Меню қатарының командалары 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Меню қатарының командалары

1.1. Алғашқы мағлұматтар

 

Paint (Paintbrush) - Windows  жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан профессионалды графикалық редакторлардан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі, әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды (чертеждер) даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалық форматында сақталады. 

 

1.2. Программа терезесі

 

Редакторды іске қосу үшін (Windows 3.x) «Реквизиттер» тобындағы Paintbrush белгісін таңдаңыздар.

Ал, Windows 98 жүйесінде Іске қосу → Программалар → Стандарттар → Paint  командалар тізбегін орындасақ, экранда программаның терезесі пайда болады. Оның құрамында бізге осыған дейінгі элементтермен (жұмыс аумағы, меню мен тақырып жолдары) бірге бірсыпыра жаңа элементтер де бар.

Терезенің   сол жақ шеткі қабырғасында аспаптар тақтасы орналасқан. Одан сіздер Paint-та кездесетін барлық сурет салу аспаптарын көре аласыздар (1- сурет). Кез келген аспаптарды таңдау үшін соның белгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны шерту жеткілікті. Осыдан кейін таңдап алынған аспаптың бейнесі (белгісі) айқын түспен ерекшеленеді.

1 -сурет. Paint редакторының экраны

 

Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер палитрасы орналасқан. Paint-та бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: қалам, түсімен (мұнан былай оны қысқаша негізгі түс деп атаймыз) және фон түсімен (мұнан былай оны фондық деп атаймыз). Палитраның сол жақ шетінде бірі екіншісінің ішіне орналасқан кішкене екі төртбұрыш тұр, осылардың үстіңгісі - негізгі түсті, ал астыңғы - фондық түстерді көрсетеді. Кез келген сәтте түстерді өзгерту мүмкіндігі бар. Ол үшін курсорды палитрадағы жаңа түске апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шерте отырып негізгі түсті, ал оң жақ батырмасын басу арқылы - фондық түсті өзгертуге болады.

Аспаптар тақтасының төменгі жағында сызықтар қалыңдығын анықтайтын терезе орналасқан. Сызықтар қылыңдығы таңдап алған соң, соның көмегімен түзу сызықты, доғалдарды, тіктөртбұрыштар мен эллипс контурларын сызуға болады. Сызықтың қалыңдығы сондай-ақ мыналарға да әсер етеді:

­ аэрозоль балонының сыясының ені;

­ өшіргіш (ластик) ені;

­ бояуыш немесе қылқалам (кисть) ені.

Жұмыс аумағы - салынатын графикалық бейне рналаса алатын экранның тіктөртбұрышты ауданы (бөлігі). Егерде мөлшері жұмыс аумағынан да үлкен сурет салынса, онда терезе шеттерінде жылжу сызғыштары пайда болады. Олар экран бетінде жылжи отырып, бейненің кез келген бөлігін көруге мүмкіндік береді. Ал егер жұмыс аумағынан кіші сурет салынса, онда ол терезенің жоғарғы сол жақ бұрышында қара жақтаулармен қоршалып көрсетілетін болады.

Paint графикалық редакторы әртүрлі объектілерді салу мүмкіндігін береді және оның түстермен жұмыс істеуге арналған бірқатар саймандары бар. Бұл редактор фондық негізгі түспен және үстінен бояйтын екі жай түспен жұмыс істейді.

Редактор іске қосылғаннан кейін негізгі түс қара, фонның түсі ақ болады.

Сурет салу жұмысын редактор іске қосылғаннан кейін бірден бастауға болады. Қажетті сайманды, түсті, таңдау әрекетін тышқан көмегімен жасаған өте тиімді. Негізгі түсті өзгерту үшін қажетті түсте тышқанның сол жақ батырмасын, ал фонның түсін өзгерту үшін, он батырманы шертеміз.

 

 

Paint графикалық редакторының меню қатары Файл, Түзету, Түр, Сурет, Палитра, Анықтамалық командаларынан тұрады. Осы командалардың көмегімен жұмыс алаңында салынған суреттермен толық жұмыс жасай аламыз.

Файл менюі – Құру, Ашу, Сақтау, ...деп сақтау, Алдын-ала қарау, Парақтың макеті, Баспаға жіберу, Жөнелту, Файлдар тізімі, Шығу командаларын орындау мүмкіндігін береді. Яғни, бұл меню командаларының көмегімен салынған суретті сақтау, сақталынған файлды ашу, басқа атпен сақтау, қағазға басу алдында қарау, қағазға басу, парақ параметрлерін енгізу және программадан шығуға болады. Сондай-ақ, осы менюдегі тізімде тұрған басқа файлдың қажеттісін ерекшелеп, тышқанды шерту арқылы жылдам көшу мүмкіндігі бар. Қажетті суретті ерекшелеп алған соң, Жұмыс үстелін толтыру, Жұмыс үстелінің ортасына орналастыру командаларының бірін орындасақ, ол таңдалған режимге сәйкес сурет жұмыс үстеліне орналасады.

Тұзету менюі – Болдырмау, Қайталау, Буферге қиып алу, Буферге көшіріп алу, Буферден енгізу, Ерекшеленген аймақты тазалау, Бәрін ерекшелеу, Файлға көшіріп алу, Файлдан егізу командаларынан құрылған. Олар орналасу сәкестігіне қарай соңғы әрекеттің орындалуын алып тастау, оны қайталау, Буферге көшіру, буферден енгізу, ерекшеленген аймақты өшіру, тұтас суретті ерекшелеу, ерекшеленген аймақты немесе суретті файлға көшіру, басқа файлдағы объектіні егізу іс- әрекеттерін орындайды.

Түр менюі – Құрал-саймандар жиыны, Палитра, Қалып-күй қатары, Масштаб, Суретті қарау, Мәтіннің атрибуттары тақтасы командаларынан тұрады. Бұл меню негізінен командалар құрамындағы графикалық редактор терезесінің элементтерін ауыстырып қосу қызметін атқарады және суреттің масштабын өзгерту, суретті бүкіл экранды алып тұратындай етіп үлкейту мүмкіндіктерін береді.

Сурет менюі – шағылдыру/бұру, созу/қисайту, түстерді аудару, атрибуттар, тазалау командаларын орындау мүмкіндігін береді. Яғни оларды салынған суретпен жұмыс жасау үшін қолданамыз.

Палитра менюі- палитраны өзгерту, жүктеу, сақтау, көмескі фон беру командаларынан қүралған. Олар жұмыс жасауды ұйымдастырады. Палитраны өзгерту командасының көмегімен өзімізге ұнаған түстерді дайындап, палитра тақтасының құрамына енгізу мүмкіндігі бар.

Анықтамалық менюі – анықтама алу мүмкіндігін береді.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 34; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.007 с.)