Геометриялық фигуралар 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Геометриялық фигуралар

 

Paint редакторында тіктөртбұрыштар, элипстер және көпбұрышты тұйық сызық сызатын арнайы саспаптар бар. Барлық фигуралардың контуры берілген қалыңдықтағы негізгі түстегі сызықтармен салынады. Фигуралардың іші бос болуы мүмкін, немесе белгілі бір түспен бояуға да болады. Бояу түсң фондық түске сай келуі тиіс. Аспаптар тақтасында түрлеріне сәйкес бейне сызуға мүмкіндік беретін мынадай белгілер орналасқан:

­ іші бос тіктөрбұрыштар;

­ іші боялған тіктөртбұрыштар,

­ қырлары жұмырланған іші бос тіктөртбұрыштар;

­ қырлары жұмырланған іші боялған тіктөртбұрыштар;

­ іші бос эллипс;

­ іші боялған эллипс;

­ іші боя көпбұрыш;

­ іші боялған көпбұрыш.

Ең соңғы екі фигурадан басқасы жалпы үлгі бойынша салынады. Мысалы, іші бос тіктөртбұрышты салу үшін:

­ қажетті негізгі түсті, сызықтың қалыңдығы тағайындау керек;

­ аспаптардан іші бос тіктөртбұрышты таңдау керек;

­ курсорды  бастапқы нүктеге апару қажет (әдетте бұл тіктөртбұрыштың сол жақ жоғарғы бұрышы);

­ тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып, өзімізге қажет пішіндегі тіктөртбұрыштың мөлшерінің контурын тағайындай керек;

­ батырманы босату керек.

 Көпбұрыштар басқа жолмен салынады. Олардың түстерін, сызықтарының қалыңдығы мен аспапты тағайындаған соң, белгісін таңдап алып төмендегілерді орындау керек:

­ курсормен салынатын көпбұрыштың бір төбесін белгілеп алып, оның алғашқы қабырғасын түзу сызық сызғандай етіп салу;

­ курсорды көпбұрыштың барлық төбелерін орын ауыстырып және оның әрқайсысында тышқанды бір рет шерту керек (әр шертуден соң, соңғы төбе алдыңғы төбемен қосылатын болады);

­ курсор соңғы төбеге жеткенде, тышқанды екі рет шерту керек, сонда соңғы төбе бірінші төбемен қосылады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 30; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.006 с.)