Сызықтар мен доғалар 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сызықтар мен доғалар

 3.2. Сызықтар мен доғалар

 

Paint редакторы аспаптарының көмегімен белгілі бір қалыңдықпен берілген түзу сызықтар мен доғалдарды сызуға болады.

Негізгі түспен түзі сызық үшін мынадай әрекеттер орындалады:

­ сызықтың қалыңдығын тағайындау және Түзу сызық аспабын таңдау;

­ курсорды бастапқы нүктеге апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басу;

­ батырманы басулы күйінде ұстап тұрып, курсорды сызықтың соңғы нүктесіне ауыстыру;

­ батырманы босату.

Осылардың нәтижесінде экран бетінде негізгі түспен сызылған түзу сызық пайда болады.

Егер тік немесе көлденең сызықтарды сызғыңыз келсе, онда сызу кездерінде сол жақ батырмамен бірге Shift пернесін басыңыз.

Доға сызу үшін аздап машықтану керек. Алдымен сызық қалыңдығын тағайындап, Доға сызатын аспапты таңдаңыз. Сонан кейін мына әрекеттерді орындау қажет:

­ жоғарыда айтылғандай түзу сызық жүргізу (түзу сызықтың соңғы нүктелері салынатын доғаның шеттерімен дәл келуі тиіс);

­ түзудің ортасындағы белгілі бір нүктеге курсорды жеткізіп, тышқанның сол жақ батырмасын басып оны басулы күйінде ұстап жібермей, курсорды доғаның контуры ойыңыздағыдай болғанша көлденең бағытта орын ауыстыру керек;

­ батырманы босату керек.

Экран бетінде берілген қалыңдықта негізгі түспен сызылған доға пайда болады. Егер доға ойдағыдай болып шықпаса, онда бірнеше рет қайталап бірінші салынған доғаңызды өзгертуге тырысыңыз.

4. Мәтін енгізу

 

Әріптер мен цифрларды, сондай-ақ арнайы символдар бейнесін Paint ортасында Қылқалам мен Біліктің көмегімен әркім өзі-ақ қолмен салуы мүмкін. Бірақ бұл біраз еңбектенуді талап ететін іс, сондықтан редакторда суреттік бейнелер көрінісіне мәтіндік фрагменттер қосу тәсілі енгізілген. Ол үшін  Мәтін аспабы қолданылады.

Мәтін теру кезінде курсор пішіні қарапайым редакторлардағы сияқты енгізу курсорына ұқсас түрге айналады. Енгізу курсорын сіздер кездестірдіңіздер. Мәтін енгізуді бастау курсорды суреттің белгілі бір нүктесіне апарып, тышқанды шерту арқылы іске асад. Сол сәтте экранға жыпылықтап тұратын енгізу курсоры шығады да, ол мәтін фрагментін енгізуді бастауға болатынын білдіреді. Мәтін негізгі түспен енгізіледі, енгізу барысында әдеттегідей BackSpace, Delete пернелерінің көмегімен символдарды жоюға болады. Жаңа жолға өту үшін Enter пернесін басу керек. Мәтіндік информацияны енгізуді тоқтату кез келген сәтте тышқанды бос кеңістікте шерту арқылы орындалады.

Егер енгізіліп жатқан мәтіннің қарпін, оның өлшемдерін, стилін өзгерткіңіз келсе, енгізу режимін тоқтатпай-ақ (тышқанды шерткенге дейін) менюдің Мәтін   командасы арқылы өңдеп - түзетуге болады. Мәтін менюінің ішкі командаларын таңдау арқылы қаріпті көлбеу етуге, қарайтып жазуға, астын сызуға немесе түрлі түсті етуге де болады. Мәтін → Қаріптер ... командасын таңдау арқылы сұқбат терезесінде Windows жүйесінің қаріптерінің кез келгенін таңдай аласыз, сондай-ақ оның мөлшері мен стилін де тағайындай аласыз. Енгізу барысында негізгі түсті өзгертуге де болады (сол сәтте экрандағы таңбалар түсі өзгеруі тиіс).

Мәтіндегі барлық өзгертулер тек енгізу режимінде орындалатынын есте сақтаңыздар. Тышқанды шертіп режимді аяқтасақ, мәтін суреттік объектіге айналып кетеді!

 Жазба аспабы

  Бұл аспап графикалық редакторда мәтін енгізу үшін қолданылады. Осы батырмада тышқанды шерткенненкейін қосу таңбасына айналған курсорды жылжыта отырып, тік төртбұрыш сызамыз. Тік төртбұрыштың ішінде тышқанды шерткен соң, оған мәтін енгізуге болады. Мұнда Windows жүйесінде тағайындалған барлық қаріптерді қолдану мүмкіндігі бар. Жазба аспабын таңдағаннан кейін экранда автоматты түрде Қаріптер саймандар тақтасы пайда болады. Егер бұл тақта шықпаса Түр командасының Мәтін атрибуттарының тақтасы бөлімін таңдаймыз. Бұл саймандар тақтасында қаріп түрін, көлемін, сызылымын белгілей аламыз.

2-сурет. Қаріптер саймандар тақтасы



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 31; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.006 с.)