер салаларындағы интеллектуал-дық қызметке қатысты өзге де барлық құқықтарды қамтитыны туралы атап көрсетiлген. ҚР АК-нiң 961-бабында жүйелендiрiлген тiзiлiм берiлген. Қазақстанның социалистiк жүйеден нарықтық экономикаға ауысуы зияткерлік еңбек нәтижелерiн қорғау және құқықтық қатынастарды реформалауды талап еттi. Осы кезеңнен бастап, заңнама мен күнделiктi тұрмысқа «интеллектуалдық меншiк», «өнеркәсiптiк меншiк», «патент», «патент иеленушi», «айрықша құқық» ұғымдары ендi. Егер өзгерiстердiң мәнiне қысқаша тоқталар болсақ, кеңестiк кезеңдегi авторлық куәлiк орнына өнеркәсiп меншiгi объектi-лерiн қорғау жөнiндегi бүкiл әлем таныған патент жүйесi келдi. Кеңестiк өнертабыс құқығының негiзгi ерекшелiгi – өнертабушы автор өз құқығын, көбiнесе, авторлық куәлiкпен ресiмдей-тiн, кейбiреулерi Мәскеуде, бүкiл Кеңес Одағы бойынша жал-ғыз Мемкомөнертабыс патент ведомствосында жарияланатын, содан кейiн кез келген адам аз сыйақы төлеу арқылы өнертабысты өз иелiгiне жаратып жататын. Ендi құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз ешбiр жан өнертабыс-ты, пайдалы модельдi немесе тауар таңбасын пайдалана алмайды. Құқық иеленушiнiң рұқсаты, көбiнесе, сыйақы төлеу және лицензиялық шарт жасасу жолымен ғана пайдалану жолға қо-йылған. Бұл құқық «айрықша құқық» деп аталады. Және ол ҚР АК-нiң 125, 964-баптарымен бекiтiлген. Сөйтiп, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн құқықтық қорғау принциптерi түбiрiмен өзгерген, демек, жаңа қатынастар бүтiндей өзгеше құқықтық базаны қалыптастыруды талап еттi. 1992 жылы Ұлттық Патенттiк ведомство патенттеудiң бiрегей жүйесiн қалыптастырды (явочно-проверочную) және оның құқықтық реттелуiн Қазақстан Республикасының Патент Заңында бекiттi. Бұл жүйенi кейiннен Орталық Азия, Закавказьенiң көптеген тәуелсiз мемлекеттерi және Украина да қолдады. Бұл патенттеу жүйесi бойынша қарапайым тiркеу мен сараптама элементтерi бiрiгедi. Бiздiң жүйенiң келiмдiк және тiркелiмдiк сипаты патенттiң формалды сараптама жүргiзгеннен кейiн берiлетiндiгiнде көрiнедi. Қазақстан Республикасы 1999 жылғы «Қазақстан Республикасының патент Заңы» 22-бабы формалды сараптама кезiнде қажеттi дәлел-демелердiң болуы, оларға қойылатын негiзгi талаптардың сақталуы және өтiнiм берiлген ұсыныстың құқықтық қорғау берiле-тiн объектiлерге жататындығы тексерiлетiндiгiн бекiтедi. Патент мәнi бойынша сараптама жүргiзiлгеннен кейiн берi-ледi. Оның жүргiзiлу барысында өтiнiм берiлген шешiмнiң патентке қабiлеттiгi талаптарына сәйкестiгi анықталады. Өнертабыс пен өнеркәсiптiк үлгiге алдын ала патент пен патент және пайдалы модельге патент «қорғау құжаты» түсiнi-гiмен бiрiгедi. Қазақстан бiр өнертабысқа екi қорғау құжаты – заңды сарап қорытындысы бойынша алдын ала патент пен өнертабыс немесе өнеркәсiптiк үлгi сараптамасы қорытындысы бойынша патент берiлуi қажет екенін бекітті. Бұл екi қорғау құжатының аумақтық (тек Қазақстан Республикасы) және уақытша әрекет ету шегi бар. Өнертабысқа алдын ала өтiнiмнiң патент ведомствосына берiлген күннен бастап Қазақстан Республикасы аумағында бес жыл бойы, ал патент жиырма жыл бойы қолданылады. Пайдалы модельге патент бес жыл бойы, патент иесiнiң өтi-нiшi бойынша бұл мерзiмдi патент органы ұзартуы мүмкiн, бiрақ үш жылдан аспауы керек. Өнеркәсiптiк үлгiге алдын ала берiлетiн патент өтiнiмнiң патент ведомствосына берiлген күннен бастап бес жыл әрекет етедi. Өнеркәсiптiк үлгiге патент – он жыл бойы күшiн сақтайды, патент иесiнiң өтiнiшi бойынша бұл мерзiмдi патент органы ұзартуы мүмкiн, бiрақ бес жылдан аспауы керек. Патент – patent – мына мән-жайларды: 1) аталған техникалық шешiмнiң өнертабыс екендiгiн; 2) авторы белгiлi бiр тұлға екендiгiн; 3) аталған тұлға немесе оның мұрагерi осы өнертабысқа айрықша құқық иеленетiндiгiн куәландыратын құжат. Патент оны берген ведомство мемлекетi аумағында әрекет етедi. Шетел құқығы бойынша, лицензия немесе патент алу туралы келiсiмге қол жеткiзiлген кезде, иесiне сыйақы төлей отырып, патенттi мемлекет немесе оның еркi бойынша белгiлi бiр ұйымның қолданылуына мәжбүрлеп сатып алынуы мүмкiн. Көптеген елдерде көзделген патент иесiнiң құқықтарын қорғау шараларының бiрi ұқсас өнертабыс көрiнетiн бұйымдарды енгiзуге жаза қолдану болып табылады (өтемақы, келтiрiлген зиянды жою туралы талап арыз қою т.б.). Патент беру әр елде оның патент құқығы нормаларына сәйкес жүргiзiледi. Өнертабысқа келесi талаптар қойылады: «өнертапқыштық деңгей», «прогрессивтiлiгi», «қолданылуға жарамдылығы» және мiндеттi түрде жаңалығы. Кейбiр елдерде жаңалығын бұл жағдайлардың қайда болғанына байланыссыз мемлекет iшiнде немесе шетелдерде жариялануы мен қолданылуы бұзады, тежейдi. Екiншi рет басқа мемлекеттерде өнертабыс жаңалығын өз мемлекетiнде де, шетел елiнде де жариялау мен қолдану бұзады. Ал өзге мемлекеттерде өз мемле-кетiнiң аумақтық сипаты ғана болмау үшiн халықаралық келiсiмдер жасасу қолданылады. Патенттеу мақсаты – сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешiмдi жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткiзiп ашу. Патенттiң негiзгi қызметi – жаңалықты енгiзетiн тұлғаға монополияны қамтамасыз ету болып табылады. Патенттiк қорғау келесi аспектiлермен сипатталады: – қорғалатын объектiлердiң шектеулi шеңберi; – патенттiк құқықтар пайда болуының ерекше тәртiбi; патент иесiне құқықтар кешенiнiң және объектiнi пайдалануға айрықша құқықтың берiлуi; – айрықша құқық (қорғау құжаты) әрекетiнiң мерзiмдiк және аумақтық сипаты; – айрықша құқықтардың заңды шектелу мүмкiндiгi. Аталған объектiлердiң барлығы бiздiң мемлекетiмiзде де қолданылады. Патентке негiзделген құқықтар мемлекеттiң берген құқықтары болып есептеледi. Мұндай қатынастар өзаралықпен анықталады. Мемлекет берiп отырған құқықтарға жауап ретiнде патент иесi мемлекет пен қоғамға танылмай қалуы мүмкiн болған өнертабыс ашады. Осындай өзаралық патенттi шарт ретiнде қарастыруға мүмкiндiк бередi. Оның талаптары қорғау құжатында емес, патент заңнамасында сипатталғандай болады. Патенттiң монополия және өнеркәсiп меншiгiнiң объектiсi ретiнде түсiнiгi аса кең тараған. Патент иеленушi өзiнiң өнертабысын пайдалануына айрықша құқықты иеленедi, аталған монополиялық ұқсастық меншiк иесiнiң өз құқықтарымен сипатталады. Құқығы жоқ тұлғаның бұл объектiнi пайдалануы заңсыз деп есептеледi. § 2. Патент берiлетiн интеллектуалдық меншiктiң негiзгi объектiлерi
Өнертабыстар Өнертабыс түсiнiгi мен объектiлерi. Белгiлi бiр өнертабыс негiзi болған шығармашылықтың деңгейiн бағалау қажет болғандықтан, өнертабыс түсiнiгiнiң объективтiк анықтамасын беру мүмкiн емес. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Патент Заңында бұл түсiнiктiң анықтамасы берiлмеген, тек оған қойылатын талаптар көрсетiлген: – жаңалығы; – өнертапқыштық деңгейдiң болуы; – өнеркәсiпте қолдануға болатын техникалық шешiмнiң болуы. Егер өнертабыс осы аталған талаптарға сай болса, онда оған Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабына сәйкес қорғау қамтамасыз етiледi. Алайда, өнертабысты мәселенiң шығармашылық-техникалық шешiмi ретiнде анықталатын құбылыс ретiнде қарастыру заңды. «Техникалық шешiм» терминi техниканың әр түрлi салаларындағы қажеттiлiктердi қамтамасыз ету құралы ретiнде, сонымен қатар, мысалы, жаңа музыкалық аспап жасау арқылы өнер; спорт көмекшi құралдарын жасау арқылы спорт; жаңа емдеу әдiстерiн, дәрi-дәрмектердi жасау арқылы медицина және т.б. салаларда кең мағынада қолданылады. Осылай ауруды емдеу әдiстерi техниканың жалпы түсiнiгiне жатпайды. Бұған қарамастан, емдеудiң терапиялық әдiстерi емдеу құралдарын нақты белгiленген мөлшерде, белгiлi бiр уақыт iшiнде, белгiлi бiр кезектiлiкпен және т.б. қолдануды меңзейтiндiктен, бұл арқылы емдеу техникасы анықталады. Бұл мағынада емдеу тәсiлдерi техникалық шешiм ретiнде қарастырылады. Осылай, өнертабыс арқылы техника, ауыл шаруашылық, мәдениет, бiлiм беру салаларындағы әр түрлi мәселелер өз шешiмiн табады, бiрақ бұл жерде өзге (экономикалық, әкiм-шiлiк, ұйымдастырушылық т.б.) техникалық әдiстер мен құралдар қолданылмауы тиiс. Әрбiр өнертабыс белгiлi бiр объектiнi, яғни қоғамдық қажеттiлiктi қанағаттандыра алатын техникалық құралды сипаттайды. ?нертабыс объектiлерiнiң түрлерi қойылған мақсатқа жету үшiн техникалық шешiмдерде көрсетiлген құралдарға тәуелдi анықталады. Құрылғы, әдiс, зат, микроорганизмдердiң, өсiмдiктер мен хайуанаттар клеткаларының тегi, сондай-ақ бұрыннан белгiлi құрылғы, әдiстi, затты тектi жаңа мақсатта қолдану өнертабыс объектiлерi бола алады. Өнертабыс объектiлерiн нақтылау патент иесiнiң құқықтар көлемiн анықтау заңмен қорғалатын өнертабыстың пайдаланылуын бақылау мүмкiндiгi үшiн құқықтық маңызы зор. Құрылғы – өнертабыс объектiсi ретiнде. Өнертабыс объектi-лерi ретiнде құрылғыларға конструкторлар мен бұйымдар жатады. Кеңiстiкте орналасқан бiр-бiрiмен тығыз байланыстағы элементтер жүйесi құрылғы болып танылады. Бұл машиналар – мысалы, «Қар жинаушы машина»; құрылғылар – «Магнит өрiсi датчигi»; механизмдер – «Шарниро-рычажный механизм». Жетiлдiрiлген инструмент, мысалы, «Геологиялық балға», «Қозғалмалы пышақ» немесе қандай болмасын құрал, мысалы, «Тормозное устройство для железнодорожного вагона», «Гидравлическое устройство для удержания руля относительно рамы мотоцикла» объект – құрылғы категориясына жатқызылуы мүмкiн. Құрылғы болып көлiк құралдары, жабдық, құрылыстар, сонымен қатар, әр түрлi бұйымдар танылады – мысалы, «Әмбебап оқу партасы». Электр схемалары да құрылғының бiр түрi болып табылады. Патенттiк қорғалуға құрылғының өзi ғана емес, олардың бөлек элементтерi де: түйiндерi, бөлшектерi т.б. жатады. Құрылғы өнертабыс объектiсi ретiнде келесi конструктивтiк белгiлермен сипатталады: – конструктивтiк элементтердiң болуы; – элементтер арасында байланыстың болуы; – элементтердiң өзара орналасуы; – құрылғының немесе оның элементтерiнiң орындалу нысаны, атап айтқанда, геометриялық нысанда жасалуы; – элементтер арасындағы байланыстың орындалу нысаны; – элементтер параметрлерi мен өзге сипаттамалары және олардың өзара байланысы; – құрылғы немесе оның элементтерi жасалған материал; – құрылғының кез келген элементiнiң қызметiн орындайтын аясы; – техникалық шешiмнiң басқа түрлерiмен салыстырғанда құрылғы – өнертабыс олардың фактiлi түрде қолданылуына бақылануды қамтамасыз етедi. Бұл олардың кең таралуын анықтайды. Тәсiл – өнертабыс объектiсi ретiнде. Өнертабыс объектiсi ретiнде тәсiлдерге материалдық объектiлер көмегiмен материалдық объектiлерге әрекет ету процестерi жатады. Тәсiл – белгiлi бiр тәртiппен немесе белгiлi бiр ережелерде сақтау арқылы орындалатын әдiстер жиынтығы. Материалдық объектiлерге әрекет ету процестерi ретiнде тәсiлдердi былай бөлуге болады: – өнiм (бұйымдар, заттар т.б.) өндiруге бағытталған әдiстер, мысалы, «Құрылыс материалын жасау тәсiлi», «Ацетилен алу әдiсi»; – белгiлi бiр өнiм алмай материалдық заттардың жағдайының өзгеруiне бағытталған әдiстер (тасымалдау, реттеу, өңдеу т.б.). Мысалы, «Жер өңдеу тәсiлi», «Электромагниттiк клапанды басқару әдiсi»; – нәтижесiнде материалдық дүние заттарының жағдайы анықталатын әдiстер (бақылау, өлшеу, диагностика т.б.). Мысалы, «Аса таза кварцтың шыққан жерiн iздеу әдiсi». Өнiм алу әдiсiне берiлген қорғау құжаттарының күшi тiкелей осы әдiспен алынған өнiмге де таралады1. Патенттер аурудың алдын алу, диагностика және емдеу әдiстерiне де берiледi, мысалы, «Тiстер кариесiн алдын алу әдiсi», «Артериальдi гипертония диагностикасының әдiсi». Өнертабыс объектiсi «Әдiс» келесi белгiлермен сипатталады: – белгiлi бiр әрекеттiң немесе әрекеттер жиынтығының болуы: «...тұзды ерiтедi...»; – осындай әрекеттердi уақыт бойынша орындау тәртiбi (кезекпен, бiр уақытта, әр түрлi жолдармен т.б.). «...қышқылмен өңдегеннен кейiн пленканы дистилденген сумен шаяды...»; – әрекеттердi жүзеге асырудың режимдерi мен шарттары (температура, қысым, қуаттылығы, жылдамдығы т.б.). «...40°С-ға дейiн қыздыру кезiнде ерiтедi...»; – заттар немесе материалдарды пайдалану (алғашқы шикiзат, реагенттер, катализаторлар, микроорганизмдер тектерi және т.б.). «...процестi инерттi газ атмосферасында жүргiзедi...»; – құрылғыларды (құралдарды, жабдықтар т.б.) пайдалану. «...реагенттiң электрохимиялық өңдеуiн ерiтiлмеген электродтары бар электролизде жүргiзедi...». Зат өнертабыс объектiсi ретiнде. ?нертабыс объектiсi ретiнде заттарға: – жеке химиялық қосындылар, сонымен қатар, оларға жоғары-молекулярлық қосындылар және гендiк инженерия өнiмдерi (рекомбинантты нуклеидтiк қышқылдар, векторлар т.б.). Мысалы, «гидрохлорид-1-(2-этоксиэтил)-4-ацетил- – композициялар (құрамдар, қоспалар), мысалы, «псориазды емдеу майы», «фурфуролды гидрирлеу катализаторы»; – ядролық айналу өнiмдерi жатады. Жеке химиялық қосындыларды сипаттау үшiн келесi бел-гiлер қолданылады: – сапалық және сандық құрам; – атомдар арасындағы байланыс және олардың молекулада химиялық құрылымдық формулалары сипатталған өзара орналасуы. Бұрыннан белгiлi құрылғы, әдiстi, затты, тектi жаңа мақсатта қолдану. Құқықтық қорғау таралатын өнертабыстың бұл түрi болып бұрыннан белгiлi болған құрылғы, зат, әдiс, тектiң жаңа мақсаттарда қолданылуы табылады. Өнертабыстың бұл объектiсi өзге өнертабыстардан қызметi-нiң сипаттамасымен байланысты пайда болуымен ерекшеле-недi. Егер құрылғы, әдiс, зат, тек қоғамдық қажеттiлiктi қанағаттандырудың жаңа құралы болса және олардың бағытталған синтезi жасалса, онда өнертабыстың бұл объектiсi белгiлi объектiнiң жаңа мүмкiндiктерiн (белгiсiз қасиетiн) анықтау арқылы пайда болады. Бұл объектiнiң негiзiнде белгiлi техникалық құралды, бұл өнертабыс пайда болған кезде қолданылған мақсатқа қарағанда, өзге мақсаттарда қолдану. Бұрыннан белгiлi болған құрал ол иеленетiн қызметке қарағанда, жаңаша қызметте пайдаланылып, осыған байланысты өзге қажеттiлiктi қанағаттандырады. Мысалы, бояу ретiнде қолдану үшiн арнайы синтезделген белгiлi «А» заты белгiлi бiр жағдайда зиянды бактериялар үшiн күштi әсер ететiн у ретiнде қолданыла алады. Белгiлi заттың жаңа қасиетiн анықтау нәтижесiнде зиянды бактерияларды жою үшiн жаңа құрал ұсынылады. Бұл жерде белгiлi бiр мақсатпен арнайы алынған заттардан басқа, яғни белгiлi бiр қолданудан басқа, тәжiрибеден алынған табиғи немесе аралық қосындылар немесе өндiрiс қалдықтары бар екендiгiн атап өту қажет. Мұндай қасиеттi анықтау алдында белгiлi болған құрылғы, әдiс, зат, тектiң жаңа мақсаттарда қолданылуын өнертабыс ретiнде саралауға болады. Өнертабыстың бұл объектiсi заттарға (жеке заттар, композициялар, тектер т.б.) тән, себебi, олар қолданылу шарттарына сәйкес көрiне алатын қасиеттердi иеленедi, сондықтан әр түрлi мақсаттарда қолданыс таба алады. Аталмыш объект құрылғыларға аса тән емес, себебi олар белгiлi бiр қызметтi атқару үшiн жасалады және олардың анық көрiнетiн мақсаты бар. Сондықтан құрылғыға қандай да бiр өзгерiс енгiзбей өзге мақсаттарда қолдану, көп жағдайларда мүмкiн емес болып келеді. Биотехнология объектiлерi. Соңғы ондаған жылдар iшiнде теориялық мүддеге ғана ие ғылымнан биология тәжiрибелiк маңыздылығымен сипатталатын ғылымға айналды. Өнеркәсiптi «биологизациалау» өрiсi байқалуда. Биотехнология ғылыми-техникалық прогрестiң басым бағытына айналып жатыр. Биотехнологияның кең тәжiри-белiк мүмкiндiктерi гендiк инженерия арқылы адамдарды емдеу әдiстерiнен қоршаған ортаны қорғау әдiстерiне дейiнгi әр түрлi биологиялық объектiлерге байланысты өнертабыстар санының артуына алып келдi. Патенттер биология және биотехнологияны «коммерцияли-зациялау» iсiнде және биотехнологиялық өнiмдi сату нарығы үшiн күресте аса маңызды құрал болып жатыр. Биотехнологиялық өнертабыстарды қорғау мәселесi әлi де ұлттық, халықаралық деңгейде талқыланып жатыр. Аталған объектiлер тiрi – тектер, тiрi емес – заттар бола алады. Тiрi объектiлер: – микроорганизмдердiң жеке тектерi; – өсiмдiктер мен жануарлар жасушаларының жеке тектерi. Тiрi емес объектiлер: – биотехнологиялық әдiспен алынған қосындылар, антибио-тиктер, ферменттер, вакциналар және т.б.; – гендiк инженерия өнiмдерi – ДНК мен РНК – кезектiлiгi, гендер, плазмидтер, векторлар, белоктар т.б. Биотехнология саласына, сонымен қатар, микроорганизм-дер тектерiн, өсiмдiктер мен жануарлар жасушаларының тектерi, антиботиктердi, нуклеин қышқылдарын пайдаланумен әр түрлi әдiстер, вакциналар өндiру әдiстерi т.б. жатады. «Тек» терминi белгiлi бiр қайнар көзден немесе жасанды жолмен алынған (мутация нәтижесiнде) және өзiндiк физиологиялық – биохимиялық белгiлерiмен сипатталатын микроор-ганизмдердiң бiр түрлi мәдениетiн бiлдiредi. «Микроорганизм» түсiнiгiнiң нақты таксономиялық мәнi жоқ, яғни қандай да бiр таксонға – түрге, жынысқа, семьяға т.б. жатқызылмайды. Ол микроскопиялық өлшемдегi әрбiр организм микроорганизмге жататындығын меңзейдi. Бiрақ, бұл түсiнiк шартты, себебi дәстүрлi микроскопиялық объектiлер арасында макроскопиялық объектiлер болатыны белгiлi, ал бiр тектiң өлшемi культизациялау және өзге факторларға байланысты өзгере алады. Патент рәсiмi үшiн «тек» объектiсiне микроскопиялық өлшемдегi өмiрге қабiлеттi әр түрлi организмдер – бактериялар, вирустар, қарапайым микроскопиялық омыртқасыз жануарлар және өзге де жеке тектер, микроорганизмдердiң консорциумдары, сонымен қатар, өсiмдiктер мен жануарлардың культивацияланатын соматикалық клеткалары кiредi. Тәжiрибелiк (пайдалы) қасиеттерi анықталған тек қана құқықтық қорғау объектiсi бола алады. Ғылыми көзқарас негiзiнде белгiлi бiр қасиеттер жиынтығымен сипатталған тек қорғау объектiсi болмайды. Өнертабыстың патентке қабiлеттiгiнiң талаптары. Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабына сәйкес өнертабысқа, егер ол жаңа, оның өнертапқыштық деңгейi және өнер-кәсiптiк қолдануға жарамды болса, құқықтық қорғау берiледi. ?нертабыс патент қабiлеттiгiнiң бұл талаптары әлемнiң көптеген елдерiнiң патент заңдарында анықталған. Жаңашылдық. ?нертабыстың жаңалығы оның патент қабiлет-тiгiнiң негiзгi және мiндеттi талабы болып саналады. Патент Заңының 6-бабына сәйкес, егер өнертабыс техника деңгейi туралы мәлiметтерден белгiлi болмаса, жаңа болып табылады. Техника деңгейi туралы мәлiметтерге өнертабыс басымдық мерзiмiне дейiн әлемде жалпы қол жетерлiк болған кез келген мәлiметтер кiредi. Жалпыға қол жетерлiк мәлiметтер ретiнде кез келген тұлға таныла алатын мазмұны заңды түрде хабарланған қайнар көздерде көрсетiлген мәлiметтер танылады. Қызметтiк, жабық, құпия және т.с.с. ақпаратқа назар аударылмайды. ?нертабыс жаңалығы бiтiмгершiлiк сипатты фактiге ие болып табылады, яғни техника деңгейiне Қазақстан Республикасында ғана емес, шетелдерде де жалпы қол жетiмдi болған мәлiметтер жатқызылады. Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабының 4-тармағына сәйкес өтiнiм берушiге жаңашылдық бойынша жеңiлдiк берiледi. Бұл автордың, өтiнiш берушiнiң немесе осы ақпаратты тiкелей немесе жанама түрде алған кез келген тұлғаның өнертабысқа жататын ақпаратты жария түрде ашу, сонымен қатар, Париж конвенциясына қатысушы мемлекеттiң аймағында ұйымдастырылған ресми немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде экспонат ретiнде өнертабысты көрсету өнертабыс-қа өтiнiм патент ведомствосына ол ашылған күннен немесе көрмеге орналасуы күнiнен 6 ай кешiктiрмей берiлген болса, өнертабыс патент қабiлеттiгiн тануға жол бермейтiн жағдай деп танылмайды. Мұндай жеңiлдiк өтiнiш бергенге дейiн мәнi ашыл-ған өнертабысты қорғауға мүмкiндiк бередi. Өнертапқыштық деңгей. Өнертабыстың патентке қабiлеттiгi-нiң келесi критерийi болып өнертабыстың сапалық деңгейiнiң көрсеткiшi болып табылатын өнертапқыштық деңгей саналады, себебi, оның көмегiмен ғылыми және техникалық прогреске қандай да бiр зерттеменiң үлесi бағалана алады. Жаңа болып табылатын кез келген шешiм техника деңгейiне үлес қосады деп есептелiнбейтiндiгi анық. Техника саласында қандай да бiр бiлiмге қол жеткiзiп, орта маман жасалу жолы анық және шығармашылық негiзi жоқ белгiлi құралдардың жаңа комбинацияны көрсететiн объектiнi жасай алады. Сондықтан, әр түрлi елдердiң патент заңдарында өнертабысты қарапайым инже-нерлiк зерттемелерден немесе объектiлерден айыруға (бұл өнертапқыштық деңгей) мүмкiндiк беретiн өнертабыстың шығармашылық сипатын анықтайтын критерий қалыптасқан. Германияның Патенттiк заңында бұл критерий өнертапқыштық қызмет деп аталады. Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес, егер маман үшiн ол техника деңгейi туралы мәлiметтерден айқын кездеспейтiн болса, өнертабыс өнертабыс-тық деңгейде болады. Техника деңгейi туралы мәлiметтер өнертабыс басымдық алған күнге дейiн дүние жүзiнде жалпы жұртқа мәлiм болған кез келген мәлiметтердi қамтиды. «Өнертапқыштық деңгей» критерийi «маман» түсiнiгi арқылы анықталады. Қазақстан Республикасының Патент заңында «маман» түсiнiгi ашылмайды, бiрақ оның мазмұны бiрқатар елдердiң патент заңдарында берiлген. Маман ретiнде жұмыс iстейтiн, оның өтiнiш берiлген өнертабыс саласы жататын саладағы барлық жалпы бiлiмдерi белгiлi болған тәжiрибелi тұлға танылады. Маман объектiнi жасау үшiн белгiлi шешiмдердi бiрiктiре алса, онда ұсыныс өнертапқыштық деңгей талабына жауап бермейдi. Шығармашылық бастау болуы жағынан өнертабысты бағалау «шығармашылық» түсiнiгiнiң субъективтi болуынан қиынға соғады. Себебi, өнертабыстың патентке қабiлеттiгiнiң аясындағы даулардың көбiсi осы критерий бойынша туындайды. Өнеркәсiптiк қолдануға жарамдылығы. Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабына сәйкес, егер өнеркәсiпте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда және қызметтiң басқа да салаларында пайдалануға болса, өнертабыс өнеркәсiпте пайдалануға жарамды деп танылады. Өнертабыстың өнеркәсiптiк қолданылуын тану үшiн келесi талаптардың жүзеге асуы қажет: – өтiнiш материалдарында өтiнiш берiлген өнертабыс объек-тiлерiнiң мақсаты көрсетiлуi тиiс; – өнертабыс формуласында сипатталған түрiндегi өнертабыстың жүзеге асырылуы мүмкiн болатын құралдар мен әдiстер өтiнiш материалдарында көрсетiлуi тиiс (өтiнiш материалдарында ондай мәлiметтер болмаса, өнертабыс басымдық алған күнге дейiн дүние жүзiне жалпы жұртқа мәлiм болған қайнар көзде көрсетiле алады); – өтiнiш берушi көрсеткен өнертабыс мақсаты шын мәнiнде жүзеге асырылуы мүмкiн болуы. «Өнеркәсiпте қолдануға жарамдылық» түсiнiгi кең мағынада қолданылу қажеттiлiгiн атап өту қажет, ол қандай да бiр техникалық шешiмдi пайдаланудың максимальдi тиiмдiлiгiн мең-земейдi. Аталған критерий мiндетi мен мәнi өнертапқыштық қызмет салаларының бiреуiнде қолданылудың қағидалық мүмкiндiгiн көрсету. Өнеркәсiпте қолдану жарамдылығы талабының негiзгi мәнi- белгiлi бiр материалдық құрал түрiнде техникалық шешiмдi жүзеге асыру, сонымен қатар, аталған өнертабыс арқылы өтiнiм берушi көрсеткен техникалық шешiмге жетe-жетпеуiн анықтау мүмкiндiктерiн тексеру болып табылады. Жаңашылдық және өнертапқыштық деңгей критерийлерiне қарағанда, өнеркәсiпте қолдануға жарамдылығы техника деңгейi мен басымдық күнiмен тiкелей байланысты болмаса да, қатысты. Заттың аса маңызды қасиеттерiн көрсететiн белгiлер елеулi болып табылады. ?неркәсiптiк меншiк объектiлерiне, атап айтқанда, формуласы бойынша пайдалы модельдi құқықтық қорғау көлемiн анықтау кезiнде дара ақпараттың мәндiк маңызы бар және оның қажеттiлiгi пайдалы модельдi қолдану кезiнде техникалық нәтижеге жету үшiн қалған елеулi белгiлермен өзара байланыста жеткiлiктiгi туралы бiр мәндi ақпарат беретiн белгi елеулi болып табылады. Пайдалы модель елеулi белгiлерiнiң жиынтығы техника деңгейi туралы мәлiметтерден белгiлi болмаса, оған құқықтық қорғау берiледi. Өнертабыстар техника деңгейiне қарағанда, пайдалы модель үшiн техника деңгейiн анықтаудың екi түрлі ерекшелiгі бар. Бiрiншi ерекшелiк – техника деңгейi туралы мәлiметтер пайдалы модельге басымдық берiлген күнге дейiн жұртқа мәлiм болған, арыз берiлiп отырған пайдалы модель мақсаттас құралдар дүние жүзiнде жарияланған мәлiметтердi және Қазақстан Республикасында жарияланған пайдалы модельдер мен өнертабыстарды қамтиды. Пайдалы модель объектiсi «Аэростат» болса, онда оны оған ұқсас объектiлермен емес, аэростаттармен салыстыру қажет. Екiншi ерекшелiгi – техника деңгейiне мақсаттас құралдарды Қазақстан Республикасында қолдану туралы мәлiметтер кiредi, яғни пайдалы модель жаңалығы абсолюттi емес, өнертабыстарға қарағанда әлемдiк қатысты болып табылады.
Өнеркәсiптiк үлгi Өнеркәсiптiк үлгi түсiнiгi.Өнеркәсiптiк үлгiлер түрлерi. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 991-бабының 4-тармағы мен Патент Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес бұйымның сыртқы түрiн белгiлейтiн, жаңа, түпнұсқалық және өнеркәсiпте қолдануға болатын көркемдiк-конструкторлық шешiм құқық-тық қорғау берiлетiн өнеркәсiптiк үлгi болып танылады. Анықтамадан көрiп отырғанымыздай, бұйымның сыртқы түрiнде көркемдiк және конструкторлық шешiм болуы керек. Бiр ғана құралдың қолданылуы бұйымның өнеркәсiптiк үлгi болып танылуына жеткiлiксiз. Бұйымның функционалдық мазмұны оның анық көркемдiк нысанына сәйкес болуы тиiс, көркем және техникалық (конструкторлық) белгiлерiнiң бiр-тұтастығымен сипатталуы қажет. Сыртқы нысаны ретiнде оның пайдаланылуы мен қолданылуы процесiнде тұтынушы көретiн түрiн түсiну керек. Оның сыртқы нысаны iшкi құрылымына және бұйымның функционалдық мақсатына сай болуы тиiс. Патент Заңының әрекетi өнеркәсiптiк үлгiнiң көптеген түрлерiне тарайды. Оларға көлемдi, жазық және аралас өнер-кәсiптiк үлгiлер жатады. Көлемдi өнеркәсiп үлгi ретiнде негiзiн дамыған өлшемдi көлемдi-кеңiстiктiк құрылым құрайтын композиция танылады. Мысалы: радиатордың сыртқы нысанын анықтайтын көркемдiк-конструкторлық шешiм. Жазық өнеркәсiптiк үлгi екi өлшемдi сызықтық түстен-дiрiлген элементтер байланысымен сипатталады. Мысалы: кiлем, мата сыртқы нысанын анықтайтын шешiмдер. Аралас өнеркәсiптiк үлгi аталған екi шешiмге тән белгiлер-мен сипатталады. Мысалы: ыдыстың сыртқы түрiн анықтайтын көркемдiк-конструкторлық шешiмдер. Өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттiлiк талаптары. Өнеркәсiптiк үлгi патентке қабiлеттiгiнiң белгiлi талаптарына немесе критерийлерiне жауап берсе, оған қорғау ұсынылады. Қазақстан Республикасы Патент Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес ондай талаптарға мыналар жатқызылады: жаңашылдық, бiрегейлiк және өнеркәсiпте қолдануға жарамдылығы. Бұл критерийлер өтiнiш берiлген мерзiмге олардың болуын дәлелдеу және бүкiл мерзiмге құқықтық қорғауды жүзеге асыру мүмкiндiгiне байланысты таңдалады. Сонымен қатар, олар әлем тәжiрибесiнде таралған өнеркәсiптiк үлгiлердiң патентке қабiлеттiгi талаптарына сай. Жаңашылдық. Өнеркәсiптiк үлгi бұйымның эстетикалық және эргономиялық ерекшелiктерiн анықтайтын негiзгi белгiлерiнiң жиынтығы өнеркәсiптiк үлгi басымдығының күнiне дейiн дүние жүзiнде жалпыға мәлiм мәлiметтерде белгiсiз болса, жаңа деп танылады. Яғни, абсолюттi әлемдiк жаңашылдыққа ие өнеркәсiптiк үлгiлер ғана құқықтық қорғалады. Өнеркәсiптiк үлгi жаңашылдығын бекiту кезiнде жалпыға мәлiм мәлiметтермен қатар, басқа тұлғалармен берiлген ерте-ректегi басымдықты өтiнiмдер және тiркелген өнеркәсiптiк үлгi-лер есептеледi. Өтiнiш берiлген көркемдiк-конструкторлық шешiмнiң жаңашылдығы өтiнiм берiлген және оның аналогтерімен танылған белгiлi үлгiлердiң, елеулi белгiлерiн салыстыру жолымен өнеркәсiптiк үлгiнi тiркеуге өтiнiмнiң басымдық мерзiмiне бекiтiледi. Белгiлi үлгiлер функционалдық мақсаты мен елеулi белгiлерi жиынтығының белгiлi көркемдiк-конструкторлық шешiмдермен толық сәйкес келуi өтiнiм берiлген үлгiнiң жаңашылдық критерийiне сәйкес келмейтiндiгiн тануға және өтiнiм берiлген үлгiнi тiркеуден бас тартуға алып келедi. Өндiрiстiк үлгiнi тiркеуге өтiнiш оның ашылған мерзiмiнен 6 айдан кешiктiрмей берiлген болса, өтiнiм берiлген үлгiге қатысты ақпаратты қоғамға ашу өтiнiш берiлген үлгiнiң жаңашылдығына әсер ететiн жағдай ретiнде танылмайды. Бiрегейлiк прототипiне қарағанда өтiнiм берiлген үлгiге енгiзiлген өзгерiстердiң шығармашылық сипаты патентке қабiлеттiгiнiң маңызды талабы болып табылады. Өнеркәсiптiк үлгiнiң елеулi белгiлерi бұйымның эстетикалық ерекшелiк-терiнiң шығармашылық сипаты негiз болса, ол бiрегей болып танылады. Өтiнiш берiлген үлгiнi неғұрлым жақын аналогтен айыратын елеулi белгiлерiн айқындау жүргiзiледi. Бiрегейлiктi тексеру кезiнде өтiнiш берiлетiн үлгiнiң ерекшелендiретiн белгiлердiң шығармашылық өзiндiгi бекiтiледi. Өнеркәсiптiк қолдануға жарамдылығы. Өнеркәсiптiк үлгi, егер ол сәйкес бұйымды жасау жолымен бiрнеше рет қайта өндiрiле алса, өнеркәсiптiк қолдануға жарамды деп танылады. Басқаша айтқанда, өнеркәсiптiк өндiрiс жағдайларында шексiз мөлшерде қайта өндiрiлетiн үлгiлер патенттiк қорғау алады. Патенттiк қорғау бiрегей болып табылатын бұйымдарда қолданылатын шешiмдерге таралмайды, себебi олардың эстетикалық құндылығы таралымға түскен кезде жоғалады. Қайта өндiру қабiлетi ерекше көркемдiк-конструкторлық шешiмнiң патент-тiк-құқықтық қорғалуын қажет қылады. Бұйым қайта өндiрiл-мейтiн болса, оның патенттiк қорғау қабiлеттiгi жойылады. Бұл жағдайда бұйымға авторлық құқық нормалары таралады. ?неркәсiпте қолдануға жарамдылығын бағалау кезiнде таралым-ға түсу қабiлетi ғана емес, өтiнiмде көрстетiлген немесе белгiлi құралдар мен материалдар көмегiмен өтiнiм берiлген бұйымның жүзеге асырылуы да тексерiледi. Егер бұйымды кең масштабта қайта өндiру мүмкiн болмаса, онда ол өнеркәсiптiк қолдануға жарамдылық критерийiне сәйкес болып танылмайды. Тауар таңбасы. Тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы – бұл осы заңға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын шарттарға орай тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан ажырату үшiн қызмет ететiн белгi1. Бұл анықтамадан тауар таңбасының басты мiндетi – қандай болмасын өндiрушiнiң (сапалық, бағалық немесе өзге сипаты бойынша) тауар немесе қызметiн басқа өндiрушiлердiң ұқсас бiрыңғай тауарлары мен қызметтерiнен бөлу, яғни тауар немесе қызметтi дараландыру болып табылады. Таңба неғұрлым көрнектi болса, соғұрлым оның иесiнiң оны құқықтық қорғау, жарнама және өткiзу салаларында сәттiлiгi үлкен болады. Тауар таңбасы тауарлар мен қызмет маркетингiнде маңызды орын алады, ол тауарлар мен қызметтi көрнектi қылады. Тауар таңбасы – бұл, әдетте, көру арқылы жақсы қабылданатын, жеңiл есте сақталынатын, өзге тауар белгiлерiнен ерекшеленетiн, металл, материя, қағаз және т.б. сияқты әр түрлi материалдарға жақсы салынатын графикалық көрiнiс. Тауар таңбасы ретiнде сөз немесе сөздер тобы, мысалы «аспирин» «колгейт», «таид», «адидас», «проктер энд гембл» және т.б. тiркеле алады. Сонымен қатар, акустикалық тауар таңбасы – тауар таңбасын көрсетумен берiлетiн арнайы әуен тiркеле алады1. Жаңа тауар таңбасын енгiзу үшiн көптеген батыс фирмалары шамамен 30–40 миллион доллар қаражат жұмсайды. Жоғарыда аталған McDonald»s корпорациясы 5 жыл iшiнде ғана жарнамаға 57 миллион доллар жұмсады. Тауар таңбасы нарықтық қатынастардың барлық қатысушылары үшiн маңызды. Тұтынушы үшiн тауар таңбасы – бiрыңғай тауарлар iздеу кезiнде бағыт берушi құрал болып табылады. Өндiрушi үшiн тауар таңбасы – нарықты жаулап алушы құрал болып табылады, себебi тауар таңбасы оның тауарларын әр түрлi өндiрушiлердiң бiрыңғай өнiмдерiнен дараландырады. Мемлекет мүддесiне келер болсақ, мұнда тауар таңбасының нарықта тәртiп орнату құралы болып табылатындығын атап өту қажет, себебi ол өндiрушiнi тануға, тұтынушының, өндiрушiнiң мүдделерiн қорғауға мүмкiндiк бередi. Тауар таңбасына келесiдей екi талап қойылады: – тауар таңбасы айрықша болуы тиiс; – мораль мен қоғамдық тәртiпке қайшы болмауы тиiс, сонымен қатар, тұтынушыны шатастырмауы керек. Тауар таңбасы ол қолданылатын тауарлар үшiн айрықша болуы тиiс. Мысалы, «сусын» сөзiнде ерекшелендiретiн қабiлет жоқ және алкогольды не алкогольсыз сусындар үшiн тауар таңбасы бола алмайды, себебi ол тауарлардың бүкiл категориясын анықтайды. Екiншi талап жайында айтар болсақ, оның мақсаты – тұр-пайы тауар таңбаларын, сонымен қатар, жалған және тауардың сапасы мен өзге қасиеттерiне және олардың географиялық шығарылған жерлерiне қатысты шатыстырушы тауар таңбаларының тiркелуiн алдын алу екендiгiн атап өту қажет. Тауар таңбасы шығарылған жердi көрсетуi қажет. Мысалы, Қазақстандық өндiрушiлер атынан танымал «Шампанское» не «Коньяк» (жалған географиялық атаулар, себебi, Шампань провинциясы мен Коньяк қаласы Францияда орналасқан) тауар таңбасы ретiнде тiркеле алмайды. Мысалы, «pure wool» (таза жүн) деп синтетикадан жасалған киiмдер, белгiлене алмайтын өзге де жалған таңбалар қорғалмайды. Тауар таңбасы қорғалуы үшiн ол тiркелуi қажет. Тәжiрибеде көптеген тауар таңбалары, әдетте тауарлар немесе қызметтер бiрнеше түрлерi үшiн тiркеледi. Кейбiр өндiрушiлер олар өндiретiн әр түрлi өнiмдер үшiн бiр тауар таңбасын қолданады. Өзгелерi бiрнеше тауар таңбасын қолданады. Фармацевтикалық фирмалар да өздерiнiң әрбiр дәрi-дәрмегiне қатысты тауар таңбаларын тiркеуге ұмтылады. Тауар таңбаларының түрлерi. Тауар таңбалары туралы заңның 5-бабында тауар таңбалары ретiнде тiркеле алатын белгiлер түрлерiнiң толық тiзiмi берiлген. Оларға әр түрлi өндiрушiлердiң бiрыңғай тауарлары мен қыз-меттерiн ажыратуға мүмкiндiк беретiн сөздiк, әрiптiк, сандық, бейнелiк, көлемдiк және өзге белгiлер немесе олардың комбинациясы жатады. Көп жағдайда сөздiк тауар таңбалары қолданылады. Оларға тiлдерде шынайы бар (мысалы, тамаша, метелица, adventure), немесе жасанды жасалған, қиялдың (Пенталгин, Кармет), сонымен қатар, сөз тiркестерi (Шыңғыс хан, Снежная королева) және де тұтас сөз тiркестерi немесе лозунг – слогандар (мысалы «өз шөлiнен өзгеше жоғарылатарың жоқ сенiң») сөздер жатады. Көлемдiк тауар таңбалар кеңiстiкте бейнеленген үш өлшемдi объектiлер болып табылады. Әдетте, көлемдiк тауар таңбалары ретiнде тауарлардың ерекше орамалары қорғалады (мысалы, иiссулардың флакондары). Аралас тауар таңбаларына бейнелiк, сөздiк, көлемдiк эле-менттерiнiң әр түрлi комбинациялары жатады. (мысалы, қанатты барс үстiндегi батыр бейнесi «Отандық маркасы» сөздерiмен үйлесуi). Жоғарыда аталған тауар таңбалары түрлерiнен басқа сенсорлық (дыбыстық, жарықтық, иiстiк) және де тауар таңбаларының өзге түрлерi бар. Олардың анық және бiр мәндi идентификациясы кезiнде ғана олар тiркеле алады. Дыбыстық тауар таңбасы – ол фонограмма түрiнде бекiтiлген және нота жазбаларында көрсетiлген немесе дыбыс түрiнде көрсетiлген жағдайда ғана қорғала алады (мысалы, электромассажер үшiн теңiз дауысы). Бүкiл әлемде тiркелген дыбыстық тауар таңбаларының саны аз. Қазақстанда мұндай тiркеулердiң мысалдары әлi жоқ. Ұжымдық тауар таңбалары ерекше категорияны құрайды. Мұндай таңбаларды пайдалану шарттарына сай олар бiртұтас сапалық не өзге сипаттамамен тауар өндiретiн (не,немесе) жеке кәсiпкерлер ұйымының атына тiркеледi. Мысалы, Қазақстанда танымал «Сарыағаш суы» Ассоциациясының мүшелерi өндi-ретiн «Сарыағаш» минералды суының сапасын бақылау мақсатында өз өнiмiн бiртұтас ұжымдық тауар таңбасымен (аққу бейнесiмен) шығарады және сатады. Ұжымдық тауар таңбасы ретiнде тауар таңбаларының жоғарыда аталған кез келген түрi тiркеле алады. Тауар таңбалары олар тiркелген ақ-қара түрiнде де, түстi түрiнде де тiркеледi.
