Модуль 2. 30-ші жылдарда құрылған мемлекеттік табиғи қорықтар 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Модуль 2. 30-ші жылдарда құрылған мемлекеттік табиғи қорықтар

Поиск

4 Дәріс. Аксу-Жабағылы табиғи қорығы.

Ақсу-Жабағылы қорығы — Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасына орналасқан.[1] Ол 1926 ж. құрылған. Құрамында Қаратаудағы «Қарабастау» (126 гектар) және «Әулие» (100 гектар) телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007). Қазір Ақсу–Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.

Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу – Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді. Өсімдіктер дүниесі әралуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас уқорғасыны), техникалық өсімдіктен: арша, рауғаш, итқұмық, таран, жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген, жем-шөптік өсімдіктен жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл, реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендіршесі, Қаратау сетені түрлері бар. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.); құстардың 238 (гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарыторғай, ителгі, шымшық, т.б.); бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сарыбауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері осы өңірде қоныстанған. Ақсу – Жабағылы қорығы – табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі.

Ақсу-Жабағылы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық. Теңіз деңгейінен 1000 м-ден 4280 м аралығындағы биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Негізгі биік аймақтары өзінің таңқаларлық бейнелерімен жартылай шөлейттер ылғалды жазықтармен алмасып аршалы ормандарына өтеді. Ылғалды даладағы бай жазықтар аршалармен астасып жатқан жіңішке бұталардың өсуіне қолайлы жағдай туғызған. Көздің жауын алатын қатаң қарлы шыңдардың бөктерінде түрлі түсті альпі гүлдері жайқалып өскен. Ақсу-Жабағалы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны. Бұл жерден тау қойын, ешкісін, маралдарды және еліктерді, сілеусіндер мен қар қабыландарын, қасқырлар мен түлкілерді, аюлар мен тағыландарды, ақкүмістерді таба аласыз. Осы жерлерді сарышұнақтарды да көруге болады.

Құстар әлемі өте бай. Жоғары аспанда мұртты грифтер, грифондар, жыланбүркіт пен алтын қырандар қалықтайды. Тасты жартастардың арасынан тау кекіліктерінің ұяларын, қар арасынан тылсым қар әтештерін кездестіресіз. Жапырақты орман көлеңкесінде от жалыны тәріздес шыбын ұстағыш қараңдайды. Тоқылдақтың ысқырған дауысы сыбызғының әнін еске салады. Күн сәулесі ойнаған жазық далаларында көбелектер ойнайды, арасынан сирек кездесетін Аполло көбелектерін де көруге болады. Өсімдіктер әлемі таңқаларлық. Кішкентай тас ағашы өзінің тамыр жаюымен белгілі. Амарантус Грандифолия өсімдігі бағалы майға толы. Грейг қызғалдақтары тау алаңқайларында қызыл жалындай жарқырайды. Қызғылтым флокулаларға Қоқанд Моринасының жеңіл гүлдері жиналады.

Қорық ландшафтысы көркем және тылсым. Жазықтар мен алаңқайлар биік шыңды тауларға алмасып, жартасты шатқалдармен қиылысады. Өзендері терең шатқалдарға құйылып, ақырған сарқырамаларды түзейді. Түпсіз көгілдір мұздай тау көлдерінде аспан айнадай шағылысады.

Теңіз деңгейінен 3,000м биіктікте орналасқан қол жеткізбес ұңғымаларда тастарға ойылып түсірілген көптеген бейнелерден тұратын «сурет галлереясын» табуға болады. Оларда үй және жабайы жануарлар, ежелгі адамдардың аң аулауы бейнеленген.

Ақсу-Жабағылының сазды топырағында палеонтологтар тасқа айналған өсімдіктердің, жәндіктердің, балықтардың және кесірткелердің іздерін тапқан

2 Сұрақ атауы.

Өсімдіктер дүниесі әр алуан. Онда мүіктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас қорғасыны; техникалық өсімдіктерден: арша, рауғаш, таран; жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген; жемшөптік өсімдіктерден: жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде; эндемик өсімдіктерден: талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, майысқыш қия, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл; реликті өсімдіктерден: Минквиц кендіршесі, жалған масақша, Қаратау сетені) түрі бар. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.); құстардың 238 (гималау ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарытоғай, ителгі, шымшық, т.б.); бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сары бауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан, т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және өзендерінде балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері бар. Қорықта ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі. Ғалымдардың қорықтың табиғат байлықтары жөнінде 400-ден астам еңбектері жарияланды.

Ақсу-Жабағылы – елімізде ең бірінші құрылған қорық. Қазақ қорықтарының ең әуелгісі. Алаш ардақтыларының ақыл-парасатына, алыстан ойлап, тереңнен түйсіне білгеніне қайран қаласыз. Орталық Азиядағы, қала берді Қазақстандағы айрықша аймақ, бүкіл дүние жүзіндегі бірегей аумақ саналар Ақсу-Жабағылы қорығының құрылу қайнарының бастау көзінде Тұрар Рысқұлов тұрды. Жиырма­сыншы жылдың шіліңгір шілдесінде Талас Алатауының тармақтарына Ташкент университетінен ғалымдар жіберіле бастады. “Музейлер мен ескілік ескерткіштерін, өнер және табиғат байлықтарын қорғау жөнін­дегі Түркістан комитеті” тарапынан 1922-1923 жылдары Түркістан өлкесінің ерекше ендіктері ретінде Тәңіртаудың таңғажайып тұсы жан-жақты зерттеле түсті. Жиырма бесінші жылғы ақпан айында Ақсу-Жаба­ғылы қорығын құруды жедел түрде қолға алу туралы шешім шығарылды. Жиырма ал­тыншы жылдың шілдесіне дейін тыным­сыз жұмыс жүргізілді. Көп ұзамай-ақ Қазақ АКСР басшылығы Ақсу-Жабағылы қорығын құру туралы қаулы қабылдады. Оны Мәскеудегі Михаил Иванович Калинин мен Тұрар Рысқұлов бекіткен.

Сұрақ атауы 3

Ақсу-Жабағылы қорығы Ауыл шаруа­шылығы министрлігінің арнайы комитетіне қарайды. Елу үш адам еңбек етеді. Күзет бөлімі, экологиялық ағарту және туризм бөлімі, ғылым бөлімі, қаржы және ұйымдастыру бөлімі бар. Он бес кордонның мемлекеттік инспекторлары отбасыларымен бірге тау түкпірлерінде тұрады. “Барлық кордондар күрделі жөндеуден өткізілген, байланыс құралдары, басқа да жағдайлар жасалған, – дейді қорықтың қазіргі директоры Айтбек Меңлібеков мырза. – Қорықтың бас кеңсесін, мұражайды, тағы басқа ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізгеніміз ЮНЕСКО қамқорлығы ая­сын­да бөлінген қомақты қаржының арқасы”.

Қорық басшылығының құрамында Рашид Әбдірайымов, Вагид Мамедов, Халида Қойлыбаева сынды тәжірибелі мамандар бар. Аға ғылыми қызметкер Елена Чаликованың орны ерекше. Жиырма жылдан бері осында еңбектеніп келеді. Зертханашы Анарқұл Қарақұловтың алпыс жасқа толуы аталып өтіп жатыр екен. Біз барғанда. Қырық екі жылын қорық қарекетіне жұмсапты.

“Аңдарды жылына үш мәрте санақтан өткіземіз, — дейді ғылыми қызметкер Ера­лы Қаспақов. – Биотехникалық шаралар­дың ең маңыздысы осы. Көктемде бір күндік санақ жүргізіледі. Бағыттар бойынша. Күзде үш күндік санақ. Бүкіл аумақты атпен аралаймыз. Үшінші санақ алғашқы қардағы аңдардың іздері бойынша өткізіледі. Қанша аю, қанша арқар мен тауешкі, неше елік пен марал, қанша қабан мен қар барысы, тағысын-тағылар бар екенін айтпаймыз (Ералы жымиып қояды). Соңғы бес жылда біраз-біраз өсу байқалуда. Соған қуанамыз”. Баяғы, отыз жетінші жылы аршалы алқаптары ғана қосылған Майдантал аймағы 2005 жылы тұтастай қорыққа қаратылыпты. Ең қиырдағы өңір – осы. Оңтүстігінде Өзбекстан, шығы­сында Қырғызстан жатыр. Майданталға бару мүмкіндігі тек жазда туады. Ол жақта осы уақытқа дейін толыққанды санақ жүр­гізілмепті. Былтыр Ералылар Майданталда барыстың аналығын және аланын (күшігін) көріпті. Екі жүз елу метрдей жерден. Бұл жақтың барысына қарағанда сұрғылттау, теңбілдері жиілеу, құйрықтары қайқылау сыңайлы сезіліпті. Сол сапарда қорықшы­лар арқарды да жиі жолықтырыпты. Бұрын Майданталда арқар жоқ деп есептелетін.

Қорық қызметкерлерінің арасында атқарар жұмыстарына қарай ағылшын тілін меңгергендер баршылық. Экологиялық он бағыт бойынша үш соқпақпен саяхат жасалады. Көбінесе жаяу. Атпен жүретін арнайы бағдарлар белгіленген. Темір көлік бағыттары да тәптіштелген. Туристік бағытпен келген қанша адам болсын, тіпті жалғыз жетсе де, жанына экскурсиялық жетекші-нұсқаушы ілеседі. Шетелдік туристер, әсіресе, Ақсу каньонына көбірек қызығады. Табиғи күйінде сақталған тауды, Ақсудың арналарын, Жабағылы жықпылда­рын, көбелектер мен құстарды, арша мен қызғалдақты, гүлдер мен өзге де ағаштарды таңырқай тамашалап: “Фантастиш!” деп бастарын шайқап, қайран қалып қайтады. Жабағылы ауылындағы Евгений Белоусов­тың қонақ үйі, голландиялық күйеу бала Ламерт Бистің “Руслан” туристік тұрағы, “Бейбарыс” бірлестігінің базасы, Светлана Баскакованың үкіметтік емес ұйымы шетелдіктерге, өзге де саяхатшыларға қызмет етеді.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары 

1. Аксу-Жабағылы табиғи қорығының жалпы сипаттамасы.

2.  Аксу-Жабағылы табиғи қорығының флорасы.

3. Аксу-Жабағылы табиғи қорығының фаунасы.

4. Аксу-Жабағылы табиғи қорығының маңызы.

 

Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Сәтімбеков, Р. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік: оқу құралы / Р. Сәтімбеков.- Алматы: Эверо, 2015.- 471б.
  2. Реймере Н.Штильмарк Ф. Особо охраняемые природные территорий.    М.Мысль.1978. 259с.
  3. К.П. Филонов. Ю.Д. Нухимовская. Летопись природы в заповедниках                         СССР методическое пособие М к наука, 1990.215c
  4. Заповедное дело в Казахстане. Алма-Ата,Наука 1982-215c.
  5. Биосферные заповедники» современное состояние и перспективы                      развития (тезисы докладов),Пушкино 1981-137c.
  6. Заповедники и национальные парки мира.М к Наука.1959-238c.
  7. Географическое размещение заповедников РСФСР и организация их деятельности.М.1981.-137c.
  8. Закон РК Об особо охраняемых природных территориях. (c изменениями и дополнениями по состоянию на 17.07.2009г.).
  9. Қазақстан қорықтары. Т.1.- Алматы: Санат, 2007.- 485б.
  10. Қазақстан қорықтары. Т.2.- Алматы: Санат, 2007.- 471б.
  11. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары/ Құраст.: А.А. Иващенко.- Алматы: Алматыкітап, 2006.- 283 б.
  12. Қазақстан табиғаты. 3 том. Қ -М / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 302б.
  13. Қазақстан табиғаты. 4 том. М - С / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012.- 303б.
  14. Алыбаева, Р.А. Құрлықтық және су экожүйелерін қорғау: [оқу құралы] / Р.А. Алыбаева.- Алматы: Бастау, 2013.- 342б.

