Етістіктің таза грамматикалық категориялары 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Етістіктің таза грамматикалық категориялары

Есімшенің түрлері

  Есімше жасайтын қосымшалар жоғарыда аталды. Осы қосымшалардың әрқайсысы қолданылу аясымен де, жалғанған етістіктерге үстейтін грамматикалық мағынасымен де айрықшаланып, есімше түрлерін жасайды.

  Қазіргі қазақ тілінде есімше түрлері жұрнақтарынң мағыналарына сәйкес шақ категориясымен бөлінеді.

  Бұрынғы өткен шақ есімше.Есімшенің бұл түрі –ған, -ген, -қан, -кен жұрнағымен жүзеге асады. Бұл жұрнақ арқылы жасалған есімше формалары мейлі атрибуттық, мейлі предикаттық қолданыста болсын өте жиі әрі кеңінен қолданылады. –ған, -ген, -қан, -кен қосымшалы формалар қимыл-әрекеттің бұрын болып өткенін білдіретіндіктен өткен шақ есімше деп аталады. Есімшенің бұл түрінің бұрынғы өткен шақ мағынасын тұрақты аңғартуы жіктеліп, предикаттық мағынада қолданылуына байланысты.

  Өткен шақ есімше жұрнағы отыр, тұр, жүр, жатыр қалып етістіктеріне жалғанғанда да өткен шақ мағынасын береді.

  Дағдылы өткен шақ есімшеатын, -етін, -йтын, -йтін жұрнағы арқылы жасалады. Есімшенің бұл түрі сөйлемде жіктеліп, бұрын болған әрекеттің бірнеше қайталанып, дағдылы қалыпта орындалып тұрғанын білдіреді. Сондықтан болар, есімшенің бұл түрі ауыспалы өткен шақ деп те аталады.

  Ал дағдылы өткен шақ деп аталуы есімшенің бұл түрінің жіктеліп, баяндауыш қызметін атқаруына байланысты.

  Болжалды келер шақ есімше. Есімшенің бұл түрі –ар, -ер, -р, -с жұрнақтары арқылы жасалады. –ар, -ер, -р, -с  болымды етістіктерге жалғанса, жұрнағы болымсыз етістіктерге жалғанады. Болжалды есімше де атрибуттық және жіктеліп предикаттық мағынада қолданылады.

  Есімшенің бұл түрі басқаларындай тәуелденіп, септеліп қолданылғанымен көптік жалғауды қабылдамайды. Бұл есімшенің осы түрінің өзіндік ерекшелігін білдіреді. Дегенмен өткен шақ есімшелерге қарағанда –ар, -ер, -р, -с тұлғалы есімше ситек тәуелденіп, сирек септеледі.

  Есімшенің бұл түрінен конверсия жолымен зат есімдер қалыптасқан. Мысалы: ат байлар, шаш сипар, алтыатар.

  Бұл есімшенің болымды, болымсыз түрі қосарланып, әрі қарай түрлі септік жалғауы арқылы қолданылады да болымшы, шұғыл әрекетті аңғартады.

       Мақсат мәнді келер шақ есімше.Есімшенің бұл түрі –мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Бірақ –мақ, -мек жұрнағы жалғанған сөздің барлығынан мақсат мәнді келер шақ есімше жасала бермейді. Есімшенің бұл түрі есімшенің барлық түрінен де өзгеше. Мәселен, атрибуттық мағынада қолданылмайды. Осы жағынан келіп не көптік, не септік, не тәуелдік жалғауын қабылдамайды. Тек жіктеліп барып баяндауыш қызметін атқарады. Бұл ерекшелігі – бұл форманың есімшеге қатысын да жоққа шығаратын сияқты. –мақ формалы есімшеге қолданылыс барысында –шы, -ші қосымшасы қосылып та айтылады. Бірақ бұл қосымша морфема емес, өйткені есімшеге жалғанғанмен не лексикалық мағына үстемейді. Сондықтан да –мақ формалы есімше мен –мақшы формалы есімше бір мағынада жарыса қолданыла береді.

 

Көсемше

       Көсемше атауын қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынұлы енгізген. Бұл сөздің мағынасы көсем сияқты үнемі алдыда тұрады дегенді білдіреді.

