Мемлекеттiк табиғи резерваттарды ұйымдастыру және
Мемлекеттiк табиғи резерваттарды ұйымдастыру және
басқару ерекшелiктерi
Мемлекеттiк табиғи резерваттар жұмыс iстеп тұрған мемлекеттiк табиғи қорықтар мен мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер негiзiнде құрылуы немесе олар бiртұтас басқарудағы кешендi ерекше қорғалатын табиғи аумақ болып бiрiктiрiлуi мүмкiн.
Мемлекеттiк табиғи парктер
Мемлекеттiк табиғи парк ұғымы
Мемлекеттiк табиғи парк мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң нақ сондай мiндеттер қойылатын және нақ сондай қызмет атқаратын, бiрақ жергiлiктi маңызы бар табиғат қорғау мекемесi мәртебесiндегi ерекше қорғалатын табиғи аумақ санатына жататын түрi болып табылады.
Сұрақ атауы 3
Мемлекеттiк табиғи парктердi өңiрлерге
бөлу және оларды пайдалану ерекшелiктерi
1. Мемлекеттiк табиғи парктерде өңiрлер мемлекеттiк ұттық табиғи парктер сияқты бөлiнедi.
2. Мемлекеттiк табиғи парктер мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер сияқты тәртiппен және нақ сондай жағдайларда пайдаланылады.
3. Қарамағында Мемлекеттiк табиғи парктер бар атқарушы органдар нақты табиғи және әлеуметтiк-экономикалық факторларды, сондай-ақ жергiлiктi халықтың мүдделерiн ескере отырып, осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс iстеуiнiң жеке ерекшелiктерiн белгiлеуге қақылы.
Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi
Мемлекеттiк табиғат ескерткiшi ұғымы
1. Мемлекеттiк табиғат ескерткiшi - мемлекеттiк табиғи-қорық қорының жекелеген объектiлерiн табиғи қалпында сақтауға арналған, қорық режимiндегi ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
2. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi зоологиялық, ботаникалық, орман, дендрологиялық, гидрологиялық, геологиялық, геоморфологиялық, гидрогеологиялық, топырақты, ландшафты және кешендi болуы мүмкiн.
3. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң жергiлiктi және республикалық маңызы болуы мүмкiн.
|