5 Дәріс.Алматы табиғи қорығы.

Алматы мемлекеттік табиғи қорығы 1931 жылдың 15-мамырында құрылды. Алматы мемлекеттік табиғи қорығы Алматы облысында, Іле Алатауының орталық бөлігінде орналасқан. Қорық ауданы 73325 мың гектар жерді құрайды. Мұнда 92 мұздық бар. Мысалы, Дмитриева мұздығының ұзындығы 5,14 км және ені 18,8 шаршы км. Талғар массиві Алматы қорығына қарайды. Ең биік нүктесі - Талғар шыңы, биіктігі 5017 метр. Ірі өзендері: Шілікті, Ыстық, Талғар. Өзендердің барлығы Іле Алатауынан бастау алады. Ірі көлдері - Ақкөл, Бозкөл көлдері. Қорықққа Іле Алатауы мен жағасында құмды шөлі бар, Іле өзенінің атақты "әнші тауы" Аққұм-Қалқан жатады. Қорықта шамамен отызға жуық кішігірім (0,1 га - 3,8 га) мұзды көлдер бар. Олардың барлығы уақытша ағын су арнасында жатыр. Бұл көлдер негізінен еріген сулармен қоректенеді. Бұл көлдер терең және едәуір көлемді су жинақтайды. Алматы мемлекеттік табиғи қорығы жалпақ жапырақты және шыршалы ормандар, альпілік шалғындар белдеуі, шатқалдар мен көлдер бойынша өтетін экологиялық маршруттарымен келушілер мен туристерге өте қызықты болып табылады. Қорықтың өсімдіктер дүниесі өте бай. Қорықта табиғат мұражайы бар. Мұражай 1967 жылы құрылған. Мұнда 300-ден астам көрме қойылымдары жинақталған. Қорықтың негізгі мақсаты: Іле Алатауының орталық бөлігінің табиғи кешендерін сақтау. Соның ішінде өсімдік және жануарлар дүниесінің нысандарын сақтау, бұл кешендердің табиғи даму заңдылықтарын зерттеу.

Қорық климаты Солтүстік Тянь-Шаньға тән шұғыл континентті. Негізгі ерекшелігі – күн радиациясының едәуір мөлшері мен атмосфера циркуляциясының күрделі маусымдық сипаты. Таудың орта зоналарында климат қоңыржай континентті. Орташа жылдық ауа температурасы төменгі бөлігінде 6°С-8°С-тан 0,8°С-қа дейін ауытқып отырады. Минималды орташа айлық температура қаңтарда, төменгі бөлігінде -4°С, -3°С, ал жоғарғы бөлігінде -9°С-қа дейін төмен болады. Максималды ауа температурасы шілдеде 18,1°С-қа дейін жоғары. Аязсыз мезгіл ұзақтығы 145 күнді құрайды. Жауын-шашын мөлшері орташа жылына 830-870 мм, соның ішінде жылы мезгілде 570-640 мм. Ылғалдылық коэфициенті төменнен жоғарыға қарай 1,15-тен 1,95-ке дейін өзгереді. Қар жамылғысы 160-190 күн жатады, қалыңдығы 60-80 см. Жаздың басы салқын болып келеді, Күн жақсы түседі, бірақ ыстық болмайды. Шілде мен тамызда жауын-шашын аз түседі, кейде, құрғақшылық кезең болады. Қыркүйектің соңына қарай күз мезгілі айқын байқалады. Орташа тәуліктік температура шұғыл төмендей бастайды. Алғашқы қар тау етегіне қараша айының басына қарай түседі, ал 2500 м биіктіктен бастап қыс мезгілі орнығады. Қорықтың биік таулы аймақтарында жаздың өзінде салқын ауа райы орнығады. Жазы қысқа, ауа райы тұрақсыз, ауыспалы болып келеді. Орташа тәуліктік температура шілдеде 5-8°С, күндізгі ең жоғарғы температура 18-20°С. Вегетациялық мерзім қысқа: 53 күн. Қыс мезгілі қаңтардың басында орнайды. Орташа ауа температурасы қаңтарда -10,2-13,9°С, ал минималды қаңтар айының температурасы -34°С. Қар жамылғысының қалыңдығы 65-90 см.

Сұрақ атауы 2

Қорық флорасы 930 түрден тұрады. Қорық аумағында 13 ағаш, 4 бұта, 3 лиана, 79 біржылдық, 50 екіжылдық және көпжылдық өсімдіктердің 712 түрі бар. Қорық эндемиктері: Альберт сарыгүлі, Мушкетов ақтікені, алматы кекіресі, Семенов кортузасы, алатау бөденегүлі, алматы сарыжапырағы, сарышатыр және т.б. Солтүстік Тянь-Шань эндемиктерінің 15 түрі бар: тянь-шань көкнәрі, ақбасшөп, алматы доланасы, талғар кекіресі, іле көбенқұйрығы, жоңғар үлпілдегі, іле жусаны, жаушымылдық, Островский қызғалдағы және т.б. Қорық флорасы өсімдіктерге бай: Шренк шыршасы, кавказ қаңқасы, алтын жанаргүл, қызыл қоңыр сарғыштық, Сиверс алма ағашы, жасыл құлпынай, кәдімгі өрік, Шмальгаузен ақтаспасы және т.б. Ерекше көңіл мен қорғауды қажет ететін өсімдіктерге ортаазиялық және палеарктикалық түрлер жатады. Олар: сүйелді қайың, орман құлпынайы, қызғылт радиоласы және т.б. Қорық өсімдіктерінің бес түрі әлемнің Қызыл кітабына енген: мұздық ботташық, Островский қызғалдағы, Кауфман иконниковиясы, Мушкетов ақтікені, Семенов кауфманиясы, ал 23 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген: Колпаковский қызғалдағы, Колпаковский иридодиктиумы, Виттрок рауғашы, сарғылт жанаргүл және т.б

Сұрақ атауы 3

Қорық фаунасы өзінше алуан түрлі. Мұнда ортаазиялық таулы түрлер тараған. Бұл жерді көптеген орман, еуропалық жазықтық және жерортатеңіздік түрлер мекендейді. Қорықта 194 түрлі аң, оның ішінде 38 сүтқоректілер, 148-ге жуық құстардың түрлері, 7 бауырмен жорғалаушылардың түрлері және бірнеше мың түрлі жәндіктер мен буынсыз жәндіктер кездеседі. Қорықта құстардың шамамен 200 түрі бар. Олар: алпілік ұзақ, сақалтай, құр, қаршыға үкі, орманды байғыз, кекілік, балқарағай торғайы, үш ашалы тоқылдақ, қайшыауыз торғай, барылдақ торғай, сазан және т.б. Сирек және жойылып бара жатқан түрге гималайлық ұлар жатады. Қазақстанның Қызыл кітабына енген түрлер бүркіт, сақалтай, көкқұс. Қорықта орман тышқандары өте көп. Мұнда дала тышқандарын да кездестіруге болады. Тышқан тектес кемірушілер жоғарыға көтерілген сайын сирей түседі. Альпілік шалғынында сұр суырды кездестіруге болады. Сонымен қатар мұнда қоңыр аю мекендейді. Қорықтағы аю саны тұрақты: 20-25 бас. Қар барысы негізінен альпілік белдеуде, тек қыс мезгілінде ғана кездеседі. Шыршалы ормандарда, саны шамамен онға жететін түркістан сілеусіні тіршілік етеді. Қорық аумағында сондай-ақ келесі жануарлар түрі кездеседі: қасқыр, түлкі, борсық, марал, сібір тау текесі, елік, қабан, суыр және т.б. Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін жануарлар: тянь-шань қоңыр аюы, тянь-шань тау арқары, тас сусары, ортаазиялық өзен кәмшаты, түркістандық сілеусін, ақ барыс. Ақырындап марал саны өсуде. Қорықта, негізінен шыршалы ормандарында саны онға дейін жететін, жайылып жүрген маралдарды көруге болады. Мұнда жалпы саны шамамен 120-ға жететін бұғылар тіршілік етеді. Жапырақты ормандарды борсық мекендейді.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Алматы табиғи қорығының жалпы сипаттамасы.

2.  Алматы табиғи қорығының флорасы.

3. Алматы табиғи қорығының фаунасы.

4. Алматы табиғи қорығының маңызы

 

Өзін-өзі баұылау сұрақтары:

  1. Қазақстан Рсепубликасы Үкіметінің құзіреті.
  2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның құзіреті.
  3. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар өзге де орталық атқарушы органдардың құзіреті.
  4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының құзіреті.

 

Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Сәтімбеков, Р. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік: оқу құралы / Р. Сәтімбеков.- Алматы: Эверо, 2015.- 471б.
  2. Реймере Н.Штильмарк Ф. Особо охраняемые природные территорий.    М.Мысль.1978. 259с.
  3. К.П. Филонов. Ю.Д. Нухимовская. Летопись природы в заповедниках                         СССР методическое пособие М к наука, 1990.215c
  4. Заповедное дело в Казахстане. Алма-Ата,Наука 1982-215c.
  5. Биосферные заповедники» современное состояние и перспективы                      развития (тезисы докладов),Пушкино 1981-137c.
  6. Заповедники и национальные парки мира.М к Наука.1959-238c.
  7. Географическое размещение заповедников РСФСР и организация их деятельности.М.1981.-137c.
  8. Закон РК Об особо охраняемых природных территориях. (c изменениями и дополнениями по состоянию на 17.07.2009г.).
  9. Қазақстан қорықтары. Т.1.- Алматы: Санат, 2007.- 485б.
  10. Қазақстан қорықтары. Т.2.- Алматы: Санат, 2007.- 471б.
  11. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары/ Құраст.: А.А. Иващенко.- Алматы: Алматыкітап, 2006.- 283 б.
  12. Қазақстан табиғаты. 3 том. Қ -М / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 302б.
  13. Қазақстан табиғаты. 4 том. М - С / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012.- 303б.
  14. Алыбаева, Р.А. Құрлықтық және су экожүйелерін қорғау: [оқу құралы] / Р.А. Алыбаева.- Алматы: Бастау, 2013.- 342б.

6 Дәріс.Наурызым табиғи қорығы.

Сұрақ атауы 1 Наурызым табиғи қорығы.

Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы – Қостанай облысы, Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік табиғи қорық. 1934 жылы ұйымдастырылды. Жалпы көлемі – 191 381 га, оның ішінде орманды алқап көлемі – 5 772 га, сулы алқап көлемі – 22 354 га. Оған Терсек (көлемі 4,7 мың га), Сыпсың (көлемі 7 мың га) және Наурызым (көлемі 37,2 мың га) орман алқаптары мен Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын көлдері енеді. Олардың үлесіне бетегелі-жусанды 5 мың га тың жазық дала кіреді.

