стеулердің лексика-грамматикалық топтары 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

стеулердің лексика-грамматикалық топтары

І БЛОК

 

Үстеудің сөз табы ретіндегі бір белгісі – оның лексика-семантикалық сипаты. Үстеу амал-әрекеттің әр алуан мезгілдік, мекендік, мөлшерлік, сындық, себептік, мақсаттық сипаттарын білдіреді. Осымен байланысты ,олар мынадай мағыналық топтарға бөлінеді:1. Мезгіл үстеулері. 2. Мекен үстеулері. 3. Мөлшер үстеулері. 4. Сын-қимыл (бейне) үстеулері. 5. Күшейткіш үстеулер. 6. Мақсат үстеулері. 7. Себеп-салдар үстеулері. 8. Топтау үстеулері.

1. Мезгіл үстеулеріамалдың, іс-әрекеттің жүзеге асу мезгілін, уақытын білдіріп қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеулері аса көп. Мезгіл үстеулерге мына сөздер жатады: бүгін, ертең, қазір, биыл, енді, таңертең, кешке,күндіз, кеш, қыстай, жаздай, қыстыгүні, жаздыгүні, әзірше, жаңа, кеше, бұрын, ерте т.б.

-Бүгіншелпек нан пісіртіп, ағаңа тие берсін қылдыртып едім (Б.Майлин). Ділдә кетуге ыңғайланып тұрып: -Ертең біздікіне келесіз бе? – деді (Бұл да).Бұрынішіп көрмеген нәрсесі болса да, бай тартынаалмады, ішпесе қонағының көңіліне келетін секілденді (Бұл да).

Мезгіл үстеулер құрамы жағынан негізгі, туынды түбір және күрделі түбір болып бөлінеді. Негізгі үстеулерге бұрын, ерте, қазір, кеш, кеше сияқты морфемаларға бөлшектеуге келмейтін сөздер жатады.

Ал туынды үстеулер басқа сөз таптарынан сөзжасамдық жұрнақтар жалғану арқылы жасалады:

1. -ша (- ше ) жұрнақтары арқылы: бүгінше, әзірше, биылша.

2. Көлемдік септіктердің көнеленуі арқылы жасалған мезгіл үстеулер: жазда, қыста, күнде, түнде, бағанадан, бүгіннен, әуелден, таңертеңнен, ертемен т.б.

3. Күрделі үстеулерге бүгін (бұл күн), биыл (бұл жыл), әуел баста, бүгін –ертең, бұрын-соңды, ала жаздай, таң сәріде, жаз бойы сияқты бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы жасалған сөздер жатады.

     2. Мекен үстеулеріқимыл-әрекеттің орнын, мекенін білдіріп, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулерге мыналар: алға, артқа, артта, жоғары, төмен, әрі, бері, кері, ілгері, әрмен, тысқары, осында, мұнда, әрі-бері, жол-жөнекей, жолшыбай т.б.

     Мекен үстеулер де құрамына қарай негізгі, туынды, күрделі түбір үстеулер болып бөлінеді.

Негізгі мекен үстеулеріне жоғары, төмен, әрі, бері сияқты морфемаларға бөлшектенбейтін сөздер жатады.

Туынды мекен үстеулер сөз тудыратын жұрнақтар мен көлемдік септіктердің көнеленуі арқылы жасалады.

Туынды мекен үстеулерінің жасалу жолдары:

1) -қары (-кері ), -ғары (-гері) жұрнақтары арқылы: ілгері, ішкері, тысқары, сыртқары т.б.

2) Көлемдік (барыс, жатыс) септіктердің көнеленуі арқылы жасалған мекен үстеулері: алға, артқа, артта, жоғарыда, мұнда, төменде т.б.

Күрделі түбір мекен үстеулері негізінен сөздердің қосарлануы арқылы жасалады. Мәселен, жол-жөнекей, әрі-бері т.б.

3. Мөлшер үстеулеріамалдың, қимылдың мөлшерін, көлемін білдіріп, қанша? қаншама? қаншалықты? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеулерге мына сөздер жатады: онша, сонша, оншалық, соншалық, мұншама, едәуір, бірқыдыру, анағұрлым т.б.

Тоқты желініп, үйдің жатқанына едәуір уақыт болған (Б.Майлин). Мөлшер үстеулердің барлығына жуығы туынды үстеулер, мөлшер үстеулері негізгі түбір бола алмайды.

Мөлшер үстеулер құрамына қарай туынды және күрделі болып бөлінеді.

Мөлшер үстеулері -ша (-ше); -шама (-шалық; -дайлық) жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы, онша, мұнша, мұншама, соншама, осыншама, мұншалық, соншалық, осыншалық, мұндайлық, ондайлық, сондайлық т.б.

Күрделі түбір мөлшер үстеулері сөздердің бірігуі, қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы, анағұрлым, недәуір, неғұрлым, бірталай, бірен-саран, азды-көпті т.б.

4. Сын-қимыл үстеулеріқимылдың сан алуан бейнесін, орындалу амалын білдіріп, қалай? қалайша? деген сұрақтарға жауап береді. Сын-қимыл үстеулеріне мына сөздер жатады: бірден, тез, жылдам, бірте-бірте, лезде, әрең, үнемі, қолма-қол, менше, құсша, емін-еркін, ақырын, шалқасынан, оқыс, дереу, зорға, қапыда, өзінше, ерекше, ретімен, жүрісінен, жасырын, бірден, бір жола, шала-пұла, бетпе-бет, жападан-жалғыз т.б.

