Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
жұмыс. Сабақты етістіктерді мағанасына қарай ажыратып, қандай грамматикалық категорияға түрленгенін түсіндіріңіз.Поиск на нашем сайте 2-жұмыс. Сабақты етістіктерді мағанасына қарай ажыратып, қандай грамматикалық категорияға түрленгенін түсіндіріңіз. Немістер барлық күшін жинап, таң ата 35 ұшағымен бізді бес рет бомбалады. Барлық зеңбірек, минометтері күні бойы оғын біздің үстімізге жаудырып, айналамыздағы жерді қопарып жатыр. Түске дейінгі төрт шабуылын біздің жігіттер тойтарды. Шабуыл үсті-үстіне өршіп тынар емес. (Б.Момышұлы). Әйел ауыр күрсінді де, екі қолын жерге тіреп, орнынан көтеріле берді.(Ә.О.). Бейсауат біреудің ішке ұрланып кіріп келе жатқанын сезіп, басын көтеріп алды )Ә.Нұрп.).
3-жұмыс. Етістіктерді тауып, салт етістіктен сабақтыға, сабақты етістіктен салтқа айналдырып тұрған қосымшаларды түсіндіріңіз. -Келер жылы төл алудан ырғып, бір көтерілсең.. – деп, абыройдан дәмелендіріп қойды. (Т.Ахт.). Барша байлықтардың анасы – Жер. Жерді күтіп баптай білу, оның қойнауынан қазба байлықтарын игеріп ала білу, табиғат пен қоршаған ортаны түлетіп гүлдендіре беру өз қолымызда. Мен рахметімді алдымен жерге айтар едім, өзімді дүниеге келтірген, маған бақыт әперген, жомарт төсінде дән дариясын тасытқан, о, қасиетті Жер-ана. Сенсің менің ардақтым! (Ы.Ж.). Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы Етістік түбір күйінде де, әр түрлі грамматикалық (лексика-грамматикалық) тұлғаларында да қимылдың, іс-әрекеттің, амал-процестің болуын (болғанын, болып жатқанын, болатынын, болу сипатының әр түрлі реңін) білдіреді. Сонымен бірге қимылдың, іс-әрекеттің болуы да өмірде болатын құбылыс. Міне, қимыл, іс-әрекеттің, яғни етістік білдіретін мағынаның іске аспауы, болмауы арнайы грамматикалық амал-тәсілдер арқылы беріледі. Сөйтіп, етістік білдіретін қимыл, іс-әрекеттің қарама-қайшы мәні, ол мағынаның болмауы етістік түбірлеріне (негізгі, туынды, күрделі), етістіктің лексика-грамматикалық категориялары (етіс, күшейтпелі етіс) тұлғаларына –ма, -ме, -ба, -бе, -на, -не қосымшасы қосылу арқылы жасалады да, тек етістіктің болымсыздық түрін жасап қоймайды, болымдылық мәнге қарама-қайшы етістіктің болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясын да жасайды. Болымсыздық категориясының бірден-бір тұлғалық көрсеткіші –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пеболымсыздық тұлғасы. Әрине, етістіктіңболымсыздық мәнін беретін басқа да аналитикалық жолдары бар. Атап айтқанда, есімшенің –ған, -ген, -қан, -кен тұлғасы етістікке жоқ модаль сөзі, есімшенің –ған, -ген, -қан, -кен, -атын, -етін, -йтын, -йтін, -ар, -ер, -р, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек тұлғалы негізгі етістіктерге емес (кейде емен) көмекші етістігі тіркесіп жасалады. Бірақ бұлар болымсыздық категориясына жатпайды, оның грамматикалық сипаты (түбірмен 2-жақ бұйрық рай тұлғасымен сәйкес келуі, тікелей жіктеле алмауы, етістіктің таза грамматикалық тұлғаларына негіз болуы) сәйкес емес. Болымсыздық категориясы етістіктің лексика-грамматикалық категориясы болып табылады. Себебі, біріншіден, бұл категорияның қосымшасы етістік түбірге жалғанғанда, түбір семантикасына аздап болса да әсер етіп, өзгеріс енгізеді, яғни түбір беретін мағынаның болмайтынын білдіреді, екіншіден, етіс категориясы сияқты түбірдің грамматикалық сипатын сақтап қалады: 1) бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы тұлғасымен сәйкес келіп, онымен омоформа жасайды; 2) тікелей жіктелмейді; 3) сол күйінде қолданылмайды, етістіктің таза грамматикалық категорияларын жасауға негіз болады; рай, шақ, (есімше, көсемше және тұйық етістік тұлғалары тек болымсыз етістік) тұлғасының үстіне ғана жалғана алады, керісінше болмайды. Сондықтан Т.Маманов «болымсыздық қосымшалар –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пенегізгі етістіктер (етістік түбірлер мен модификациялы етістіктер), яғни етістіктің лексика-грамматикалық категориясы (И.С.) мен функциялық етістіктердің, яғни етістіктің таза грамматикалық категорияларының (И.С.) шекарасын көрсетіп тұратын белгі ретінде жұмсалады», - деп көрсетеді (М.Т. - ҚҚТ, 9-10). Күрделі етістікте болымсыз форма бірде негізгі етістікке жалғанса, бірде көмекші етістікке жалғанады:айт-па-й жүр, сөй-ле-ме-й қалды, бер-ме-п еді және айтып жүр-ме, сөйлеп қой-ма, беріп жібер-ме т.б. Әрине, бұлар қимыл, іс-әрекеттің болымсыздық мәнін білдірумен бірге негізгі немесе көмекші етістікке жалғануда белгілі стильдік мән беріледі, стильдік жүк атқарады, егер болымсыздық форма екі етістікке (әрі негізгі, әрі көмекші) де жалғанса, онда ол болымдылық мән білдіреді, онда ол әдеттегі болымдылықтан өзгеше ерекше стильдік бояу болады: айтпа-й қойма-ды, жаз-ба-й отыр-ма-ды, сұра-ма-й кет-пе-ді т.б.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 35; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.005 с.) |