Қорық орналасқан аумақтың климаты шұғыл континентті. Қысы суық, ызғарлы, жазы ыстық: температура айырмашылығы үлкен. Жылдық жауын-шашын мөлшері - 200 – 250 мм. Қаңтар айының орташа температурасы – 17-18°С, ең төменгі көрсеткіш – 45,7°С, шілденің орташа температурасы - 24,2°C, ең жоғарғы көрсеткіш - 41,6°C. Ауаның жылдық орташа температурасы - 2,4°C. Наурызым ауданында аязсыз кезеңнің орташа ұзақтығы – 131 күн (ең азы - 103 күн, ең көбі – 154 күн). Қыс айларында жауын-шашын мөлшерінің аздығымен, жер қабатының жоғары бөлігінің қатты мұздануымен ерекшеленеді. Тұрақты қар жамылғысы қараша айының аяғында түседі де, наурыз айының соңына қарай ери бастайды. Қатты аяздың және қар жамылғы мөлшерінің аздығынан топырақтың мұздануы 1 метр төмендіктен асады. Ол әдетте сәуірдің соңғы онкүндігінде толық еріп бітеді. Жылдың жылы кезеңінде антициклон ықпалы төмендейді. Бұл аймаққа маусымдық және жыл бойы жауатын жауын-шашын мөлшерінің қатты ауытқуы тән. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері - 233 мм, оның 30-40%-ы жаз айларында болады. Ауаның жылдық орташа салыстырмалы ылғалдылығы - 70%, бірақ 38-90, ал кейде 100 күнде ол 30%-ға дейін төмендейді. Күн шуағының ұзақтығы жылына 2000-2400 сағат

Сұрақ атауы 2

Қорықтың территориясында омыртқалы жануарлардың 351 түрі кездеседі: жыртқыш аңдардың 44 түрі, құстардың 290 түрі, балықтың 11 түрі және басқа жануар түрлері кездеседі. Сирек кездесетін құстардың 44 түрі бар: 36 түрі Қазақстанның, 23 түрі Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген. Қызыл кітапқа енгізілген ең маңызды түрлері тырна, сұр тырна, дуадақ, безгелдек, ақсұңқар, дала бүркіті болып табылады. Наурызым қорығының эмблемасы – аққу. Алайда, қорықтың символы бүркіт де бола алар еді – мұнда олардың 30 жұбы мекен етеді. Қорықтыңың ең әсем аңдары, Наурызым орманының көркі – еліктер. Қорықтың бірегейлігі – оның су-батпақтық жерлері құстардың ең үлкен миграциялық маршруттарында орналасқандығы және көші-қон құстардың патшалығы болып табылатындығы. Жүздеген мың арктика қаздары, үйректері, тырналары және өзге де құстар көктемде және әсіресе күзде көлге ұшып келеді. Мұнда тұяқтылардан қабан, кеміргіштерден суыр, қоян, жыртқыштардан қарсақ, түлкі, борсық, ақкіс кездеседі

Сұрақ атауы 3

Қорықтың флорасында өсімдіктердің 687 түрі тіркелген. Бореальды элементтер мен оңтүстік түрлері (бұйырғын, шеңгел, жібілген және басқалар) керемет үйлесімділік түзеді, олар қорықта таралу аймағынан алшақ кездеседі. Флораның жалпы құрамынан әр түрлі дәрежедегі сирек кездесетін 20 түрі бар. Өсімдік әлемінен Қазақстанның Қызыл кітабына 5 түрі кіреді: қырғыз қайыңы, жалпақ жапырақты шықшылдақ, Мұғалжар ақжапырағы, Шренк қызғалдағы, қатты жапырақты дұғаш. Қызыл кітаптың екінші басылымына ұсынылған тағы мынадай алты түр: қау боз, Биберштейн және жатаған қызғалдақтар, Фишер сүттігені, волга жанаргүлі, сарғылт құндызшөп бар. Бірнеше қазақстандық эндемиктер: Нина және қостанай таспасы, қазақстандық жебіршөп, ұзынжеміс сиякөк сынды өсімдіктер қызықты көрінеді. Ерекше қорғауды қажет ететіндердің барлығы флораның 125 түрі немесе флора түрлерінің 18%-ын құрайды (Иващенко, 1982). Ерекше түрі аққайыңдар – Солтүстік Қазақстан облысының эндемигі. Ол аумақтың шағын ғана бөлігінде өсіп, әлемнің ешбір жерінде кездеспейді. Сонымен қатар қорықтағы сор топырақта алуан түрлі қайың ағаштары,тек Қиыр шығыста кездесетін малюс боката алмасының жабайы түрлері өседі. Қорықта қарағай мен тірсек ормандары да кездеседі.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

1. Наурызым табиғи қорығының жалпы сипаттамасы.

2.  Наурызым табиғи қорығының флорасы.

3. Наурызым табиғи қорығының фаунасы.

  1. Наурызым табиғи қорығының маңызы.

 

Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Сәтімбеков, Р. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік: оқу құралы / Р. Сәтімбеков.- Алматы: Эверо, 2015.- 471б.
  2. Реймере Н.Штильмарк Ф. Особо охраняемые природные территорий.    М.Мысль.1978. 259с.
  3. К.П. Филонов. Ю.Д. Нухимовская. Летопись природы в заповедниках                         СССР методическое пособие М к наука, 1990.215c
  4. Заповедное дело в Казахстане. Алма-Ата,Наука 1982-215c.
  5. Биосферные заповедники» современное состояние и перспективы                      развития (тезисы докладов),Пушкино 1981-137c.
  6. Заповедники и национальные парки мира.М к Наука.1959-238c.
  7. Географическое размещение заповедников РСФСР и организация их деятельности.М.1981.-137c.
  8. Закон РК Об особо охраняемых природных территориях. (c изменениями и дополнениями по состоянию на 17.07.2009г.).
  9. Қазақстан қорықтары. Т.1.- Алматы: Санат, 2007.- 485б.
  10. Қазақстан қорықтары. Т.2.- Алматы: Санат, 2007.- 471б.
  11. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары/ Құраст.: А.А. Иващенко.- Алматы: Алматыкітап, 2006.- 283 б.
  12. Қазақстан табиғаты. 3 том. Қ -М / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 302б.
  13. Қазақстан табиғаты. 4 том. М - С / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012.- 303б.
  14. Алыбаева, Р.А. Құрлықтық және су экожүйелерін қорғау: [оқу құралы] / Р.А. Алыбаева.- Алматы: Бастау, 2013.- 342б.

 

7 Дәріс.Барсакельмес  табиғи қорығы.

Сұрақ атауы 1 Барсакельмес табиғи қорығы.

Барсакелмес қорығы Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Жалпы қөлемі 160,8 мың гектар. Осы көлемі жағынан Аралдың екінші аралы Қызылорда облысының Арал ауданы аумағының құрамына кіреді. Арал бойлық бағытта 30 шақырымға созылып жатыр, оның ауданы қазіргі кезде 300 шаршы шақырымнан асады және теңіз деңгейінің төмендеуінің үдеуіне байланысты үнемі ұлғаюда. Қорық құрудағы негізгі мақсат - жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау болып табылады. Соңғы жылдары жүргізілген биологиялық сынақтардың салдарынан және арал теңізінің тартылуына байланысты экологиялық жағдайы күрделеніп, қорықтағы біраз жануарларды Балқаш маңы жазығына көшіруге тура келді.

Барсакелмес қорығының тарихы 1929 жылдан, аралға жайрандар, сайғақтар, сұр қояндар, сұл шілдер, сырдария қырғауылдары әкелінген уақыттан басталады. 1939 жылы қорық құрылды. Оның ашылу сәтіне қарай мұнда 50-60 бас ақбөкен болған. 1953 жылы қорыққа Бадхыздан (Түрікменстан) құландар әкелінді. Осы жердің жағдайларына неғұрлым бейімделген ақбөкендер болып шықты. 1983 жылғы есептің деректері бойынша, аралды 230 ақбөкен, 160 қарақұйрық, 242 құлан мекендеген. Тұщы судың жетіспеушілігіне және теңіз суының тұздылығының артуына байланысты, құландарды аралдан біртіндеп әкету туралы шешім қабылданды. 1990-шы жылдардың аяғында арал материкке қосылды. Қалған жануарлар ішетін су көздерін іздеп, жағалауға ауды.

Жер бедері бойынша Барсакелмес аралы екі бөлікке бөлінеді. Оңтүстік бөлігі теңіз деңгейінен жоғары максималды көтерілуі 108 метрге дейін көтеріңкі үстірттен тұрады. Солтүстік бөлігі – төмендеу белесті жазық, уақытша су ағыстарының аңғарларымен тілімделген. Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс жағалары құм төбешіктер жолағымен көмкерілген. Батысында жолақтың ені 2 шақырымды құрайды, шығысында 200-440 метрге дейін тарылады. Оңтүстік-батыс және оңтүстік жағаларын біртіндеп теңіз бұзуда. Барсакелмес үшін үстіртте және төмендеген жазықта кең таралған қоңыр-сұр топырақтар сипатты. Кәдімгі тақыр-сортаңды (сорлы) топырақтар ең көп таралған. Климаты шұғыл континентті, құрғақ (жауын-шашынның жылдық орташа көлемі 128 мм). Шілдеде ауаның орташа температурасы +26°C (абсолютті максимум +44°C). Қаңтардағы орташа температура −13°C (абсолютті минимум −36°C).

Сұрақ атауы 2

Барсакелмес аралының жабықтұқымды өсімдіктерінің флорасына 172 туысқа және 46 тұқымдасқа жататын 257 түр кіреді. Алабұта тұқымдасының өсімдіктері басым - 41 түр. Олардың арасында қара сексеуіл, бұйырғын, баялыш секілді қуаңшылықты сүйетін түрлер бар. Ащышөптердің, алаботаның шөптесін түрлері, сондай-ақ құм және еркек бидайық, Лессинг бозы, баданалы қоңырбас, төбелік анисанта, түкті, шоқ жыңғыл кең таралған. Қара сексеуілден тұратын шөл ормандары аралдың көркі әрі көптеген жануарлар үшін экологиялық пана болып табылады. Әдетте олар биіктігі 2,5 – 3 метрден аспайтын шағын тоғайлар. Фауна айқын көрінетін шөлді сипатқа ие. Барсакелместің фаунасында 18 туыстың 61 тұқымдасына жататын 107 өрмекші түрі, құстардың 211 түрі, сүтқоректілердің 12 түрі бар. Бауырымен жорғалаушылардың арасында ең әдеттегісі тақыр батбаты. Сондай-ақ шіңкілдек жармасқы, Палластың боз жыланы, жебе жылан көп кездеседі. Құмдарда жылдам кесіртке кездеседі. Аралда аққарын ақтіс, қалқанқұлақ кірпі, кешкі маймұрын, сұр қалтауыз, құм саршұнағы, қасқыр, түлкі, сайғақ, жайран мен құлан, аралдың байырғы мекендеушілері – кішкене қосаяқ пен тарбаған мекендейді. Осыдан 74 жылдай бұрын көгілдір Аралдың айдынында пайда болған қорық біртіндеп құрып бара жатқан теңіздің ауыр тағдырына ортақтасуда. Барсакелмес қорығы мәңгіге Солтүстік Арал табиғатының эталоны, оның барлық өзгерістерінің шежіресі болып қала беруге тиіс. Оның ландшафттары, флорасы мен өсімдік жамылғысы, жануарлар әлмі, соның ішінде шөл тұяқтыларының бірегей кешені сақталып қалуға тиіс.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары 

1. Барсакельмес табиғи қорығының жалпы сипаттамасы.

2. Барсакельмес табиғи қорығының флорасы.

3. Барсакельмес табиғи қорығының фаунасы.

4. Барсакельмес табиғи қорығының маңызы.

 

Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Сәтімбеков, Р. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік: оқу құралы / Р. Сәтімбеков.- Алматы: Эверо, 2015.- 471б.
  2. Реймере Н.Штильмарк Ф. Особо охраняемые природные территорий.    М.Мысль.1978. 259с.
  3. К.П. Филонов. Ю.Д. Нухимовская. Летопись природы в заповедниках                         СССР методическое пособие М к наука, 1990.215c
  4. Заповедное дело в Казахстане. Алма-Ата,Наука 1982-215c.
  5. Биосферные заповедники» современное состояние и перспективы                      развития (тезисы докладов),Пушкино 1981-137c.
  6. Заповедники и национальные парки мира.М к Наука.1959-238c.
  7. Географическое размещение заповедников РСФСР и организация их деятельности.М.1981.-137c.
  8. Закон РК Об особо охраняемых природных территориях. (c изменениями и дополнениями по состоянию на 17.07.2009г.).
  9. Қазақстан қорықтары. Т.1.- Алматы: Санат, 2007.- 485б.
  10. Қазақстан қорықтары. Т.2.- Алматы: Санат, 2007.- 471б.
  11. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары/ Құраст.: А.А. Иващенко.- Алматы: Алматыкітап, 2006.- 283 б.
  12. Қазақстан табиғаты. 3 том. Қ -М / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 302б.
  13. Қазақстан табиғаты. 4 том. М - С / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012.- 303б.
  14. Алыбаева, Р.А. Құрлықтық және су экожүйелерін қорғау: [оқу құралы] / Р.А. Алыбаева.- Алматы: Бастау, 2013.- 342б.

