стеудің синтаксистік қызметі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

стеудің синтаксистік қызметі

ІІІ БЛОК

Үстеудің пысықтауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеудің ең негізгі синтаксистік қызметі - сөйлемде пысықтауыш болу. Сөйлемде үстеулер қашанда өздерінің пысықтайтын сөздерінен бұрын тұрады. Үстеулердің ішінде орын талғамайтындары да бар. Сондай орын талғамайтын үстеулердің бірі – мезгіл үстеулері. Мезгіл үстеулері баяндауыштан басқа мүшелерді пысықтаса, онда пысықтайтын мүшенің алдынан келеді. Ал баяндауышты пысықтаса одан алшақ тұра береді.

Үстеу қимылдың, амал-әрекеттің әр алуан сын бейнесін, белгісін білдіреді. Осымен байланысты мекен, мезгіл, сын-қимыл, мақсат, себеп пысықтауыш бола береді. Үстеу мен үстеу, я үстеу мен зат есім тіркесіп келіп күрделі пысықтауыш болады. Мысалы, Құр кимелеудің зардабын тартқан жұрт енді еппен өтіп жатыр (Ғ.Мүсірепов). Таң қараңғысында еркек атаулы жұмысқа кетеді (С.Мұқанов).Жоғары-төмен үйрек, қаз ұшып тұрса сымпылдап (Абай). Алынған сөйлемдерде еппен сын-қимыл пысықтауыш болып тұрса, таң қараңғысында мезгіл пысықтауыш болып, жоғары-төмен мекен пысықтауыш ретінде жұмсалып тұр.

Үстеудің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеулер субстантивтеніп бастауыш қызметінде жұмсала береді. Нөлдік тұлғада көптік жалғаулары арқылы субстантивтеніп бастауыш болады. Кей жағдайда көмекші сөздермен тіркесіп бастауыш қызметін атқарады. Еріншектің ертеңі бітпес (мақал). Бүгін деген қорқыныш пен үміттің екіұдай аралығы (Ә.Кекілбаев).

Үстеудің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеулер сөйлем соңында жіктеліп баяндауыштың қызметін де атқарады. Мысалы, Киім формасы өзгешелеу екен өзінің (К.Тоқаев). Мен сенімен біргемін (Ғ.Сланов).

Үстеудің толықтауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеулер заттанып тура толықтауыш та, жанама толықтауыш та бола алады. Тура толықтауыш қызметінде жай септікпен бірге тәуелдеулі септік формасында да жұмсала береді. Мысалы, Азын-аулақ қазақшаны да далбарлайтын болған (М.Әуезов). Жанама толықтауыш болып барыс, шығыс және көмектес септіктерінде келе береді. Мысалы, Соншаны көріп, біліп келіп, ішке тығып тастағандай едіңіз (Бұл да).

Үстеудің анықтауыш қызметінде жұмсалуы. Зат есіммен, сын есіммен тіркесіп, анықтауыш та болады. Мысалы, Осынша орысшаны қайдан үйреніп жүрсіз (Т.Ахтанов).

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 44; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.005 с.)