тапсырма. Көсемшелерді тауып, олардың қалай жасалғанын түсіндіріңіздер. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

тапсырма. Көсемшелерді тауып, олардың қалай жасалғанын түсіндіріңіздер.

Рай категориясы

       Сөйлеушінің қимыл, іс-әрекетке көзқарасын, қимылдың, іс-әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модальдық мәнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлғалар жүйесінен тұратын етістіктің грамматикалық категориясы рай категориясы деп аталады.

       Белгілі қимыл, іс-әрекеттің белгілі субъекті тарапынан іске асу-аспауы, қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмауына сөйлеушінің көзқарасы, пікірі, бағасы, анықтығы, ақиқаттығы, күдіктілігі, күмәнділігі, болжамдылығы, жорамалдылығы, орындалу ниеттілігі, шарттылығы т.б. тілек, қалау, бұйрық мәндері т.б. қатар көрініп отырады. Рай категориясы етістіктің модальдылық мәнінің бірден-бір грамматикалық категориялық көрсеткіші бола тұрса да, етістіктің барша модальдылық мәнін толық қамти алмайды. Оның үстіне сөйлем модальдығы тағы бар. Ол да рай категориясымен байланысты болғанымен, етістіктің рай категориясының шеңберіне сия бермейді.

       Негізінен алғанда, рай категориясының ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай сияқты төрт түрі көрсетіліп жүр.

       Ашық рай –қимыл, іс-әрекет үш шақтың (осы шақ, келер шақ, өткен шақ) бірін білдіретін рай түрі. Демек, ашық райдың басты семантикалық ерекшелігі – қимыл іс-әрекеттің объективті шындыққа қатысты болу-болмауының сөйлеп тұрған сәтпен (шақпен) байланысты өтіп кеткенін, өтіп жатқанын, әлі өтпегенін, бірақ өтетін сипатын білдіру, сөйтіп, ашық рай, бір жағынан, етістіктің рай категориясының бір түрі болса, екінші жағынан, бір өзі етістіктің шақ категориясын құрайды. Осыған байланысты райдың басқа түрлерінен айырмашылығы тікелей ашық рай жасайтын арнайы қосымшалары жоқ болып келеді. Демек, шақ категориясы дегеніміз, екінші жағынан, ашық рай категориясы мен оның түрлерішеңберінде қарастырылады.

       Бұйрық райсөйлеушінің тыңдаушыға немесе тыңдаушы арқылы бөгде біреге (3-жаққа) қаратылып, бұйрық сұрай айтылатын, өзіне (1-жаққа) байланысты қимылға, іс-әрекетке қозғау салу, ниет мәнін білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы берілетін рай түрі болып табылады. Бұйрық райдың басты мәні – бұйрықтық мағына. Бұйрықтық мағына негізінен алғанда 2-жаққа байланысты болып отырады.

       Ал 3-жақта бұйрықтық мағына солғындап, тілек (бұйрық пен тілек), өтініш (бұйрық пен өтініш) мәні байқалып отырады.

       І-жақта бұйрықтық мағынадан гөрі ниет, тілек мәні басым болады, өйткені сөйлеуші өзіне өзі бұйырмайды, бұйрық бермейді. Соған қарап І-жақты, кейде тіпті 3-жақты да, бұйрық рай шеңберінен деген де пікір жоқ емес.

       Бұйрық райдың құрамында бұйрықтық мағынадан гөрі ниет, тілек мәнді білдіретін бірінші және үшінші жақ пен олардың көрсеткіштері болуы бұйрық райдың түрлену парадигмасына, тұлғалық жүйесіне байланысты. Мағыналарында бұйрықтықты білдіруде өзгешелік болса да, бұйрық райдың жіктелу жүйесі, яғни 1-2-3 жақта және жекеше-көпше түрлену бір парадигмалық жүйенің көрсеткіші болып табылады. Жіктелу үлгісі:

       Мен бар-айын, кел-ейін, сөйле-йін. Біз бар-айық, кел-ейік, сөйле-йік.

       Сен бар-, кел-, сөйле-. Сендер бар-ыңдар, кел-іңдер, сөйле-ңдер.

       Сіз бар-ыңыз, кел-іңіз, сөйле-іңіз. Сіздер бар-ыңыздар, кел-іңіздер, сөйле-ңіздер.

       Ол бар-сын, кел-сін, сөйле-сін. Олар бар-сын, кел-сін, сөйле-сін.

Жіктелу үлгісінен көрінетіндей, бұйрық райдың І-жағында жекеше –айын, -ейін, -йын, -йін, көпше –айық, -ейік, -йық, -йік жалғауы жалғанса, 2-жақ жекеше анайы түріндеарнайы қосымшасы жоқ, бірақ бұл – етістіктің түбір тұлғасы емес, нөлдік форма, өйткені түбір болса, сол сөз табының түрленуіне негіз болатын бастапқы тұлғасы да, бұйрық райдың 2-жағы жекеше, анайы түрі – грамматикалық тұлға, сол түбірге жалғанатын тұлға, демек, бұйрық райдың 2-жағы жекеше, анайы түрі мен түбір тұлға омоформа болып табылады. Бұйрық рай формасының екінші жақ жекеше түріне ертеде –ың, -ің, -ңқосымшасы жалғанып айтылатын болған. Мұны бұйрық райдың екінші жақ сыпайы түріндегі және екінші жақ көпше түрінің құрамындағы –ың, -ің, -ң қосымшасы (ал –ың-дар, ал-ың-ыз) дәлелдей алады. Сондай-ақ бұйрық рай формасының үш жағына да –шы, -ші жұрнағы жалғанып, сөйлеушінің бір істі орындау туралы өзіне, тыңдаушыға және бөгде адамға не затқа қаратып, сыпайы тілек түрінде айтуын білдіреді. Олардың мағынасы сөздердің айтылу сазына, интонациясына да байланысты.