 

8 Дәріс. Қорғалжын табиғи қорығы.

Сұрақ атауы 1 Қорғалжын табиғи қорығы.

Қорғалжын қорығы[1] – Ақмола облысы Қорғалжын ауданында орналасқан мемлекеттік қорық. 1958 ж. ұйымдастырылған. Оған Теңіз – Қорғалжын көлдер жүйесінің біразы енеді (Қорғалжын; Теңіз). Жер аумағы 258,9 мың га (2003). Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның температурасы –41 – 42ºС суық болса, шілдеде температура 38 – 39ºС-қа жетеді. 125 – 130 күндей аязсыз жайма шуақ болады. Жылына 200 мм шамасында жауын-шашын түседі. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 331 түрі, атап айтқанда, жусан, көкпек, боз селеу, қызғылт, тобылғы, бидайық, бозшөп, т.б. өседі. Әсіресе, суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі мұндағы көлдерге ерекше әсемдік береді. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай. Мұнда сүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 294, бауырымен жорғалаушылардың 3, қосмекенділердің 2, балықтардың 10-нан астам түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, дала суыры, қоян, күзен, борсық, ақбөкен, т.б. мекендейді. Қорғалжында 32 мыңдай қасқалдақ, 10 – 12 мыңдай үйрек, аққу, қаз, т.б. құс түрлері ұя салады. Қорықтан ақ құтан, қызыл жемсаулы қарашақаз, тұрпан, қара дегелек, бірқазан сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Мұнда ұя салатын қанаттылардан гөрі мамырлауға келген құстар саны бірнеше есе көп болғандықтан қорықты Құс базары деп те атайды. Қорықта дүние жүзінде өте сирек кездесетін – қызғылт қоқиқаз бар. Ол Қазақстан жерінде тек Теңіз к-нде ұя салып, жұмыртқа басады. Түсі қызғылт қанатты қоқиқаздар топталып аспанға көтерілген кезде бүкіл көл айдыны қызыл алау өрттей лаулап, ерекше шұғылаға бөленеді. Сондықтан оны кейде “Қызылқанат” деп те атайды. 1960 жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45 – 60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10 – 15 мыңдай ғана қалды. Халықар. маңызы бар, қорғауға алынған батпақты-сулы жерлердің тізіміне Қорғалжын, Теңіз көлдері енгізілген. Қорықтағы фауна мен флора толық есепке алынған. Көп жылдан бері “Табиғат шежіресі” күнделігі жазылады. Қазір қорықта экологиялық туризм саласы дамып келеді.

Сұрақ атауы 2

Қорық флорасы гүлді өсімдіктердің 300 түрін құрайды. Ағаштар жоқ, алайда бұталардың 12 түрі бар. Далада кейде қараған мен тобылғы да кездеседі. Қорғалжын қорығында сирек кездесетін өсімдіктердің 45 түрі қорғалады. Олардың арасында Шренк қызғалдағы, Қазақстанның Қызыл кітабына енген екі түсті қызғалдақ, көкшіл жуа, орал миясы, құмды цмин, дәрілік алтей, қара жусан, ақмия, бозы және дала шатырашы бар.

Қорғалжын фаунасы дала және жартылай шөл дала аймақтарына тән. Мұнда сүтқоректілердің 41 түрі, құстардың 294 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 6 түрі, қос мекенділердің 2 түрі, балықтың 11 түрі бар. Қорықтың омыртқасыздар фаунасы мүлдем зерттелмеген. Қорықта қоңыздардың 300 түрі тіркелген. Қорғалжын көлдері – балықшылардың жұмағы. Мұнда алтын және бозша мөңкелер, шортан, аққайран, линь, алабұға және торта балықтар тіршілік етеді.

Теңіз-Қорғалжын өзендер жүйесі Орта Азия – Үндістан және Сібір – Шығыс Африка жыл құстары жолының қиылысында орналасқан. Қорғалжындағы жалпы аумағы 260 мың гектарды құрайтын өзендер жүйесі бүкіл Орта Азиядағы құстардың ең маңызды сулы-батпақты мекені болып табылады. 1976 жылы қорықтағы су айдындары «Рамсар» тізіміне енгізілген. Қорғалжындағы өзендер жүйесі қызғылт қоқиқаз (фламинго) және жоғалуға айналған өзге де сирек құстардың: бірқазан, тырна, савка және тарғақтың әлем бойынша солтүстіктегі ең шалғай мекені. Қорықта құстың 294 түрі жұмыртқа салса, суларында балықтың 17 түрі мекендейді. Сондай-ақ мұнда сүтқоректі жануарлардың 41 түрі тіршілік етеді. Бұл Қазақстандағы сүтқоректі барлық жануарлар түрінің 26 пайызын құрайды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

1. Қорғалжын табиғи қорығының жалпы сипаттамасы.

2. Қорғалжын табиғи қорығының флорасы.

3. Қорғалжын табиғи қорығының фаунасы.

4. Қорғалжын табиғи қорығының маңызы.

 

Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Сәтімбеков, Р. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік: оқу құралы / Р. Сәтімбеков.- Алматы: Эверо, 2015.- 471б.
  2. Реймере Н.Штильмарк Ф. Особо охраняемые природные территорий.    М.Мысль.1978. 259с.
  3. К.П. Филонов. Ю.Д. Нухимовская. Летопись природы в заповедниках                         СССР методическое пособие М к наука, 1990.215c
  4. Заповедное дело в Казахстане. Алма-Ата,Наука 1982-215c.
  5. Биосферные заповедники» современное состояние и перспективы                      развития (тезисы докладов),Пушкино 1981-137c.
  6. Заповедники и национальные парки мира.М к Наука.1959-238c.
  7. Географическое размещение заповедников РСФСР и организация их деятельности.М.1981.-137c.
  8. Закон РК Об особо охраняемых природных территориях. (c изменениями и дополнениями по состоянию на 17.07.2009г.).
  9. Қазақстан қорықтары. Т.1.- Алматы: Санат, 2007.- 485б.
  10. Қазақстан қорықтары. Т.2.- Алматы: Санат, 2007.- 471б.
  11. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары/ Құраст.: А.А. Иващенко.- Алматы: Алматыкітап, 2006.- 283 б.
  12. Қазақстан табиғаты. 3 том. Қ -М / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 302б.
  13. Қазақстан табиғаты. 4 том. М - С / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012.- 303б.
  14. Алыбаева, Р.А. Құрлықтық және су экожүйелерін қорғау: [оқу құралы] / Р.А. Алыбаева.- Алматы: Бастау, 2013.- 342б.

 

9 Дәріс. Маркакөл  табиғи қорығы.

Сұрақ атауы 1 Маркакөл табиғи қорығы.

Қорықтың жалпы ауданы 71367 га, оның 26917 га-сын құрғақ жер, ал 44450 га- сын көл алып жатыр. Қорық үш бөлікке бөлінген: 1. оңтүстік- таулы- орманды алқап- 6250 га, ол көлдің оңтүстік жағалауы мен Азу тауының солтүстік беткейін алып жатыр; 2. Көл жағалауы- 609 га, Тополевка мен Жирен Байтал өзенінің сағаларындағы солтүстік жағалаудың азғантай жерін қамтиды; 3. Солтүстік таулы- орманды алқап- 20050 га, Тополевка, Таутекелі, Тихушка, Сорвенок өзендерінің жрғарғы жағында Күршім жотасында орналасқан. Бұдан басқа Урунхайка өзенінің сағасындағы орталық усадьбаның 8 га жерін алып жатыр. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының айналасы ені 2 км болатын үзік сызықты қорғау аумағымен қоршалған.

