Мемлекеттiк табиғи резерваттар
Мемлекеттiк табиғи резерваттар
Мемлекеттiк табиғи резерват ұғымы
1. Мемлекеттiк табиғи резерват - осы аумақтағы ландшафттық және биологиялық алуан түрлiлiктi сақтауға және қалпына келтiруге, табиғи ресурстардың тұрақты дамуы мен теңгермелi пайдаланылуын қамтамасыз етуге арналған әртүрлi қорғау режимдерi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
2. Мемлекеттiк табиғи резерваттардың республикалық маңызы бар санаты болады.
Мемлекеттiк табиғи резерваттардың аумақтарын
аймақтарға бөлу және оларды қорғау режимiнiң
ерекшелiктерi
Мемлекеттiк табиғи резерваттарда мынадай функционалдық аймақтар бөлiп көрсетiледi:
1) қорық ядросының аймағы дегенiмiз адамдардың араласуынан неғұрлым аз бұзылған қорық режимiнде қорғалатын, ландшафттық және биологиялық алуан түрлiлiгiн табиғи даму жағдайында сақтауға арналған аумақ бөлiгiн бiлдiредi;
2) буферлiк аймақ қорық ядросының айналасында құрылады, заказдық режимi болады және ядро аймағына шаруашылық және рекреациялық қызмет ықпалын төмендетуге арналған;
3) бұзылған ландшафттарды қалпына келтiру аймағы дегенiмiз табиғи қалпына келу әлеуетi төмен, қатты тозып кеткен полигон-учаскелердi бiлдiредi әрi олардың ландшафттық және биологиялық алуан түрлiлiгiн қайта жандандыру, сондай-ақ шаруашылық маңызын қалпына келтiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға арналған. Қалпына келтiру аймағында қорық немесе заказдық қорғау режимi болады;
4) мемлекеттiк табиғи резерваттың тұрақты даму аймағының ерекше қорғау режимi болмайды және ол жер пайдаланушылардың жерлерiн алмай құрылады. Сонымен қатар, ол аймақтың аумағында ядро аймағындағы және табиғи резерваттың буферлiк аймағындағы қоршаған ортаға жағымсыз өзгерістер әкелуі мүмкiн шаруашылық қызметтiк барлық түрiне тыйым салынады. Бұл аймақта табиғи ресурстарды теңгермелi пайдалану принциптерiне негiзделген ауыл және орман шаруашылығының, жергiлiктi кәсiпшiлiк пен туризмнiң ұтымды нысандарын дамытуға басымдық берiледi.
|