       Шартты рай қимыл, іс-әрекеттің болу-болмау, орындалу мүмкіндігін, шартын білдіріп, етістік түбіріне, лексика-грамматикалық категориялар тұлғаларына –са, -се қосымшасы жалғану арқылы жасалады. Шартты райлы етістік ықшамдалған тұлғада жедел өткен шақ тұлғасы сияқты жіктеледі, сөйлемде негізінен алғанда тиянақсыз тұлға болып қолданылады, сондықтан көбіне-көп шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсалады.

Жекеше                                       Көпше

Мен айт-са-м, сөйле-се-м                        Біз айт-са-қ, сөйле-се-к

Сен айт-са-ң, сөйле-се-ң                        Сендер айт-са-ң-дар, сөйле-се-ң-дер                   

Сіз айт-са-ңыз, сөйле-се-ңіз                Сіздер айт-са-ңыздар, сөйле-се-ңіздер

Ол айт-са, сөйле-се                                   Олар айт-са, сөйле-се

       Қазақ тілінде шартты рай тұлғасындағы етістік әр уақытта шарттылық мәнде қолданыла бермейді. Кейде ол шартты рай тұлғалы етістік мезгіл бағыныңқы сөйлемнің немесе да, де шылауымен тіркесіп қарсылықты бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде де жұмсалады.

       Сондай-ақ шартты райлы етістік тілек, арман, мақсат сияқты модальдылық мәнді білдіріп, тиянақты мәнінде сөйлемнің баяндауышы қызметін де атқарады. Бұнымен бірге шартты райлы етістік жіктеліп келіп, ғой, еді, екен, етті, ма, месұраулық шылаусияқты көмекші сөздермен тіркесіп, сөйлемді аяқтап тұрады да, сөйлеушінің тілек-арманын, өтініш-өкінішін, болжам ниетін т.б. білдіреді.

       Сондай-ақ –са, -се тұлғасына –шы, -шіқосымшасы үстеліп, 3-жақта жіктеліп, тиянақты тұлға ретінде қолданылады, екінші жақта кейде –ң жіктік жалғауының орнына –й тұлғасы айтылады. Мұндайда етістік таза шарттылық мәннен гөрі ниет, тілек шартты мәнді білдіреді.

       Шартты райлы етістік игі еді сөздерімен тіркесіп, қалау рай да жасайды: кел-се игі еді.Болжамды сияқты модальды реңкті білдіріп, шартты райлы етістік керек сөзімен де тіркесіп қолданылады: айт-са керек.

           Бұлардың барлығында да шартты райлы етістік жіктеліп келеді де, көмекші сөз сөйлем баяндауышын тиянақты етіп отырады.

       Қалау рай –сөйлеушінің қимыл, іс-әрекетті орындауға я орындамауға қалау, тілек, ниет, ынтасын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын рай категориясының бір түрі. Қалау рай бірнеше жолмен жасалады. Негізгі етістіктерге –ғы, -гі, -қы, -кі қосымшалары жалғанып, тәуелденіп барып тәуелдік жалғауы арқылы жіктеліп, яғни жақтық, жекешелік-көптік мән үстеліп, оған кел, келді, келеді көмекші етістігі тіркесіп жасалады.

Жіктелуі:

Менің оқы-ғы-мкелді, келеді. Біздің оқы-ғы-мызкелді, келеді

Сенің оқы-ғы-ң келді, келеді. Сендердің оқы-ғы-ларың келді, келеді

Сіздің оқы-ғы-ңыз келді, келеді. Сіздердің оқы-ғы-ларыңыз келді, келеді

Оның оқы-ғы-сы келді, келеді. Олардың оқы-ғы-сы келді, келеді.

       Сөйтіп, бұл тұлғалы қалау рай етістік синтаксистік сипаты жағынан жақсыз сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады.

        Сондай-ақ етістік түбіріне –ғай, гей, -қай, -кей қосымшасының үстелуі арқылы және осы тұлғаға еді көмекші етістігі тіркесу арқылы немесе шартты рай тұлғалы етістікке игі екен сөздерінің тіркесуі арқылы да тілек мәнді қалау рай жасалады.

 

Шақ категориясы

 

       Қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін, бірақ болатынын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын етістіктің грамматикалық категориясы шақ категориясы деп аталады.

       Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың мезгілі, шақтық мағынасы мынадай болады:

1) үнемі қайталанып, дағдыға айналған іс-қимыл, сөйлеп тұрған кезде болып жатқан қимыл, іс-әрекет.

2) сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен қимыл, іс-әрекет.

3)  сөйлеп тұрған кезде әлі болмаған, бірақ кейін болуға тиісті қимыл іс-әрекеттер.

       Сонымен, сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың болу мезгілі үш түрлі. Соған сәйкес етістіктің шақ түрі де – үшеу. Сөйлеп тұрған сәтке байланысты, яғни сол сәтте болып жатқан қимылды осы шақ, әлі болмаған, бірақ кейін болатын қимылды келер шақ, сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып өткен қимылды өткен шақ білдіреді.

       Шақтық мағынаны білдіретін етістік көбінесе жіктеліп келеді де, сол арқылы жақтық мағына беріледі. Жіктік жалғау шақ көрсеткіштерінен (есімше, көсемше, және арнайы шақ жұрнақтарына) кейін жалғанады.