Құрамына қарай негізгі түбір, туынды түбір, күрделі түбір қимыл-сын үстеулері болып бөлінеді.

Негізгі түбір үстеулерге тез, әзер, дереу, оқыс, үнемі сияқты морфемдік жағынан бөлшектенбейтін сөздер жатады.

Туынды түбір сын-қимыл үстеулерінің жасалу жолдары мынадай:

1) -ша (-ше) жұрнақтары арқылы: қазақша, орысша, ауызша, жазбаша, қысқаша т.б.

2) -шаң (-шең) жұрнақтары арқылы: қөйлекшең, етікшең т.б.

3) -лай (-лей), -дай (-дей) жұрнақтары арқылы: жартылай, шикілей, тікелей, осылай т.б.

4) Көлемдік септіктердің көнеленуі арқылы: бірге, зорға, оқыста, лезде, шалқасынан, кенеттен, жайымен, ретімен, кезекпен, шынымен т.б.

     Күрделі түбір сын-қимыл үстеулері сөздердің бірігуі, қосарлануы арқылы жасалады.

1) Сөздердің бірігуі арқылы жасалған сын-қимыл үстеулер: ауызекі, бір жола.

2) Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған сын-қимыл үстеулер: қолма-қол, бетпе-бет, бостан-босқа, жападан - жалғыз т.б.

     5. Күшейткіш (күшейту) үстеулер заттың сындық белгісін, қимыл, іс-әрекеттің сапасын, мөлшерін, көлемін күшейтіп я болмаса солғындатып көрсету үшін қолданылады. Күшейткіш үстеулер қашан? қандай? деген сұрақтарға жауап береді. Күшейткіш үстеулерге ылғи, кілең, тіпті, нақ, нағыз, нық, әбден, мүлде, өңкей, дәл, керемет, орасан, қабағат т.б. сөздер жатады.

     Өте сөзі қазақ тіліне қатысты оқулықтарда, грамматикаларда күшейткіш үстеу құрамында қаралып жүр. Бірақ ғылымда ол туралы басқа да пікірлер кездеседі. Мәселен, 1986 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі» деген еңбекте профессор Н.Оралбаева былай деп жазады: «Өте сөзі қазақ тілінің грамматикаларында күшейту үстеуінің тобына жатқызылады. Бұны үстеу деп тану оның лексикалық мағынасын тануды талап етеді, оның бірлі – жарым етістіктермен тіркесте қолданылатыны рас: өте асықты, өте ұрысты, өте кейіді, өте мақтады. Күшейту үстеулері етістіктерді таңдап және олармен өте сирек тіркеседі, бұл үстеудің табиғатына қарсы келеді, ал үстеудің негізгі тіркесетін сөз табы – етістік. Күшейту үстеулерінің етістікпен тіркесінде көңіл бөлерлік бір жағдай бар» [33, 170-171]. Ғалым өте қатты асықты, өте қатты ұрысты, өте қатты кейіді, өте қатты мақтады деген қолданыстар барын тілге тиек ете келіп, бұнда өте сөзі сын есімнің алдында тіркесіп тұрғанын айтады. Күшейткіш сөздердің бұлай қолданылуын олардың алғаш етістікпен тіркеспегендігін көрсетеді деп дәлелдейді. Шынында, үстеулердің күшейткіш деп аталып жүрген кейбір түрлерін үстеуге жатқыза қою қиын. Сондықтан оларды күшейткіш көмекшілер деу қажет.

     6. Мақсат үстеулері қимылдың мақсатын білдіреді. Мақсат үстеулерге жататын сөздер сан жағынан көп емес. Олар: әдейі, жорта, қасақана. Мысалы, -Әдейі істедің провалды, тұра тұр, саған көрсетермін провалды!- деп айқай салды (Ш.Жиенқұлова).

     7. Себеп-салдар үстеулеріқимылдың себебін, нәтижесін білдіреді.Себеп-салдар үстеулері не себепті? неге? деген сұрақтарға жауап береді.

     Себеп-салдар үстеулер құрамы жағынан туынды түбір болып келеді. Олар көлемдік септік жалғауларының көнеленуі арқылы жасалады. Мысалы, бекерге, босқа, текке, амалсыздан, шарасыздан, лажсыздан.

     8. Топтау үстеулері қимылдың жасалуының топтық сипатын білдіреді. Топтау үстеулерінешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топтау үстеулеріне жататын сөздер төмендегідей: біреулеп, екеулеп, көптеп, қос-қостап, топ-тобымен т.б.

Топтау үстеулері морфологиялық құрамына қарай туынды түбір және күрделі туынды түбір болып келеді.

Топтау үстеулерінің жасалу жолдары мына төмендегідей: 1) -лап (-леп), -дап (-деп), -тап (-теп) жұрнақтары арқылы жасалады: екеулеп, көптеп, аздап, қостап т.б.

2) Қосарлану арқылы жасалады: он-оннан, топ-тобымен, бір-бірлеп, қос-қостап т.б.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 39; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.009 с.)