Мемлекеттiк зоологиялық парктердi пайдалану ерекшелiктерi
Мемлекеттiк зоологиялық парктердi пайдалану ерекшелiктерi
1. Мемлекеттiк зоологиялық парктер ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады.
2. Мемлекеттiк зоологиялық парктердегi ғылыми зерттеулер жануарларды қамап немесе жартылай еркiндiк жағдайында ұстау мен өсiру саласында жүргiзiледi.
Мемлекеттiк зоологиялық парктер ғылыми деректер банкiн, қорлар, мұражайлар, лекторийлер, кiтапханалар мен мұрағаттар құрып, ғылыми, ғылыми-көпшiлiк және осы мекемелер қызметiнiң мәселелерi бойынша басқа да әдебиет шығара алады.
3. Мемлекеттiк зоологиялық парктердiң қосалқы шаруашылықтары, шеберханалары, зоологиялық дүкендерi және осы мекемелер бағдарына сәйкес келетiн шаруашылық қызметке қажеттi басқа да объектiлерi болуы мүмкiн.
Сұрақ атауы 2 Мемлекеттік ботаникалық бақтар
Мемлекеттiк ботаникалық бақтар
Мемлекеттiк ботаникалық бақ ұғымы
1. Мемлекеттiк ботаникалық бақ - өсiмдiктер дүниесiн қорғауға, молықтыруға және пайдалануға арналған, табиғат қорғау және ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң мәртебесi бар және өңiрлер бойынша сараланған қорғау режимiндегi ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтардың жергiлiктi және республикалық маңызы болуы мүмкiн.
Мемлекеттiк ботаникалық бақтарды өңiрлерге
бөлу және оларды қорғау ерекшелiктерi
1. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарға тұрақты пайдалану үшiн белгiленген тәртiппен жер учаскелерi берiледi.
2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар мынадай
1) экспозициялық - өсiмдiктердi егуге және оларды келушiлерге көрсетуге арналған;
2) ғылыми - ғылыми зерттеулер жүргiзуге арналған;
3) қорықтық - табиғи өсiмдiктердiң бiрегей, типтiк және сирек кездесетiн топтарын сақтауға арналған;
4) қоғамдық - келушiлерге қызмет көрсетуге арналған;
5) әкiмшiлiк және өндiрiстiк-шаруашылық өңiрлерге бөлiнедi.
3. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда олардың мiндеттерiн орындаумен байланысты емес және оларда өсiрiлетiн өсiмдiктердiң жойылуына әкелiп соғуы мүмкiн кез келген iс-әрекетке тыйым салынады.
|