       Қазіргі қазақ тілінде шақ категориясы морфологиялық белгісіне, шақтық мағынасына қарай өткен шақ, осы шақ, келер шақ болып үшке бөлінеді.

       Өткен шаққимылдың, іс-әрекеттің сөйлеу кезінен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіретін етістіктің грамматикалық формасы.

       Қазіргі қазақ тіліндегі өткен шақ грамматикалық формасы мен мағыналық ерекшеліктеріне қарай жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақболып үшке бөлінеді.

       Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне –ды, -ді, -ты, ті жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалып, жіктеліп қоданылады.

       Жедел өткен шақ жұрнағы етістіктің тұлғаларына тікелей жалғанады. Әнші үш қайырмасын айтып тоқтайын деп еді, Базаралы тоқтаттырмады.

       Жедел өткен шақтың болымсыз түрі етістіктің –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

Жедел өткен шақтың жіктелуі:

 

жақ

жекеше

көпше

І

-к, -қ

ІІ

-ң /анайы түрі ңыз/-іңіз/сыпайы түрі

-ңдар, -ңдер/анайы түрі/ -ңыздар, -ңіздер/сыпайы түрі

ІІІ

Жұрнағы жоқ, нөлдік тұлға

 

 

 

Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда, әлдеқашан бұрын болғандығын білдіреді.

Бұрынғы өткен шақ екі түрлі жолмен жасалады.

а) Бұрынғы өткен шақ –ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады.

ә) Бұрынғы өткен шақ етістікке көсемшенің –ып, -іп, -п жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

 

Бұрынғы өткен шақтың жіктелу үлгісі:

а)

жақ

жекеше

көпше

І

-мын/-мін, -бын/-бін,-пын/-пін

-быз/біз, -мыз/-міз, -пыз/-піз

ІІ

-сы/ -сің,

-сыз/ -сіз

- сыңдар/ -сіңдер

-сыздар/ -сіздер

ІІІ

Жұрнағы жоқ, нөлдік тұлға

 

 

 

ә)

жақ

жекеше

көпше

І

-пын/-пін

-пыз/-піз

ІІ

- сың/-сің

- сыңдар/-сіңдер

ІІІ

 -ты, -ті

 

 

 

       Бұрынғы өткен шақтың күрделі түрі –ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшеге немесе –ып, -іп, -п тұлғалы көсемшеге (еді) көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Есімше түрінде е көмекші етістігі екен түрінде де тіркеседі. Бұрынғы өткен шақтың мұндай күрделі түрінде е, (еді, екен) көмекші етістігі ғана жіктеледі.

 

       Бұрынғы өткен шақ күрделі түрінің жіктелу үлгісі

 

жақ

жекеше

көпше

І

Оқыған едім (екенмін)

Оқып едім

Оқыған едік (екенбіз)

Оқып едік

ІІ

Оқыған едің (екенсің)

Оқыған едіңіз

Оқып едің

Оқып едіңіз

Оқыған едіңдер/ екенсіңдер

Оқыған едіңіздер

Оқып едіңдер

Оқып едіңіздер

ІІІ

Оқыған еді /екен/

Оқып еді

Оқыған еді /екен/

Оқып еді

 

       Бұрынғы өткен шақтың болымсыз түрі былай жасалады.

       Есімше формалы бұрынғы өткен шақ:

1. –ма/ -ме, -ба/ -бе, -па/ -пе қосымшалары арқылы.

2. Жоқ, емес сөздері арқылы жасалады.

ып, -іп, -пформалы көсемшенің болымсыз түрі тек қана –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшасы арқылы жасалады.

б) Ауыспалы өткен шақ. Ауыспалы өткен шақ есімшенің –атын/ -етін, йтын/ -йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақтық, бірде келер шақтық мағынада қолданылады.

       Ауыспалы өткен шақ жіктеліп те, еді көмекші етістігімен тіркесіп келіп те (онда еді етістігі жіктеледі) жұмсалады.

       Ауыспалы өткен шақтың болымсыз түрі етістікке –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пежұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

       Ал ауыспалы келе шақ тікелей жіктелмейді, тек еді көмекші етістігімен тіркесіп қолданылады.

 

       Ауыспалы өткен шақтың жіктелу үлгісі

жақ

жекеше

көпше

І

білетінмін

Білетінбіз

ІІ

айтатынмын

айтатын едім

Айтатынбыз

айтатын едік

ІІ

білетінсің

айтатынсың

айтатын едің

Білетінсіңдер

айтатынсыңдар

айтатын едіңдер

 

білетінсіз

айтатынсыз

айтатын едіңіз

Білетінсіздер

айтатынсыздар

айтатын едіңіздер

ІІІ

білетін, айтатын,айтатын еді

 

 

Осы шақ

 

       Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, өтіп жатқанын білдіреді.

       Осы шақ болатын етістіктердің мағыналық белгілері:

1) Сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді.

2) Әр дайым қайталанып тұратын дағдылы іс-әрекетті көрсетеді.

Басқа шақ түрлеріне қарағанда осы шақтың жасалуында кейбір ерекшелік бар. Ол қалып етістіктерінің отыр, тұр, жатыр, жүр негізгі етістік мәнінде немесе негізгі етістіктің көсемше (-а, -е, -й, -ып, -іп, -п) тұлғасына қалып етістіктерінің көмекші етістік мәнінде тіркесіп тікелей жіктеліп барып жасалуында, бұлар грамматикаларда нақ осы шақ деп беріледі. Осыдан анық көірінетіндей, осы шақтың бұл түрі қазіргі кезде арнайы грамматикалық тұлғалар арқылы жасалмай, қалып етістіктерінің негізінде немесе көмекші етістік мәнінде жіктеліп келуінен жасалады.