       Көсемшелер тұлғалық жағынан да, мағыналық жағынан да тиянақсыз болғандықтан, қысқа қайырылып, өзінен кейін тиянақтаушы етістікті қажет етіп тұрады да, кем дегенде екі сыңардан құралып, жаңа мағына түзетін күрделі етістіктердің көптеген түрін жасауға негіз болады.

       Қазіргі қазақ тілінде көсемшелердің бұдан өзге де сан алуан қызметтері бар. Көсемшелер сөйлемде етістік арқылы айтылған іс-әрекеттің сынын-тәсілін, мекенін, мезгілін білдіріп, пысықтауыштық та қызмет атқарады. Есімдердің түрлену жүйесіне түспейтін (көптелу, тәуелдену, септелу) көсемшелердің етістіктің басқа да туынды тұлғаларынан негізгі айырмасы да оыс қызметтен көрінеді. Олар сөйлемде көбінесе пысықтауыштық қызмет атқаратын үстеулерге грамматикалық сипаты жағынан өте жақын. Көсемшелер мен үстеулердің қызметі жағынан да, мағыналық жағынан да бір-біріне өте ұқсас келуі, олардың екеуінің де пысықтауыштық қызметте қолдануында деуге болады. Бірақ көсемшелердің тілдегі қызметі мен мағыналары үстеулерге қарағанда әлдеқайда кең. Мәселен, олар жоғарыда айтылған күрделі етістік жасау мен пысықтауыш болудан өзге тілімізде айтушының ойды ықшамды айту мақсатын жүзеге асырып бірыңғай баяндауыш болады, сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы сыңарының баяндауышы бола тұра екі жай сөйлемді еш дәнекерсіз байланыстырып тұрады және баяндауыш қызметінде жіктеле келіп, шақты білдіріп тұр.

       Көсемшелер етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, күрделі негіздерге тікелей де, қажетінше етіс жұрнақтарынан соң да немесе амалдың өту сипатын білдіріп, рең жамайтын жұрнақтардан кейін жалғану арқылы жасалады.

       Қазақ тілінде жіктелудің төрт түрі бар. Бірдей үлгіде жіктелетін сөздердің лексика-грамматикалық сипаты бірдей емес, яғни қазақ тіліндегі жіктелу үлгілері тек тұлғалық өзгешеліктеріне қарай бөлінеді. Көсемшелер бірдей үлгіде жіктеледі:

І. Мен бара-мын                                          біз бара-мыз

      барып-пын                                          барып-пыз

ІІ. Сен бара-сың                                           сендер бара-сыңдар

       барып-сың                                         барып-сыңдар

Сіз бара-сыз                                            сіздер бара-сыздар

      барып-сыз                                           барып-сыздар

ІІІ. Ол бара-ды                                              олар бара-ды

        барып-ты                                          барып-ты

       Көсемшелер бірдей үлгіде жіктелмегенімен олардың беретін шақтық мағынасы әркелкі болып келеді. Мәселен, -ып, -іп, -пжұрнақтары арқылы жасалған көсемшелер жіктелгенде бұрынғы өткен шақты білдірсе, -а, -е, -й жұрнақтары арқылы жасалған көсемшелер жіктеліп ауыспалы осы шақты білдіреді.

       Көсемшелердің бұлардан өзге жұрнақтары жіктелмейді. Осы қызметіне қарап оларды қазақ тіл білімінде жіктелетін және жіктелмейтін көсемшелер деп бөлу қалыптасқан.

       Көсемшенің жіктелетін –а, -е, -й және -ып, -іп, -п тұлғаларының жіктелмейтін тұлғаларға қарағанда елеулі айырмашылықтары бар. Біріншіден, олардың тілдегі жұмсалу жиілігі соңғыларына қарағанда әлдеқайда басым. Мәселен, жіктелетін көсемшелер арқылы күрделі етістіктің, пысықтауыштардың және сабақтас сөйлемдердің бірнешеуі жасалады. Екіншіден, жіктелетін көсемшелердің қолданылу өрісі кең. Мәселен, олар сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сыңарларының да, басыңқы сыңарларының да баяндауыштары бола алады. Ал жіктелмейтін көсемшелер тек бағыныңқы сыңардың баяндауышы бола алады.

