Салынған суретпен жұмыс істеу 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Салынған суретпен жұмыс істеу

8. Микроскоп режимі

 

Суреттері, сыбаларды немесе схемаларды даярлау барысында оларда ешқандай «қоқырсықтың» - артық нүктелердің болмағаны жөн. Суретте басқа түске боялған бір нүктенің болуы одан алған әсеріңізді жоқ етеді.

Сурет салудың әдеттегі режимінде белгілі бір нүктеге курсормен дәл түсу оңай емес. Ол үшін көптеген редакторларды «Микроскоп режимі» деп аталатын сурет салудың арнайы режимі қолданылады. Мұндай режимде әр нүктенің мөлшері (масштабы) бірнеше есе өседі, оның есесіне жалпы сурет бейнесін көру пропорционалды түрде нашарлай түседі. Өйткені экранға    суреттің тек белгілі бір бөлігі ғана сиып тұрады, бірақ бұл режимде қажетті нүктеге дәл түсу көп еңбекті талап етпейді.  

Paint редакторына Микроскоп режимін орнату үшін менюден Қарап шығу → Жақындаты {Ctrl+G} (Просмотр → Приблизить) командасын таңдау керек. Бұдан кейін курсор сурет ішінде орын ауыстыруға болатын тіктөртбұрышты кішкентай жақтау пішіндес болады. Бұл төртбұрышты контурға суреттің кейіннен үлкейтілетін бөлігі ғана орналасады. Суреттің қажетті бөлігін таңдап алып, тышқанды шерту арқылы экран бетінен сіз оның бірнеше есе үлкейтілген бейнесін көре аласыз (кейбір графиктік редакторлар масштабы өзгертуге мүмкіндік береді). Сол жақ жоғарғы бұрышта бейненің табиғи шамасына сәйкес үлкейтілген суреті көрінеді, онда да суретті салу процесін қадағалауға болады.

Paint редакторының Микроскоп режимінде тек екі  аспап қана қолданылады: қылқалам және Білік.

Қылқалам жоғарыда сипатталған түрде жұмыс істейді, яғни суретті екі түспен - негізгі түсті сол жақ батырмамен, ал фондық түсті оң жақ батырманы салуға мүмкіндік береді.

Білік те бұрынғыша жұмыс істейді, тек оның бір өзгешелігі - тұйықталған аумақтың көрініп тұрған бөлігі ғана боялады.

Ал, қалған аспаптарды Микроскоп режимінде пайдалануға болмайды.

Үлкейтілген аумақтың оң және төменгі шеттерінде пайда болатын жылжу сызғыштарының (линейка прокрутки) көмегімен суреттің кез келген бөлігін үлкейтілген түрде қарап шығуға болады.

Әдеттегі жұмыс режимінде қайта оралу үшін, Қарап шығу → Ығыстыру {Ctrl+О} (Просмотр  → Отодвинуть) командасын таңдау керек.

 

Paint редакторында салынған суреттің кез келген бөлігін немесе тұтас суреттің өзін қиып, көшіріп буферге алуға, осв программаның өзінде немесе Windows жүйесінде жұмыс жасайтын программаға, жұмыс үстеліне енгізу т.б. мүмкіндіктер бар. Суретті түтас ерекщелендіру үшін Түзету – Бәрін ерекшелендіру командасын орындаймыз. Ал сурет кез келген бөлігін тік төртбұрыш және қисық түрінде белгілеп ерекшелеуге болады.

Бүл батырманы шерткеннен кейінқосу таңбасына айналған белгіні тышқанның көмегімен жылжыта отырып, суреттің төртбұрышты аймағын ерекшелейміз.

Осы батырмада тышқанды шертіп, белгіні суреттің қажетті бөлігінде жылжыта отырып, қисық тұйық сызықпен қоршатған аудан түрінде ерекшелейміз.

Курсорды ерекшеленген аймақтың ішіне орналастырып, тышқан батырмасын басулы күйінде жылжыта отырып, жұмыс алаңындаоның орнын ауыстыруға болады. Орнын ауыстыру кезінде Shift батырмасын басулы күйінде ұстап тұрсақ, сурет өзінен кейін із қалдырып отырады.

Ерекшелендіруді алып тастау үшін одан тыс аймақта тышқанды шерту жеткілікті.

Осы әрекеттерді орындай отырып, ерекшелеп алғаннан кейін оны буферге қиып және кішірейтуге болады. Ол үшін сәйкес Түзету – Қиып алу немесе Түзету – Көшірукомандаларынаң бірін орындаймыз. Қиып алу кезінде сурет орнында қалмай, буферге алыныды. Ал, көшіру кезіндесуреттің көшірмесі буферге алынады да, сурет орнында қалады. Буферге алынған суретті Түзету – Кірістіру командасын орындау арқылы енгіземіз. Сонда сурет жұмыс алаңының сол жақ жоғары шетіне кірістіріледі, егер ол орында бұрыннан сурет тұрған болса, сол суреттің үстіне орналастырылады. Суретті қажетті орынға тасымалдау арқылы орналастырамыз.

Объектінің бірнеше көшірме сін орналастеру үшін Ctrl пернесін ол тасымалданып болғанға дейін босатпай ұстап тұрамыз. Осы әрекетті бірнеше рет қайталауға да болады. Салынған суреттермен Сурет менюіндегі командалар арқылы басқа да жұмыстар жасауға болады. Ерекшелендіріп алынған суретті берілген бұрышқа бөлу, айнадан шығарылған бейне ретінде көрсету, созу, қысу (горизонталь, вертикаль бойынша), иілдіру әрекеттерін орындау мүмкіндіктері бар. Егер осы командалар жұмыс алаңындағы объектілер ерекшеленбеген күйінде орындалса, барлық объектілерге бірдей әсер етеді.

Сурет – Атрибуттар командасын орындай отырып, суреттің экранда алып тұрған жұмыс алаңының мөлшерін өзгіртуге болмайды. Жұмыс алаңының мөлшері дюйм, сантиметр, нүкте арқылы өлшенеді. Егер жұмыс жасап отырған компютердің графикалық мүмкіндігі белгілі болса, салынған суреттің экранның қандай бөлігін алып тұрғанын анықтауға болады. Ашылған терезеде сан мәндерін өзгерте отырып, суретті үлкейтуге немесе кішірейтуге болады.

3-сурет. Атрибуттар сұхбат терезесі



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 27; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.)