 

Осы шақтың түрлері.Осы шақ мағынасы мен түрлеріне қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ болып екі түрге бөлінеді.

       Нақ осы шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте істеліп, болып жатқанын білдіреді. Нақ осы шақ етістіктің құрамына қарай жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді.

       а) Нақ осы шақтың жалаң түрі отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктерінің жіктелуі арқылы жасалады.

 

Нақ осы шақтың жіктелуі:

жақ

жекеше

көпше

І

 Отыр-мын, тұр-мын, жатыр-мын, жүр-мін

 Отыр-мыз, тұр-мыз, жатыр-мыз, жүр-міз

ІІ

 Отыр-сың, тұр-сың 

Отыр-сыз, тұр-сыз

Отыр-сыңдар, тұр-сыңдар 

Отыр-сыздар, тұр-сыздар

ІІІ

 Отыр, тұр, жатыр, жүр

Нөлдік тұлға

           

       ә) Нақ осы шақтың күрделі түрі етістіктің а, -е, -й, -ып, -іп, -птұлғалы көсемше түрімен отыр, тұр, жатыр, жүрдеген қалып етістіктерінің көмекші етістік мәнінде тіркесінен жасалады.

           

Күрделі нақ осы шақтың жіктелу үлгісі:

жақ

жекеше

көпше

І

 Тыңдап тұрмын

Тыңдап отырмыз

ІІ

 Тыңдап отырсың

Тыңдап отырсыз

Тыңдап отырсыңдар

Тыңдап отырсыздар

ІІІ

 Тыңдап отыр

Нөлдік тұлға

 

Ауыспалы осы шаққимыл іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. –а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады.

       Ауыспалы осы шақтың болымсыз түрі етістікке –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пежұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

 

Ауыспалы осы шақтың жіктелу үлгісі

 

жақ

жекеше

көпше

І

 Айтамын

Айтамыз

ІІ

 Айтасың

 Айтасыз

 Айтасыңдар

Айтасыздар

ІІІ

 Айтады

 

 

Келер шақ

       Келер шақ қимыл, іс-әрекеттің әрі болмағанын, сөйлеп тұрған сәттен кейін іске асатынын білдіреді.

Келер шақтың түрлері

Мағыналық ерекшеліктеріне қарай келер шақ үшке бөлінеді:

1. болжалды келер шақ

2. мақсатты келер шақ

3. ауыспалы келер шақ

       Болжалды келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің болу мүмкіндігін айқын көрсетпей, болжай ғана айтылуын білдіреді.

       Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне есімшенің –ар, -ер, -р болымсыз етістіктен кейін –с жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауының үстелуі арқылы жасалады.

       Болжалды келер шақ –с жұрнағы арқылы жасалған болымсыз етістіктен жасалғанда, қимыл, іс-әрекеттің болмауын болжай, күмән келтіре айтудан, білдіруден гөрі, жігерлі, үзілді-кесілді мән беруге бейім болады.

 

Болжалды келер шақтың жіктелуі:

жақ

жекеше

көпше

І

 Бар-ар-мын, бар-ма-с-пын

Бар-ар-мыз, бар-ма-с-пыз

ІІ

Бар-ар-сың, бар-ма-с-сыз

Бар-ар-сың-дар, бар-ма-с-сың-дар

Бар-ар-сыз-дар, бар-ма-с-сыз-дар

ІІІ

Бар-ар, бар-ма-с (нөлдік тұлға)

 

Мақсатты келер шаққимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді. Мақсатты келер шақ етістіктің түбірінен –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пекжұрнақтарының жалғанып, одан кейін жіктік жалғауларының үстелуі арқылы жасалады.

       Етістіктің –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының үстіне –шы, -ші жұрнағы жалғанып, жіктелуі арқылы да жасалады.

       Мақсатты келер шақтың болымсыз түрі -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек –шы, -шітұлғалы етістікке емес деген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Ондайда жіктік жалғау емес көмекші етістігіне жалғанады.

Мақсатты келер шақтың жіктелу үлгісі:

жақ

жекеше

көпше

І

 Бармақ-пын

Бармақ-пыз

ІІ

 Бармақ-сың

Бармақ-сыз

Бармақ-сыңдар

Бармақ-сыз-дар

ІІІ

Бармақ

 (нөлдік тұлға)

       Ауыспалы келер шақ та ауыспалы осы шақ сияқты –а, -е, -йжұрнақты көсемшенің жіктеліп келуі арқылы жасалады.

       Ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақ бір-бірімен сөйлемдегі мағынасы жағынан ажыратылады. Ауыспалы келер шақтың болымсыз түрі етістіктің ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пежұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

       Ауыспалы келер шақтың ауыспалы осы шақтан айырмашылығы сөйлемде мезгіл мәнді басқа сөздерден де байқалып отырады.

 

Жақ категориясы

       Әрине жақ пен жіктелу ұғымы бір-біріне толық балама емес. Әдетте мектеп оқулықтары мен грамматикаларда жақ ұғымы таза морфологиялық қан тұрғыдан жіктік жалғау я жіктелу деген парадигмалық жүйенің шеңберінде көрсетіліп келді. Бірақ одан жіктік жалғаудың табиғаты толық ашыла алмайды, әсіресе оның жақтық сипаты мен сөйлеу процесіндегі қызметі айқындалмай қалады.