       Жіктелетін көсемшелердің қолданылу аясы мен жиілігі де біркелкі емес. Айталық, пысықтауыш бағыныңқы сөйлемнің баяндауышын жасауда көсемшенің -ып, -іп, -птұлғалары өте жиі жұмсалса, жіктеліп келіп шақты білдіруде ауыспалы осы шақ көсемше (-а, -е, -й)тұлғалары жиі қолданылады. Оны бұрынғы өткен шақ көсемшелердің белгілі бір шектеулі стильдік қолданыстарда ғана жұмсалуымен түсіндіруге болады.

       Көсемшелер жеке-дара сөз есебінде қолданылмайды, есімдердің морфологиялық түрлену жүйесіне түспейді, демек оларға көптік, тәуелдік, септік жалғаулары қосылмайды. Көсемшелердің жалпы грамматикалық қызметі етістік айналасына байлаулы, ал мағынасы етістікке қатысты белгімен байланысты болады да өзі тек етістік негіздерімен және олардан өрбіген тұлғалардан туындайды. Осы себептен де көсемшелер етістіктің ерекше бір түрі болып саналады.

       Көсемшелердің тіліміздегі қолдану аясын төмендегідей жинақтап көрсетуге болады.

1-кесте.

 


    1.жұсалу                өрісіне

2.шаққа

қатысына

қарай

Күрделі

 етістік

жасау

Пысықта-

уыш

болу

Бірыңғай

баяндауыш

жасау

Күрделенген

сөйлем жасау

Құрмалас

Сөйлем жасау

Шақ жасау

3. жіктелетіндер    -а; -п        -а; -п               -п        -а; -п         -а; -п             -а; -п

 

4. жіктелмейтіндер -ғалы         -ғалы                         -ғалы                                     -ғалы

                                                       -ғанша                       -ғанша                                  -ғанша                                         

                                       -мастан                     -мастан                                 -мастан                                        

                                       -ысымен                   -ысымен                              -ысымен                                                                                        

                                       майынша                -майынша                            -майынша

Морфологиялық жігі айқын құранды жұрнақтарды көсемшелер қатарында қарастыруға олардың жоғарыдағы кестеде көрсетілген көсемшелерге тән қызметтерде жұмсалуын және етістікке бағыныңқылығын негіз етіп алу керек.

 

Тұйық етістік

           Тұйық етістік (кейде қимыл есімі, қимыл атауы) етістіктің мағына жағынан да, түрлену жүйесімен де ерекшеленетін функциялық формаларының бір түрі.

       Барлық етістік формалары жіктеліп, жақтық, шақтық мағынаны аңғартса, қимыл есімінде ондай белгі жоқ. Керісінше, есімдерше көптеліп, тәуелденіп, септеліп қолданылады.

       Қимыл есімінің етістіктің бір түрі бола тұрып мұндай ерекшелікке ие болуы қимыл әрекеттің өзін емес, сол әрекеттің атауы ретінде қолданылуына байланысты.

       Тұйық етістік түбір етістік пен туынды түбір етістікке –у, (-ұу, -үу), ыс (-іс), -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

       Қимыл есімінің жұрнағы жалғанбайтын бірде-бір туынды етістік жоқ. Демек, барлық қимыл-әрекеттің атауы болады екен.

       Түбір не туынды етістікке қимыл есімдерінің жұрнағы жалғанғанда қимылыдң атайы ретінде қолданылғанымен салт және сабақтылық мағынасы толық сақталады. Сондықтан түбір етістік пен туынды түбір етістіктің септік формадағы сөзді меңгеруі қимыл есіміне айналғанда да сол қалпын сақтайды. Қимыл есімін қимылдың өзіне емес, атауын білдіреді десек те, оның етістік шеңберінен шығып кетпейтінін, (конверсиялануды есептемегенде) етістіктің функционалдық формасы болып қалатынын аңғарамыз.

