Мемлекеттiк өкiмет органдарының ерекше қорғалатын табиғи 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Мемлекеттiк өкiмет органдарының ерекше қорғалатын табиғи

Поиск

Жоспар.

  1. Қазақстан Рсепубликасы Үкіметінің құзіреті.
  2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның құзіреті.
  3. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар өзге де орталық атқарушы органдардың құзіреті.
  4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының құзіреті.

Мемлекеттiк өкiмет органдарының ерекше қорғалатын табиғи

аумақтар саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында:

Ø бiртұтас мемлекеттiк саясаттың негiзгi ережелерiн, оны жүзеге асырудың стратегиялық және тактикалық шараларын әзiрлейдi;

Ø мемлекеттiк бағдарламалар жасап, оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады;

Ø министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және Үкiмет құрамына кiрмейтiн өзге де орталық атқарушы органдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылық етедi, олардың заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн орындауын қамтамасыз етедi;

Ø республикалық және халықаралық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн бекiтедi;

Ø жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызудың және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру үшiн жер резервiн жасаудың тәртiбiн белгiлейдi;

Ø ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытудың бағдарламаларын бекiтедi;

Ø республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастырады;

Ø ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы бейтарап үй-жайларды, ғимараттар мен объектiлердi бұзудың (көшiрудiң), барлық санаттағы жердiң есебiнен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және оларды кеңейту үшiн жер учаскелерiн алып қоюдың (сатып алудың), ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жер учаскелерiн, үйлер мен ғимараттарды ғылыми, туристiк және рекреациялық қызмет үшiн жалға берудiң тәртiбiн белгiлейдi;

Ø ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк қорлары туралы ереженi бекiтедi, осы аумақтарды және өздерi көрсететiн қызметтi пайдаланғаны үшiн ақы алудың тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi;

Ø ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;

Ø ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың қызмет тәртiбiн белгiлейдi;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 72; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.006 с.)