       Рас, оқулықтар мен грамматикаларда беріліп жүрген жіктік жалғау жүйесінде оған жақтық сипат та берілген. Морфологиялық көрсеткіш ретіндегі жіктік жалғау үш жақтың әр жағында бөлек-бөлек болып түрленіп, сол арқылы, бір жағынан, тұтас біртектес грамматикалық (жіктік) мағынаны білдіріп, екінші жағынан, әр жақты (жекеше-көпше де) әр түрлі грамматикалық формалар арқылы бір-біріне қайшы грамматикалық мағына білдіріп, морфологиялық түрлену жүйесінің, яғни парадигмалық жүйенің жиынтығын құрау арқылы грамматикалық (морфологиялық) категория болып танылады.

       Сөздердің жіктелу жүйесі, бір жағынан, морфологиялық түрлену тұлғаларының жүйесі, екінші жағынан, сол арқылы берілетін грамматикалық мағыналар жиынтығы арқылы грамматикалық категория болып танылатыны рас. Сонымен бірге осыған негіз болып отырған жіктік жалғаулардың синтаксистік қызметі мен сөйлем құраудағы сипаты ерекше екенін естен шығаруға болмайды. Әрине, барлық жалғаулардың да (септік, тәуелдік, жіктік), кейде көптік жалғаудың сөз байланыстырудағы қызметі ерекше екені белгілі. Сондықтан да олар басқа қосымша түрлерінен бөлініп, жалғау деп аталады. Ал жіктік жалғаудың сонымен бірге сөйлем құрауға сөйлемді тиянақтап, ой білдіруге тікелей қатысы бар, өйткені сөйлемнің діңгегі, ойдың көрінісі, негізі болып есептелетін сөйлемнің баяндауышы жіктік жалғау арқылы, бір жағынан ойдың қазығы, қимыл, іс-әрекеттің иесі бастауыш пен (субъектімен) қиыса байланысып тұрса, екінші жағынан, ойды тұжырымдап, тиянақтап, сөйлемді аяқтап тұрады. Сондықтан да түркологияда жіктік жалғауын баяндауыш (предикат) қосымшасы немесе баяндауыш категориясының тұлғасы деп атайды.

       Қазақ тіл білімінде жіктелуді, жіктік жалғауды бірде тек жақтық мағынамен байланысты қарап, оны, жақтық мағынаны, предикативті мәнімен барабар деп түсінушілік те бар. «Жіктік жалғауы өзінің жалғанған сөзіне тек қана жақтық мағына үстейді, яғни предикативтік реңк береді»(М.И. ҚҚТ,85). Бірақ сол арқылы грамматикалық жүйе ретінде жіктік жалғау тек жақтық мағынамен ғана шектеліп қалмайды, онда жіктік жалғаудың тәуелдік жалғаудан бөлек грамматикалық категория боларлықтай ерекшеліктері, айырмашылықтары болмас та еді. Жақтық мән жіктік жалғауда да, тәуелдік жалғауда да бар. Оның үстіне жақтық мағынаны тек предикативтік реңк деп түсінуге де болмайды. Бұлар, жақтық мағына, предикативтік реңк (дұрысында қатынас я қызмет), бір жағынан, бір-бірінен бөлек, екінші жағынан, әр тілдік қабаттың жүйесінен шығатын әр түрлі ұғымдар, сөйтіп, олар бірінің орнына екіншісі жүрмейді, бір тілдік құбылыстың шеңберінде бір-бірін әр жақтан (бірі морфологиялық, сөздің бір құрамды бөлшегі және оның білдіретін грамматикалық мағынасы ретінде, екіншісі басқа бір сөз бен қатынасты негізінде ) толықтырып отырады.

       Төрт жалғаудың үшеуі (көптік, тәуелдік, септік жалғаулар), әдетте, сөз табы жағынан зат есімге тән, зат есімнің түрлену жүйесі деп анықталады да, жіктік жалғау көбіне етістікпен байланысты сипатталады. Бірақ жіктелетін тек етістік ғана емес. Әдетте жіктік жалғауы етістіктің түбіріне тікелей жалғанбайды, белгілі бір формаларының үстіне ған жалғанады, соған байланысты жіктік жалғаулардың тұлғалары да біркелкі болып келмейді, ал есім сөздерге жіктік жалғау тікелей түбірге және бір қалыппен жалғана береді. Бұның сыры неде? Ең алдымен, бұл – жіктік жалғаудың ауқымы өте кең екенін көрсетеді. Екіншіден, ол жіктік жалғаудың тек семантикалық мәнінен ғана емес, функциялық сипатының, синтаксистік қызметінің ерекшелігінен туындаса керек. Яғни жіктік жалғаудың предикаттық мәні сөйлемді тиянақтап, аяқтап тұру қасиетінде жатса керек. Ал предикат қызметін тек етістіктер ғана емес, есімдер де атқара алады.

       Рас, қазақ тілінде адамға байланысты есім сөздер тікелей жіктеледі де, жіктік жалғау тікелей сол түбірге жалғана алады. Ал етістік түбіріне тікелей жіктік жалғау жалғана алмайды. Тек «функциялық етістік» деп аталатын ерекше грамматикалық формалары ғана жіктеле алады, яғни осы формалардың үстіне ғана жіктік жалғаулар үстеле алады. Екіншіден, қазақ тілінде қалып етістігі деп аталып жүрген отыр, тұр, жатыр, жүрдеген төрт етістік те тікелей жіктеледі.