§ 3. Қазақстан Республикасының аумағында интеллектуалдық меншiк бойынша әрекет ететiн халықаралық конвенциялар
Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық заңнаманың бiр бөлiгi ғана емес, кей жағдайларда ұлттық заңнамадан да басым түсетiн бiрқатар халықаралық келiсiмдер, шарттар, конвенциялар iс әрекет етуде. 1993 жылы 16 ақпанда қабылданған өнеркәсiптiк меншiктi қорғау саласындағы халықаралық шарттар туралы Қазақстан Республикасының Декларациясына сәйкес Республика аумағында өнеркәсiптiк меншiк саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтiн төрт маңызды халықаралық конвенция әрекет етедi, олар: 1. 1883 жылғы 20 наурыздағы ?неркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясы1. 2. 1891 жылғы 14-сәуiрдегi Тауар таңбаларын халықаралық тiркеу туралы Мадрид келiсiмi2. 3. 1967 жылғы 14 шiлдедегi Бүкiләлемдiк интеллектуалдық меншiктi қорғау ұйымы конвенциясы; 4. 1970 жылғы 19 маусымда қабылданған Патент кооперациясы туралы келiсiмшарт. 1995 жылдың 5 қарашасынан бастап елiмiздiң аумағында 1994 жылдың 9 қыркүйегiнде Мәскеуде қол қойылған Еуразиялық патенттiк конвенция әрекет етуде. Бұл халықаралық келiсiмдердiң жасалуына өткен ғасыр бойы ұлттық заңнамалардағы айырмашылыққа байланысты өнеркәсiптiк үлгiнi қорғау құқығын бiр уақытта бiрнеше елде алу қиындығы себеп болды. Сонымен қатар, қорғау құжатын алу үшiн өтiнiштер бiр елде жариялануын болдырмау үшiн және өзге елдерде өнертабыстың жаңашылдығын айырмау үшiн, барлық мемлекеттерде бiр уақытта берiлуi тиiс. Өткен ғасырдың екiншi жартысында көптеген мемлекеттер өнертабыстарды қорғау жүйесiн жасады, сонымен қатар, мемлекетаралық технологиялық айырбас дамып, халықаралық сауда өстi. Өнеркәсiптiк меншiк туралы заңнаманы халықаралық деңгейде унификациялау қажеттiгi туындады. Париж конвенциясы өнеркәсiптiк қорғау саласындағы халықаралық көпжақты әмбебап шарт болып саналады. Өнеркәсiп меншiк объектiлерiне байланысты мәселелердi реттейтiн негiзгi халықаралық келiсiм болып табылады. (1-тарау). Конвенцияның басты мақсаты – өнертабыстар, өнеркәсiп үлгiлерiн патенттеуде және бiр мемлекет фирмалалары, ұйымдары мен азаматтарына өзге мемлекеттерде тауар белгiлерiн тiркеуде артықшылықты жағдайлар жасау. Конвенцияға 1883 жылдың 20 наурызында Парижде қол қо-йылды. Кейiн ол 1900, 1911, 1925, 1934 жж. конвенцияларда, ал соғыстан кейiнгi жылдары, 1958 жылы Лиссабонда және 1967 жылы Стокгольмде қайта қаралып, толықтырылды. Қазақстан Республикасы аталған конвенцияға 1993 жылдың 16 ақпанында қабылданған Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау саласындағы халықаралық шарттар туралы Қазақстан Республикасының Декларациясына сәйкес қосылды. Аталған Конвенцияның 1,3-баптарына сәйкес конвенция мүшелерi өнеркәсiп меншiгiн қорғау жөнiндегi Халықаралық Одақты (Париж Одағы) құрайды. Оған Россия, Украина, Беларусь т.б. сияқты 105 мемлекет мүше. Мемлекет қай баспаны ратификациялағанына сәйкес, әр түрлi мүше мемлекеттер үшiн конвенция түрлi баспаларда әрекет етедi. КСРО Париж конвенциясына 1965 жылдың 1 шiлде-сiнен бастап, барлық баспаларына қосылды, ал оның Сток-гольмдiк мәтiнiн 1968 жылдың 19 қыркүйегiнде ратификациялады. Артықшылыққа құқық негiз болатын бiрiншi өтiнiш күнiне дейiн үшiншi тұлғалардың алған құқықтары Одаққа мүше әрбiр мемлекеттiң заңнамаларына сәйкес қорғалады. Артықшылық мерзiмiн есептеу күнi болып табылатын бiрiншi өтiнiм Одақтың тиiстi мемлекеттегi бiрiншi өтiнiш объектiсiне келесi өтiнiм есептелуi тиiс. Келесi өтiнiш берiлген күнiне дейiн алғашқы өтiнiм жарияланбай қайтарып алынса, қозғаусыз қалдырылса немесе одан бас тартылса, сонымен қатар, оған қатысты ешқандай құқықтар жүзеге асырылмаса және артықшылыққа құқықтық негiз болмаса, сонда ғана бiрiншi өтiнiм артықшылыққа құқық негiз бола алмайды. Алғашқы өтiнiш негiзiнде артықшылықтар қолданғысы келетiн кез келген тұлға өтiнiмдi берген күнiн және жасалған мемлекетiн көрсетуi тиiс. Одақтың ешқандай мемлекетi өтiнiш берушi бiрнеше артықшылыққа, сонымен қатар, әр түрлi мемлекеттерде бекiтiлген артықшылыққа үмiттелуi негiзiнде немесе бiр я бiрнеше артықшылыққа ие өтiнiште артықшылық сұратылып отырған өтiнiш немесе өтiнiштерде көрiнiс таппаған элементтерге қатысты – кейiнгi өтiнiш беру қалыпты жағдайдағы артықшылық құқығын туындатады. Париж конвенциясы оған мүше мемлекеттiң бiреуiнде берiлiп, өзге де мемлекеттерде әрекет ете алатын халықаралық патент жасауды көздемейдi. Өнертабыс Халықаралық Одақтың қандай болмасын мемлекетiнде патенттелмеген болса, онда ол ешқандай сыйақы төленбестен еркiн қолданыста бола алады. Сол сияқты конвенция халықаралық тауар белгiсiн жасауды өзiне мақсат етпейдi. Париж конвенциясының негiзгi принциптерiнiң бiрi болып ұлттық режим принципi табылады. Конвенция өнеркәсiп меншiгiн қорғауда берiлген мемлекеттiң заңнамасы бойынша өз азаматтарына берiлетiн немесе болашақта берiлуi мүмкiн дәрежеде оған мүше кез келген мемлекеттiң азаматтары мен фирмаларына берудi көздейдi (2-бап). Одаққа мүше мемлекеттердiң бiреуiнде тұрғылықты жерi немесе әрекет етушi және шынайы өнеркәсiптiк немесе сауда ұйымы бар Одаққа мүше емес мемлекеттердiң азаматтары Одаққа мүше мемлекеттердiң азаматтарымен теңдестiрiледi. Аталған мемлекеттердiң азаматтары осы конвенциямен қорғалады және өзiнiң азаматтарына қатысты талаптарын сақтамаса, онда олар өз құқықтарын заңмен көрсетiлген қорғау құралдарын қолдануға мүмкiндiк алады. Алайда, қорғау талап етiлетiн мемлекеттерде тұрғылықты жердiң немесе ұйымның болуы туралы шарттар өнеркәсiп меншiк құқықтарын қолдану үшiн алғышарттар ретiнде одаққа мүше мемлекеттiң азаматтарына қо-йылмайды. Өнеркәсiп меншiк туралы заңдардың негiзiнде сақталуы тиiс өнеркәсiп меншiгiне құқықтарға қатысты Одаққа мүше мемле-кеттердiң әрқайсысының заңнамаларының ережелерi соттық, әкiмшiлiк процедураларға және соттық, әкiмшiлiк органдардың құзыреттерiне, сонымен қатар, тұрғылықты жердi таңдау немесе iске сенiмдiнi тағайындауға қатысты қатынастарды реттейдi. 1891 жылғы «Таңбаларды халықаралық тiркеу туралы» Мадрид келiсiмi қазiргi уақытта тауар белгiлерiн қорғауда аумақтық қағидасын жеңуге бағытталған негiзгi халықаралық шарт болып табылады. Қазақстан Республикасы бұл келiсiмге 1993 жылы қосылды. Бұл келiсiмнiң мәнi – интеллектуалдық меншiк халықаралық бюросында (Женевада) тiркелген тауар таңбасы келiсiмге қатысушы мемлекетте ол жерде тiкелей өтiнiм бергендегiдей, қорғау алады. Бұл Мадрид келiсiмiнiң барлық қатысушы мемлекеттерде тауар таңбасының бiртұтас құқықтық режимiн құрмайтындығын көрсетедi, тек тауар таңбасын әрбiр елде тiркеу қажеттiгiнен болатын, көптеген елде қорғау алу процедурасын жеңiлдетедi. 1996 жылдың 1 сәуiрiнен бастап келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң бәрiнде әрекет ететiн бiртұтас қорғау құжатын алу мүмкiндiгi пайда болды. 1891 жылы Мадридте қабылданған Тауар таңбаларын халық-аралық тiркеу туралы келiсiм жағдайды жақсартуда маңызды қадам болды. Келiсiмге сәйкес шығындар құнын елеулi түрде төмендетуге көмектесетiн қатысушы мемлекеттердiң барлығында танылатын ұлттық және халықаралық тiркеу үшiн бiртұтас тауар таңбасын беру мүмкiндiгi ашылды. Алайда Мадрид келiсiмiнде ақаулықтар да болды. Бiрiншiден, ол қабылданған кезде елдердiң көбiсiнде тiркеу таңбаны зерттемей-ақ өткiзi-летiн. Бұл факт келiсiмнiң бiрқатар ережелерiнде көрiнiс тапты. Ең алдымен, тiркеудiң екi кезеңдi процесi туралы ереже-лерiнде: алдымен ұлттық, кейiн халықаралық деңгейде, таңбаның егжей-тегжейлi зерттелуi өтетiн немесе оның тiркелуге дейiн тәжiрибелiк қолданылуы мiндеттi мемлекеттен өтiнiм берушi тиiмсiз жағдайға ұшырайды. Екiншiден, ұлттық тiркеу инстанцияларының тiркеуден бiр жыл iшiнде ғана бас тарта алу фактiсi тауарды зерттеуге берiлетiн мерзiмдi тыңғылықты жұмыс жүргiзу үшiн өте қысқа етедi. Үшiншiден, ұлттық қызметтегi тiркеу жөнiндегi қызмет құнының төмендiгi өтiнiмнiң дұрыс зерттелуiн жүргiзуге кеткен шығындарды қамти алмайды. Төртiншiден, алғашқы тiркеу елiндегi тiркеудi жарамсыз деп тану барлық мемлекеттерде тауар таңбасының жарамсыздығына алып келетiн бiрорталықтандырылған шағымдану жүйесi таңбалардың шағымдануы жиi болатын мемлекеттердiң өтiнiм берушiлерiн қанағаттандырады. Осыған байланысты тауар таңбаларымен қамсыздандырылған ең үлкен тауар нарығы бар АҚШ Мадрид келiсiмiне кiрмейдi. «Патент кооперациясы туралы келiсiмшарт» (РСТ) – өнеркәсiптiк меншiк жеке объектiлерiн (өнертабыстарды) құқықтық қорғауға алуына көмектi қамтамасыз ететiн келiсiм. Бұл келiсiмшартты жасасу идеясы 1960 жылы өнертабыстарға өтiнiмдердi қараумен байланысты патенттiк ведомстволардың жұмысын қиындататын мәселелердi шешу қажеттiлiгiмен байланысты туындады. Ол мәселелердi атап айтсақ, мыналар: – патенттiк ведомстволар жұмысында қайталамаларды жою; – өтiнiштерге сараптама жүргiзудi тездету; – сарапшы есепке алуы қажет құжаттама көлемiн шектеудi қамтамасыз ету; – жаңа техникалық жетiстiктер туралы ақпараттың таралуын жеңiлдету; – өтiнiмдердi шетел мемлекеттерiне беру процедураларын жеңiлдету. Мүдделi мемлекеттердiң бiрiккен күшiмен ғана жететiн атал-ған проблемалер шешiмiн iздеу қызметтестiктiң жаңа нысанына – патенттiк iздеудi және патенттiк-құқықтық саладағы халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң басымдылығын пайдалануға негiзделген өтiнiм берiлген шешiмдерге сараптама жүргiзуде халықаралық кооперацияға алып келдi1. Халықаралық кооперациясын қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау мақсатында 1970 жылы 19 маусым күнi Вашингтонда Дипломатиялық конференцияда осы келiсiмшартқа қол қойылып, оған сәйкес Патенттiк кооперациясы Одағы құрылды. Париж конвенциясы сияқты, бұл келiсiмшарт Патент кооперация-сы одағына мүше мемлекеттердiң өнертабысқа патент беру немесе беруден бас тартуға байланысты құқықтарын реттемейдi. Келiсiмшарттың негiзгi ережелерi: халықаралық өтiнiм, халық-аралық iздеу (РСТ 1-тармағын қараңыз) және халықаралық алдын ала сараптама туралы (РСТ 2-тармағын қараңыз) нормалары болып табылады. Келiсiм тарауларындағы ережелердi сақтау мүше мемлекеттердiң барлығы үшiн мiндеттi болып сана-лады. Патент кооперациясы туралы келiсiмшарт БИМҰ-халықаралық бюросына бiр өтiнiм беру жолымен барлық қатысушы елдердегi өнертабыс құқықтық қорғауды бiр мезгiлде алуды жеңiлдетедi2. Еуразиялық патент конвенциясы барлық қатысушы-мемлекеттер аумағында әрекет ететiн бiртұтас еуразиялық патент негiзiнде патент құқығы объектiлерiне қорғау алуды көздейтiн Еуразиялық патент жүйесiн қалыптастырады. Бұл жүйе ұлттық қорғау жүйесiн жоққа шығармайды, мемлекеттер олардың дамуына байланысты толық егемендiктi сақтайды (ЕАПК 1-бабын қараңыз). Ал Еуразиялық патент конвенциясының 21-бабында бұл актiнiң кез келген мүше мемлекеттiң ұлттық патент беру құқығын қозғамайтындығын және оның кез келген халық-аралық ұйымға кiруiн және өнеркәсiптiк меншiктi қорғау саласындағы халықаралық қызметтестiк дамуына ықпал етуiн шектемейтiндiгi айтылған. Еуразиялық патент жетiстiктерiне баж төлеу мөлшерi мен тәртiбiн, сонымен қатар, өтiнiм берушiлердiң әр түрлi категориялары үшiн артықшылықты тарифтердiң болуын жатқызуға болады. Патенттеудiң еуразиялық немесе ұлттық процедурасын таңдаудың экономикалық дұрыстылығы олардың әрқайсысы бойынша мына факторларға әсер ететiн шығындарды салыстырумен анықталады: – өтiнiш берушiнiң тұрақты орны немесе тұрғылықты жерi; – ЕАПК мүше мемлекеттерi жасаған өнеркәсiптiк меншiктi қорғау саласындағы әрiптестiк туралы екi жақты келiсiмдердiң болуы мен олардың мазмұны; – патенттеу елдерiнiң саны мен құрамы. Жалпы айтқанда, ТМД-ға мүше мемлекеттердiң норматив-тiк құқықтық актiлерiнде шетелдiк өтiнiм берушiлер (2-категория) үшiн патенттiк баж мөлшерi ұлттық өтiнiш берушiлер (1-категория) үшiн бекiтiлген бажға қарағанда әлдеқайда жоғары. Мысалы, Беларусь Республикасында өтiнiм беру кезеңiнде шығындар ұлттық өтiнiм берушiлер үшiн 0,5–0,75 төменгi еңбек-ақыны, ал шетелдiктер үшiн – 100–150 АҚШ долларын құрайды, ал сараптама сатысында ұлттық өтiнiм берушiлер үшiн 4–10 төменгi айлық төлемiн және шетелдiктер үшiн 800–2080 АҚШ долларын құрайды. Атап өтiлген конвенциялар қазақстандық интеллектуалдық меншiк жөнiндегi заңнаманы қалыптастыруға және дамытуға елеулi ықпал еттi, өйткенi бұл конвенциялар көптеген елдердегi осы тақылеттес жүйелердi дамытуға қажеттi халықаралық параметрлер мен шоғырландырылған ұлттық тәжiрибенi жинақтаған.
