Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Фрагменттермен жұмыс істеуПоиск на нашем сайте 6. Қолданылатын аспаптар
Paint аспаптарын іс жүзінде игеруге кіріспес бұрын ескертетін бір жайт - редакторда жұмыс істеу барысында соңғы орындалған әрекетті өзгерту мүмкіндігі бар (бұл әрекет барлық программаларда кездеседі). Өзгерту операциясы алғашқы кезде жиі қолданылады. Оны іске асыру үшін менюдегі Түзету → Өзгерту {Ctrl+Z} (Редактирование →Отменить) командасын таңдау керек. Аспаптар тақтасы қарапайым суретшінің аспаптарының жиынына ұқсас болып келеді. Ең алғашқы аспапқа Қылқалам (Кисть) жатады. Ол әдеттегі қарындаш тәрізді сурет салу жұмысын атқарады. Мұндай аспапты таңдаған соң, «тышқанның» стндартты курсоры Қылқаламға айналады, Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып (оны жібермей) курсорды экран бетімен жылжытсаңыз курсор артында із қалдырады, оның түсі сол мезеттегі тағайындалған түске сәйкес болады. Мұнан төмен орналасқан аспап - Аэрозольді баллон немесе Шашыратқыш. Оны таңдап алғаннан кейін тышқан курсоры қосу символына ұқсас таңбаға айналады. Енді сол жақ батырманы басып тұрып курсорды экран бетімен, оның артында шашыраған бояуға ұқсас із қалады. Тақта құрамында екі түрлі өшіргіш (ластик) бар, олрдың қарапайым өшіргіштен басты айырмашылығы - білгілі бір түспен өшіреді. Бірінші ластик барлық кескіндерді фондық түспен өшіруге арналған. Ал екінші өшіргіш негзгі түспен боялып салынған барлық фрагменттерді ғана фондық түске айналдыра отырып өшіреді. Бірінші өшіргіш арқылы кейіннен керекті фондық түсті таңдап алып, экрандағы әртүрлі түстегі бейнелерді жаңа фондық түске бояуға болады. Осы тәсілді пайдалану кезінде тышқанды екі рет шертсек, онда курсор маңы бірден фондық түске боялады. Екінші түрдегі өшіргіш арқылы өзімізге қажет негізгі және ондық түстерді тағайындаған соң, өшіру нәтижесінде негізгі түстегі фрагменттер фондық түске бояла бастайды. Осы тәсілмен екі рет шерту суреттегі курсор маңндағы бір түсті бояуды түгелдей дерлік екіншісіне бірден өзгертуге мүмкіндік береді (яғни, дәл осы уақытқа дейін негізгі түспен боялған бейне фондық түске боялып кетеді).
Көбінесе салынып біткен сурет бөліктерін, яғни оның фрагментін пайдалана отырып басқа суреттік бейнелерді салуға тура келеді. Paint редакторында сондай фрагменттерді ерекшелеп алып, басқа орынға ауыстыруға мүмкіндік беретін де аспаптар бар, ол фрагменттер уақытша алмастыру буферіне орналастырылып, басқа суретке бірнеше рет қойылуы мүмкін. Аспаптар тақтасын фрагменттерді ерекшелеуге арналған Тіктөртбұрышты және Фигуралы қайшылар бар. Тіктөртбұрышты қайшы арқылы фрагментті ерекшелеу экранда тіктөртбұрыш салу әдісін еске түсіреді. Ал, фигуралы қайшы көмегімен ерекшелеу Қылқаламмен жұмыс істеу сияқты орындалады (ерекшеленетін аумақты қисық тұйық сызықпен қоршап шығу). Ерекшеленген фрагмент экранда пунктирлі сызықпен қоршалып тұрады. Ол фрагментті басқа орынға ауыстыру үшін: курсорды ерекшеленген фрагменттің кез келген ішкі нүктесіне апарып, тышқан батырмасын басыңыз; батырманы басулы күйінде ұстап тұрып, фрагментті басқа орынға ауыстырыңыз; батырманы босатыңыз. Фрагменттің алдыңғы тұрған жері жойылып, фондық түске боялады. Жаңа орында фрагменттің тек көшірмесін алу үшін (мұнда фрагмент бұрынғы орында да қалатынын ескерте кетейік) жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттер сол күйінде орындалып, тек «тышқан» батырмасы басылған сәтте онымен бірге Ctrl пернесі де басылуы тиіс. Windows жүйесінің басқа программаларында да көшірме алу осылай орындалатыны естеріңізде болар. Егер фрагментті ауыстыру кезінде тышқан батырмасымен бірге Shift пернесі қатар басылатын болса, онда экран бетінде фрагменттің орын ауыстырып жылжыған ізі көрініп тұрады. Ерекшеленген фрагмент менюдің Түзету (Правка) командасының ішкі мүмкіндіктеріне сәйкес алмастыру буферіне ауыстырылуы немесе қиылып алынуы мүмкін. Бұдан кейін сол менюдегі Кірістіру (Вставить) командасын орындауға болады, ол буферге орналастырылған фрагментті экранның сол жақ жоғарғы бұрышына шығарып көрсетеді. Онымен кез келген буфердегі фрагмент сияқты бұған дейін қарастырылып өткен барлық ірекеттерді орындауға болады. Фрагмент жаңа орынға ауыстырылған соң да, оның ерекшеленуі алынбайды, яғни ол буферде қала береді. Бұл өз кезегінде сол ерекшеленген фрагменттің бірнеше көшірмесін (оны көбейте отырып) алуға мүмкіндік береді. Ерекшеленген фрагмент жаңа орынға орналасқаннан кейін, онымен мынадай түрлендіру жұмыстарын атқаруға болады: Түрлендіру → Көлденеңінен бұрау (Преобразования → Повернуть по Горизонтали) командасы арқылы орындалатын фрагментті көлденең бұрау; Түрлендіру → Тігінен бұрау (команда Преобразования → Повернуть по Вертикали) командасы арқылы орындалатын фрагментті тігінен бұрау; Түрлендіру → Инверсиялау (Преобразования → Инвертировать) командасы арқылы орындалатын фрагментті барлық түстерді қарама-қарсы (инверсиялық) түстерге ауыстыру. Ерекшеленген фрагмент үшін бұдан өзге оның масштабы өзгертілген көшірмесін (Түрлендіру → Қысу+Созу командасы) немесе көлбеу бағытқа келтіріліп қисайтылған көшірмесін (Түрлендіру → Қисайту командасы) де алуға болады. Атрибуттар Paint редакторын алғашқы жүктеу кезінде, үнсіз келісім бойынша, сурет салынатын терезенің параметрлері тағайындалады: оның мөлшері (биіктігі мен ені); қолданылатын түстер (ақ-қара немесе түрлі түсті). Жаңа сурет салмастан бұрын осы параметрлерді өзгертуге болады. Ол үшін Сурет → Атрибуттар... (Рисунок → Атрибуты...) командасын таңдап, экранға шығатын сұқбаттасу терезесіне қажетті атрибуттарды - мүмкін параметрлерді тағайындау керек. Сол терезеде өлшеу бірліктерін де тағайындап алуға болады (әдетте пиксель қолданылады). Атрибуттарын өзгерткен соң, экран бетіне сурет салынатын жаңа өлшемді бос терезе пайда болады. Егер де сурет салу үшін ақ-қара палитра тағайындалған болса, онда палитрада қара, сұр және ақ түстердің көрінісі шығады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 30; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.006 с.) |