Ерекше тұлғалық түрлері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Ерекше тұлғалық түрлері

 ІІ БЛОК

Ерекше тұлғалық түрлері

Есімше

     Етістіктің функциялық формаларының бірі – есімше. Есімше мағынасы жағынан етістіктерше болымды және болымсыз, салт-сабақты болып бөлініп, жақтық, шақтық мағынаны аңғартады. Бірақ түрленгенде есімдерше көптеледі, септеледі, тәуелденеді. Осы ерекшелігіне байланысты сөйлемде атрибуттық және предикаттық мағынаға ие болады да, әр етістік, әрі сын есім орнына жүре береді.

     Есімше –ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер, -р, -с, -атын, -етін, -йтын, -йтін, -ушы, -уші, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының негізгі және туынды түбір етістікке, етістіктің болымды және болымсыз формаларына, етіс категориясының барлық түрлеріне жалғану арқылы жасалады. Ал қалау рай, бұйрық рай, шартты рай формаларына есімше жұрнақтары жалғанбайды.

     Есімше жұрнақтарының қызметі - өзі жалғанған етістіктің аңғартатын мағынасын өзгертпей, заттың қимыл-әрекет арқылы білдіретін белгісін жасау.

     Есімше жіктеледі, бірақ етістіктерше емес, есімдерше жіктеліп, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады.

       Есімшенің есімдерге жақындығы мен өзгешеліктері:

а) есімше формалары сын есім сияқты заттың белгісін аңғартып, сөйлемде қандай? деген сұраққа жауап береді, анықтауыш қызметін атқарады. Бұл жағынан есімшенің сын есімнен айырмашылығы байқалмайды. Бірақ сын есім мен есімшенің заттың белгісін білдіруі анықтап аңғарған кісіге бірдей емес.

ә) Есімшелер сын есім сияқты көптеліп, тәуелденіп, септеліп заттанады. Сөйлемде бастауыш, толықтауыш қызметін атқарады. Жіктеліп баяндауыш қызметін атқарады.

б) Етістіктің болымсыз формасына есімше жұрнағы жалғанғанда да есімшенің болымсыз мағынасы аңғарылады. Бірақ есім сөздер сияқты есімшелерде жоқ, емес сөздері арқылы болымсыз форма жасайды. Есімшелер болымсыздық форманы етістіктерше синтетикалық жолмен де, есімдер ше аналитикалық формамен де жасайды.

 

Есімшелердің етістікке жақын белгілері:

    а) Есімшенің етістіктің бір түрі болып есептелуіне оның септік жалғауларындағы сөзді салт және сабақты етістік ретінде меңгеруі себеп болады.

ә) Есімшелердің шақтық мағынаны беруде қызметі ерекше. –ғанқосымшалы есімше жіктеліп, өткен шақ мағынасын берумен қатар атрибуттық қызметте тұрып та сол өткен шақтық мағынаны сақтайды.

б) Есімшенің етістікке тән басты белгісі – қимыл-қозғалысқа байланысты мағынадан алыстамайды. Сондықтан да есімше етістіктер ше болымды және болымсыз, салт және сабақты болып бөлінеді.

Аталған үш белгісі есімшені етістіктің бір түрі, оның ішінде функционалды етістік формасы деп есептеуге мүмкіндік береді.

                                           



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 34; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.236 (0.007 с.)