§ 4. Патент жүйесiн қалыптастыратын халықаралық құқық органдары
Интеллектуалдық меншiктi қорғау саласында халықаралық деңгейдегi ең негiзгi институт және бiрқатар ұйымдар бар. Негiзгi халықаралық ұйымдар Бүкiләлемдiк интеллектуалдық меншiк ұйымы (БИМҰ) және Бүкiләлемдiк сауда ұйымы (БСҰ) болып табылады. Аймақтық ұйымдар арасында Еуропалық Одақ маңызды орын алады. Бұл ұйымдар өте маңызды қызмет атқарады. БИМҰ және БСҰ интеллектуалдық меншiктi қорғау саласындағы негiзгi халықаралық шарттарды жасау мен қайта құру үшiн жауап бередi. Олар мұндай шарттарды жасап қана қоймай, кейбiр жағдайларда олардың күштеп орындалуын жүзеге асырады. Еуропалық Одақ тауар таңбалары жөнiндегi аймақтық бюро ашып, қазiргi уақытта тауар таңбалары туралы аймақтық заңнама жасаумен шұғылданады1. Бүкiләлемдiк интеллектуалдық меншiк ұйымы (БИМҰ). Интеллектуалдық меншiктi қорғау саласындағы халықаралық әрiптестiктiң қажеттi бөлiгi БИМҰ қызметiне қатысу болып табылады2. Бүкiләлемдiк интеллектуалдық меншiк ұйымы – интеллектуалдық меншiк мәселелерiмен айналысатын халықаралық ұйымдардың ежелгiсi және iрiсi. БИМҰ тарихы 1883 жылдан басталады. Яғни, бұл ұйымның құрылу тарихы ХIХ ғ. аяғында «Өнеркәсiп меншiгiн қорғау жөнiндегi Париж конвенциясы» мен «Әдеби және көркем шығармаларды қорғау туралы Берн конвенцияларын» жүзеге асыру үшiн құрылған құрылымдарының қосылу кезеңiне жатады. 14 мемлекет қатысқан Париж конвенциясы 1884 жылы күшiне ендi. Оның ережелерiне сәйкес мүше мемлекеттердiң мәжiлiстерiн ұйымдастыру сияқты әкiмшiлiк мiндеттердi орындау үшiн Халықаралық бюро құрылды. 1886 жылы халықаралық құқық және онымен бiрге Берн ковенциясы пайда болды. Берн конвенциясы шеңберiнде әкiмшiлiк мiндеттердi орындау үшiн де Халықаралық бюро құрылды. 1893 жылы бұл екi шағын бюро Интеллектуалдық меншiктi қорғау жөнiндегi бiрiккен халықаралық бюро деп аталатын бiр халықаралық ұйымға бiрiктi (бұл ұйым француз тiлiнде қысқартылған нұсқасымен белгiлi – БИРПИ). Швейцарияның Берн қаласында орналасқан штаб-пәтері бар, жетi адамнан тұратын бұл кiшiгiрiм ұйым бүгiнгi Бүкiләлемдiк интеллектуалдық меншiк ұйымының алғашқы бейнесi болды. 1967 жылдың 14 шiлдесiнде Стокгольмде Бүкiләлемдiк интеллектуалдық меншiк ұйымын қалыптастыратын конвенцияға қол қойылды. Онда ұйымның мақсаттары, қызметтерi, құрылымы және ондағы меншiк анықталды. 1974 жылдан бастап БИМҰ Бiрiккен Ұлттар Ұйымының құрылымдық бөлiмшесi болып табылады. БИМҰ құратын конвенция 4 түрлi органның құрылуын көздейдi: Бас Ассамблея, Конференция, Координациялық комитет және БИМҰ Халықаралық бюросы. БИМҰ құрылымында ұйымның хатшылығы болып табылатын Халықаралық бюромен қатар, Патенттiк ақпарат жөнiндегi тұрақты комитет (ПАТК) пен Патенттiк құжаттама орталығы әрекет етедi. ПАТК ақпараттық iздеу саласында қызметтестiк жөнiндегi халықаралық комитеттiң мирасқоры ретiнде 1977 жылдың қазан айында құрылды. ПАТК-да 4 жұмыс тобы әрекет етедi: жоспарлау, дамушы елдерге арналған патенттiк ақпарат, жалпы ақпарат және iздеу ақпараттық бөлiмдерi. ПАТК БИМҰ қатысушы мемлекеттер арасында патенттiк ақпаратқа қатысты мәселелер бойынша қызметтестiктi ұйымдастырады. ПАТК келесi бағыттарда жұмыс атқарады: 1) патенттiк ақпарат саласында БИМҰ-ға қатысушы мемле-кеттердiң патент ведомстволары қызметiн стандарттау; 2) патенттiк ақпарат саласында автоматизация; 3) патенттiк құжаттама iздеу қорын ұйымдастыру және сақтау; 4) өнеркәсiптiк меншiк саласында статистикалық мәлiмет-тердi жинау, өңдеу және тарату. Қазiргi кезде штаб-пәтері Швейцарияның Женева қаласында орналасқан БИМҰ Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жүйесiнде 16 мамандандырылған мекемелерiнiң бiрi болып саналады. Ол интеллектуалдық меншiктi қорғаудың әр түрлi аспектiлерiне қатысты 23 халықаралық шарттың әкiмшiлiк қызметтерiн жүзеге асырады. 182 мемлекет Ұйымның мүше – мемлекеттерi болып табылады. Бұл бүкiл әлемдегi мемлекеттердiң 90 пайызын құрайды, ұйым қызметiнiң айрықша маңыздылығы мен мәндiлiгiн көрсетедi1. Бүкiләлемдiк сауда ұйымы (БСҰ) Бүкiләлемдiк сауда ұйымы 1995 жылы Тарифтер мен сауда жөнiндегi Бас келiсiмдi жетiлдiру туралы көп жақты келiссөз-дердiң нәтижесiнде құрылды. Бұл келiсiм еркiн сауда дамуында маңызды орын алады. Бiрақ оның ережелерi қызметтердi сату туралы және интеллектуалдық меншiктi алу туралы мәселелердi қамтымайды. Оған қоса ГАТТ шеңберiнде оның ережелерiн күштеп орындау институттары мен механизмдер құрылмаған болатын2. 1986 жылдан 1994 жылға дейiн созылған халықаралық келi-сiмдердiң Уругвай раунды БСҰ-ның құрылуы туралы келiсiм де, өзге келiсiмдер де кiрген Қорытынды актiнi қабылдаумен аяқталды. Қорытынды актiге кiрген тағы бiр келiсiм – интеллектуалдық меншiк құқытарының сауда аспектiлерi жөнiндегi келiсiм (Trade Related Aspects of Intellectual Property Rights – TRIPS). Интеллектуалдық меншiк құқықтарының сауда аспектiлерi жөнiндегi келiсiм – ТРИПС – мемлекеттiң интеллектуалдық меншiк жөнiндегi негiзгi халықаралық шарттарды ұстану, сәйкес шарттар бойынша талап етiлетiндей оның қор-ғалуының деңгейiн қамтамасыз ету дайындығы және ең бастысы, шарттық мiндеттеменi күштеп орындаудың тиiмдi механизм-дерiн қолдану БСҰ-ға мүшелiктiң талаптарын көрсететiн ере-желерi бар. Заң жобасы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Қазақстан Республикасында селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының Патент Заңы», «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары мен тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және «Интегралды микротәсiмдер топологияларын құқықтық қорғау туралы» сияқты Қазақстан Республикасының бiрнеше заңдарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi көз-дейдi. Заң жобасы Қазақстанның интеллектуалдық меншiк объектi-лерiнiң қажеттi деңгейде қорғалуын және бұл салада ұлттық заңнаманың интеллектуалдық меншiк құқықтарының сауда аспектiлерi жөнiндегi БСҰ Келiсiмiне сәйкестендiрiлуiн талап ететiн Бүкiләлемдiк сауда ұйымына енуге дайындалуына байланысты жасалды. Заң жобасы әрекеттегi заңдардың негiзгi қағидаларын сақтай отырып, оларды бiздiң мемлекетiмiз соңғы жылдары жасасқан «Таңбаларды тiркеу үшiн тауарлар мен қызметтердi халық-аралық классификациялау туралы» Ницце келiсiмi, «Халықаралық патенттiк классификациялау туралы» Страсбург келiсiмi т.б. сияқты халықаралық шарттар талаптарына сәйкестендiредi. «Қазақстан Республикасындағы селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» және «Интегралды микротәсiмдер топологияларын құқықтық қорғау туралы» Заңдарына енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулар әрекеттегi нормалардың бiрқатар ережелерiн нақтылайды, құқықтық әрекеттiң шекараларын анықтап, олардың бiр мәндi емес талқы-лануына жол бермейдi. Заң жобасы елiмiздiң заңнамасының өзгерiстерiн, сонымен қатар, аталған заңдардың интеллектуалдық меншiк объектi-лерiне қорғау беру тәжiрибесiнде қолданылуын ескередi және жұмыс iстемейтiн ережелердi жою мен неғұрлым жаңа реттеу механизмдерiн енгiзуге бағытталған. Бүкiләлемдiк зияткерлік меншiк ұйымы мен Бүкiләлемдiк сауда ұйымы арасындағы байланыстар. Бүкiләлемдiк сауда ұйымы (БСҰ) ГАТТ шеңберiндегi көп жақты сауда келiссөздерiнiң Уругвай раундының сәттi аяқталуы нәтижесiнде 1994 жылдың 15 сәуiрiнде құрылды. 1995 жылдың 1 қантарында күшiне енген Интеллектуалдық меншiк құқықтарының сауда аспектiлерi туралы келiсiм (ТРИПС) сол кезде жасалған келiсiм болып табылады. ТРИПС келiсiмi интеллектуалдық меншiк құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету саласында жаңа кезеңдi белгiледi, сонымен қатар БИМҰ жұмысы бағдарламасының маңыздылығын арттырды. ТРИПС келi-сiмiнiң авторлық құқыққа және сабақтас құқықтарға, патенттерге, тауар таңбаларына, өнеркәсiптiк үлгiлерге және интегралды микротәсiмдер топологиясына қатысты ережелерi БИМҰ хатшылығы және оның алдында болған ұйымдары 100 жыл бойы қызмет көрсеткен халықаралық шарттар мен конвенцияларды тiкелей толықтырады. 1995 жылдың 1 қантарынан бастап Бүкiләлемдiк интеллектуалдық меншiк ұйымы мен Бүкiләлемдiк сауда ұйымы арасындағы келiсiм күшiне ендi. Келiсiм ТРИПС келiсiмiн жүзеге асыруда, атап айтқанда, заңдар мен ережелер туралы ескертулер, дамушы мемлекеттер мүддесiне құқықтық-техникалық көмек көрсету және техникалық қызметтестiктi жүзеге асыру нысандарында қызметтестiкке бағытталған. Еуропалық Одақ Еуропалық Одаққа ұзақ мерзiм бойы интеллектуалдық меншiктi қорғаудың мықты жүйесi әрекет ететiн мемлекеттер кiредi. Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер мен Еуропалық Одақ басқарушы органдары интеллектуалдық меншiктi қорғау саясатында мына мақсаттарды алға қояды: 1) интеллектуалдық меншiктi қорғауды күшейту; 2) интеллектуалдық меншiкке құқықтың адал емес бәсеке-лестiкте қолданылуының алдын алу; 3) интеллектуалдық меншiк туралы заңнаманы үйлестiру; 4) тауар таңбаларымен айналысатын ұлттық патенттiк қызметтер мен құрылымдардың күштерiн қайталау деңгейiн төмендету. Бұл мақсаттарға жету үшiн Еуропалық Одақ бiрқатар механизмдер қолданады: 1) мiндеттi директиваларды жариялау; 2) негiзгi халықаралық ұйымдар жұмысы мен шарттарын да-йындауға қатысу; 3) Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттерi үшiн қосылу шарт-тарын дайындау (кейбiр жағдайларда басқа мемлекеттер үшiн де ашық); 4) жеке институттарды, атап айтқанда, Еуропалық патенттiк бюро мен Тауар таңбалары жөнiндегi Еуропалық бюроны құру.
§ 5. Қазақстан Республикасында патент қатынастарын реттейтiн ұлттық заңнама
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы доминанты нарықтық қатынастарға өтумен және әлемдiк қауымдастыққа интеграциямен байланысты экономикалық реформалар болып табылатын жан-жақты реформалаудың тарихи кезеңiнен өтуде. Республикамыздың жиырма жылдық егемендi дамуы iшiнде реформалар базасы құрылып, дамуда. Бүкiл экономикалық қатынастар спектрiн реттеудiң құқықтық iргетасы болып Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi танылады. Шаруашылықтың жаңа талаптарына интеллектуалдық мен-шiк, заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың субъективтi құқықтары мен мiндеттерi саласында құқықтық қатынастарды реттеу өзгердi. Бұдан 1999 жылдың 16 шiлдесiнде патент құқығы субъектi-лерiнiң арасындағы құқықтық қатынастарды реттеуге бағыттал- ған Қазақстан Республикасының Патент Заңы қабылданды. Бұл акт өз кезегiнде аталған құқықтық қатынастарды алғашқы реттеу бойынша мiндетiн атқарған 1992 жылдың 24 шiлдесiнде қа-былданған Қазақстан Республикасы Патент Заңының орнына келдi. Қазақстан Республикасында патент қатынастары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң бiрiншi тобын ҚР Конс-титуциясы құрайды. Конституцияның 20-бабы шығармашылық еркiндiгiне кепiлдiк бередi. Бұл норма интеллектуалдық меншiк туралы заңнама дамуының құқықтық негiзiн құрайды. Өкiнiшке орай, ҚР Конституциясында «интеллектуалдық меншiк» терминi көрiнiс таппаған. Мысалы, 1993 жылдың 12 жел-тоқсанында қабылданған Ресей Федерациясы Конституциясының әдеби, көркем, ғылыми, техникалық және өзге де шығармашылық түрлерiне арналған 44-бабында «интеллектуалдық меншiк заңмен қорғалады» деген ережесi бар. Құқықтық жүйенiң өзге бөлiктерiнiң құқықтық саясаты мен дамуы үшiн негiзгi заңның фундаменталдық маңыздылығын ескере отырып, ҚР Конституциясы 20-бабының 1-тармағын «интеллектуалдық меншiк заңмен кепiлдендiрiледi» деген сөздермен толықтыру қажет. Патент құқығының объектiлерiне қатысты құқықтық қатынастарды Конституциямен бiрге, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi де ( 49, 52 тарауларды қараңыз) реттейдi. Аталған саладағы заңнама жүйесiнiң негiзi болатын ҚР АК 1999 жылдың 1 шiлдесiнде оның Ерекше бөлiмi әрекетке енген кезде ғана толықтай қалыптасты. ҚР АК (Интеллектуалдық меншiк құқығы» деген 5-бөлiмi) интеллектуалдық меншiк құқы-ғының жеке объектiлерiн құқықтық қорғау режимiн реттейтiн комплекстi заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң болуы мен дамуы үшiн құқықтық iргетасы болып табылады1. Бұл бөлiм интеллектуалдық меншiк құқығының жалпы сұрақтарын реттейтiн 78 баптан тұрады. Бұл уақытқа таман 1992 жылдан әрекет еткен Патент Заңы мен Тауар таңбалары туралы Заң қайта қаралып, олардың жаңа баспалары 1999 жылдың шiлдесiмен белгiленедi. Яғни, АК-нiң Ерекше бөлiмiнiң 5-бөлiмi кешiрек жасалды, сондықтан ол қазiргi уақыт бойынша әрекетi ұзақ патент заңнамасы мен комплекстi заңдар түрiнде тауар таңбалары жөнiндегi заңнаманың жалпылануы, ал жалпы айтқанда – интеллектуалдық меншiктi құқықтық қорғаудың мүлтiксiз жүйесiн жасау бойынша жұмыстың жалғасы болып табылады. ҚР АК-нiң қарастырылып отырған бөлiмi елiмiздiң арнайы заңнамасының дамуының iргетасы болып табылатын интеллектуалдың меншiк объектiлерi бойынша қағидалы, жалпы ереже-лердi бекiтуге бағытталған. Бұл бөлiмнiң баптарында интеллектуалдық меншiктi құқық-тық реттеу саласындағы әлемдiк жетiстiктер бекiтiлген, елiмiз қатысып отырған маңызды әлемдiк конвенциялар, сонымен қатар, болашақта қатысатын келiсiмдер талаптары ескерiлген. ҚР АК-нiң 5-бөлiмi өз мазмұнымен ерекше және ТМД елдерi Үлгiлiк Азаматтық кодексiнiң сәйкес бөлiмдерiнен принципиал-ды бағыттарымен ерекшеленедi. Атап айтқанда, интеллектуалдық меншiк иесiнiң айрықша құқығын, қызметтiк шығармашылық режимдерi мен өзгеде ерекшелiктерiн көрсетуге болады. Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылдың 16 шiл-десiнде қабылданды. Аталған заң өнертабыстар, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi жасау, қорғау және пайдаланумен байланысты қатынастарды реттейдi. Олардың жалпы атауы үшiн «өнеркәсiп меншiгi» терминi қолданылады. ҚР-ның жаңа Патент Заңын қабылдау қазақстандық заңнаманы ҚР-ның Бүкiләлемдiк сауда ұйымына кiруiн талап ететiн Интеллектуалдық меншiк құқықтарының сауда аспектiлерi туралы келiсiмi (ТРИПС) талаптарына сәйкестендiру қажеттiлiгiмен негiзделедi. Қазақстан Республикасының Патент заңын сегiз тарау құрайды: 1– «Жалпы ережелер»; 2– «Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң патентке қабiлеттi-гiнiң талаптары»; 3– «Авторлар мен патент иеленушiлер»; 4– «Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға ерекше құқық»; 5– «Қорғау құжатын алу тәртiбi»; 6– «Қорғау құжатының қолданылуын тоқтату және қалпына келтiру»; 7– «Авторлардың, өтiнiш берушiлердiң және патент иеле-нушiлердiң құқықтарын қорғау»; 8– «Қорытынды ережелер». Қазақстан Республикасы Патент Заңының құрылысы жоғары деп бағалауға болады, себебi бұл актiдегi нормативтiк материал патенттiк құқықтық қатынастардың даму кезектерiмен және цивилистика жетiстiктерiн есепке алу арқылы анықталған. Қазақстан Республикасы Патент Заңының 1-бабында Заңда қолданылатын негiзгi түсiнiктер мен терминдер мазмұны ашыл-ған. Осылай, атап айтқанда, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсiптiк үлгiлер жатқызылған. Аталған объектiлердiң бiр түсiнiкке жиналуы олардың ұқсастығымен негiзделедi. Әрине, олардың арасында айырмашылықтар бар. Осының негiзiнде өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi әрқайсысының патентке қабiлеттiлiгi талаптары жеке нормаларда ашылған (ҚР Патент Заңының 6-8 баптары). 1992 жылғы ҚР Патент Заңынан кейiн бұл заң патенттiк құқықтық қорғаудан рационализаторлық ұсыныстарды алып тастады. Жаңа Патент Заңымен бiрге патент саласын құқықтық реттеуге өзгерiстер енгiзiлдi: – қызметтiк өнертабыстар құқықтық режимi бiршама өзгер-тiлдi, – патенттiк құқық объектiлерiне қорғау құжаттарының әрекет ету мерзiмi өстi; – қорғау құжатын алуға өтiнiмнiң тапсырылған күнi мен берiлген күнi айқындалған және бөлiнген; – авторлар мен патент иеленушiлердiң өнертабыстың жаңашылдығы мен өнертапқыштық деңгейiне әсер етпейтiн оның мәнiн ашу мерзiмдерiне талаптар қатаңдалған; – мәнi бойынша сараптама жүргiзу туралы сұрау салу мерзiмi қысқартылды; – соңынан пайдалану құқығы енгiзiлдi. 38 баптан тұратын Қазақстан Республикасының Патент Заңы кешендi нормативтiк құқықтық акт болып табылады, себебi оны халықаралық-құқықтық (37-бапты қараңыз), азаматтық-құқықтық (11–15-баптарды қараңыз), азаматтық-iс жүргiзушiлiк (33-бапты қараңыз), әкiмшiлiк (25–29-баптарды қараңыз), еңбек (8-баптың 2-тармағын қараңыз) сияқты әр түрлi саладағы қатынастар құрал ретiнде қолданылады. Аталған актiде патент құқығы объектiлерiне әлемдiк патенттiк-құқықтық тәжiрибе шеңберiнде таралған талаптар (патентке қабiлеттiлiк талаптары), сонымен қатар, берiлетiн құқық көлемiне қарай лицензиялық шарттардың көп түрi және қорғау құжатын басқа тұлғаға беру мүмкiндiгi қарастырылған (14-бапты қараңыз)1.
