Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ
11-тарау
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ
§1 Халықаралық жеке құқықтағы еңбек қатынастарының жалпы сипаттамасы
Шетел жұмыс күшін пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Қызмет көрсету, өнім өндіру үшін және олармен алмасуда қолданылатын ақпараттық және тасымалдаушы желілердің қауырт дамуымен сипатталатын қазіргі әлемдік экономикада халық қозғалысының белсенділігі артып келеді. Адамның халықаралық қозғалысы қазіргі әлемнің өзіне тән сипатына және жаһандану үрдісінің айнымас бөлігі болып табылады. Жаһандану үрдісіндегі көші-қонның қоғамдық даму үрдісіндегі өзектілігіне байланысты БҰҰ Бас хатшысының баяндауы бойынша, халықаралық көші-қонды дамытудың өзгешелігі, әлемдік жүйедегі көші-қонның негізгі элементі болуы, сауда, қаржы сияқты әлемдік деңгейде назар аудару керек1. Шетел жұмыс күшінің дамуы, көшіп-қонушылар құқығының қорғалуын қамтамасыз ету, көші-қон үрдістерін экстремизм мен терроризм мақсатында пайдаланумен байланысты қауіптерге қарсы тұру. Мемлекеттердің көші-қон саясаты еңбек күшінің экспортаушы елдеріне қатысты қаншалықты көлеңкелік еңбек нарығының кеңеюін ушықтырушы фактор болып табылады, себебі квоталау мен лицензиялаудың мемлекеттік жүйесі көлеңкелік жұмысшылар секторына мемлекеттің талаптарына жауап бермейтін жұмысшыларды ұсынады. Бұл тұста, көптеген мемлекеттердегі көлеңкелік секторды бақылау бойынша келесідей шаралар белгіленді: квота беруді, лицензиялауды, репатриацияны, депортацияны ұйымдастыратын қатаң көші-қон бақылауы; жасырын жұмысшылар күшін пайдаланатын жұмыс берушілерге айыппұл санкцияларын қолдану; заңсыз көші-қонға жол бермеуге бағытталған сәйкес халықаралық келісім-шарттардың жасалуы.
|