- Физикалық- географиялық сипаттамасы (табиғи аймағы, климаты, гидрологиясы, негізгі ландшафттары, геологиясы, топырағы): Қорық Оңтүстік Сібір тауларының құрамына кіретін Оңтүстік Алтай тауларының шегінде орналасқан. Таулармен және Орта Азияның шөлді және жартылай шөлді аймақтарымен, Қазақ даласымен және орманды даламен шекаралас орналасқан Марқакөл көлі үнемі олардың әсерін сезінеді және олардың әрқайсысының өзіне тән табиғаты қорықтың табиғатында да өз көрінісін тапқан.Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Оңтүстік Алтайдың табиғат кешенін, сондай- ақ бірегей альпі өзені Марқакөл көлін табиғи қалпында сақтау мақсатында құрылған. Марқакөл- Алтайдың ірі су қоймасы. Көл созылған сопақша формалы, солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа қарай созылып жатыр. Су жинайтын бассейнінің көлемі 1180 кв. км құрайды. Көлдің ұзындығы- 106 км, ені- 6-19 км, ауданы- 455 кв. км, жағалауының ұзындығы- 106 км, көлдің орташа тереңдігі- 14,3 метр, максималды тереңдігі- 24-27 метр. Көлдің шарасында 6,5 кубометр су жиналған.Марқакөл көлінен басқа қорықтағы негізгі қорғау объектілері, олар – Солтүстік Сібір таулары үшін қалыпты болып саналатын биік таулы ауданның балқарағайлы, самырсынды және шыршалы ландшафтары; Марқакөлге ғана тән майқан, хариус, талмабалық, теңгебалық түршелерінің жергілікті бірегей балықтар әлемі, құрамына біздің республикамызда, тіпті дүние жүзінде сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлердің көптеген қатары кіретін бай және сан алуан құстар мен сүт қоректілер.Марқакөл көлінің пайда болуы альпілік тектоникалық циклдің ширек ғасырлық кезеңіндегі мұз дәуірімен байланыстырылады. Ол дәуірде жоғары көтерілулер мен жарылулардың нәтижесінде қазіргі жоталар мен тауаралық ойпаттардың өзіндік жүйелері пайда болды. Олар кейіннен мұз қатулардың әсеріне ұшырады. Мұның іздерін Күршім жотасының су айырықтарынан анық байқауға болады. Марқакөл көлінің қазаншұңқырына орташа таудың бөлшектенген, сүйір шыңды, тік беткейлі тау бедері тән. Тау беткейлері терең өзен алаптарымен кесіп өтілген. Күршім тау жоталарына таңқаларлық тау жұрнақтарынан құралған жартасты шыңдар мен тау айдарлары тән. Көптеген таулардың ұшар бастары ірі сусыма тас сынықтарымен жабылған, олар тастан құралған «өзендермен»- курумниктермен тау беткейінен төмен қарай түседі. Жотаның солтүстік- шығыс бөлігі ірі үзік- үзік шатқалдармен, каньондармен бөлінген. Ал бұлардың ортасында төменде таңғажайып әдемі көкпеңбек альпі көлі жатыр.Азу тау мен Сорвенковский белок жоталары үшін су айырықтарының бастары тегістелген, күмбез тәрізді жоталы тау бедері тән. Су айырықтар кей жерлерде бөлек- бөлек жартастары бар, кейде маңайы шашылған шойтастар мен плиталарға толы тегістелген жер не жазық сипатты болып келеді. Мұнда альпі щалғындығы мен тау тундрасы анағұрлым байсалды көрінеді, ал қалың ергежейлі қайыңдар мен талдардың орнын аршалар басқан. Тау жоталарының баурайы төменде тау өзендері мен бұлақтары ағып жатқан терең тайга бөлшектерінен тұрады және анағұрлым тік. Көлдің жағалауы батыста, солтүстікте және солтүстік- шығыста ені 1-2 км көл айдынын құраса, ал оңтүстігі мен оңтүстік- шығысында Азу тау жотасы көлге кіріге жанасатындықтан анағұрлым жіңішке болып келеді.Тау жоталарынан көлге келіп түсетін салалардан пайда болған мүйіске ұқсас жерлер осы өлкеге тән көрініс.Климаты континенталды, қары қалың, қысы қатал, ал жазы қоңыржай жылы болады. Марқакөл- Қазақстанның ең суық ауданы: ең төменгі температурасы – 55 градусқа дейін төмендейді (Орловка ауылының маңайы). Бұл жерде Оңтүстік Алтайдағы жылдық ең төменгі орташа температура тіркелген (-4.1 градус), қаңтарда орташа температура 25.9 градус болғанда, шілде айының ең төменгі орташа температурасы 14.1 градус. Жазда температура 29 градусқа дейін көтерілсе, қыста -40-44 градусқа, кейдк – 53 градусқа дейін төмендейді. Күндік орташа температура 0 градустан жоғары деңгейде 162 күн, ал 0 градустан төмен деңгейде 203 күн тұрады. Аязсыз кезең- 60-70 күн. Урунхай ауа- райын болжау жөніндегі постың деректері бойынша көпжылдық орташа температура 0 градустан жоғары деңгейге ауысатын күн- 5 мамыр. Жылдық жауын- шашын мөлшері 321- ден 731- ге дейін ауытқиды. Айлық абсолютті ең жоғарғы жауын- шашын мөлшері 110-120- ға дейін жетуі мүмкін. Жылдың суық кезінде (15 қазаннан 5 мамырға дейін) 230-266 мм жауын- шашын жауады. Алғашқы қар қазан айының бірінші онкүндігінде байқалады. Тұрақты қар жамылғысы қараша айының бірінші онкүндігінде, ал кей жылдары қазанның аяғында қалыптасады. Қардың орташа қалыңдығы 40-70 см, ал кей жылдары 150 см- ге жетеді. Қар 160- 170 күн жатады. Өзен жағалауларында қар әдетте мамыр айының бірінші онкүндігінде, тауда- мамыр айының аяғында- маусым айының басында кетеді. Қар мамыр айының екінші онкүндігіне дейін жаууы, кейде тіпті тамыз және қыркүйек айларында басталуы мүмкін.Жел көбіне оңтүстік шығыстан соғады. Бір жылда соғатын қатты жылдар мен дауылдардың саны 6- дан 12- ге дейін. Ең қатты жел- жергілікті шүмек желі. Ол кейде көктемде және жазда Марқакөл көлінің бетінде толқындарының биіктігі 1-2 метр болатын дауыл тудырады. Келесі бір жел- жергілікті жерде тихушка деп аталады. Ол оңтүстіктен соғады, көл бетіне қобалжу тудырады, жергілікті ырым бойынша- бұл ауа- райының өзгеретінін білдіреді. Анда- санда темірбек және маральник атты қатты дауылды желдер соғады. Кешкі және түнгі солтүстік желі- урынхай желі жыл бойы солтүстікке қарай үнемі соғып тұрады.Жағалауы аз тілімделген, ирек сызықты, кей жерлерінде аздап шығып тұрған мүйістері мен кішкентай бұғаздары бар. Жағалауы көбіне лайлы, батбақты, сонымен қатар малта тасты, қойтас тасты және құмды. Жағасында қалың талдар, шоқ қайыңдар, шыршалар өседі, кей жерлері батпақ және жанаса жайласқан шалғынды кеңістік болып келеді. Марқакөл көлінің түсі өзінің әртүрлілігімен және әдемілігімен таң қалдырады: ашық күндері көл көк немесе көгілдір, ауа-райының өзгеруіне байланысты қара сұр немесе күміс реңдес түске енеді. Көл шарайнасы күні бойы әлденеше рет өзгереді. Көлдің суы ультратұщы, өте жұмсақ, аздаған қышқыл, кальций тобының гидрокарбонат класына жатады. Қыста көл қатады. Мұз құрсауы қазан айының екінші онкүндігінде пайда болады, мұз қататын орташа уақыт- 20 қараша. Қалжыр өзенінің бастауы қыста қатпайды, ал қыс жылы болғанда Марқакөл көліне құятын кейбір тау өзендерінің арнасы қатпай қалады. Мұздың қалыңдығы 60-120 см-ге жетеді. Көл мұздан мамыр айының бірінші онкүндігінде ашыла бастайды, ал толығымен мамыр айының аяғында ашылады. Көлге 95 ағын сулар келіп құяды, ал Қара Ертістің негізгі саласы болып саналатын жалғыз Қалжыр өзені (ұзындығы 128 км) ағып шығады. Көлге құятын өзендердің ішіндегі ірілері- Тополевка- 23 км, Төменгі Еловка- 9,5 км, Матабай- 7,5 км, Жирен- Байтал- 7,5 км және басқа да анағұрлым жіңішке арналы (2-3 метр) және онша терең емес (1-3 метр) және қарқынды жылдам ағысы бар кішкентай өзендер құяды. Әдетте бұл тау өзендерінің жоғарғы ағысында сарқырамалар болады.Марқакөл ойпатының топырақ қабаты тік белдеулікпен сипатталады. Шалғынды- далалы белдемде шалғынды- шымтопырақты сілтісіздендірілген және орманды- шалғынды топырақ (шығыс жағалау), сондай- ақ қаныққан қара топырақ тәріздес шалғынды орман топырағы көп. Жағалауда шалғынды- батпақты және жайылма сулы- шалғынды топырақ араласқан әртүрлі батпақты топырақтар көп кездеседі.Жер бетіне жақын жатқан жер асты сулары учаскелерінде батпақты шымтезекті- қопалы топырақ қалыптасады. Таулы- орманды белдемде таулы- орманды, әлсіз және жабық күлгінденген таулы-шымтопырақты, шалғынды оңтүстік және қара топырақ тәріздес таулы- орманды топырақ қалыптасады. Таулы- шалғынды белдемде альпілік шымтезекті, күлгінденген, толық қанықпаған (оңтүстік беткей бойынша) таулы- шалғынды субальпілік топырақ жақсы қалыптасқан. Таулы- тундралы белдемде таулы- тундралы күлгінденген және әлсіз және ірі қарашірік топырақ басым болып келеді.Қорықта жота баурайларын алып жатқан, кейде көл жағалауына дейін түсетін балқарағайлы және самырсынды ормандар қалыпты жағдай. Ормандар үшін аңық байқалатын экспозиялық орайластық тән. Тайга ормандары тәрізді анағұрлым қалың ормандар солтүстік және батыс беткейлерде, сиректеулері- шығыс, аздары- оңтүстік беткейлерде орналасқан. Ормандар жеміс бұталарының көптігімен, қалың биік шөптерімен және бұзылмаған табиғи қалпымен таң қалдырады. Жота беткейлерінің су айырықтарында шөптерге бай субальпілік шалғын жақсы дамыған. Шөптердің ішінде көптеген марал тамырлары- сафлор тәрізді левзей, сондай- ақ Алтай тұрғындары арасында аса жоғары бағаланатын халықта қызыл тамыр аталатын тиынтақ көп кездеседі. Өзендер мен бұлақтардың тасты арналарында өзінің қасиеті жағынан қиыршығыстық женьшеньге (тамырдәрі) ұқсас атақты алтын тамыр- қызғылт семізот кездеседі. Таулы тундрада тал мен қайыңнан өсіп шыққан таңқаларлық «ергежейлі ормандар» кең таралған.Қарлы шыңдарда жаз уақытында да қыс тынысын сезуге болады, ал тау етегінде көктем патшалығында болып, алғашқы тау жауқазының гүл ашуына куә болуға болады. Осы жерден көз тартарлық Алтай тауларынын панорамасын және Алтай тауларының тәңірі- Мұзтау тауын көруге болады

Сұрақ атауы 2

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағы Оңтүстік Алтай таулы және орманды- шалғынды дала аймағының орманды- шалғынды дала орташа және биік таулы геоботаникалық ауданының шегінде жатыр. Қазақстанның оңтүстік далалары, Орта Азияның жартылай шөлейттері және Оңтүстік Сібірдің тайга ормандарының шекералас болуы, таулы жер бедері, әртүрлі климаттық жағдайлар қорықтың өсімдіктер әлемінің өзінше ерекше және бай болуына әсерін тигізді. Қорықта 1000 аса жоғары сатылы өсімдіктер, оның ішінде 12 түрлі ағаш және 22 түрлі бұта бар. Шөптесін өсімдіктер ішінде көпжылдық өсімдіктер басым болып келеді. Қорықтың өсімдіктер әлемінен 14 экологиялық топты атауға болады. Мезофит тобы көп, өсімдіктердің жақсы білінетін биік таулы белдемі психрофиттердің санының көп болуына себебін тигізеді. Өсімдіктер әлемініңде гидрофиттер мен гигрофиттердің болуы ірі су қоймасының ашылуымен байланысты. Петрофиттер жартастың жалаңаштануымен, а ксерофиты және мезофиты- оңтүстік далалы беткейлермен ұштастырылады.

Қорықта таралу аумағы қорықпен ғана шектелген өсімдіктердің жергілікті түрі жоқ. Бірақ мұнда алтай рауғашы, алтай уқорғасыны, қызғылт семізот- алтынтамыр, қазоты сияқты алтайлық жергілікті түрлер өседі.

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы аумағында 5 биіктік өсімдік белдемі байқалады: 1. Шалғынды дала 2. Таулы- тайгалы 3. Субальпілік 4. Биік таулы 5. Егіндік