§ 6. Қазақстан Республикасында патент қатынастарын жүзеге асыратын органдар
Барлық елде патент ведомствосы деп аталатын патент жүйе-сiн құрайтын аса маңызды мекеме мамандырылған мемлекеттiк ұйым болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 18 маусымдағы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанынан ұлттық патент ведомствосы (Казпатент) құрылды. Егемен Қазақстанның қалыптасуының бүкiл кезеңiнде Республиканың басқару аппараты бiрқатар құрылымдық қайта құруларды бастан кешiрдi. Басқару органдары бiр-бiрiне қосылып, бiр орталықтан басқарыла бастады. Қазақстан экономикасында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын органдардың бiрi саналатын Казпатент те бұдан сырт қалған жоқ. Ол бұрынғы өнеркәсiп және сауда, экономика және сауда, энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң құрылымына агенттiк болып ендi, кейiн патент және тауар таң-балары жөнiндегi дербес республикалық мемлекеттiк кәсiпорын-ға айналды. 2000 жылғы қыркүйекте ол ҚР Әдiлет министрлiгi құрамына енгiзiлдi. 2001 жылғы наурыздан бастап ҚР Әдiлет министр-лiгiнiң Интеллектуалдық меншiк құқығы жөнiндегi комитетi, сондай-ақ оған бағынатын Қазақстан патенттiк сараптама институты (КИПЭ) құрылды. Сөйтiп, қазiр де бұл комитет Қазақстанның ұлттық патент ведомствосы болып табылады, ал оның сараптама жұмысын КИПЭ атқарады. Бiздiң елiмiзде интеллектуалдық меншiктi құқықтық қорғау саласында арнайы құзыреттi бас мемлекеттiк орган, өзгеше айт-қанда, Қазақстанның патенттiк ведомствосы – Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Интеллектуалдық меншiк құқықтары жөнiндегi комитет болып табылады. Ол 2001 жылдың 29 наурызындағы ҚР Президентiнiң «ҚР құқық қорғау қыз-метiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралың № 536 бұйрығына сәйкес қабылданған ҚР Үкiметiнiң 2001 жылдың 29 наурызындағы № 411 «ҚР Әдiлет министрлiгiнiң интеллектуалдық меншiк құқықтары жөнiндегi комитет сұрақтары» қаулысымен құрылды. Бұл нормативтiк актiлер интеллектуалдық меншiк саласындағы мемлекеттiк басқару құрылысын тамырымен өзгерттi. Бұрын әрекет еткен құзыреттi органдар мен ұйымдар – патенттiк ведомство қызметiн атқарған ҚР Әдiлет министрлiгiнiң патент және тауар таңбалары жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорын мен бұрынғы ҚР Әдiлет министрлiгiнiң авторлық құқықтары жөнiндегi ведомство орнына бiртұтас жаңа интеллектуалдық меншiк жөнiндегi комитет келдi. Аталған комитетпен қатар, бұл саладағы құқықтық қатынас-тардың жаңа субъектiсi пайда болды. Бұл жоғарыда аталған ҚР Үкiметiнiң №411 қаулысымен құрылған бұрынғы қазақстандық патенттiк сараптама институты. Бұл ұйымға мына қызметтер жүктелген болатын: – өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне (өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсiптiк үлгiлер, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауарлардың шығарылған жерлерiнiң атаулары) өтiнiмдер қабылдау, осы өтiнiмдерге сараптама жүргiзу және өтiнiм берiлген өнеркәсiп меншiгi объектiлерiнiң қорғау қабiлеттiгi шарттарына сәйкестiгiн анықтау; – селекциялық жетiстiктерге өтiнiштердi және интегралды микротәсiмдер топологияларын тiркеуге өтiнiмдердi қабылдау, осы өтiнiмдердi бекiтiлген талаптарға сәйкестiгiне сараптама жүргiзу; – тiркелген өнеркәсiп меншiк объектiлерiн, селекциялық жетiстiктер мен интегралды микротәсiмдер топологиялары реестрiн жүргiзу бойынша жұмыстарды жүргiзу; – қорғау құжаттарына сараптама және өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, селекциялық жетiстiктерiн және интегралды микротәсiмдер топологияларын қорғау мәселелерi бойынша ресми бюллетеньдердi жариялау; – Патенттiк кооперация туралы Шарт пен Еуразиялық патент конвенциясы мен Таңбаларды халықаралық тiркеу туралы Мадрид келiсiмiне сәйкес қызметтердi жүзеге асырумен байланысты халықаралық өтiнiмдерге сараптама жүргiзу. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 шiлдедегi № 756 «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интеллектуалдық меншiк құқықтары жөнiндегi Комитетiнiң интеллектуалдық меншiк институтының Республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiп-орнын құру» туралы қаулысымен бұрынғы КИПЭ функциялары қысқартылған атауы «РГКП НИИС» жаңа институтына жүктелдi. Яғни, сараптама органдарына РГКП НИИС-тi, ал ғылыми-ақпараттық органдарға – Қазақстандық мемлекеттiк ғылыми-техникалық институтты (КазгосИНТИ), Республикалық ғылыми-техникалық кiтапхананы жатқызуға болады. Патенттiк кiтапхана патент жүйесiнiң маңызды бөлiгi болып табылады, себебi өнертапқыштар мен өзге субъектiлердiң шығармашылық қызметi ақпараттық ресурстарсыз мүмкiн емес. Патенттiк сараптама жүргiзу үшiн де адамзаттың өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң бәрiне қатысты бiлiм саласындағы жетiстiктерiн есепке алу қажет. Мемлекетте патенттiк кiтапхананың болуы Париж конвенциясына қатысу үшiн мiндеттi шарт болып табылады. «Одақтың әрбiр мемлекетi өнеркәсiптiк меншiк iстерi жөнiндегi арнайы қызмет пен қоғамның өнертабысқа патенттермен, пайдалы модельдермен, өнеркәсiптiк үлгiлермен және тауар таңбаларымен танысу үшiн орталық қойма құруы тиiс». Бiздiң елiмiзде патенттiк кiтапхана қызметiн көпсалалық кiтапхана, техникалық және онымен сабақтас ғылымдар саласында мамандырылған әдiстемелiк-библиографиялық орталығы болып табылатын Республикалық ғылыми-техникалық кiтап-хана (бұдан әрі-РҒТК) табылады. РҒТК құрамында 1965 жылдан патенттердiң «орталық қоймасы» қызметiн тiкелей атқарған Республикалық патенттiк қор (бұдан әрі-РПҚ) әрекет ететiн. Қазiргi уақытта РПҚ-да әлемнiң 50 мем-лекетiнен және үш халықаралық аймақтық патент ұйымдарынан 21 миллион данадан астам құжат жиналған. Авторлық құқық сияқты патент құқығы мәнi бойынша адамның интеллектуалдық, шығармашылық қызметi нәтижесiн қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Бiрақ, авторлық құқыққа қарағанда, патент құқығы адам шығармашылығының тек ғылыми-техникалық саласына ғана қатысты. Сонымен қатар, ғылыми қызмет өнiмдерi ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн қолданудың қолданбалы аспектiлерiне қатысты болғанда ғана, патенттiк құқық объектiсi бола алады. Интеллектуалдық меншiк объектiлерi арасында өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсiптiк үлгiлер сияқты интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелерi маңызды орын алады. Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, та-уар шығарылған жердiң атауымен бiрге олар «өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi» жалпы атауымен қамтылады. Бұл Қазақстан Республикасының аумағына да таралатын 1883 жылғы 20 наурыздағы ?неркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясының 1-бабымен бекiтiлдi. Патенттiк қатынастар қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерiн егжей-тегжейлi реттелгенiмен ерекшеленедi. Авторлық құқықпен салыстырғанда, объектiнi тiркеу мен өнертабыс жасалғаннан кейiн алғашқы патент құқықтарын бекiту нысандалуымен ерекешеленедi. Себебi, бiрегей болып табылатын әдебиет немесе өнер туындыларына қарағанда, өнертабыс қайталануы мүмкiн. Бұл өнеркәсiптiк үлгiлер үшiн маңызды болғанымен, патенттеу объектiлерi нысанымен емес, үлкен коммерциялық құндылыққа ие мазмұнымен бағалы. Патенттiк қаты-настардың үлкен коммерциялизациясына өзге тұлғаға толық немесе бөлшектеп берiлуi мүмкiн патент иеленушiнiң құқықтары көрсетiледi. Қазақстан Республикасының Патент Заңы Қазақстанның Бүкiләлемдiк сауда ұйымына енуiне және ұлттық заңнамада Интеллектуалдық меншiк құқықтарының сауда аспектiлерi жөнiн-дегi келiсiм «ТРИПС» талаптарының көрiнiс табу қажеттiлiгiне, сондай-ақ Азаматтық кодекстiң жалпы және ерекше бөлiмдерiн қабылдаумен байланысты қабылданды. Оның мәтiнi Азаматтық кодекс және басқа қазiргi заңнама терминдерiмен сәйкестен-дiрiлдi, алайда патент жүйесiнiң әретет ету қағидалары өзгермедi. Патенттiк құқықтық қатынастар күрделiлiгiмен ерекше-ленедi, құқықтық нормаларды дұрыс қолдану және патенттеудi жеңiлдету мақсатында патенттiк ведомство нұсқаулық-әдiсте-мелiк ақпараттар жариялайды. 1993 жылдың 16 ақпанында қабылданған өнеркәсiптiк меншiктi қорғау саласындағы халықаралық шарттар туралы Қазақстан Республикасының Декларациясына сәйкес Республика аумағында өнеркәсiптiк меншiк саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтiн төрт маңызды халықаралық конвенция әрекет етедi, олар: 1. 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясы; 2. 1891 жылғы 14 сәуiрдегi Тауар таңбаларын халықаралық тiркеу туралы Мадрид келiсiмi; 3. 1967 жылғы 14 шiлдедегi Бүкiләлемдiк интеллектуалдық меншiктi қорғау ұйымы конвенциясы; 4. 1970 жылғы 19 маусымда қабылданған Патент кооперация-сы туралы келiсiмшарт. 1995 жылдың 5 қарашасынан бастап елiмiздiң аумағында 1994 жылдың 9 қыркүйегiнде Мәскеуде қол қойылған Еуразиялық патенттiк конвенция әрекет етуде.
Пысықтау сауалдары: 1.Патент дегеніміз не? 2.Ұллтықпен және аумақтық қағидаттар қолданылама? 3. Патентік қатынастарда қандай халықаралық конвенциялар қолданылады
15-т а р а у. ХалыҚаралыҚ жеке ҚҰҚыҚтаҒы отбасы ҚҰҚыҒы § 1. Отбасы құқығы саласындағы коллизиялық МӘСЕЛЕ Қазақстан Республикасының отбасы және неке заңында, сондай-ақ, халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтiн нормаларда отбасы құқығы, некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесiне қабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзiн және соған байланысты мүлiктiк қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын зерттейтiн құқық саласы болып табылады. Халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтiн нормалар қатарына 1993 жылғы 29 мамырдағы Балалар құқықтарын қорғау және халықаралық бала(қыз) асырап алу туралы халықаралық Конвенция, Адам құқықтары туралы Жалпыға бiрдей Декларация, Экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтарды қорғау туралы Халықаралық пакт, Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқық-тық қатынастар және құқықтық көмек туралы 1993 жылғы 1 қаңтардағы Минск конвенциясы, Қазақстан Республикасы заңымен 1999 жылғы 30 желтоқсанда ратификацияланған Шетелден алимент өндiрiп алу туралы 1962 жылғы 5 қыркүйектегi Конвенция, Балаларды қорғау және шет елдегi бала (қыз) асырап алу қатынастары жөнiндегi қызметтестiк туралы 1993 жылғы Конвенция, Некеге тұруға келiсiм беру, неке жасы және некеге тiркеу туралы 1966 жылғы халықаралық Конвенция, сонымен бiрге, 1966 жылғы азаматтық және саяси құқықтар туралы пактiнiң факультативтi хаттамасы, Бала құқығы туралы 1959 жылғы халықаралық Декларация, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының 1959 жылғы балалар құқығы туралы Конвенциясы, балаларды халықаралық ұрлау және азаматтық туралы Конвенциялар жатады. Қазақстан осындай көптеген конвенцияларды тану, осы бағыттағы халықаралық ұйымдарға мүше болып табылады. Отбасы – қоғамның ең басты ұясы. Сондықтан, мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкiндiгiне қарай көмектеседi, кiм-кiмнiң болсын сырттан заңсыз араласуына жол бермейдi және қорғайды. Әрине некеге отырған, отау тiккен адамдарға мемлекет те белгiлi бiр талаптар қояды. Тек осындай талаптар орындалған жағдайда ғана, мемлекет неке, отбасына қамқорлық жасау туралы мiндеттемелерді қабылдайды. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар азаматтардың кемелденуiне және қоғамның мүдделерiне байланысты туындайды. Сондықтан, отау тiгу үшiн заңда көзделген шарттарды сақтау қажет. Отбасы құқығы бойынша неке – бұл ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасы құру мақсатымен, заңда белгiленген тәртiппен тараптардың ерiктi және толық келiсiмi жағдайында жасалатын еркек пен әйел арасындағы тең құқықты Одақ. Отбасы құқығының материалдық-құқықтық нормалары түрлi мемлекеттерде үлкен алуандылықпен көзге түседi, ал бұл өз кезегiнде бұл саладағы шетел қатысуымен элементі бар құқықтық қатынастарда қақтығыстардың пайда болуына алып келедi. Экономикалық құрылымның ерекшелiктерiмен қатар отбасы қатынастарын реттеуге, сонымен қатар, ұлттық, тұрмыстық, дiни ерекшелiктер мен салт-дәстүрлер әсер етедi. Отбасы және неке мәселесi коллизиялық сауалдардың iшiндегi ең күрделiсi десе де болады. Некеге тұрушылардың екеуiнiң екi мемлекетте болуы, олардың некелерiндегi жастарының айырмашылығы, яғни әрекет қабiлеттiгi, сонымен қатар, некенiң қай уақытта тоқтатылатындығы туралы мәселелер де шешiлуi қиын мәселелердiң бiрi болып табылады. Халықаралық жеке құқықта неке және отбасы қатынастарына тоқталып, неке және отбасы қатынастарындағы коллизиялық сұрақтарға жауап берiп, некеге отыру, некенi тоқтатудың ерекшелiктерiне назар аударамыз. Неке – бұл ерлi-зайыптылар арасында жасалатын келісім, ерлi зайыптылардың арасындағы қатынас. Олардың бiр жағы шетелдiң қатысуымен болуы мүмкін және сол кезде пайда болатын ерекшелiктер зерттеу объектiлерiнiң бiрi болып табылады. Сонымен қатар, отбасындағы бала құқықтары, оларды асырап алу мен қорғаншылық, қамқоршылық институттарының халықаралық жеке құқықтың деңгейiнде ерекшелiктерi бар. Коллизиялық сұрақтарды шешуден бұрын бiздiң заңнаманың неке және отбасы қатынастарына байланысты қандай ережелердi қолданатындығына назар аудару қажет. Бiрiншiден, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ер адамдар мен әйелдердiң тең құқықтарға ие екендiгiн алға тартқан жөн. Отбасылық қатынастар үшiн ерлi-зайыптылардың отбасындағы сұрақтарды шешудегi тең құқықтық жағдайда болуы үлкен маңызға ие болып табылады және бұл отбасындағы бала тәрбиесiне де қатысты болып келедi. Бiздiң отбасы және неке құқығы саласындағы заңнама бала мен ананы жан-жақты қор-ғауға бағытталғандығын айту керек. Отбасылық қатынастарда тегiне, әлеуметтiк, мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына байланысты кез келген өзге мәселелер бойынша кемсiтушiлiкке жол берiлмейдi. Бiрқатар мемлекеттердiң отбасы құқығына ер адамның басым болуы тән; көптеген мемлекеттерде осы күнге дейiн отбасындағы әйел мен ер адамның құқықтық теңсiздігі жағдайлары орын алып келе жатыр. Бұл мемлекеттердiң отбасылық заңдарында неке шарты деген түсiнiк бар, бұл жерде некеге тұрғанша неке шарты бекiтiлiп, ер адамның әйел адамның мүлкiне деген құқықтарын анықтайды. Көптеген мемлекеттердiң заңнамасы бiр ғана некенiң (моногамия) болуын бекiтедi. Бiрақ, қазiргi күнге дейiн Азия мен Африканың көптеген мемлекеттерiнде көп әйел алушылық (полигамия) танылады, некеге тұру кезiнде қалыңдыққа ақы төлеу және басқа да архаикалық әдет-ғұрыптар күнi бүгiнге дейiн сақталуда. Бұның барлығы отбасы құқығындағы әйелге қатысты дискриминацияның болуын бiлдiредi. Бiрқатар елдердiң заңнамасы мен тәжiрибесi нәсiлдiк кемсiтушiлiкке жол бередi; түрлi нәсiл мен дiнге көзқарастары бөлек адамдарға некеге отыруға тыйым салынады. Осы жекелеген отбасы заңнамасындағы әр түрлi жағдайда екi мемлекеттiң азаматы некеге отырған уақытта коллизиялық сұрақтарды шешу үлкен маңызға ие болып табылады. Батыс мемлекеттерiнде отбасы құқығы қатынастарындағы коллизиялық нормалар алуандылыққа ие болып табылады. Некелiк құқық қабiлеттiлiк, яғни некеге тұру жасы, некеге тұруға кедергiлердiң болмауы – мұның барлығы түрлi мемлекеттерде ерлi-зайыптылардың өздерiнiң жеке заңдарымен анықталады. Некенi тоқтат-қан кезде түрлi азаматтыққа ие ерлi-зайыптылар арасында бiрқатар мемлекеттерде ер адамның азаматтық заңы қолданылады. Бiр мемлекетте сол елдiң заңының талаптарын сақтай отырып жасалған неке танылғанымен, басқа мемлекеттерде танылмауы да мүмкiн, бұны халықаралық жеке құ-қықта «ақсаңдаған неке» («хромающие браки») деп те атайды. Некедегi ерлi-зайыптылардың мүлiктiк қатынастары бiрқатар мемлекеттерде ер адамның жеке заңымен анықталады. Бiрқатар мемлекеттерде түрлi коллизиялық мәселелер шешiледi. Венгрияның халықаралық жеке құқық туралы Заңының 30-параграфына сәйкес некенiң жарамдылығының материалдық-құқықтық шарттары некеге тұрушылардың «ортақ жеке заңдарымен» анықталады. Егер де бұл тұлғалардың жеке заңдары түрлiше болып келсе, онда некенiң жарамдылығы сол екi тараптың да жеке заңдарымен танылса (өзара түсiнiстiк негiзiнде), жарамды болып баға берiледi. Венгрияда некенiң нысанына некеге отыру жерiнiң құқығы қолданылады. ҚХР-да Қытай азаматы шетел азаматымен некеге тұратын болса, онда некеге отыру жер заңы қолданылады, ал некенi тоқтату кезiнде – некенi тоқтату туралы мәселенi шеше-тiн орган – сот елiнiң құқығы қолданылады (Қытай Азаматтық құқығының жалпы ережелерiнiң 147-бабы). Венгрия мен Румынияда некенi тоқтату туралы сауалды шешу кезiнде негiзгi қағиданың бiрi болып, ерлi-зайыптылардың жеке заңдары танылады.
