стеудің морфологиялық ерекшеліктері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

стеудің морфологиялық ерекшеліктері

ІІ БЛОК

Үстеу – морфологиялық жағынан алғанда аз түрленетін сөз табы. Бұл оның морфологиялық ерекшелігі болып табылады десек те, үстеулер қандай сөзге тіркессе де өз формасын өзгертпейді.

Тілдік құрылыстағы болып жатқан өзгерістер үстеулерге де әсерін тигізбей қалған жоқ. Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулердің сөйлемдегі қызметіне қарай көптік, септік, тәуелдік жалғауларын қабылдап заттанып, кейде жіктік жалғауын қабылдап, предикаттық қызмет атқаратынын кездестіруге болады. Бұл айтылғандардан үстеулер өзінің үстеулік мағынасынан мүлде алшақтап кетеді деген ұғым тумауға тиіс. Үстеулер өзінің семантикалық мағынасын сақтайды, олар белгілі бір контексте ғана заттық немесе предикаттық мағына береді.

Ғылымда үстеудің түрленуі туралы пікірлер әр түрлі. Мәселен, ғалым Ә.Төлеуов үстеулердің көпшілігін түрленбейді деп, оның себебін былайша түсіндіреді: «Үстеулердің көбі түрленбейді, өйткені олар көне септік формалар қосылуынан жасалған сөздер: бірге, босқа, текке, абайсыздан, лажысыздан, түнде, қырынан, кенеттен т.б.» [52, 108].

Соңғы уақыттардағы зерттеулерге қарағанда үстеулер барынша молынан түрленетін сөз табын құрап отыр. Мәселен, ғалым Ә.Ыбырайым: «Морфологиялық жағынан еш түрленбейді деп келінген үстеу сөздер қазіргі қазақ тілі мен түркі тілдерінде коммунакативтік қызметі мен мағынасына қарай түрлі формаларға ие болып қолданылып жүр. Мәселен, кейбір үстеулердің сөйлемдегі қызметіне қарай көптік, тәуелдік, септік жалғауларын қабылдап заттанып, жіктік жалғауын қабылдап предикаттық қызмет атқаруы көркем әдебиет пен баспасөз беттеріндегі тілдік сөз қолданыстарда жиі кездесетін процесс болып отыр» - деп жазады [61, 137].

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 35; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.008 с.)