Шалғынды дала белдемі- теңіз деңгейінен 1450-1600 метр биіктікте, жиматарғақ, түлкіқұйрық, шалғындық атқонақ, құрғақ айрауық және басқа астық тұқымдас әртүрлі шөптері бар көлдің жағалау жолағымен ұштасады. Шөп жамылғыларында жіңішке жапырақты күреңот, Лобель тамырдәрісі, көкшіл сұр қоянбұршақ, тілік балдырған, кәдімгі маралоты және басқа өсімдіктер кездеседі. Шөптің биіктігі 0,5- 1 метр. Қалың бұталарды татар үшқаты, орташа тобылғы, тікенекті итмұрын құрайды. Оңтүстік беткейлерде кәдімгі бетеге, шалғындық атқонақ, дала қоңырбасы, будан бөзкілем, коптамырлы сарғалдақ және басқа өсімдіктердің бетегелі- шалғынды топтары таралған. Таулы беткейлерде тошала, сібір бөріқарақаты, жуалар- қыржуа, желілік және қызғалдақ тәрізді, алтай рауғашы өседі. Көктемде оңтүстік беткейлерде дала шұғылығы, алтай шырышы, ашық құндызшөп және ала күлтелі қызғалдақ гүлдейді.Таулы- тайгалы белдемде- теңіз деңгейінен 1450- 1900 метр биіктікте балқарағайлы орман көбірек. Негізгі орман құрайтын түр- сібір балқарағайы. Қорықта балқарағайлы орманның 19 түрі бар. Олар қорық аумағының 20%-н алып жатыр және орманды аймақтың 61 %-н құрайды. Балқарағайлардың орташа жасы 160 жыл, ағаштың орташа биіктігі 20-30 метр. Ағаш құрамын құрауға қотыр қайың, бірен- саран сібір самырсыны қатысады. Орман маңында татар бөріжидегі, Мейер қарақаты, кәдімгі таңқурай, орташа тобылғы, тікенекті итмұрынның қалың бұталары өседі. Шөп жамылғыларында жиматарғақ, жіңішке жапырақты күреңот, кәдімгі сәлдегүл және басқалар бар. Ылғалды жерлерде Лобель тамырдәрісі өседі. Қалың шөптің биіктігі 1-1,5 метр, қалың шөп жамылғысы 80- 90%- ды құрайды. Солтүстік беткейлердің жоғарғы бөлігінде балқарағай, қотыр қайың, көктерек пен сібір шетені араласа орналасқан сібір самырсынынан тұратын күңгірт қылқанды орман кең тараған. Таза самырсын ормандары азғантай жерді- бар- жоғы 1%- ды алып жатыр және тік солтүстік беткейлердің жоғарғы бөлігінде орналасқан. Ағаштардың негізгі құрамын сібір самырсыны құрайды, ал сібір шетені, қотыр қайың толықтырады. Ағаштардың биіктігі 20-25 метрге жетеді, орташа жасы 90-100 жыл. Ағаштың ұшарбастарының жанасу көрсеткіші 0.8-0.9. Орман маңайындағы бұталар нашар дамыған және оны алтай үшқаты және мейер қарақаты құрайды. Сирек және аласа шөп жамылғысы (жабылуы 15-20%) қияқөлең, ақ гүлді қазтамақ, ботагөз, көк сұр қоянбұршақтан тұрады. Жасыл мүктер қалың жамылғы құрайды. Орманның жоғарғы шекараларында (1900 метрден жоғары) тасты беткейлерде сібір самырсыны жатаған болады. Марқакөл көліне құятын өзендердің алабында және оның жағалауында таулы- алапты шыршалы ормандар кең тараған. Негізгі орман құрайтын ағаш сібір шыршасы және оған сібір майқарағайы, сібір самырсыны, қотыр қайың қосылады. Ағаштардың биіктігі 20-30 метр. Мұнда әрдайым қаракөлеңке, дымқыл және тыныш. Топырақты күрең- жасыл мүктер, қияқөлең, қыналар, қырықбуындар мен сушырмауықтар жауып жатады. Құлаған ағаштар (жел құлатқан, дауыл құлатқан) ағаштар көп. Орманның маңы онша өспеген, қара және Мейер қарақаты, алтай ұшқаты кездеседі. Ағаштардың бұталарынан түтеленген сабалақ сұр қыналар салбырап тұрады. Бұл ормандардан әдемі солтүстік орхидеяларын: жапырақсыз орашық, үш сыздық маржантамыр, Фукс және балтық сүйсіндерін көруге болады. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағы арқылы самырсын қарағайының оңтүстік таралу шекарасы өтеді. Сондықтан ол бұл жерде сирек.Субальпілік белдем- теңіз деңгейінен 1900- 2000 метр биіктікте, биік шөпті альпі шалғындарымен танымал. Шөптің қалыңдығы 50 см- ден 100 см- ге дейін, топырақты жабуы 70- 80%. Осы жерге тән өсімдіктер: ірі жапырақты сарғалдақ, оңтүстік сібір тиынтағы, ақ гүлді қазтамақ, Флоров шұбаршөбі, жалпақжапырақты шұбаршөп, әртүрлі жапырақты тікенқурай, сафлор тәрізді рапонтикум және басқалар.Биік таулы белдем- теңіз деңгейінен 2000- 3000 метр биіктікте, бұл белдеуге альпі шалғындығы мен тау тундрасы аймағы кіреді. Аласа шөпті альпі шалғындығы өте әдемі. Астық тұқымдастар мен ашық көгілдір теңбіл қияқөлеңдердің арасынан шөмішгүл, ірі гүлді жыланбас және ірі жапырақты шерменгүл, ашық қызыл сары алтай күнгелдісі, сары сарғалдақ, алтай шегіргүлі мен ашық бұтақты көкнәр, оңтүстік сібір тиынтағы және қандыгүл көзге түседі. Бұлардың бәрі 10 см- ден 20 см- ге дейін ғана болатын аласа шөптер.Тауға қарай биіктей түскен сайын өсімдіктер де климаттың қатал жағдайына сай бейімделе өседі. Олар жерге төселіп жабыса түсіп жастықша тәрізді әртүрлі форма құрайдыБиік таулы тундра- альпі шалғындығынан жоғары басталады. Қорықта арасында алтай шегіргүлі, алтай сарғалдағы және басқалары бар мүгі, қынасы басым мүкті- қыналы тундра, дөңгелек жапырақты қайың мен ергежейлі талдары (0,5 метрден 1,0 метр биіктікке дейін) бар бұталы (аласа қайыңды) тундра, арша теңбілдері бар шөптесін тундраның әртүрлі құрылымдары кең тараған. Су айырықтарда таулы тундра тараған. Өсімдіктер жаппай жамылғы құрамайды, шығыр тасты және тасты учаскелердің арасында теңбіл- теңбіл болып орналасады. Мұнда төрт тұқымды семізот, сібір тасжарғаны, әсем кесте жусан, сібір тасшүйгіні өседі.Егіндік белдемі- 3000 метрден жоғары, Күршім жотасын алып жатыр. Жоғары өсімдіктер жоқ. Тастар мен жартастардан аздаған қыналарды байқауға болады.Марқакөл табиғи қорығындағы суда өсетін өсімдіктерді айтсақ, Марқакөл көліндегі суда өсетін жоғары өсімдіктердің 30- дан аса түрін атауға болады. Жағалау белдеуін қамыс тәріздес субидайық, қарақошқыл айрауық, торсылдақ қияқ, мұрын қияқ, батбақ зиягүлі, бірдей түлкіқұйрық және басқалары құрайды. Таяз суда өзен қырықбуыны, батбақ келтебасы, жалпақ жапырақты қоға, улы утамыр, кіші балықот өседі. Тереңірек жүзгіш жебежапырақ, үш құлақты балықот, масақты егеушөп аймағы басталады. 0,5- 1,0 метр тереңдікте қос мекенді самалдық кең тараған. 1-1,5 метр тереңдіктен қамтыма сабақты, жүзгіш, жылтыр шалаңдардың, шоқ болбырдың таралу аймақтары жақсы байқалады. Көл айдынының барлық жерінде батырылған мүйізжапырақ кең тараған. Қорықта азықтық, дәрілік, тағамдық, балшырындық, техникалық, эфир майлы өсімдіктер түрлерінің көбі өседі.Мұнда әртүрлі дәрежедегі Қызыл кітаптарға енгізілген өсімдіктерден қар дәуаяғы, сібір қандығы, сафлор тәрізді рапонтикум (марал тамыры), дала шұғылығы, қызғылт семізот (алтынтамыр), алтай рауғашы, әртүрлі жапырақты қызғалдақ, сабақсыз бипан, жапырақсыз орашық қорғалады. Қорықта Алтай жергілікті түрлерінен жіңішке жуа, алтай рауғашы, ашық құндызшөп, ғажап тегеурінгүл, алтай уқорғасыны, алтай сарғалдағы және ірі жапырақты сарғалдақ, суық семізот, сабақсыз бипан және қазоты өседі.Қорық аумағында көптеген бағалы түрлер: марал тамыры, алтынтамыр, тиынтақ, дала шұғылығы, кәдімгі сәлдегүл немесе кәдімгі шұғылық, жұқа жапырақты бадан, алтын шоқсары, кәдімгі киікоты, шілтер жапырақты шайқурай, қара жидек, итбүлдірген (қызылжидек), итмұрын және басқа да өсімдік түрлері өседі.

Сұрақ атауы 3.