§ 2. Некеге отыру және некенi тоқтату
Некенi заңды түрде ресiмдеу дегенiмiз халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастары туралы заңнамалар мен Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында тiркеу болып табылады. Тек белгiлi бiр тәртiппен тiркелген некенiң құқықтық күшi болады. Бұл ереже неке-отбасы туралы заңдарының негiздерiнiң бiрi. Бұл мән-жайдың халықаралық жеке құқықтағы неке және отбасы қатынастарын реттейтiн заңнамаларда да ерекше маңызы бар. Ерлi-зайыптылардың заңдық құқықтары мен мiндеттерi неке АХАЖ-да тiркелгеннен кейiн ғана ерлi-зайыптыларды қорғау туралы мiн-деттеме алады, оларды ерлi-зайыптылар ретiнде ресми таниды, сондай-ақ сол отбасыға қамқорлық көрсетедi. Халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтiн жалпыға танымал заңнама талаптарын негiзге ала отырып, отбасы-қоғамның ең басты ұясы болғандықтан, мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайтынын, қолда бар мүмкiндiктерiне қарай көмектесетiнiн, кiмде-кiмнiң болса заңсыз араласуына тыйым сала отырып, қорғайтынын, ол үшiн некеге отырған, отау тiккен адамдарға мемлекет некеге, отбасына қамқорлық жасау туралы өзiне мiндеттеме қабылдайтынын бiлдiк. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар азаматтардың кемелденуiнен сондай-ақ қоғамның өнегелi отбасы – игiлiк негiзi мүдделерiнен туындайды. Сондықтан халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтiн заңдар бойынша отау тiгу үшiн заңда көзделген шарттарды сақтау керек. 1. Қазақстан Республикасында Қазақстан азаматтарының шетел азаматтарымен некеге отыруы. Қазiргi заман жағдайында, халықаралық қатынас пен әрiптестiктiң дамуы кезiнде қазақстандық азаматтардың шетел азаматтарымен некелесуi көптеп орын алып отыр. Мұндай некенi бекiту, өз кезегiнде балалар мен олардың ата-аналарының әр түрлi азаматтыққа ие болу жағдайларын көбейтедi. Қазақстан Республикасында қазақстандық азамат пен шетел азаматының некесi, сонымен қатар шетел азамттарының некесi де бекiтiле бередi. Бiздiң заңнама, өз азаматтарымыздың басқа шетел мемлекетiнiң азаматымен некелесуге тыйым салып, ол үшiн рұқсат сұрауды талап етпейдi. Бiздiң азаматтардың шетел азаматтарымен некелесуi, сонымен қатар шетел азаматтарының өздерiнiң арасында некелерiн бекiтуi Қазақстан Республикасының заңнамасына бағынады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл салада «некеге отыру жер заңы» немесе «lex loci celebrationis» деген коллизиялық қағидасы қолданылады. Неке бiздiң заңнамада көзделген нысан бойынша жасалады, яғни азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында, осы некенi тiркеудiң бекiтiлген ережелерiн сақтай отырып тiркеледi. Қазақстан Республикасында некенi дiни жолмен бекiту қандай да бiр құқықтық салдарға жетелемейдi, бiрақ бұны адамдар өз арасында тануы да мүмкiн. Қазақстан Республикасында некеге тұру туралы келiсiм некеге тұрушылардың өздерiмен жасалуы тиiс болып табылады. Бiрқатар елдерде (Испания, Перу т.б.) некеге тұрушылар сенiм-хат берiп, өкiл арқылы некеге тұруларына жол берiледi. Бiздiң заң мұндай өкiлдiк етуге жол бермейдi. Шетелдiктердiң де некеге тұруларының материалдық шарттары олардың ұлттық заңнамасымен емес, бiздiң заңнама бойынша анықталады. Мәселен, қазақстандық неке және отбасы заңнамасына сәйкес некеге отыру үшiн екi жақты келiсiм, белгiлi бiр жасқа толу және тағы басқа талаптар қойылады. 2011жылғы 26 желтоқсан «Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы» кодекстің 11-бабында «Егер тұлғалардың бiрi басқа некеде тiркелген болса, онда ол жаңа некеге отыра алмайды» делiнген, яғни егер шетелдiктiң ұлттық заңы көп әйел алушылыққа жол берсе, онда ол бiздiң республикамызда некеге отыра алмайды. Шетел азаматы, егер оның өз мемлекетінің заңы екi некеге рұқсат бергеннiң өзiнде бiзде некесiн тiркеудi талап ете алмайды. Кейбiр мұсылмандық елдерде (Түркия, Ирак) екi некеге рұқсат етiлмейдi. Шетелдiктер, сонымен қатар, бiздiң азаматтар некеге тұрған кезде, олардың некеге тұруға ешқандай кедергi жоқ екендiгi тексерiледi және мұндай тексерiстiң ең бастысы оның басқа некеде тұрған-тұрмағандығы анықтау. Некеге тұруға кедергiлердiң бар екендiгiн айту мiндетi некеде тұрушыларда болып келедi. Некеге тұрушының басқа некеде тұрмағанын растайтын бiрден-бiр дәлел оның басқа некесi туралы Азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында ол туралы жазбаның болмауы болып табылады. Егер шетел азаматы бiздiң Республикада некеге отыру ниетiн бiлдiретiн болса, ол өз мемлекетiнiң тиiстi органынан өз мемлекетiнде ешкiммен некеде тұрмайтындығын дәлелдейтiн анықтама қағазын алып келуге мiндеттi. Тәжiрибеде әдетте мұндай анықтама қағаздары Қазақстан Республикасындағы тиiстi мемлекеттiң елшiлiгiмен немесе консулдығымен берiледi. Бiздiң құқыққа белгiсiз басқа мемлекеттердiң шектеулерi (нәсiлдiк, дiни, ата-ана келiсiмiнiң болмауы, т.б.) бiздiң елде некенi тiркеуден бас тартуға негiз болып табылмайды. Бұл шетелдiктердiң Қазақстан Республикасында тiркейтiн неке-лерiне де байланысты болып табылады. Тәжiрибеде шетелдiкпен некеге отыруға толық емес, iшiнара шектеулер қойылатыны анық. Мысалы, некеге отыру үшiн рұқсат алу Венгрияда, Үндiс-танда, Иракта, Италияда және тағы басқа да мемлекеттерде бекiтiлген. Бiздiң азаматтардың шетелдiк азаматтармен некелерiн тiркеу кезiнде бiрқатар жағдайда некеге отырушы шетелдiктiң де заңнамасы басшылыққа алынуы керек, өйткенi, бұл жағдайда некенi жарамсыз деп тану басқа мемлекетте орын алмауы анық. Мынадай мысал келтiрсек болады: егер, некеге тұрушының елiнiң заңнамасы бойынша, ол келiсiм алмаған кезде неке ол елде жарамсыз болып қалуы мүмкiн. Мұндай жағдайларда бiздiң АХАЖ органдары некеге тұрушыларда оның мұндай некеге отыруға келiсiм бар-жоқтығын анықтауы керек. Егер де мұндай келiсiм болмаса, некеге отырушылармен келiсе отырып, шетелдiктiң осындай келiсiмдi алуы үшiн уақыт берiледi. Егер де осы белгiленген уақытта органға қажетті келiсiмдi алып келмейтiн болса, бiрақ некеге тұрушылар некенi тiркеудi талап етiп отырса, некені тiркеушi орган мұндай келiсiмнiң болмауына қарамастан некенi тiркеуге мiндеттi болып табылады. Мұндай неке бiздiң заңнама бойынша танылғанымен, тиiстi шетелдiктiң мемлекетiнде бұл неке танылмайды. Бұл өз кезегiнде бiздiң мем-лекеттiң азаматының өзiнiң некелескен адамының мемлекетiне барған уақытында құқығының шектелуiне алып келуi мүмкiн. Бұндай жағдайда түсiндiрудiң рәсiмi үлкен маңызға ие болып есептеледi, өйткенi бiздiң азамат шетелдiкпен некеге отырған кезiнде бұл некенiң басқа мемлекетте, оның iшiнде некелескен адамының мемлекетiнде танылмай, оның белгiлi бiр шекте мүлiктiк құқықтары шектелетiндiгiн бiлуi шарт болып табылады. 80-жылдары Болгариямен, Вьетнаммен, Венгриямен, Финляндиямен бекiтiлген құқықтық көмек көрсету туралы шарт-тарда некенi бекiту нысаны неке бекiтiлген мемлекеттiң заңы-мен анықталатындығы айтылады. Материалдық шарттар жағдайын да құқықтық көмек көрсету шарттары қамтып кеткен. Мысалы, Вьетнаммен КСРО-ның арасында жасалған құқықтық көмек көрсету шарттарында ерлi-зайыптылардың мүлiктiк жағдайы сол азаматы болып табылатын мемлекеттiң заңнамасымен шешiледi деп көрсетiлген. Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы Заңында Қазақстан Республикасы азаматының шетел азаматымен некеге тұруы немесе онымен некенi тоқтатуы азаматтықтың өзгеруiне алып келмейдi деп көрсеткен. Бiр некелесушiнiң өз азаматтығын өзгертуi екiншi азаматтың азаматтығының өзгеруiне алып келмейдi. Консулдық некелер. Бiздiң заңнама Қазақстан Республикасының аумағында консулдық некелердi, яғни шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктер мен елшiлiктерде жасалатын некенi таниды. Шетел азаматтарының арасында Қазақстан Республикасының аумағында елшiлiктер мен өкiлдiктерде жасалатын некелер екi жақты танудың негiзiнде ғана жарамды болып танылады. Ол үшiн елшiлiк жiберiп жатқан елдiң Қазақстан Республикасымен тиiстi келiсiмi болуы қажет. Бұған қоса мұндай некелердiң жарамдылығына тағы бiрқатар талаптар қойылады: а) екi жақты келiсiмнiң болуы, яғни шетел мемлекетiнде осындай консулдықтардағы некенiң танылуы; ә) некеге тұрушы екi тұлға да сол елшiлiк пен консулдықты жiберген мемлекеттердiң азаматы болуы. Басқа мемлекеттермен жасалған консулдық ковенциялар өз мемлекетiнiң азаматының некесiн консулға тiркеуге рұқсат етедi. Мұндай консулдық конвенциялардың көпшiлiгiнде консул сол қабылдаушы мемлекеттiң заңына сәйкес некенi тiркеуi тиiс деп көрсетiлген. Тек кейбiр консулдық конвенцияларда ғана консул некенi өзiнiң келген мемлекетiнiң заңнамасына қарсы болмаса, өз мемлекетiнiң заңы бойынша тiркеуiне болады деп көрсетiлген. Куба мен Финляндия арасындағы консулдық конвенцияларға сәйкес, консул некенi тек өзi келген мемлекеттiң заңнамасына қайшы болмаған жағдайда ғана өз мемлекетiнiң заңы бойынша тiркеуi тиiс болып табылады. Консулдық конвенцияларда осындай некенiң тiркелгендiгi туралы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына хабарлау қажеттiгi туралы жазба жасалуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдiктермен басқа мемлекетте некеге отыруы. Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдiктермен бiздiң аумақта да, сонымен қатар, басқа мемлекет аумағында да некелесуi мүмкiн. Мұндай некелер сол некеге отырушы мемлекеттiң заңдарының талаптарымен қойылған неке нысанына сәйкес болуы шарт. Тиiстi мемлекеттiң муниципалитетiнде, мэриясында немесе басқа да органдарында және дiни ғұрыптарды сақтай отырып жасалған неке сол мемлекетте танылғанымен, кейiннен, бiздiң мемлекетте танылуы мүмкiн бе деген сұрақ туады. Бiздiң заңнама бұл орайда нақты жауапты берiп отыр. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Кодексінің ережесiне сәйкес, егер неке Қазақстан Республикасының аумағынан тыс, сол тиiстi мемлекеттiң заңнамасы бекiт-кен нысанда тiркелетiн болса және ол Қазақстан Республикасының некенi тiркеуге байланысты заң талаптарына қайшы болмайтын болса, ол неке заңды деп танылуы ықтимал болып табылады. Басқаша айтқанда, мұндай неке заңды болып танылуы үшiн бiздiң мемлекеттiң некелесу бойынша заңының материалдық нормалары бұзылмауы тиiс болып табылады. Бұл сөздердің мазмұнын ашатын болсақ, бiздiң мемлекеттiң азаматтығында тұрған тұлғаның некесi жарамды болуы үшiн ол бiздiң заңнаманың қоятын материалдық шарттарын сақтауы керек. Шетел-дiкке қатысты айтар болсақ, қазақстандық азаматпен некеге тұру үшiн оған бiздiң заңнаманың талаптарын сақта деп айта алмаймыз, өйткенi, ол неке бiздiң мемлекеттiң аумағында емес, басқа мемлекеттiң аумағында жасалуы тиiс. Осыған сәйкес некенiң жасалған орнының заңы қолданылуға жатады. Некенiң нысанына байланысты, оның жарамды деп танылуының негiздерi басқа да болды. Тарихтан мысал келтiретін болсақ, 1937 жылы Л. деген азамат Тегеранда ирандық қалыңдық Амалиямен некелеседi. Неке Тегерандағы орыстың Православиелiк шiркеуiнде жасалады, өйткенi ирандық заңнама бойынша дiни нысанға жол берiлген. 1958 жылы Тбилисиде тұрып жатқан Л. Раиса дегенмен некелеседi. 1960 жылы Л., қайтыс болып кеткеннен кейiн Амалия мұраға бiрден мұрагер бола отырып, Л-дiң екiншi некесiн заңсыз деп тануды сұрап Грузиялық сотқа талап арызын бередi. Сот талап қоюшының пайдасына iстi шешедi. Егер Қазақстан Республикасының азаматы мен шетел азаматының некесiн тиiстi мемлекеттiң жергiлiктi органдарында тiркеу кезiнде бiздiң азаматтың шетел азаматымен некелесуге құқығын танитын қағазды талап етсе, онда мұндай анықтама қағазын Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттердегi елшiлiгi бере алады. Сонымен қатар, жоғарыда атап кеткенiмiздей, консулдық конвенцияларда консулдың мемлекетiнiң азаматы некеге тұрғандығын тiркеп тұру мiндетi көрсетiледi. Мысалы, кейбiр мемлекеттердiң консулдық жарғылары мұндай мiндеттi тiкелей көрсетуi мүмкiн. Мысалы, бұрынғы Кеңес мемлекетiнiң заңнамасында бұл тiкелей көзделген болатын. Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында шет мемлекетте некенi бекiту. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының арасындағы неке тиiстi мемлекеттегi Қазақстан Республикасының елшiлiктерiнде жүзеге асырылады. Некенi тiркеу азаматтық хал жағдайының бiрден-бiр актiсi болып есептеледi. Қазақстан Республикасының консулдықтарында шетел аумағында некенi бекiту кезiнде толығымен бiздiң мемлекеттiң заңдары басшылыққа алынуы тиiс, өйткенi екi азамат та Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Консулға мұндай некелердi бекiту құқығы бiздiң заңнама бойынша анықталады. Ол дегенiмiз: а) бiздiң елшiлiкте немесе өкiлдiктерде тiркелген неке азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында некенi тiркеумен бiрдей күште танылады; ә) некенi консул тiркеген кезде ол бiздiң заңнаманың бекiтетiн материалдық талаптарын сақтауға мiндеттi. Мұндай некенi келушi мемлекетте (қабылдаушы мемлекет) тану ол мемлекеттiң материалдық нормаларының сақталуына тiкелей байланысты. Шетелде жасалған шетелдiктердiң некесiн Қазақстан Республикасында тану. Осы уақытқа дейiн бiздiң азаматтардың шетелде жасаған некелерi туралы, яғни аралас некелер туралы сөз қозғаған болатынбыз. Бiздiң мемлекеттiң аумағынан тыс, шетелдiктердiң жасалған некелерi туралы айтар болсақ, олар бiздiң мемлекетте танылады. Сонымен, шетелде жасалған неке, егер ол сол мемлекеттiң талаптарын сақтайтын болса, олар заңды болып табылады. Сәйкесiнше, егер шетелдiктердiң арасындағы неке солардың жеке заңдарының талаптарын және некеге отыру жерiнiң талаптарын сақтай отырып жасайтын болса, ол бiздiң республикада да сөзсiз танылады. Бұл аталғанымыз бiздiң мемлекетiмiздiң жария тәртiп туралы ескертпесiмен қаншалықты дәрежеде шектелуi мүмкiн? Бұл сұраққа да бiздiң «Неке және отбасы туралы» Кодекс жауап бередi. Оған сәйкес, егер жасалған неке бiздiң Қазақстан Республикасының негiзгi құрылысына қайшы болатын болса, онда шетелде шетелдiктердiң арасында неке танылмауы мүмкiн. Осы ережеге сәйкес, жекелеген жағдайларда сауал туып отырады: шетелдердiң заң талаптарын сақтай отырып жасалған полигамдық неке бiздiң мемлекетте танылуы мүмкiн бе? Бiздiң заңнама бойынша, мұндай неке бiздiң мемлекетте танылмайды деп айтуға болмайды, бiрақ мұндай некенiң болуы, кез келген басқа некенiң болуы сияқты Қазақстан Республикасында некенi жасауға кедергi болып табылады. Некенi жарамсыз деп тану. Қазақстан Республикасында шетелдiк пен бiздiң азамат арасында жасалған неке бiздiң заңнама ережелерiне сәйкес жарамсыз болып табылуы мүмкiн, өйткенi бұл тұста некенiң жасалу орны үлкен маңызға ие болып табылады. Кейбiр жағдайларда жалған(фиктивный) некелер де кездесiп қалады. Ол бiздiң заңнаманың талаптарын айналып өту мақсатында жасалады. Мысалы, Қазақстан Республикасына кiру-шығу ережелерiн айналып өту мақсатында.
§ 3. Ерлi-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен бала арасындағы құқықтық қатынастар
ҚР-ның «Неке және отбасы туралы» Кодесінің 29-бабына сәйкес ерлi-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегiн таңдау құқығы, қызмет түрiн, мамандығын, тұрғылықты жердi таңдау құқықтары, отбасы өмiрiнiң мәселелерiн бiрiгiп шешу құқығы. Халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтiн заңнамалар бойынша ерлi-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және отбасы өмiрiнiң барлық жалпы мәселелерiн олардың бiрлесiп және өзара келiсе отырып шешуiнен көрiнедi. Алайда, ерлi-зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру кезiнде артықшылық пайдалануға тиiс емес. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ерлi-за-йыптылардың арасындағы мүлiктiк және жеке қатынастарына бiздiң мемлекетiмiздiң заңнамасы қолданылуға жатады. Конс-титуцияда бекiтiлген ер адамдар мен әйел адамдар арасындағы теңдiк ерлi-зайыптылардың арасындағы көптеген қатынастарды реттейдi: әйел адам некеге отырғаннан кейiн өзiнiң некеге дейiнгi фамилиясын сақтап қалуға құқылы, ол өз азаматтығын сақтап қалады, кәсiп пен қызмет аясын таңдауда еркiн болып табылады, өзiнiң мүлiктiк қатынастарын толықтай сақтап қалады және некеге тұрғаннан кейiн табылған мүлiкке ортақ меншiкте үлесiн сақтайды және т. б. Бiздiң заңның талабы бо-йынша ортақ шаруашылықты жүргiзу ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi негiзiнде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасындағы шетелдiк күйеу отбасылық шаруашылықты жүргiзуге байланысты басшы орынды иелене алмайды. Бiздiң құқыққа сәйкес, ерлi-зайыптылар тұрғылықты жердi таңдауда да ерiктi болып табылады. Сонымен қатар, ерлi-зайыптылар бiрге де, бөлек те тұруға құқылы. Бiр тұлғаның өзiнiң тұрғылықты жерiн ауыстыру екiншi тұлғаға соның артынан iлесудi талап етпейдi. Ерлi-зайыптылар бiр-бiрiне материалдық көмек көрсетiп тұруға мiндеттi. Егер ерлi-зайыптылардың бiрi еңбекке жарамсыз болып қалатын болса, онда бiздiң заңнама бойынша оның екiншiсi оған материалдық көмек көрсетуге мiндеттi болып табылады. Қолданып жүрген заңда және халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтiн заңнамалар бойынша тектi таңдаудың екi жолы ұсынылған. Некеге тұру кезiнде ерлi-зайыптылардың қай-қайсысы да өздерiнiң некеге отырғанға дейiнгi тегiн қалдыра алады. Сонымен бiрге, ерлi-зайыптылар өз қалаулары бойынша ортақ бiр тек таңдауға құқылы. Ондай тек күйеуінің болмаса жұбайының де болуы мүмкiн. Тәжiрибеде ерлi-зайыптылар ортақ бiр тектi (әдетте ерiнiң тегiн) таңдайды. Кейбiр елдердiң, оның iшiнде ТМД құрамына кiретiн елдер-дiң заңы ерлi-зайыптылардың екi тектi де алуына мүмкiндiк жасайды, яғни өзiнiң тегiне жұбайының тегiн қосуына жағдай жасайды. Қазақ КСР-ның Неке және отбасы туралы Кодексi бұған жол берген жоқ едi. Ал ендi «Қазақстан Республикасының Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 31-бабы жұбайлардың бiреуiнiң некеге тұрғанға дейiнгi тегi қосарлас болған болмаса, басқа жағдайда екi тектi де алып жүруге рұқсат етедi. Қызмет пен мамандықты еркiн таңдау құқығы ерлi-зайыптылардың оқу орындарына түсу, мамандық таңдау, сол таңдап алған мамандық бойынша жұмыс орнын табу жөнiндегi мәсе-лелердi жеке өздерiнiң шешулерiне болатындығын көрсетедi. Әдетте, қызмет пен мамандық таңдау ерлi-зайыптылардың екi жақты келiсiмдерi бойынша отбасы мүддесiн ойластыра отырып, жүзеге асыратын iс. Тұрғылықты жердi таңдау еркi дегенiмiз: ерлi-зайыптылардың жеке тұруларына болады немесе әр түрлi тұрғын үйлердi иемденуге құқылы. Бірақ, неке құру мақсаты еркек пен әйел байланысын біріктіру, отбасын құру және оны нығайту болғандықтан олардың бұл құқықты қолдануы жоғарыда көрсетілген мақсаттарға пайда тигізбейді. Кодексте көрсетiлген тұрғылықты жердi таңдау еркiне ие болу құқығының мәнi ерлi-зайыптылардың ешқайсысы да бiр-бiрiн белгiлi бiр жерде тұруға мәжбүр ете алмайтындығында, ал таңдау екi жақтың өзара келiсiмiмен жүзеге асырылуы керек. Кодекс ерлi-зайыптылардың бiрге тұруына жағдайлар жасайды және бiрiнiң басқа бiр тұрақты мекенге көшуi жағдайында екiншiсiнiң де сонда баруына мүмкiндiк туғызады (қоныс аударушының жұбайына және отбасының басқа мүшелерiне көтерме ақы жәрдемiн төлеу, жас мамандарды бөлу кезiнде отбасының мүддесi ескерiледi т.б.). Отбасының өмiрлiк мәселелерiн бiрлесiп шешу құқығы дегеніміз: отбасының бюджетiн бөлiсу, балалар тәрбиесi, үй шаруашылығын жүргiзуi, туған-туысқандарымен бiрге немесе бөлек тұру мәселелерін шешу болып табылады. Ерлi-зайыптылардың ешқайсысы да өзiнiң еркiн екiншiсiне таңуға құқылы емес. Егер ерлi-зайыптылар кейбiр меселеде келiсiмге келе алмаса, онда олар өз дауларын шешу үшiн заңда көрсетiлген органдарға шағымдануға құқылы. Мәселен, ерлi-зайыптылар арасында балалар тәрбиесi мен тек таңдауда келiсiм болмаса, бұл мәселенi қорғаншы және қамқоршы органдары шеше алады. Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк қатынастары оларға тиесiлi болған мүлiктi меншiктеу және бiр-бiрлерiне өзара материалдық қолдау көрсету мiндеттерiнен туындайды. Құқықтық қатынастардың бiрiншi түрi Кодекстың «Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк құқықтықтары мен мiндеттерi» деп аталатын 7-тарауындағы нормалармен, ал екiншiсi – Кодексінің «Ерлi-зайыптылардың және бұрынғы ерлi-зайыптылардың алименттiк мiндеттемелерi» деп аталатын 18-тарауындағы нормаларымен реттеледi. Ерлi-зайыптылардың меншiк құқығының регламентациясы немесе басқаша айтқанда олардың мүлiктiк режимi жаңа заңда елеулi кездейсоқтыққа ұшырады. Бұрынғы заңдарда тек бiр ғана режим қарастырылған едi. Жаңа заңда ерлi-зайыптылардың заңды мүлiктiк режимi де, ерлi-зайыптылар мүлкiнiң неке шартымен бекiтiлген шарттық режимi де көзделiнедi. Дегенмен, некеге тiркеу кезiнде неке шарты жиi қолданып жүрсе де, көп жағдайда ерлi-зайыптылар мүлкiнiң заңды режимi олардың бiрлескен меншiк режимi қолданылады. Бұған дейiн де аталғандай, «Неке және отбасы туралы» Кодекстың 2-бабы, халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтiн заңнамалар ерлi-зайыптылар құқығының тең болу қағидалары айқындайды. Осы ортақ қағиданың пайда болуына ерлi-зайыптылардың некелескеннен кейiнгi бiрге тұрған ғұмырында жинаған мүлiкке тең құқығы ықпал етедi. «Қазақстан Республикасының Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі 33-бабына сәйкес ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкi олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады. Ерлi-зайыптылар мұндай меншiкке тең құқықпен билiк етедi және пайдаланады, екiншi бiр затты – тұтынады, үшiншi бiр затты олардың екеуi де пайдаланады. Бiрақ сырт көзге олардың ортақ мүлкiне жататын заттардың барлығы да ерлi-зайыптылардың екеуiне де бiрдей болып саналады. Кодесте ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлiктерiнiң жалпы тiзiмi берiлген. Бұған ерлi-зайыптылардың табыстары (жалақысы, зейнетақысы, материалдық көмек, кәсiпкерлiк қызметтен тапқан табыстары, т.б.), осы табыстардың негiзiнде жиналған мүлiктер (ортақ мүлiк, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкi) т.б. жатады. Жалпы тәртiп бойынша және халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтiн заңнамалар бойынша ерлi-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуы олардың қайсысы қандай затты иемденуiне, ол заттың қандай мақсатқа арналғанына және кiмнiң атына жазылғанына байланысты емес. Ерлi-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуына олардың отбасы табысының жалпы сомасына қаншалықты үлес қосқаны да әсер ете алмайды. Кодекс (33-бап, 3-тармақ) ерлi-зайыптылардың ортақ мүлiкке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргiзудi, балаларды бағып-күтудi жүзеге асырған немесе басқа да тиесiлi дәлелдi себептермен жеке кiрiсi болмаған жұбайға да тиесiлi екендiгiн арнайы ескертедi. Бiрге тұрған кезде жинаған ортақ мүлiктен басқа, ерлi-зайыптылардың әрқайсысына тиесiлi жеке мүлкi болады және оған өздерi дара билiк етедi. Мұндай неке дара мүлiктерге ерi мен әйелдiң некеге тұрғанға дейiнгi немесе ерлi-зайыптылардың некеге отырғаннан соңғы жеке мiндеттемелерi бойынша алған заттары, ерi мен әйелiнiң сый ретiнде алған немесе мұрагерлiк жолымен иемденген заттары, жеке пайдаланатын заттары (сырт киiм, аяқ- киiм т.б.) ерлi-зайыптылардың некеге тұру кезiнде ортақ қаржысына сатып алынған болса да қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, басқасының бәрi жатады. Мысалы, әйелiнiң құндыз пальтосы, ерiнiң алтын сағаты т.б. ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi болып саналады. Некенiң iс жүзiнде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлi-зайыптылар өзара келiсiм бойынша мүлiктi иелiк ете алады. Ерлi-зайыптылардың әрқайсысы жалпы мүлiкке байланысты өз бетiнше келiсiм жасай алады. Бұл жерде жаңа Кодекстің талап етуi бойынша басқа жұбайдың келiсiмiн алуы қажет. Ортақ мүлiкке байланысты нотариалды рәсiмдеудi талап ететiн мәмiле жасау үшiн (мәселен, тұрғын үйдi сату кезiнде) екiншi жұбайдың жазбаша келiсiмi қажет. Ерлi-зайыптылардың әрқайсысы некенi тоқтатқан сәтте де, сондай-ақ некеде тұрған кезiнде де жалпы ортақ мүлiктi бөлiсудi талап етуге құқылы. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлiске салғанда, олардың үлестерi тең болуы тиiс. Жоғарыда көрсетiлгендей, отбасының жалпы табысына ерлi-зайыптылардың әрқайсысының қосқан үлесiнiң көлемi жалпы ереже бойынша ескерiлмейдi. Сонымен бiрге жекелеген жағдайларда сотқа кәмелеттiк жасқа толмаған балалардың мүдделерiн немесе ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мүдделерiн ескере отырып, ерлi-зайыптылардың үлестерiнiң теңдiгi негiзiн ескермеу құқығы берiлген («Қазақстан Республикасының Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 38-бабы). Ерлi-зайыптылардың талап етуiнен басқа ортақ мүлiктi бөлу несие берушi ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң үлесiнен өндiрiп алу үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы кредит берушiнiң талабын мәлiмдеуi жағдайында да жүргiзiлуi мүмкiн. Ортақ мүлiктi бөлген кезде ерлi-зайыптылардың әрқайсысына қандай заттың берiлетiнiн сот айқындауы керек. Егер ерлi-зайыптылардың бiрiне беретiн зат құны жағынан оның үлесiнен артып кетiп жатса, онда екiншiсiне бұл үшiн тиiстi өтемақы төлейдi. Ерлi-зайыптылардың заң бойынша жеке құқықтары мен мүлiктiк құқықтары болады. Осы жерде осы құқықтарының туындау негiзi болып, олардың үйi болып некеге тiркелген күнi саналады. Ол неке мiндеттi түрде жергiлiктi Азаматтық хал актiлерiн тiркеу органдарында жүргiзiледi. Ерлi-зайыптыларды тiркеу күнiнен соң отбасындағы тең-дiгiне негiзделген неке қатынастары басталады. Халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтiн заңнамалар бойынша ерлi-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең мiндеттер атқарады. Ал қазақтың әдет-ғұрып, салт дәстүрiнде де, мұсылмандық шариғат заңында да ер адамдарға басымдылық берген. Адамдар қауымдасып жасайтын қоғамдар күштi әрi берiк болуы үшiн әйел мен еркектiң өзара қарым-қатынасын неке арқылы шариғат тәртiпке келтiрдi, қажеттiлiктерiнiң қамтамасыз етiлуiне осы үлгiде рұқсат бередi. Қазақстанның заңнамасы бойынша да және халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтiн заңнамалар бойынша да бiрлескен өмiр кезiнде жиналған мүлiк ортақ меншiк болып табылады. Әдетте, отбасындағы мүлiк ерлi-зайыптылардың екеуiнiң еңбегiнiң нәтижесiнен жиналады. Кейде зайыбы жұмыс iстемеуi, үй шаруасында және бала тәрбие-сiмен айналысуы мүмкiн. Әрине, егер отбасында мүлiктiң кiмдiкi екендiгi туралы дау туған жағдайда, олар мүлiктiң тағдырын шешу жөнiндегi өтiнiшпен сотқа жүгiне алады. Сот мүлiктiң пайда болуына қатысты барлық мән-жайды ескере отырып, мәселенi әдiлеттi шешуi тиiс. Сот ерлi-зайыптылардың тәртiп жағдайын (екеуi де өмiр салтын ұстана ма немесе бiр жағымсыз қылықтарға бой ұрған ба, iшiмдiкке салынған емес пе т.б.), бiр-бiрiне деген, балаларына деген қатынасын ескередi. Ортақ мүлiктегi кейбiр заттар (пәтер, машина т.б.) ерлi-зайыптылардың бiрiнiң атына жазылады. Тiптi осындай жағдайдың өзiнде де ол ортақ мүлiк болып табылады. Сондықтан ерлi-зайыптылардың бiрi екiншiсiнiң келiсiмiнсiз ол заттарды сатуға, алмастыруға, сыйлауға және мұраға қалдыруға құқығы жоқ. Ерлi-за-йыптылар ортақ мүлiк тағдырын өзара келiсiп шешуi тиiс. Өз мүлкiне келтiрiлген зиян үшiн ерлi-зайыптылардың әрқайсысы өзi жеке жауап бередi. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуi қылмыс жасаудың нәтижесiнде басқаның мүлкiн бүлдiрсе, ол өзiнiң жеке мүлкiмен жауап бередi, ал егер ол жетпесе, онда ортақ мүлiктегi аз үлесiнен төлейдi. Егер жалпы ортақ мүлiк жасалған қылмыстың нәтижесiнде пайда болса немесе көбейсе, онда екiншiсiне келтiрiлген зиянның орны жалпы мүлiк есебiнен толтырылады. Әрине бұл мәселелердiң бәрi осы iске қатысты барлық деректер жан-жақты тексерiлуi негiзiнде сот арқылы шешiледi. Айтылғандардан көргендей, ерлi-зайыптылар арасындағы қатынас жалпыға мәлiм моральдық нормаларға ғана емес, заң нормаларына да орай құрылады. Дау туған жағдайда, мүлiктiң тағдырын сот шешедi, сот алдында олардың құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ жауаптылығы да бiрдей болады. Жалпы, бұл мәселе бойынша арнайы ережелер құқықтық көмек туралы арнайы келiсiмдерде болуы мүмкiн. Мысалы, Венгрия, Болгария және Польшамен жасалған келiсiмдерге сәйкес егер ерлi-зайыптылар бiр мемлекет азаматы бола тұрып, басқа мемлекеттiң аумағында тұрып жататын болса, онда ол қатынастарда олардың тұрып жатқан мемлекетiнiң заңы қолданылады. Мұндай шарттар, сонымен қатар, мұндай азаматтардың бөлек мемлекеттерде тұратын кездегi қатынастарын да реттейдi. Егер, Қазақстан Республикасы азаматы – Ресейде тұрып, ал оның зайыбы – Польшада тұратын болса, онда олардың арасындағы некелiк қатынастар олардың азаматтығына сәйкес шешiледi. Бiрақ, сонымен қатар некедегiлер бiрдей азаматтықта да болмауы мүмкiн. Мысалы, Қазақстан Республикасындағы тұрып жатқан азамат Қазақстан Республикасы азаматы болып, оның зайыбы Ресейдiң азаматы бола отырып, Ресей Федерациясында тұрып жататын болса, онда бұл жағдайды өзара келiсiм реттеп отыр. Оған сәйкес, олардың қатынастары олар соңғы тұрған жердiң заңымен анықталуға жатады. Балалар мен ата-аналардың арасындағы қатынастар. Баланың құқықтық жағдайы оның азаматтығымен анықталуы керек. Балалардың құқықтарын қорғауға байланысты Қазақстан Республикасы үшiн 1989 жылдың 20 қарашасында қабылданған Бала құқықтары жөнiндегi Конвенцияның күшi тарайды. Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы Заңына сәйкес 14 жасқа дейiнгi балалардың азаматтығы ата-аналарының азаматтығымен байланысты болады. 14 пен 18 жас аралығындағы балалардың азаматтығы олардың келiсiмi болған жағдайда ғана өзгертiлуге жатады. Балалардың азаматтығы олардың ата-ана құқығынан айырылған ата-аналарының азаматтығы өзгерген жағдайда өзгертуге жатпайды. Ал балалардың азаматтығын өзгерту үшiн ата-ана құқығынан айырылған ата-ананың келiсiмi қажет болып табылмайды. Сонымен, Қазақстан Республикасының заңнамасында жалпы мойындалған принцип қызмет етуде, оған сәйкес 14 жасқа дейiнгi балалардың азаматтығы автоматты түрде олардың ата-анасының азаматтығына байланысты болып табылады. Ал 14 пен 16 жас аралығындағы азаматтар өздерiнiң азаматтығын өзгерту үшiн келiсiм берулерi шарт болып табылады. Бұл құжат өз кезегiнде нотариалдық бекiтiлуге жатады. Егер екi ата-ана да Қазақстан Республикасының азаматтығын алатын болса егер оларда Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылатын болса, осыған сәйкес оның балаларының да азаматтығы өзгередi. Егер екi ата-ана да немесе балаға қамқоршы ретiнде танылған Қазақстан Республикасында тұратын жалғыз ата-ана Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығатын болса, онда ата-анасының арызы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалуы мүмкiн. Кейбiр жағдайларда ата-ананың екеуi де азаматтықтан шыға отырып, өз баласына ынта бiлдiрмеуi мүмкiн, бұл жағдайларда баланың қамқоршысының арызымен ол Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалуы мүмкiн. Бiрақ, бұл өз кезегiнде кейiннен баланың ата-аналарының артынан азаматтығын өзгертуiне кедергi болып табылмайды. Егер оның ата-анасының бiреуiнде Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылатын болса, онда бала Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалады. Ата-ананың өтiнiшi бойынша оның баласының да Қазақстан Республикасы азаматтығы тоқтатылып, өз азаматтығын алуы мүмкiн. Мемлекет қалған жағдайдың барлығында өзiнiң азаматтығында қалатын азаматтың құқықтарын қорғауға мiндеттенедi. Сонымен қатар, егер баланың ата-анасы белгiсiз бола отырып, ол бала Қазақстан Республикасының аумағында өмір сүретін болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Қазақстан Республикасында әкелiктi тану ата-ана мен баланың азаматтығына қарамастан бiздiң елдiң құқығы бойынша жүргiзiледi. Қазақстан Республикасындағы ата-ана мен балалардың арасындағы өзара қарым-қатынастар бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады ма, әлде жоқ па, оған қарамастан барлық жағдайда қазақстандық құқықпен реттеледi. Ата-аналар балалардың тәрбиесiне қарауға мiндеттi, өз кезегiнде балалар ата-аналарының жағдайына қарап, оған көмек көрсетуге мiндеттi. Ата-аналық құқықтардың барлығы балалардың пайдасына шешiлуi тиiс болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасы ата-аналарға өз балаларын оларды заңсыз ұстап жүрген адамдардан сот тәртiбiнде талап етуге құқылы болып табылады. Шетелдiк ата-аналар да осы құқыққа ие. 3.1Алименттік міндеттемелер Ата-аналар өздерiнiң кәмелетке толмаған балаларын қамтамасыз етуге мiндеттi, сонымен қатар, еңбекке қабiлетсiз балаларды да асырауға мiндеттi болып табылады. Егер отбасы ажырасатын болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға алимент төлеу қарастырылған. Егер тұлға Қазақстан Республикасының аумағынан тыс шығып кететiн болса, Қазақстан Республикасының аумағында қалған өз баласына алимент төлеуге мiндеттi. Мұндай алименттердi төлеу мiндетi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тұратын балаға да төленуi тиiс болып табылады. Алименттiк мiндеттемелерге байланысты нормалардың қолданылуын анықтайтын коллизиялық нормалар бiздiң заңнамада жоқ. Бiрақ ресейлiк халықаралық жеке құқық теориясында бұған байланысты ресейлiк заң қолданылады деп шешiлген болатын. Ата-ана мен баланың арасындағы қатынастардың реттелуiне байланысты қолданылатын нормалар құқықтық көмек көрсету туралы түрлi шарттарда көрсетiледi. Бұл шарттарға сәйкес ата-ана мен балалардың арасындағы қатынас ата-ана мен бала қай елде тұрады, сол мемлекеттiң заңымен реттелуге жатады. Бiрақ келiсiмге келушi мемлекеттердiң бiрiнде ата-ана тұрып, екiншiсiнде баланың өзi тұратын болса, онда олардың арасындағы қатынас сол бала тұрып жатқан мемлекеттiң заңы бойынша анықталатындығын айту қажет. Мысалы, егер әкесi – Ресей-де тұрып жатқан болса, ал оның баласы Қазақстан Республикасының аумағында тұрып жатқан болса, онда әкенiң барлық мiндеттерi, сонымен қатар оның алименттiк мiндеттемелерiнiң барлығы осы Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша анықталатын болады. Бұл шарттардағы баланың құқығын қорғаушы бiр элемент болып табылады. Сонымен, баланың анасы, әкесi Қазақстан Республикасынан тыс тұрып жатқан бала әкесiнен өз елiнiң соты бойынша алименттердi мәжбүрлеп орындатуы мүмкiн.
1956 жылғы 24-қазандағы балалар қатынасына енгізетін алименттік құқық Гаага Конвенциясы (Австрия, Бельгия, Германия, Греция, Италия, Испания, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Туркия, Франция, Швейцария, Жапония) негізгі коллизиялық байланыс ретінде балалардың тұрғылықты мекенін алады. Конвенцияға қатысушылардың мемлекеттік аумағында бала мекені анықталған кезде ғана конвенция қолданылады. Бала деген сөздің астында кез келген заңды некелі, некеден тыс, асырап алған әйтеуір жасы 21-ге толмаған бала түсініледі (1-бап). Жауап берушінің заңына пайда үшін негізгі коллизиялық байланыстан бас тарту сотқа берілген алимент өтініші ол үнемі тұратын мемлекетте орындалған жағдайда болады. Конвенция сонымен қатар балаға арналған жеңілдік құқықтарды да қарастырады: егер де тұрғылықты мекеннің заңы балаға алимент тоқтатудан бас тартатын болса, онда заң сотты араластырады. Конвенцияның күшіне енген заң қайда, қашан, қанша мөлшерде және кімнен алиментті талап етуді анықтайды. Сондықтан заң кім алиментке өтініш береді және ол қай кезге дейін орындалу керектігін бекітеді. Кең аяда қамтылатын алименттік міндеттер туралы айтатын болсақ, ол (отбасылық, некелік, ата-аналық және фактілі неке қатынасындағы, некеден тыс қатынастағы балаларға алимент алимент тоқтату міндеттері) 1973 жылғы 2 қазандағы алименттік міндеттер енгізу құқықтары туралы Гаага Конвенциясында қарастырылған. (ратификациялаған Германия, Греция, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Португалия, Туркия, Франция, Швейцария, Жапония). Алименттік міндеттерді реттейтін заңның конвенцияға сай алиментті талап етушінің тұрғылықты мекені қарастырылады (4-бапты қараңыз). Егер де алиментті талап етуші бұл заңның негізінде алимент ала алмайтын болса, онда ортақ ұлттық заң енгізіледі, ал бұл негізде де жүзеге аспай жататын болса, онда мемлекет заңы, сот істі қайта қарайды. Белгіленген соммадағы алиментті төлейтін мемлекеттік мекеме заңға бағынады. 1973 жылғы Конвенция 1956 жылғы 24 қазандағы Конвенцияны қатысушылар арасындағы қарым-қатынасты соның ішінде балаларға қатысты алименттік міндеттерге байланысты алмастырады. 1961 жылы 5 қазандағы балалар қатынасына қолданылатын құқық туралы юрисдикция туралы 1969 жылы Гаага Конвнециясы өз күшіне енді. (Мұнда Австрия, Германия, Италия, Латвия, Литва, Нидерланды, Туркия, Франция және т.б. мемлекеттер қатысады). Конвенцияға сай бала өмір сүретін мемлекеттің заңы қабылданатын мемлекеттік мекемелер «компотентті» болып табылады. 2000 жылғы 13 қаңтардағы кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқығы туралы Гаага Конвенциясы күшіне енбеді (қол қойғандар Германия, Нидерланды, Франция және Ұлыбритания). 1996 жылғы 19 қазаннан бастап балаларды қорғау мен ата-аналардың жауапкершілігі туралы құқықты енгізу, юрисдикция туралы Гаага Конвенциясы әлі күнге дейін өз күшінде. (Мұнда көптеген еуропалық мемлекеттермен қатар Австралия, Эквадор). Юрисдикцияны шектей отыра мемлекеттік мекемелерді «компонентті» деп мойындау негізінен балалар өмір сүретін жермен байланысты. Сонымен қатар баланың құқығы мен жеке меншігі туралы қорғау келген кезде олар бұл жағдайымен тығыз байланысты мемлекеттің құқығына сүйенеді. Конвенцияға қатысушы бала бір мемлекеттен басқа мемлекетке көшетін болса, онда сол мемлекеттің құқығы қолданылады (15-бап). Ата-аналардың жауапкершілігі бала өмір сүріп жатқан мемлекеттің заңымен анықталады. Коллизиондық нормаға салып жіберетін заңға қолданылатын конвенция жағдайлары мемлекет конвенцияға қатыспаған жағдайда да орындалады (20-бап). Балаларды заңсыз түрде басқа мемлекетке көшіру 1980 жылғы 25 қазандағы Гаага Конвенциясының халықаралық балалар ұрлау туралы азаматтық аспектісінде қылмыс болып саналады. Балалардың ата-анасымен басқа да тұлғалармен, баламен қатысты отбасы мүшелерімен қарым-қатынасқа орнату Конвенцияда келтірілген (Страсбург, 2003 жылдың 15 мамыры). 2003 жылғы 27 қарашадағы ЕО Кеңес Регламенті 2201/2003 отбасылық құқықпен қатар ата-аналар арасындағы жағдайды шешуге талпынады. (217, 218-баптардан қараңыз). Балаларды орналастыру мен олардың құқығын реттеу туралы Регламенттің жағдайы (коллизиондық норманың қатысы жоқ) ата-аналардың балаларды ұрлауды тоқтату, қарым-қатынас құқығы туралы «ілгері басушылық» соттық шешімге әсер ету1. Бұл мемлекеттерде ата-ананың міндетін алған тұлғаларға көмек көрсетіледі (баланың жағдайы туралы ақпаратты алмастыру және жинау, бала қарым-қатынасының жетекші істері, шешім қабылдау қажеттігіне байланысты көмек көрсету, баланы қайтаруға қатысты мәселе). 1989 жылғы халықаралық жеке құқықтың сұрақтары бойынша төртінші американ аралық мамандандырылған конференцияда (CIDIP-IV) баланы қамқорлыққа алуға қатысты көптеген міндеттер қабылданды.(Оған Аргентина, Бразилия, Боливия, Эквадор, Мексика, Перу және т.б.) Балаларды қамқорлыққа алуға байланысты конвенция міндеттерді кеңейтеді. Мұнда домицилия немесе құрал алушының жалпы мекені, немесе қарыз берушінің мемлекеттік заңы ма, әйтеуір кез-келген балаға тиімді болатын заң қабылданады.
