Саймандар тақтасының аспаптары 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Саймандар тақтасының аспаптары

Paint редакторында қолданылатын аспаптарды таңдап алу үшін, тышқан курсорын сол бейнеге жеткізіп, оны бір рет шертеміз. Жұмыс алаңында тышқанның көмегімен курсорды жылжыта отырып қажетті суретті саламыз. Егер аспапты тышқанның сол батырмасының көмегімен жылжытсақ, сурет негізгі түспен, ал оң батырманы басулы күйінде жылжытсақ фондық түспен салынады.

· Тік төрт бұрыш салу

     Саймандар тақтасындағы тіктөртбұрыш батырмасында тышқанды шерту нәтижесінде пайда болған белгіні жұмыс алаңында тышқанның көмегімен жылжыта отырып, қажетті өлшемде тіктөртбұрыш саламыз. Тік-төртбұрышты іші боялған, боялмаған түрде салу үшін, осы аспапты шерткен соң, саймандар тақтасының төменгі жағында шыққан режимнен қажеттісін таңдаймыз.

Түзу сызық салу

       Сызық аспабын таңдаймыз. Жұмыс алаңында курсорды тышқанның көмегімен жылжыта отырып сзықты саламыз. Сызық салуды тоқтату қажет болса, тышқанның батырмасын босатамыз, ал ары қарай қайтадан сызу қажет болса, батырманы тағы бір рет басамыз да ары қарай жылжыта береміз. Сызықтың енін саймандар тақтасының төменгі жағындағы менюден таңдаймыз.

Қылқаламмен сурет салу

       Қылқалам аспабын таңдаймыз. Саймандар тақтасының төменгі жағында пайда болған менюден қажетті сызықтың түрін және түстер палитрасынан түсті таңдаған соң, жұмыс алаңында қылқаламды тышқанның көмегімен жылжыта отырып, қажетті суретті саламыз.

Бүріткішті пайдалану

    Бүріткіш сайманы аэрограф сияқты жұмыс жасайды. Саймандар тақтасында осы аспапты және дақтардың өлшемінің ішінен керектісін, одан кейін қажетті түсті таңдап, тышқанның көмегімен жылжытып шерту арқылы бояймыз. 

 Эллипс немесе доға салу

Эллипс аспабын таңдап,жұмыс алаңында тышқанды жылжыта отырып, шеңбер және эллипс салуға болады. Егер шеңберді бұлай салу қиын болса, салу кезінде Shift пернесін басулы күйде ұстап тұру керек.

Геометриялық фигураларды салу кезінде мынадай екі жағдайға баса назар аудару керек. Біріншіден, сызықтың қалыңдығы Сызық аспабымен соңғы рет жұмыс жасағанда таңдалған қалыпта болады. Егер басқа қалыңдықтағы сызықпен салу қажет болса, Сызық аспабын, одан кейін сызық түрін таңдаған соң Эллипске ораламыз. Екіншіден, сызықтыңтүрін өз қалауымызша таңдап алуға болады.

 Қисық сызық салу

Кез келген қисық сызық салу үшін саймандар тақтасында Қисық сызық батырмасын шертеміз. Саймандар тақтасының төменгі жағындағы сызықтар жиынтығынан қажетті қалыңдықты таңдап аламыз. Жұмыс алаңының қисық болатын орнына курсорды орналастырып, тышқанның батырмасын басулы күйінде қисық аяқталатын нүктеге дейін жеткіземіз де, батырманы босатамыз. Қажетті бөлікке курсорды орналастырып, сызылған сызықты тышқанмен жылжыта отырып майыстырамыз. Майыстыру әрекеті тек екі рет орындалады. Кез келген артық суретті өшіргіш аспабын таңдап алып, өшіретін аймақта тышқанды жылжыта отырып өшіруге болады.

 Ішін бояу аспабы

      Кез келген артық суретті өшіргіш аспабын тышқанмен таңдап алып, өшіретін аймақта тышқанмен жылжыта отырып өшіруге болады. Бұл графикалық редактордың ең қарапайым әрі жиі қолданылатынаспабтарының бірі. Таңдалған түспен тұйық фигураның ішін бояйды. Түсті және осы аспапты таңдап алған соң, аспапты тұйық фигураның ішіне орналастырып тышқанды шерту арқылы орындалады. Егер, бояу кезінде фигура қабырғаларында тесік болса немесе аспап фигураның сыртында қалып қалса, сол фигураның сыртындағы кеңістік боялады, ал ондай фигура болмаса жұмыс алаңы тұтас боялады.

 Масштаб аспабы

Бұл аспап жұмыс алаңындағы суреттің масштабын 200%, 400%, 600%, 800% -ке үлкейту мүмкіндігін береді.Аспапты таңдап алғаннан кейін, саймандар тақтасының төменгі жағында пайда болған тізімнің қажеттісінде тышқанды шерту жеткілікті. Сондай-ақ осы әрекетті Түр – Масштаб – Таңдау командасын орындағанда ашылған сұхбат терезеде қажетті өрісті белгілеу арқылы да іске асыруға болады. Суреттің масштабын үлкейту арқылы көзге көрінбей тұрған кейбір үзік сызықтарды көруге болады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 29; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.236 (0.007 с.)