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының жануарлар дүниесі де әртүрлілігімен ерекшеленеді. Әсіресе қазіргі кезде де аз зерттелігендердің қатарында қалып отырған омыртқасыздар әлемі сан алуан. Қорықта сирек кездесетін әдемі көбелектер- аполондар және махаондар, сондай- ақ алқызыл көбелек, ақкөбелек, ошаған көбелегі, қалақай көбелегі, қарала көбелек, көккөбелек, перламутрлы көбелектер және басқалары кездеседіОмыртқасыздардың су фаунасы әжептәуір зерттелген: қалқыма су организмдерінің 60 түрі, су түбі организмдерінің- 136 түрі, тұщы су малюскаларының- 11түрі ұсынылады. Қос мекенділердің ішінен сүйіртұмсық бақа, анда- санда кәдімгі құрбақа кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардан кәдімгі сұржылан көп. Дымқыл шоқ қайыңды, шыршалы ормандарда және мүкті майқарағайлы ормандарда тірі туатын кесіртке, далалы тау беткейлерінде сұр кесіртке кездеседі.Марқакөл көлінде түршелік деңгейдегі жергілікті түрге жататын 4 түрлі балық мекендейді. Сібір майқаны- Марқакөл тарихының бүкіл бір дәуірінің символы және қорықтың эмблемасы болып саналады. Балықтың көптігінің және ең алдымен сібір майқанының (ускуч) арқасында өзен маңайына қоныстану басталда. Алтайда сібір майқаны «ускуч» деген атпен танымал (бұл түрік тіліндегі атаудың шығу тегі қазіргі күнге дейін жұмбақ болып келеді). Уылдырық шашатын орындарда майқан пен хариусты (қарауыз) бақылаусыз және жыртқыштықпен аулау олардың қорының азаюына және балық шаруашылығының жаппай құлдырауына әкеліп соқты. Майқан негізінен көлдің тереңдеу жағын мекендейді. Мамыр айының басында майқандар мен хариустар тау өзендері мен ірі бұлақтардың сағаларында жиналады және уылдырық шашу үшін олардың бас жағына қарай жанталаса жоғары өрлейді. Қорық өзендерінен қазірдің өзінде ұзіліссіз жоғары өрлеген балықтар легін көруге болады. Өзен арналарының жіңішке жерлерінде майқандар бір- біріне жақынырақ жүзіп, суды шапшыта қайраңдардың бірінен соң бірінен өтеді. Осындай жерлерде, әсіресе сарқырама шұңқырларында, жағалаудағы, құлама үйінділердегі шайынды суларда балықтар көп жиналып қалады, тіпті қиналмай қолмен ұстап алуға болады. Кейде олар осы құлама үйінділерден, шұңқырдан шұңқырға, шұңғымадан шұңғымаға өтіп суы аз бұлақтармен ұрпақ жалғастыру үшін өздерін өлімге тігіп жоғары өрлейді.Қызықтылығы жағынан осы түрден кем емес екінші жергілікті түр- хариус (қарауыз). Бұл- сирек кездесетін әдемі балық. Оның түрі ашық түрден қою түрге дейін өзгеріп тұрады, күміс қабыршақты, екі бүйірінде ұзынынан ұзақ теңбіл таңбалары бар. 1 Жастан 6 жасқа дейінгі хариустың ұзындығы 12-36 см, салмағы 21-480 грамм, кейде 700 грамм болады. Хариус негізінен көлде өмір сүреді. Тек уылдырық шашатын кезде майқап сияқты ұрпақ жалғастыру үшін жоғары жаққа қарай өрлейді. Өсімталдығы өте жоғары, 900- 4100 уылдырық шашады.Көлде талма балықтар да кездеседі, бұл- ұзындығы 5-22 см, салмағы 80 грамға дейін болатын қызық және жұмбақ балықтар. Олар көбінесе су түбінде өмір сүреді және түнгі уақыттарда жүзеді. Марқакөл талмалары бір- бірімен дене құрылысы және өмір сүру дағдыларына сәйкес ерекшеленетін екі нәсілден тұрады. Жай өсетін нәсіл негізінен өзендерді және көлдің суы аз шығанақтарын мекендейді, ал тез өсетін нәсіл терең суларды мекендейді және өзендерге тек уылдырық шашу үшін келеді.Көлде теңге балық көп. Ұсақ теңге балықтардың арасында ұзындығы 17 см және салмағы 70 грамға дейін ірілері де кездеседі. Маусым- тамыз айларында таяз суларда, жақсы жылынатын шығанақтарда уылдырық шашады. 1971 жылғы тамыз айында еуропа бақтақ балығын (патша балық) жерсіндіруге әрекет жасалды, бағымызға орай ол Марқакөл көлін жерсінбеді. Қорықтың сүт қоректілер фаунасы сан алуан, құрамына 55 түр кіреді. Жәндік қоректілердің ішінен шалғындар мен орман алаңқайларын мекендейтін алтай көртышқаны, өзендер мен көлдерде өмір сүретін кәдімгі су жертесері және 6 түрлі түнде жүретін кішкене аңдар- жертесерлер кездеседі.Жарғанаттар (қолқанаттылар) қорықта өте сирек. Кәдімгі құлақты жарқанат, ымырт жарқанаты, Бранд жарғанаты бірен-саран және қазаншұңқырдың кей жерлерінде ғана кездеседі. Тек су жарқанаттарын ғана көл жағалауларынан ымырт кезінде жиі көруге болады. Ақ қоян қорық ормандары мен талды өзен жайылмаларын мекендейді. Қорегін жағалаудағы және жайылма сулардағы қалың талдардан табады. Кейінгі кезде ақ қояндар санының 15 жылдық интервалмен тоқырауы байқалады.Биік таулы аудандардың шойтасты сусымаларында шақылдақ тышқандар мекендейді. Олар тақтатастар мен қойтастардың саңылауларында өздеріне қысқа әртүрлі альпі шөптерінен кішкентай шөп шөмелелерін дайындайды. Қорықта кеміргіштердің 20 түрі мекендейді. Қылқанжапырақты ормандарда түн аңы- ұшар тиыны кездеседі. Барлық ормандарды мекендейтін кәдімгі белка мұнда алтай түршесі ретінде танылған және өзіне тән жаздық қара түсі бар. Шұбар тышқан- кәдімгі қарапайым түр және негізінен қылқанжапырақты ағаштарды мекендейді. Сұр суыр Күршім жотасының альпілік және субальпілік аймақтарын мекендейді. Орташа таулы аймақтарда тиын тобының тағы бір өкілі ұзын құйрық суыр мекендейді. Алтай сұр тышқаны- Оңтүстік Алтайлық жергілікті түр- қазіргі кезде бұл жұмбақ аңның биологиясы жан- жақты зерттеліп жатыр. Атжалман тұқымдастардан қызыл тоқалтіс, қара тоқалтіс, кәдімгі тоқалтіс, су тоқалтісі, су тышқаны көп. Олар әртүрлі ормандарда, шалғындарда және бұлақтар мен өзен жайылмаларында мекендейді. Биіктаулық жалпақбас және үлкенқұлақ тоқалтістер жартастар мен тас шашылымдарынан бастап жалаң далаларға дейін мекендейді. Тоқалтістердің, сондай- ақ дала, орман, шығысазиялық тышқандардың санының көбеюіне тауды ауданның климаты, сондай- ақ жыртқыштардың, әсіресе сусар тұқымдастардың қысым көрсетуі кедергі жасайды. Қорық үшін қалыпты кеміргіштердің ішінен алтай бұраубасын (моманай) атауға болады, олардың індерінің шығар аузына шығарылып тастаған топырақ үйінділерін жағалаудың шалғынды аудандарынан бастап альпілік аудандарға дейін байқауға болады. Кәдімгі атжалманның індері сирек кездеседі.1952 жылы көлге су тышқаны (ондатр) жерсіндірілді. Аңдар тез көбейді және 1970 жылға дейін кәсіп етілді. Бірақ көл деңгейінің ауытқуына, қанағатсыз кәсіпшілік етуге байланысты және су тышқаны мекендейтін жерлерде оның нағыз қас жауы американ қара күзенінің пайда болуы су тышқанының мүлдем азайып кетуіне себеп болды. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығында жыртқыш аңдардан қоңыр аю мекендейді. Қорықта аюға қарағанда қасқыр анағұрлым сирек. Негізінен жазда, қорық маңайында қой отарлары өріске шыға бастағанда пайда болады. Қасқырлар күзгі- қысқы азық іздеу кезінде қорыққа кіреді.Қорықта сусар тұқымдастар көп кездеседі. Ақкіс, аққалақ, ақшыл күзен, борсық, сарғыш күзен, сасық күзен, бұлғын үнемі мекендейді. Анда- санда құнуды көруге болады. Көлге құятын кейбір өзендердің сағасында кәмшат өмір сүреді. 70- жылдардың басында Марнқакөл көлінің бассейнінде Бұқтырма өзенінің алқабынан ауып келген американ қара күзені пайда болды. Қазіргі кезде бұл аңның көл мен оған келіп құятын өзендердің жағалауын мекендеуі қалыпты жағдайға айналды. Марқакөл қазаншұңқырының аймағында әртүрлі деңгейдегі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек түр- барыстың қорыққа бірнеше рет кіруі байқалды. Қорық ормандарында сілеусін кездеседі.Марал мен елік- Марқакөл ормандарына тән тұяқты жануарлар. Бұрын құрып бітудің алдында қалған бұл түр қорық пайда болғаннан бері көптеп кездеседі. Бұрын маралдар мен еліктер қыс кезінде қара аз Қара- Қоба аудандарына және Қытайға қоныс аударып кететін, ал кейінгі жылдары қорықтың өзінде қыстап қалатындардың саны артып келеді. Кейінгі жылдары қорық аумағында бұландар да тұрақты мекендейді. Бұланның негізгі мекендеу аймағы Тополевка мен Жирен Байтал өзендерінің айырығындағы батпақты ормандар. Зайсан қазаншұңқырынан қабандар да жазда көбінесе көлге келеді.Сібір тау ешкілері (таутеке) Күршім тау жоталарының Ақсу- Бас және Торғауыс тауларының жартасты және шатқалды аудандарын мекендейді. Қорықтың орнитофаунасы (құстар әлемі) да бай және сан алуан. Барлық Оңтүстік Алтайда құстың 280 түрі байқалса, оның 248- і қорық аумағында кездеседі. Қазіргі уақытта 143 түр қорықта ұялайды. Қоныс аударушылардың қатарына 143 түр жатады. Марқакөл көлі әрқашан өзінің суда жүзетін құстарының молдығымен танымал болатын. Бұрын ұя салатын құстардың ішінен 8 түр қазір жоғалып кетті, олар: сұңқылдақ аққу, сұр қаз, қырманқаз, сутартар, ақбас тырна, өзен қарқылдақ шағаласы, лашын, ақиық субүркіт.Сирақтылардың ішінен қазіргі кезде көлде тек ғана қара дегелек ұя салады. Көккұтан мен үлкен аққұтан ұялаудан кейінгі қоныс аударулар кезінде ғана пайда болады. Қара қаздың (суқұзғын) саны әжептәуір. Батпақты жағалауларда үлкен тырна ұя салады, шәукілдек мекендейді. Шалшықшы құс кең тараған, көлде оның 26 түрі мекендейді. Олардың ішінен жартысына жуығы ұя салады. Шағалалардан көлге кіші және қара қарқылдақ шағала, көкшіл сұр шағала ұшып келеді, күміс шағала жиі кездеседі. Қазақстан фаунасындағы әдемі түрлердің бірі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген қарабас өгіз шағаланы үнемі кездестіруге болады. Өгіз шағала көлде ұяламайды, бірақ жаз кезінде көл аумағында жас балапан өгіз шағалалар жүреді. Кептерлерден үлкен түркептер (орман кептері), көк кептер мен құз кептері кездеседі. Құз кептері анағұрлым сирек. Қорықта тауықтектестердің 8 түрі мекендейді. Әдетте құр, саңырау құр, бөдене жиі кездеседі. Сұр шіл мен сұр құр сирек. Тауда тундра шілі мен ақ шіл өмір сүреді. Күршім жотасының су айырықтарында Қызыл кітапқа енгізілген түр- алтай ұлары немесе тау күркетауығы кездеседі. Марқакөл қазаншұңқырында күзде таулардың далалы жартасты беткейлерінде кішкентай үйір- үйірлерімен жүрген кекіліктерге тап болуға болады.. Жыртқыш құстардың қорық аймағында 24 түрі байқалады, оның ішінде 11 түрі ұя салады. Бұлар- жағалтай, күйкентай, бөктергі, қарақұс (кезқұйрық), аққұйрық субүркіт, бүркіт, жамансары, аражегіш, балықшы тұйғын, қаршыға және қырғи. Ұя салатындардан лашын- сұңқар, ақиық субүркіт жоғалып кетті.Қорықта үкі, маубас жапалақ, құлақты және саз жапалақ, орман байғызы, орал жапалағы, қаршыға- жапалақ ұя салады. Анда- санда кіп- кішкентай торғай байғызды кездестіруге болады. Кәдімгі және саңырау көкек, бәбісек, тентекқұс кездеседі, қара және үш саусақты тоқылдақ, боз тоқылдақ және дүпілдек кездеседі. Қия жартастарда ұзын қанат қарлығаштар тізіліп отырады. Қорықта торғай тәрізділердің 106 түрі мекендейді.Қорықта сондай- ақ өзінің оңтүстік- батыс таралу шегінде алтай ұлары кездеседі.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Маркакөл табиғи қорығының жалпы сипаттамасы.

2. Маркакөл табиғи қорығының флорасы.

3. Маркакөл табиғи қорығының фаунасы.

4. Маркакөл табиғи қорығының маңызы.

 

Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Сәтімбеков, Р. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік: оқу құралы / Р. Сәтімбеков.- Алматы: Эверо, 2015.- 471б.
  2. Реймере Н.Штильмарк Ф. Особо охраняемые природные территорий.    М.Мысль.1978. 259с.
  3. К.П. Филонов. Ю.Д. Нухимовская. Летопись природы в заповедниках                         СССР методическое пособие М к наука, 1990.215c
  4. Заповедное дело в Казахстане. Алма-Ата,Наука 1982-215c.
  5. Биосферные заповедники» современное состояние и перспективы                      развития (тезисы докладов),Пушкино 1981-137c.
  6. Заповедники и национальные парки мира.М к Наука.1959-238c.
  7. Географическое размещение заповедников РСФСР и организация их деятельности.М.1981.-137c.
  8. Закон РК Об особо охраняемых природных территориях. (c изменениями и дополнениями по состоянию на 17.07.2009г.).
  9. Қазақстан қорықтары. Т.1.- Алматы: Санат, 2007.- 485б.
  10. Қазақстан қорықтары. Т.2.- Алматы: Санат, 2007.- 471б.
  11. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары/ Құраст.: А.А. Иващенко.- Алматы: Алматыкітап, 2006.- 283 б.
  12. Қазақстан табиғаты. 3 том. Қ -М / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 302б.
  13. Қазақстан табиғаты. 4 том. М - С / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012.- 303б.
  14. Алыбаева, Р.А. Құрлықтық және су экожүйелерін қорғау: [оқу құралы] / Р.А. Алыбаева.- Алматы: Бастау, 2013.- 342б.

 

10 Дәріс. Үстірт  табиғи қорығы.

Сұрақ атауы 1 Үстірт табиғи қорығы.

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы Маңғыстау облысының Қарақия ауданында 223,342 гектар аумақты алып жатыр. Өзінің құқықтық қорғау режиміне сәйкес, қорықтық және күзетілетін өңірлерге бөлінеді. Үстірт қорығы Қарақия ауданының шығыс бетінде, Батыс Үстірт жонының Қараған босаға, Көкесем, Кендірлі, Елшібек сияқты ұшпа шыңдары мен жарқабақты таулары және Қарынжарық құмымен Сақсорқа құмын жағалай орналасқан.Үстірт шыңдарының бедері алуан түрлі. Олар Кендірлі сорын үш жағынан қоршай жиектеп, тік құлама жарлы болып келеді.