       Үшіншіден, етістіктің жіктелетін тұлғаларының өзіне жіктік жалғау біркелкі жалғанбайды. Әрине, бұлай болуы тегін емес. Бір жағынан, жеке сөз табы ретінде етістіктің өзі сан-салалы, күрделі екенін көрсетсе, екінші жағынан, жіктік жалғаудың грамматикалық мағынасы, әр жаққа байланысты түрлену жүйесі, сөйлемде атқаратын қызметі, синтаксистік қатынасты білдіруі бір кезде, бір түрлі, бір ыңғайда қалыптаса қоймағанын көрсетеді. Жіктік жалғаудың осындай әр жақтылық сипатының себебін бір сөзбен дәлелді түсіндіру өте қиын. Етістіктің қай түрін жіктесек те, яғни жіктелу үлгісінің қай түрін сөз етсек те, жіктік жалғауының сөзге жалғануы жағынан да, сыртқы тұлғасы жағынан да, басқа сөзбен байланысы жағынан да, бірінші және екінші жақ бір түрлі, ал үшінші жақ өзінше бөлек екені байқалып тұрады. Бұл – тек 1,2-жақтың сөйлеуші мен тыңдаушы, ал 3-жақтың бөгде болуымен ғана емес, сонымен бірге шығу, қалыптасу тарихымен, қолданылу ерекшеліктерімен де байланысты.

       Сөйтіп, кейбір етістік тұлғаларының баяндауыш қызметінің өзінде жіктелмей қолданылуының сондай ерекшеліктері бар екен. Жіктік жалғауы есім сөз таптарынан гөрі етістікке тән десек те, оның мынадай ерекшеліктерін көрсетпеуге болмайды. Біріншіден, жоғарыда көрсетілгендей, етістік түбір тұлғасында тікелей жіктелмейді, ал есім сөздер (зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктің кейбір түрлері) тікелей түбір тұлғада жіктеледі және 1-2-жақтарда тек адамға байланысты есімдер ғана жіктеледі. Екіншіден, етістіктің жіктелетін тұлғаларының өзі бірдей, біркелкі жүйемен жіктелмейді. Атап айтқанда, қазақ тілінде етістік 5 түрлі жіктеледі, 4 түрлі жіктік жалғауы жалғанады.

       1) Етістіктің есімше тұлғалы түрі (-ған, -ген, -қан, -кен, -атын, -етін, -итын,-итін, -ар, -ер, -р болымсыз түрі –с, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) және отыр, тұр, жүр, жатыр деген 4 қалып етістігі –уға, -уде, тұлғалық тұйық етістік есім сөздерше жіктеледі: 1-жақ жекеше –мын, -мін, -пын, -пін, көпше -мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз; 2-жақ анайы, жекеше -сың, -сің, көпше -сыңдар, -сіңдер, сыпайы жекеше -сыз, -сіз, көпше -сыздар, -сіздер; 3-жақта арнайы жалғау жоқ.

       2) Етістіктің көсемше тұлғалы түрі (-а, -е, -и және -ып, -іп, -п) 1-және 2-жақтарда есімдерше жіктеледі де, 3-жақта арнайы -ды, -ді, -ты, -ті деген жалғау болады. Жіктелудің (жіктік жалғауларының көсемше тұлғасына жалғанудың) нәтижесінде көсемшенің осы тиянақсыз тұлғасы тиянақтылық сипатқа, аяқталғандық мәнге ие болады.

       Етістіктің көсемше тұлғасы ма, ме сұраулық шылаумен тіркескенде, 3-жақта жіктік жалғаусыз қолданылады. Сондай-ақ сөйлеу тілде 1-жақта -мын, -мін жалғау тек түрінде де кездеседі: барамын – барам.

3) Етістіктің шартты райы (-са, -се) және жедел өткен шақ (-ды, -ді, -ты, -ті) тұлғалы түрлері шағындалған қосымшалар жалғану арқылы жіктеледі: 1-жақ жекеше -м, көпше -қ, -к; 2-жақ анайы жекеше -ң, көпше -ңдар, -ңдер, сыпайы -ңыз, -ңіз көпше -ңыздар, -ңіздер; 3-жақта арнайы жалғау жоқ.

       Сөйлеу тілінде -а, -е, -й тұлғалы көсемшеге жалғанатын 1-жақ жекеше жіктік жалғау (-мын, -мін) -м болып, 3-жақ жіктік жалғауы -ды, -ді, тболып, -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшеге жалғанатын 1-жақ жекеше жіктік жалғауы (-мын, -мін) -м болып та айтылады: бара-мын, келе-мін, сөйлей-мін деудің орнына бара-м, келе-м, сөйлей-м болып айтыла береді. Әрине, соңғы нұсқа толық әдеби форма болып саналмайды.

       Сонымен бірге 1-жақ жекеше мәнде тілімізде -ман, -мен, -бан, -бен, -пан, -пен тұлғалы етістіктер де жиі қолданылады. Зерттеушілер -ман, -мен, -бан, -бен, -пан, -пенформасын ауыспалы осы (келер) шақтық (ма-й-мын, ме-й-мін, ба-й-мын, бе-й-мін, па-й-мын, пе-й-мін) болымсыз тұлғасының 1-жақ түрінің қысқарған нұсқасы деп анықтайды. Және әдеттегідей салыстырғанда бұл тұлғаның семантикасында үзілді-кесілді реңк бары, ол тұлғаның өлең сөзде көбірек ұшырасуы стильдік мән үстеп, өлеңге батылдық, жігерлілік сипат беретіні де көрсетіледі.