Қимыл есімі үш түрлі жұрнақ арқылы жасалғанымен мағыналарында айырмашылық болмайды. Бәрі де қай қимыл-әрекетті білдіретін етістікке жалғануына қарай сол қимыл-әрекеттің атауын ғана білдіреді. Дегенмен, қазақ тілінде бұл үш жұрнақтың етістікке жалғануы, қолданыс аясы бірдей емес. Сондықтан қимыл есімдерін жасайтын жұрнақтарға жеке-жеке тоқталуға тура келеді.

       –у, (-ұу, -үу) жұрнағы арқылы жасалған қимыл есімі формасы – тілімізде ең жиі қолданылатын форма. Қимыл есімінің бұл түрі анықтайтын сөзінен бөлініп тәуелдену, септелу арқылы заттанып та қолданыла береді.

       -у қосымшалы қимыл есімінің осылайша атау септігінде қолданылу үрдісімен зат есім ретінде қолданылатын сөздер пайда болған.

       Қимыл есімінің бұл түрі барлық септікте түрленеді. Дегенмен қимыл есімінің септелуінде басқа сөз таптарына қарағанда өзгешелік басым. Мәселен, септік жалғаулары зат есімге тән болғандықтан септелген сын есім, сан есім, есімше т.б. заттанып қолданылатыны белгілі.

       Қимыл есімнің септік формада қолданылуындағы өзгешелік грамматикалық мағынасына да әсер етіп, зат есімнің септік формаларының грамматикалық мағынасынан айырықшаланады.

       -ыс, (-іс, -с) жұрнағы арқылы жасалған қимыл есімі – сиректеу қолданылатын форма. Қимыл есімінің бұл түрінің жұрнағы ортақ етіс жұрнағымен омонимдес болғандықтан, қазақ тілі грамматикасында бұл екі форманы шатастыру, -ыс формалы етістіктің бәрін ортақ етіске жатқызу байқалады. 

       Шындығында, бұл етістіктен ортақ етіс те, қимыл есімі де –ыс, -іс жұрнағы жалғанатындықтан жеке тұрғанда дербес мағынасы аңғарылмайды. Оны тек контексте ажырату мүмкін.

       Сондықтан қимыл есімі мен ортақ етіс формасының өзгешеліктеріне тоқтала кету орынды болмақ.

1. Ортақ етістің грамматикалық мағынасы әрқашан іс иесі екі не одан да көп екенін білдіреді. Ал қимыл есімінде іс иесінің санына қатысты мағына болмайды.

2. Ортақ етіс формасы рай, көсемше, есімше формасында қолданылады.

Қимыл есімі тек есімдерше тәуелденіп, септесіп қолданылады.

3. Ортақ етіс формасында қолданылып тұрған сөзді –у қосымшалы қимыл есімімен ауыстыруға болмайды. Ал қимыл есімдерінің жұрнағы өзара алмаса береді.

4. Ортақ етіс формасына қимыл есімінің –у, -мақ жұрнағы жалғана береді, ал –ыс жұрнақты қимыл есіміне бұл жұрнақтар үстемеленіп жалғанбайды.

  -ыс(іс) жұрнағы арқылы жасалған қимыл есімдері сирек те болса көптеліп, тәуелденіп септеліп қолданылады.

       -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) жұрнағы арқылы жасалған қимыл есімдері де бар. –мақ формалы қимыл есімінің қазақ тіліндіегі қолданылу аясы тарылып –у жұрнақты қимыл есімінің қолданылу жиілігі артып келеді. Сондықтан мақ формалы мен –у формалы қимыл есімі жарыса қолданыла береді.

       Қимыл есімінің бұл түрінің тәуелдік, септік формаларында қолданылуы мақал-мәтелдерде, көне шығармаларда жиі кездеседі.

       Есімшенің бұл түрі болымсыз етістікке жалғанбайды, сондықтан –мақ формалы қимыл есімінің болымсыз формасы кездеспейді. Тілімізде бірлі-жарым кездесетін бармақ емеспін, бармақ емессің, бармақ емес түрінде айтылатын болымсыз етістік қимыл есіміне жатпайды, есімшеге жатады.

ІІІ БЛОК



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 43; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.008 с.)