3.2. Әкелік (аналық) құқықты даулау және бекіту Заңды тәртіптің негізінде бекітілген балалар құқығына келетін болсақ, ата-аналар мен балалардың міндеттері мен құқықтары осы негізден туындап жатыр. Құқықты нақты анықтаудың маңыздылығы ата-аналардың құқықтарын дауласумен қатар, әртүрлі мемлекетке кетуші жұбайлар үшін некелі және некесіз жағдайда дүниеге келген балалар құқығын орналастыра білу1. Баланың некелі жағдайда дүниеге келгендігі көп мемлекеттерде жұбайлардың жеке заңдылығының негізінде шешіледі (түсінік үшін азаматтық туралы немесе домицилия туралы заң деп түсіндіруімізге болады.) Мысалы, Италияда баланың дүниеге келуі ол туған сәттен оның ұлттық заңның негізінде орналастырылады. (1995 жылғы халықаралық жеке құқықтың италияндық жүйесінің реформасы туралы Заңның 33-бабы) Австрияда некелік шарт негізінде дүниеге келген баланы орнатып алу мен оған құқықты даулау Австрияның жеке заңымен (азаматтығы бар мемлекет) жұбайлар арасында бала дүниеге келгенде немесе оған дейін некені тоқтатқан сәтте анықталынып алады. Жұбайлардың үшін жеке заңдардың ішінде ең сәттісі сол деп табылады, егер неке тоқтағанда балаға да неғұрлым тиімдісі болатын заң. Некесіз дүниеге келген балаға қатысты көптеген коллизиялық байланыстар қолданылады. Австриядағы (§25) некеден тыс дүниеге келген балаға қатысты әкелік құқықты мойындау және бекіту шарттары заңда ол дүниеге келген сәттегі жеке құқыққа сай жалпы ережемен анықталынады.Әкелік құқықты бекіткен заңға сай әкелік құқықты даулауға да құқығы бар. Жұбайлар арасындағы балаға қатысты соңғы кездегі көптеген заңдар бірнеше тармақты қамтып жатыр, мысалға некеден тыс дүниеге келген балаға сол сәттен бастап жеке заңына бағынса, ал халықаралық жеке құқық туралы Кореяның заңында сонымен қатар ол тұрғылықты мекен-жайдың жалпы заңы немесе әкенің жеке заңына бағынады. 2004 жылғы халықаралық жеке құқық туралы Бельгия заңының жаңа кодификациясы әкелік немесе аналық құқықты даулау мен орнатуды талапкердің (ана баласын бұрын мойындаған жұбайы) жеке заңына бағындырады. 2005 жылғы Украина заңында әкелік құқықты даулау мен бекітуді бала дүниеге келген сәттегі жеке заңға бағындырады. (Азаматтығы бар мемлекеттің заңы баланың жеке заңы болып табылады). Баланың жеке _________________ 1 Семейное право Российской Федерации и иностранных государств. Основные институты.. М., 2004. Б. 193-207. құқығына байланысты шешімдер көп орын алып кеткендігін көптеген мемлекеттерден көре аламыз, мысалы Эстонияда бала дүниеге келген жер осы мемлекет болған соң бұл құқықты мемлекеттің құқығы деп санайды. Халықаралық келісімдердің ішінде 1975 жылғы 15 қазандағы некеден тыс дүниеге келген балалардың құқығы туралы Еуропалық Конвенцияны айтуымызға болады (оны 21 мемлекет ратификациялаған болса, ал 4 мемлекет ратификациялмаған бірақ қол қойған.) Конвенцияға сәйкес некесіз дүниеге келген бала анасымен туу туралы фактісімен орнатылады (2-бап), ал әкесімен бірге орналасу әкесінің өз еркімен немесе сот шешімінің күшімен танылады. Конвенцияның түсіндірме баяндамасында көрсетілгендей конвенцияның қосымшалары конвенцияға қатысушы мемлекеттердің (әкелік құқықты шектеуші) ішкі заңдылығымен сәйкес келмейді. Ішкі заңдылықтарда әкелік құқықты өз еркімен мойындау нысаны мен әдісі сот, нотариат, кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғайтын органдарға өтініш беру арқылы жүзеге асады. Конвенцияға сай некеден тыс дүниеге келген бала үшін ата-ана неке жағдайында дүниеге келген баламен тең құқықты қарау керек (6-бап). Отбасылық қарым-қатынасты реттейтін конвенцияның ережелеріне сай жұбайлар некеге отырғаннан бастап некелі бала мен некеден тыс дүниеге келген бала арасында тең құқықты мәртебесі орнатылады. ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодекс қабылдануымен коллизиялық реттеулер үлкен өзгерістерге ұшырады. Осыдан бұрын ата-аналар мен балалардың, тұрғылықты мекеннен тыс КСРО Қазақстан заңның негізінде орындалса, енді әкелік құқықты орнату мен даулау бала дүниеге келген мемлекеттің негізінде анықталады (ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодесінің 276-бабы). Бала дүниеге келген кезде ата-анасы Қазақстан азаматы болып тіркеліп тұрса, қай жерде дүниеге келгенінен тәуелсіз сөзсіз Қазақстан азаматы болып табылады. Ата-анасының азаматтығы сөзсіз баласына автоматты түрде баласының да азаматтығын анықтайды. Ата-анасының біреуі ғана Қазақстан азаматы болып табылатын балалар үшін мына заң жүреді: 1) егер де екінші ата-анасы азаматтықсыз, немесе босқын болып танылса, немесе тұрғылықты мекені белгісіз болса, онда бала дүниеге келген мекенінен тәуелсіз қазақстан азаматы болып табылады. 2) егер де екінші ата-ана шет мемлекеттің азаматы болып, ал бала Қазақстан аумағында дүниеге келетін болса, онда бала Қазақстан азаматы болып тіркеледі немесе азаматтықсыз тұлға болып табылады. Егер де ата-аналардың екеуі де Қазақстан азаматы емес басқа шет мемлекет азаматы болып, бірақ Қазақстан аумағында тұрып жатса және бала Қазақстан аумағындаында дүниеге келсе, онда бала Қазақстан азаматы болып саналады, басқа бір мемлекет оның азаматтығына қызығушылық тудырмауы керек. Қазақстан аумағынанын табылған баланың ата-аналары белгісіз болса, онда бала табылған күннен бастап алты ай ішінде ата-аналары келмесе, онда олар Қазақстан азаматтығына өтіп кетеді. Еш азаматтықсыз жүрген ата-аналардың баласы дүниеге келген кезден бастап Қазақстан азаматтығына өтеді. Мысалы, Алматыда некеге тіркелмеген Қазақстан азаматшасының баласы дүниеге келді және ол Қазақстан азаматы болып тіркеледі. Ата-аналардың бірігіп анасының талабымен Украина азаматы әкелік құқықты бекіту үшін тіркеуге барған сот істі Қазақстан заңының негізінде ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодексінің 276-баптың күшімен қарастырады. Шет мемлекеттің заңын қолдану келесі жағдайлардан туындайды. Германияда некеге тұрмаған неміс азаматшасының баласы дүниеге келді. Ұсынылып отырған баланың әкесі (Қазақстан азаматы) баланы мойындамастан отанына қайтып кетті. Баланың анасы Ақтау қаласының (тұрғылықты мекен) сотына әкелік құқықты орнату талабымен барды. Бала германия азаматы болып табылғандықтан сотта сол мемлекеттің заңы қолданылады. Егер де бала шет мемлекеттің азаматтығынан басқа азаматтыққа алмасатын болса, онда ол қабылданып отырған құқыққа еш әсерін тигізбеу қажет. Қазақстан аумағындағы әкелік құқықты орнату мен даулау ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодексінің 276-бабында көрсетілгендей әкімшілік және соттық жолмен тағайындалады. ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодексінің 276-бабының 1,2-тармақтарына шет мемлекеттің отбасылық құқығын енгізу қарастырылған. Қазақстан аумағынан тыс жерде өмір сүретін ата-аналар некеге тұру кезінде анасымен келген балаға әкелік құқықты орнату үшін АХАЖ-да болған куәландыру негізінде Қазақстандағы консулдық мекемеге немесе дипломатиялық өкілділікке өтініш тастауына болады. Консулдағы әкелік міндетті бекіту тәртібі негізінде «азаматтардың хал-ахуалы туралы акт» негізінде қарастырылады. Алайда, заңдылық (ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодесінің 276-бабы) ата-аналардың біреуі Қазақстан азаматы болған жағдайда әкелік құқықты орнатуды ысырады.
§ 4. Халықаралық жеке құқықтағы бала асырап алу, қамқоршылық пен қорғаншылық институттары
1989 жылғы бала құқықтарын қорғау Конвенциясына сәйкес «Бұл конвенцияға қол қоюшылар баланы асырап алу жүйесiнiң өмiр сүрiп жатқандығын мойындайды және ең бiрiншi ретте баланың мүддесiнiң қамтамасыз етiлуiн көздейдi» делiнген. Сонымен қатар ол: 1) бала асырап алынуды тек қана сол мемлекеттiң баланы асырап алу туралы мәселенi шешетiн iстi органдары шешуi тиiс. 2) баланы басқа мемлекетке асырап алуға беру бұл Конвенция бойынша балаға жағдай жасаудың балама түрi болып табылады және бұл тек қана бала сол мемлекеттiң өзiнде асырауға берiле алмайтын болған кезде ғана қолданылады; 3) баланы бiр мемлекетте асырап алу баланы асырап алу туралы мемлекеттiң өзiнде қолданылатын ереженiң қолданылуын анықтайды; 4) баланы асырап алғанда осы балаға байланысты пайда табу мақсаты ешқандай да тараптың бiрiнде болмауы тиiс. «Неке және отбасы туралы» Кодексінің ережелерiне сәйкес шетелдiктердiң Қазақстан Республикасында бала асырап алуы, сонымен қатар, шетелде жүрген Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстанның азаматы болып табылатын баланы асырап алынуы мүмкiн. Мұндай бала асырап алу Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша анықталады. Аталған асырап алуды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының тиiстi органының рұқсатын алуы керек. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алу Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда асырап алушылар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмаса, атқарушы органның келiсiмiн сұрауы тиiс болып табылады. Жеке адамдар мен мемлекеттiк емес ұйымдардың бала асырап алу жағдайында делдалдық қызметтермен айналысуына жол берiлмейдi. Бала асырап алу үшiн бала асырап алушыға бiрқатар талаптар қойылады. Бала асырап алушы баланы өз мемлекетiнде асырап алуға құқылы екендiгiн куәландыратын құқықты көрсетуге мiндеттi. Қорғаншылық пен қамқоршылықты орнату егер азамат өз әрекетерiне басшылық жасай алмайтын жағдайларда орнатылады және мұнда ҚР АК басшылыққа алынуы тиiс. Ал 1980 жылдың соңында шетел азаматтарының басқа елдерден бала (қыз) асырап алуы әлемдiк деңгейде, қалыпты тәжiрибеге айналған болатын. «Халықаралық бала (қыз) асырап алу» алғаш рет осы кезде орын алған болатын. 1965 жылы қабылданған Гаага конвенциясының болуына қарамастан шетел азаматтарының бала (қыз) асырап алу тәжiрибесi өте кең қолданыста болып келдi. Алайда, бала (қыз) асырап алудың құқықтық және iс жүргiзу жақтары жеткiлiктi дәрежеде толық реттелмеген болатын. Сол себептен де, халықаралық деңгейде жаңа Конвенция қабылдау қажеттiлiгi пайда болды. Оның басты себептерiнiң бiрi бала (қыз) асырап алудың халықаралық құқықтық ережелерiн әлемнiң басқа мемлекеттерiнiң мойындауына ықпал жасау. 1988 жылы Гаага конвенциясының тұрақты бюросы бала (қыз) асырап алудың халықаралық құқықтық ережелерiн реттейтiн ал-ғашқы Конвенция жобасын жасап шығаруға мiндеттi болып табылады. Бұл халықаралық Конвенция 1993 жылдың 29 мамырында қабылданды. Гаага конвенциясының ережелерi бойынша бала (қыз) асырап алу 18 жасқа дейiнгi азаматтарға ғана қолданылады.
§ 5. Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы аясында реттеу (20.11.1989ж) және Балалдарды ұлттық және халықаралық деңгейде асырап алу мен тәрбиелеуге беру жөніндегі БҰҰ Бас Ассамблеясының Резолюциясы аясында реттеу (3.12.1986ж) Отбасы-қоғамның негізгі түбірі екенін ескере отырып, бала құқықтарын қорғау,баланың толық көлемде дамуына жағдай жасау,баланың өмір сүру жағдайын жақсарту,осы салада халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында,баланың өмір сүру деңгейін күшейтуде халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын ескере келе,Адам құқықтары туралы Жалпы декларацияда адам құқықтарының діни , саяси,әлеуметтік деңгейіне,тілі мен түсіне қарамастан құқықтары шектелмейтінін ескере келе, Азаматтық және саяси құқықтары туралы Халықаралық пакт,1924жылғы Бала құқықтары туралы Женева конвенциясына сүйене отырып “Бала құқықтары туралы” Конвенция қабылданған болатын.Осы конвенцияға сәйкес 18 жас мөлшеріне жетпеген адамзат баласы “бала” болып танылады делінген (1бапқа сәйкес)Әр бала өмір сүруге құқылы.Осы Конвенция ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар құқығы мен бала асырап алу мәселесіне 20-21 баптарда тоқталған.Тұрақты немесе уақытша ата –ана қамқорлығынсыз қалған балалар мемлекеттен арнайы қорғау мен көмек алуға құқылы.(20б. 1т. сәйкес) Әр мемлекет өз ұлттық заңнамасына сәйкес мұндай балаларға қақорлық жасайды.Мұндай қамқорлық,мұсылман құқығы бойынша “кафала” тәрбиелеуге беріледі,асырап алу немесе бала қамқорлығымен айналысатын арнайы мекемеге орналастыру болып табылады.(20б. 3т. сәйкес) Бала асырап алу жүйесіне рұқсат етілетін мемлекеттер,бірінші кезекте бала мүдделерін қорғауды қамтамассыз етеді.Олар: - асырап алу тек өкілетті билік органдарымен рұқсат етілуін қамтамассыз етіледі - кейбір мемлекеттерде бала асырап алу балаға қамқорлық жасаудың альтернативті әдісі ретінде қарастырылады деп танылады,егер балаға өз мемлекетінде сәйкес тәрбие беру мүмкіндігі жоқ болса , ол шетел азаматы арқылы асыралынып алынады. - басқа мемлекетте бала асырап алынатын болған жағдайда,ішкі мемлекеттік асырап алу қатынасына қолданылатын нормалар мен кепілдіктердің болуын қамтамассыз етеді. Бала өз аиа-анасының қамқорлығы мен жауапкершілігінде өсуінің тиістілігін ескере, қарулы қақтығыстар, экономикалық кризис, әлеуметтік мәселелер, табиғи опаттар,ішкі дағдарыс салдарынан ата-ана қамқорлығынан айрылған балалардың санының көбеюін ескере,асырап алу немесе тәрбиеге беру процедураларының бала мүдделері қорғау үшін екенін ескере, әлемдік негізгі құқықтық жүйеде әртүрлі пайдалы альтернативті институттаврдың бар екенін,мысалы мұсылман құқығы бойынша “кафала” ескере,Экономикалық,әлеуметтік,мәдени құқық туралы Халықаралық пакт,Жалпы адам құқықтары туралы Декларация,Дискриминация түрлерін жою туралы Конвенцияға сүйене отырып БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында осы құжат қабылданған болатын.Ата-аналар бала қамқорлығына міндетті. Егер бала ата-ана қамқорлығынсыз қалса ол оның туыстарына, басқа отбасына тәрбиелеуге,асырап алу ға,арнайы мекемелерге орналастырылады(5б. сәйкес) Бала тегі мен азаматтығынан айрылмайды.(8б сәйкес) Баланы тәрбиелеуге беру заңнамалармен реттеледі.Өкілетті орган тәрбиеленуге берген бала үшін жауапты.(11б. сәйкес) Асырап алудың басты мақсаты баланы тұрақты отбасымен қамтамассыз ету.(13б.сәйкес) Баланың ата-анасы,асырап алушы ата-ана баланың болашақ тағдырын шешуді тездету мақсатында консультациялармен қамтылады.Үкімет шетелгеи асыралынып кеткен балалар үшін саясат немесе заңнама бекітуі тиіс.(18б. ) Баланы ұрлау немесе заңсыз әкетуге тиым салу мақсатында саясат немесе заңнама бекітуі керек.Асырап алу процессі тек өкілетті органдар арқылы жүргізілуі тиіс.Шетелге асырап алу,баланы асырап алуға еш заңи кедергінің болмағаны кезінде қарастырылады.Егер бала мен асырап алушы ата-ананың азаматтығы бөлек болатын болса,екі мемлекеттің заңнамалары сәйкестендіріледі.Бұл кездерде баланың мәдени және діни тәрбиесі мен мүддесі ескеріледі. Әр мемлекет отбасы мен баланың әлеуметтік жағдайына басты көңіл бөлу керек.Баланың басқа отбасында тәрбиеленуі кәмелет жасқа толғанша өз туған ата-аналарына қайтарылуына кедергі болмайды.(11б.) Бала асырауға берілетін кезде баланың өсіп жетілуіне жақсы жағдайлар жасалатыны ескеріледі.Қамқорлық немесе қорғаншылыққа беретін орган асырап алушы ата-ана мен бала арасындағы өзара арақатынастарын қадағалайды.Заңнама асыранды баланың сол отбасында заңды мүше болуын қамтамассыз етеді.(1б.)Егер балаға өз мемлекетінде сай тәрбиеге беру немесе асырап алу процессі жүргізілу мүмкіндігі болмаған жағдайда альтернативті әдіс ретінде шетелде асырап алу жүргізілуге рұқсат етіледі.(17б сәйкес)Шетелдік асырап алу процессін рәсімдеу ішкі мемлекетте асырап алуға қолданылатын кепілдіктер мен нормалар негізінде өкілетті орган арқылы жүргізілуі тиіс.Шетелдік асырап алу пайда табудың көзі болмауы тиіс.(20б.) Бала шетелге кеткенде қабылдаушы мемлекет үшін асырап алудың заңи күші болуы тиіс.
Шетелдік асырап алу балаға тұрақты отбасымен қамтитынын ескере, шетелдік асырап алу, 1989 жылғы Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясына,1986 жылғы Балаларды ұлттық және халықаралық деңгейде асырап алу мен тәрбиелеуге беру жөніндегі БҰҰ Бас Ассамблеясының Резолюциясына,шетелдік асырап алу балаларды сату немесе үрлаумен күрестегі жалғыз құрал екенін ескере отырып осы Конвенция қабылданған болатын. Егер қабылдаушы мемлекеттің орталық органы,өтініш беруші тұлғаға бала асырап алуға құқылы деп тапса, ол жеке басын сипаттайтын ақпараттар, медициналық карта,отбасы туралы ақпарат, асырап алу себептері, библиографиялық ақпарат,баланың жеке қасиеттерін сипаттайтын құжаттардан тұратын баяндама дайындайды.(15б.) Егер орталық орган,бала асырап алына алады деп шешсе: - жеке басын сипаттайтын ақпараттар, медициналық карта, отбасы туралы ақпарат,асырап алу себептерінен тұратын баяндама дайыдайды; - баланың тәрбиесі мен оның этникалық, діни, мәдени байланыстарын ескереді; - асырап алу процессі баланың еркі арқылы болуын ескереді; Екі мемлекеттің де орталық органдары асырап алынған баланың тұрақты тұратын мемлекетке баруын барлық шараларды жасайды.Орталық атқарушы органдар асырап алу процессін бір-біріне хабарлап отырады.Асырап алушы ата-аналарға баланы тапсыру: - орталық органның келісімі арқылы; - асырап алушы ата-аналар баланың өсіп қалыптасуына жағымды ықпал тигізеді деп танылса; - екі мемлекеттің орталық органдары келісіп,асырап алу үлкен орын алады деп таныса жүргізіледі; Әр мемлекеттің заңнамасында рұқсат етілсе, орталық органның қызметін, мемлекеттің билік немесе өкілетті ұйымдар жүзеге асырады,сонымен қатар заңмен рұқсат етілсе мемлекеттік өкілетті биліктің бала асырап алу процессін рәсімдеуі заңды болып табылады. Асырап алуды тану дегеніміз: а) асырап алушы ата-ана мен бала арасындағы өзара қарым-қатынас; ә) балаға деген асырап алушы ата-аналардың міндеттілігі; б) баланың туған ата-аналары арасындағы құқықтық қатынастардың үзілуі;(26 сәйкес) Егер бала мен оның туған ата-анасы арасындағы құқықтық қатынастапр үзілген жағдайда,ол қабылдаушы мемлекетте сондай құқықтарға ие болады.Асырап алу процессі жедел түрде өткізілуі тиіс,(35б сәйкес)асырап алу қызметіне қатысты ешкімнің қаржылай пайда табуына тікелей тыйым салынады.Асырап алу процессіне қатысушы басшылар,қызметкерлерге жасаған қызметі үшін сыйақы төленбейді.(32б 3п сәйкес)
Жалпы қорыта айтқанда, неке және отбасы қатынастарын халықаралық реттеудiң маңызы ерекше зор. Сонымен, халықаралық жеке құқықтың реттеу үшiн бағытталған бiр саласы осы неке және отбасы қатынастары екендiгiн бiлдiк. Неке және отбасы қатынастарында бiз байқағандай, көптеген коллизиялық мәселелер туындайды. Мысалы: некеге отыру жасына байланысты (некеге отыру үшiн құқық қабiлет-тiлiгi мәселесi), ерлi-зайыптылардың мүлiктiк қатынастарын реттеудегi мәселер, ата-ана мен бала арасындағы өзара қаты-настар, ата-аналардың баланы асырауға байланысты мiндеттемелерi, бала асырап алу жөнiндегi қатынастар, мiне осылардың барлығы коллизиялық мәселелердi туындатады. Некенi тоқтату немесе некеге отыру шындығында да белгiлi бiр құқықтық салдарға жетелейтiнi анық. Құқықтық салдар, әсiресе, тұлғалардың мүлiктiк жағдайларына қатысты бiрақатар жаңа мiндет-тер мен құқықтар қосылатыны анық. Бұл тұрғыда бiз Қазақстан Республикасының заңнамасы, әсiресе, Конституция бекiткен қағидалары мен негiзгi нормаларға тоқталдық. Олар: ерлi-зайыптылардың теңдiгi, бала құқықтарының кемсiтiлмеуi, баланың өз ата-анасының асырауында болу құқығының басым болуы т. б. Бұл қағидалар сөзсiз халықаралық жеке құқықта басты орынға ие болып табылады.
Пысықтау сауалдары: 1. Неке дегініміз не? 2. Жария тәртіп ескертпесі неке қатынастарында қолданылама ? 3. Қандай халықаралық конвенциялар отбасы қатынастарын реттейді? 4. Бала ұүұыұтарын қорғау жөніндегі қандай конвенцияларды білесіз?
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 45; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.037 с.) |