       4) Етістіктің бұйрық рай тұлғасы ерекше жіктеледі, ол етістік тұлғасының жіктелуінің төртінші түрі болып саналады. Ол ерекшелік, біріншіден, бұйрық райда жіктік жалғаудың бүтіндей өзгеше болуында болса, екіншіден, етістіктің түбір тұлғасы мен бұйрық рай тұлғаларының сырттай ұқсас, бірақ екеуі бір емес екендігін де, яғни түбір сөз формаларына негіз болатын сөздің статикалық күйіндегі тұлғасы да, бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы тұлғасы – түбірден бөлек сөз формасы, грамматикалық түрлену парадигмасының бір көрінісі болып табылады. Сондықтан да етістіктің түбірі мен бұйрық райдың 2-жақ жекеше, анайы түрі омоним формалар болады. Сөйтіп, бұйрық райдың жіктелуінде 1-жақ жекеше -айын, -ейін, -йын, -йін, көпше -айық, -ейік, -йық, -йік 2-жақтық анайы жекеше арнайы тұлғасы жоқ нөлдік форма көпше -ыңдар, -іңдер, -ңдар, -ңдер сыпайы жекеше -ыңыз, -іңіз, -ңіз, -ңыз, көпше -ыңыздар, -іңіздер, -ңыздар, -ңіздер, 3-жақта -сын, -сін жалғаулары жалғанады.

       Бұйрық рай тұлғасының жіктелуіндегі тағы бір ерекшелік – бұйрық рай формасының 3 жағына да -шы, -ші жұрнағы жалғанып та қолданылады. Ондайда етістікте таза бұйрық мәнінен гөрі тілек, ниет мәні басым байқалады.

       5) Етістіктің ерекше жіктелетін түрі – қалау рай тұлғасы. Қалау рай тұлғасын (негізгі етістік -ғы, -гі, -қы, -кі тұлғасына тәуелдік жалғауы жалғаныпкеледі немесе келді көмекші етістікпен тіркескен күрделі етістік) тәуелдік жалғау арқылы жаққа жіктеледі, қимыл, іс-әрекет иесі, жақ иесі атау тұлғада емес, ілік септігінде тұрады.

       Бұл түрленудің ерекшелігі сол қалау рай тұлғалы күрделі етістік негізгі тәуелдік жалғау тұлғасында тұрады да, көмекші етістіккел жедел өткен шақ немесе ауыспалы келер осы шақ келеді тұлғасында келіп, жіктік жалғаудың 3-жағында айтылады: келдідегенде нөлдік форма,келеді дегенде -ді жалғауы 3-жақ жіктік жалғауы.

       Сондай-ақ тұлғалы тұйық етістікке тәуелдік жалғауы үстеліп, керек, қажет, мүмкін, тиіс сияқты модаль сөздердің тіркесуінен жасалған баяндауыштар да осы тәріздес түрде жіктеледі.

       Сөйтіп, қазақ тілінде жіктелу тұлғаларын төмендегідей топтап беруге болады.

Сөздер

1-жақ жекеше, көпше

2-жақ жекеше, көпше

3-жақ

Есімдер, есімше, қалып етістіктері

-мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін, -мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз

-сың, -сің, -сыз, -сіз, -сыңдар, -сіңдер, -сыздар, -сіздер

 

Көсемше -а, -е, -и, (-ып, -іп, -п)

-мын, -мін, -пын, -пін, -мыз, -міз, -пыз, -піз

-сың, -сің, -сыз, -сіз, -сыңдар, -сіңдер, -сыздар, -сіздер

-ды, -ді, -ты, -ті

Жедел өткен шақ, шартты рай

-м, -қ, -к

-ң, -ңыз, -ңіз, -ңдер, -ңдар, -ңыздар, -ңіздер

-ды, -ді, -ты, -ті

Бұйрық рай

-айын, -ейін, -айық, -ейік

-ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз, -ыңдар, -іңдер, -ңдар, -ңдер, -ыңыздар, -іңіздер, -ыңдар, -іңдер

-сын, -сін

Қалау рай Модаль мәнді тіркес

-ғы-мыз кел(е)ді

-у-ым, -ымыз қажет

-ғы-ң-ңыз кел(е)ді

-ғы-лар-ың, -ыңыз, -у-ың, -у-ларың, -ларыңыз қажет

-ғы-сы кел(е)ді, -у,-ы-ла-ры қажет

      СООЖ

1. Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері.

2. Болымды және болымсыздық категориясы.

3. Рай, шақ, жақ категориялары.

4. Тұйық етістік. Көсемше. Есімше.

 

СӨЖ

1. Етістік түбірінің лексика-грамматикалық қасиеттерін түсіндір.

2. Болымды және болымсыз етістіктердің тілдегі алатын орны.

3. Рай категориясының негізгі ерекшеліктерін, тілдегі алатын орнын көрсетіңіз.

4. Шақ категориясы, оның морфологиялық белгілері және мағыналық түрлері. Әрқайсысын жеке мысалдармен түсіндір.

5. Жақ категориясының тілдегі алатын орны.

6. Тұйық етістік, көсемше және есімше етістіктің функциялық топтары. Олардың негізгі қызметі, тілдегі алатын орны. Есімшенің түрлері.

     

       1-тапсырма. Үзіндіден етістікті табыңыздар. Олардың өзіндік ерекшелітерін түсіндіріп, семантикалық топтарға бөліңіздер.

           Ана тілім менің! Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тірлігім – сенсің, мен сені мақтан етем. Сонау тұңғиық терең жер түбінен жарыққа, күнге, жасыл шөпке асыққан бұлақ суындай ана тілімнің сөздері жүрегімнен қайнап шығып, алқымыма тіреледі. Ерінім күбірлейді. Өз күбіріме өзім құлақ тігем, ана тілім, саған құлақ тігем, сонда маған бейне тұңғиықтан шымырлап шыққан таудың асау өзені елестейді. Мен судың бүлкіл қаққан дыбысын сүйем. Мен болаттың сыңғырын ұнатам, қынабынан суырылған екі қанжардың бір-біріне соғылған дыбысын сүйем. Осының бәрі менің тілімде бар. Сондай-ақ махаббат сыбырын да жақсы көреді.

       Уа, менің ана тілім, сені де жұртқа білгізу маған өте қиын, сенің алуан түрлі үнің неткен әсем еді, авар боп тумаған кісіге үйрену де қиын оларды, о, егер біле қалсаң, оларды айту дүниенің рақаты емес пе, шіркін! (Р.Ғам.).

       Кейін немересімен екеуі қалған кезінде де аңшылықтан қол үзген жоқ. Рас, соңғы жылдары жасы ұлғайып, қайғы қажытты ма, мылтық ұстағанда қолы сәл қалтырап, көзі жасаурайтынды шығарды. Сілтегені тие бермей, мүлт кететін де боп жүрді. Бірақ, Төлеутайын тарықтырған емес. Түз несібесі – тәңірден. Ертемен мылтық асынып кетеді де, кешке жақын талшық етер бірдеңе алып қайтады. Сөйтіп, ол қоғам өмірінен, саясаттан тысқары, табиғат аясында оқшау өмір сүріп жатты. Түзге шықса қара мылтығын, үйге келсе қара домбырасы мен немересін ермек етті (Қ.Ж.).

           

       2-тапсырма. Болымсыз етістіктерді тауып, олардың жасалу жолын сипаттаңыздар.

а) Нанарын да, набасын да білмей, аңырып қалды бәрі (Ғ.Мұст.). Күздігүні жыртып тастауға қол босамады (Ғ.Мұст.). Еріншектің ертеңі таусылмайды (Мақал).

       Не пайда бір орнынан қозғалмайтын,

       Тазармас қара су да жатқан ақпай.

       Арықтан тағлым алып, кемге үйретпей,

       Жүруің лайық па ғақыл таппай (М.Дул.).

Бірақ әлі талған жоқ (М.Ә.). – Абайжан, осы сен түні бойы ұйықтамағанбысың? – деп, баласының бетіне қарады (М.Ә.). Астыңғы үйдегі бапты аспазшы пісірген ыстық самсаны да жеген жоқ (М.Ә.). Бірақ Қараша қалатын емес (М.Ә.). Бет қаратар емес (М.Ә.). Енді топтың ішін көрмек емес (М.Ә.).

ә) Еденін қи аралас балшықпен майдалап сылаған үйдің тап ортасына келіп, сұлық тұрып қалған Балзия үн қатпады. Атымтайдың көзі қалыңдығының ашулы, әрі қайғылы жүзіне түспесе де, жасырынбай шалқақ ұстаған ішіне түсті. Трашпанның талдан тоқылған қорабына қатар отырған екі құрбы орта жолға дейін бір-біріне тіл қатыспады. Балзия, мен әкейді қойысуда бола алмаймын. Сендердің алдарыңа енді ешкім кесе көлденең тұра алмайды. Біздің шешелеріміз ғой, біз көргеннің, біз білгеннің бірін де көре алмай, бірін біле алмай, көрбала боп өтті (С.Ж.)

 

       3-тапсырма. Есімшелерді тауып, жұрнақтың мағынасын түсіндіріңіз.    

     Көкшенің көлеміндегі сұлу жерден оның араламағаны болған жоқ (С.М.). Көкшені анасындай сағынатын еді (С.М.). Қайт, шырағым, ауылға ренжіткенімнің алды-арты осы болар... (С.М.). – Тартыңдар қолдарыңды! – деді Бүркітбай, айнала адырая қарап, сендерсіз менің өзім де жететінмін (С.М.). Көп жасаған емес, көп көрген білер (Мақал). Жөн бергенде талай қиын жерден қаралған кісіні ақтап, алып шығатынмын (С.М.). – Істің арты не болатын? (С.М.). Ботакөз араларына келгенге шейін, олардың көпшілігі қала ішінде жөнін тауып жүре алмайтын да еді (С.М.). Жерді көп жыртамыз, тарыны көп алармыз, таласпаймын (Ғ.Мұст.). Еңбегің жанса, оған да көнерсің (Ғ.Мұст.). Бүгінгісін аз көріп, елемей шыққан (Ғ.Мұст.). Көзінің аласы үлкейіп, өңі күрең тартқан (Ғ.Мұст.).

                       

Көп күн өтіп кетті ғой сен кеткелі (Х.Е.). Тәжімұраттың ес білгелі етегінен ұстап келе жатқан бір қағидасы бар еді (Х.Е.). Нағима тамақ асып, табаны жерге тимей жүгіріп жүр (Т.Ахт.). Жанар орнынан тұрып, төр жақтағы бөлменің есігін ашып еді, Шынтас шешініп жатып қалыпты (Т.Ахт.). Торушы тосқауылдың ізін суытқалы екі жылдан асты (М.Ә.).

Тарантас зырлап келеді (Х.Е.). – Тәке, сіздің ауылға барамын (Х.Е.). Бұл сөздің мағынасын Таңқыбай жақсы түсінеді (Х.Е.). Шынтас демін жұтып, тынып қалыпты (Т.Ахт.). Дайындалыңдар, ертең ертелете Сырдарияға жүреміз (Т.Ахт.). Абай өзін де, айнала жұртты да тегіс ұмытыпты (М.Ә.).



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 41; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.013 с.)