Кендірлі сорын қоршаған таға пішіндес бірнеше ғажайып қыраттар ғасырлар бойы жел, су эрозиясына ұшырап, қатты өзгерген. Сыртынан қарағанда, табиғаттың өзі салған керемет бір құрылысқа ұқсайды: мұнда пышақ кескендей тік, биіктігі 200 м-ден астам құлама жартастар, төбелері теп-тегіс не конус тәрізді мұнара сияқты төмпешіктер, ежелгі геологиялық дәуірлер куәсі — ақ, көк, қызыл қабаттардан тұратын, үстінде біздей қондырғылары бар ұлутас тәрізді “қамалдар” да жеткілікті.
Сондай-ақ қорықта ерекше бір қақпалар, аса үлкен емес қос тесікті үңгірлер, диаметр 5 м-дей домалақ тастары бар алаңдар да көп.

Бұрын теңіз түбі болған Үстіртет ежелгі заман жануарларының қалдықтары (мысалы, мүйіз сауыт, сүйек, тіс, олардың іздері), алғашқы адамдар пайдаланған қару-жарақтар табылған. Мұнда жануарлар мекендеген қоршаулар да кездеседі.

 

Сұрақ атауы 2.

Жер бедері мен топырағының әртүрлі болуына байланысты, қорықтың өсімдіктер дүниесі де сан алуан болып келеді. Қазіргі уақытта қорық аумағында өсімдіктің 336 түрі, сүтқоректілердің 29 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 15 түрі, құстардың 166 түрі, қос мекенділердің 1 түрі кездеседі.Соның ішінде Қызыл Кітапқа енгендер: өсімдіктерден – бор рияңы, кәдімгі жұмсақ жеміс, хиуа сораңы, майда қатыран, берік сүттіген; құстардан – бүркіт, жұртшы, ителгі, үкі, жорға дуадақ, лашын, қарабауыр бұлдырық, дала қыраны, қарабай, жылан жегіш қыран, қарақұс, қоқиқаз, сұр тырна, сақалтай, қылаң қарабас шағала, қылқұйрық бұлдырық, жалбағай, кішкене аққұтан ; бауырымен жорғалаушылардан – төрт жолақты қарашұбар жылан; сүтқоректілерден – арқар, қарақұйрық, қарақұлақ, сабаншы, итаю, шұбар күзен, шағыл мысығы, ақбауыр жарқанат.

Сұрақ атауы 3

Қорық аумағында табиғи – тарихи ескерткіштер көп кездеседі. Географиялық орналасуына, геологиялық құрылымына қарай ерекше жаратылған Қарамая тауы мен Көкесем шатқалдары – басқа еш жерде қайталанбайтын құбылыстар.

· Қарамая – түсіне және орналасу пішініне қарай аталған, шығыстан батысқа қарай созылып жатқан тау жоталарының атауы. Зерттеушілердің пікірінше ежелгі мұхит түбіндегі вулкандық жарылыстардың әсерінен түзілген. Тау жыныстары мен топырақ жамылғысының айналасынан өзгешелігі – бұл пікірді растай түседі.

· Алуан түсті Көкесем шатқалдары – қорық аумағындағы тұщы су көздері бар, табиғаты әсем, ерекше түзілімді мекен атауы. Үстірт жонының батысқа еңкіштей құлаған, қатты тілімденген шатқал сайлары – тау табиғатын ажарландырып тұр. Шың етегінде Көкесем тұщы су бұлағы және шың басында Көкесем құдығы бар.Суының дәмділігіне байланысты «Ойда талақ, қырда Көкесем» деп айтылатын аңыз ауыз екі тілде ұмытылмай келеді.

Тарихи ескерткіштерден – Балуанияз, Көкесем қорымы және әлі зерттелмеген Табан - Ата деп аталып жүрген ескі қорым тіркелген.

· Балуанияз - ХIХ ғасыр Маңғыстау адайлары мен түрікмен тайпалары, Хиуалықтардың арасындағы соғыстарда ерекше көзге түскен, Балықшы руының батыр атағын алған тұлға. Ескі атаулары Қалмақ үйген, Қараоба (Қалмақ үйген Қараоба болуы да мүмкін) деп аталатын төбенің басына жерленген. Қазір бұл төбе батыр атымен аталады.

· Көкесем қорымы - Көкесем құдығынан шығысқа қарай 1 км. жердегі төбе басында орналасқан. Х ғасыр ескерткіштерінен басталатын 200 – ге тарта нысандар тіркелген. Мемлекеттік қорғауға алынған, зерттеуді қажет етеді.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

1. Үстірт табиғи қорығының жалпы сипаттамасы.

2. Үстірт табиғи қорығының флорасы.

3. Үстірт табиғи қорығының фаунасы.

4. Үстірт табиғи қорығының маңызы

 

Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Сәтімбеков, Р. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік: оқу құралы / Р. Сәтімбеков.- Алматы: Эверо, 2015.- 471б.
  2. Реймере Н.Штильмарк Ф. Особо охраняемые природные территорий.    М.Мысль.1978. 259с.
  3. К.П. Филонов. Ю.Д. Нухимовская. Летопись природы в заповедниках                         СССР методическое пособие М к наука, 1990.215c
  4. Заповедное дело в Казахстане. Алма-Ата,Наука 1982-215c.
  5. Биосферные заповедники» современное состояние и перспективы                      развития (тезисы докладов),Пушкино 1981-137c.
  6. Заповедники и национальные парки мира.М к Наука.1959-238c.
  7. Географическое размещение заповедников РСФСР и организация их деятельности.М.1981.-137c.
  8. Закон РК Об особо охраняемых природных территориях. (c изменениями и дополнениями по состоянию на 17.07.2009г.).
  9. Қазақстан қорықтары. Т.1.- Алматы: Санат, 2007.- 485б.
  10. Қазақстан қорықтары. Т.2.- Алматы: Санат, 2007.- 471б.
  11. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары/ Құраст.: А.А. Иващенко.- Алматы: Алматыкітап, 2006.- 283 б.
  12. Қазақстан табиғаты. 3 том. Қ -М / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 302б.
  13. Қазақстан табиғаты. 4 том. М - С / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012.- 303б.
  14. Алыбаева, Р.А. Құрлықтық және су экожүйелерін қорғау: [оқу құралы] / Р.А. Алыбаева.- Алматы: Бастау, 2013.- 342б.

 

11 Дәріс. Батыс Алтай табиғи қорығы.

 

Сұрақ атауы 1 Батыс Алтай табиғи қорығы

Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөлігінде Шығыс Қазақстан облысыныңРиддер (Лениногор), Зырян, Глубокое (Орталық кеңсе-үй-жайы Глубокое ауданының Риддер қаласында орналасқан) аудандарының аумағында Поперечное ауылының оңтүстік-шығысында табиғатты пайдаланудан алынып қойылған жерлерде орналасқан. Батыс Алтай қорығының аудандастырылуы Оңтүстік-Cібір тау елдерінің Алтай провинциясына жатады. Қорықтың ландшафтық кешеніне Иванов (2800 м), Холзун (2500 м), Көксін (2300 м), Тигирецк (2300 м), Линейск (1600 м), Уба (2067 м), Үлбі (2000 м) жоталарының таулы жер бедерлерінің бөлігі қосылады.

Қорықтың жануарлар дүниесін тайгалық жануарлар: бұлан, марал, елік, құдыр, қоңыр аю, құну, сілеусін, бұлғын, сасық күзен, аққалақ, қара күзен, кәмшат, тиін, шұбар тышқан, суыр, түлкі және әртүрлі кеміргіштер құрайды.

Құстар әлемі алдын ала алынған деректер бойынша 100 аса түрден тұрады. Олардың ішінде Қызыл кітапқа енгізілген: қара дегелек, тундра шілі, бүркіт, аққұйрық субүркіт бар

физикалық-географиялық сипаттамасы Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөлігінде Шығыс Қазақстан облысының Риддер (Лениногор), Зырян, Глубокое (Орталық кеңсе-үй-жайы Глубокое ауданының Риддер қаласында орналасқан) аудандарының аумағында Поперечное ауылының оңтүстік шығысында табиғатты пайдаланудан алынып қойылған жерлерде орналасқан. Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аудандастырылуы Оңтүстік-сібір тау елдерінің Алтай провинциясына жатады. Қорықтың ландшафтық кешеніне Иванов (2800 м), Холзун (2500 м), Көксін (2300 м), Тигирецк (2300 м), Линейск (1600 м), Уба (2067 м), Үлбі (2000 м) жоталарының таулы жер бедерлерінің бөлігі қосылады.

Жер бедерінің формасы шығу тегі жағынан тектоникалық, мұздықты және сулы-эрозиялы болып келеді, құрамына сулы алқаптар, тау арасындағы қазаншұңқырлар, алқап тәрізді төмендеулер, сусыма тастар, жартастар, қорымдар, тасты өзендер кіреді. Жоталардың үсті пенепленденген жазық тәрізді, ал кейбір аудандардың құрылу ерекшеліктерін кар, трог, цирк құрайтын ежелгі мұздықтар , сондай-ақ таңғажайып формалар жасайтын гранит қалдықтарына (Желілік бағандар - Тас ертегісі, Шайтан қалашық) қарап анықтаған. Барлық жоталар көркем өзен алқаптарымен бөлінген.

Қорық аумағына өзендердің тарамдалған гидрологиялық жүйесі, мұзды көлдер, бұлақтар, бастаулар, биік таулы батпақтар (Алтайдағы ең ірі батпақ – Гульбище батпағының ұзындығы 6 км, ені 2 км). Қорық аумағында ағатын өзендер: Қара және Ақ Уба, Палевая Разливанка, Линейчиха, Үлкен және кіші Тұрғысын және тағы басқалары Ертістің Карск теңізіне құятын жоғарғы бассейніне жатады. Ақ және Қара Уба өзендері қорық аумағынан тыс жерде Батыс Алтайдағы Ертістің саласы болып табылатын Уба өзеніне барып құйылады. Өзендер көбінесе таудың еріген суымен қоректенеді (40-70%).

Қорық аумағының гидрологиялық жүйесін табиғи қалпында сақтау - жалпы ауданның қалыпты гидрологиялық режимін қамтамасыз ететін негізгі жағдай.

Таулы тайганың құрамына өсімдіктердің жоғарғы белдеуіне жататын: күңгіот қылқанды аралас ормандар, альпі және субальпі шалғындары, тундра белдеуі. Батыс Алтайдағы ормандардың орман өсіруші мамандар анықтаған 25 түрінің 16-сы қорық аумағында кездеседі. Қорықтың климаты географиялық жағдай мен жер бедеріне байланысты. Қорық Азия материгінің ең түкпірінде орманды, далалы, шөлді табиғи-климаттық аймақтардың түйіскен жерінде; Оңтүстік Сібір және Орта Азияның әр түрлі таулы аймақтарында, Батыс Сібірдің байтақ жазықтық кеңістігінде, Қазақстан мен Орта Азияның далалары мен шөлдерінде орналасқан. Қорықтың мұхиттан және ашық теңіздерден алыс жатуы оның климатының континентальды болуына, ауа температурасының жылдық ғана емес тіпті күндік деңгейінің құбылмалығына негіз болады. Жазғы маусымда цельсия бойынша +18+24 градус жанға жайлы ауа-райы жиірек болады. Аязсыз күндер 90 күнге дейін созылады. Қыс 220-240 күнге дейін болады. Қаңтардағы орташа температура цельсия бойынша -17-28 градус. Қар жамылғысының биіктігі 1,5-2.0 метрге дейін, кейде 3-4 метрге дейін жетеді.

Көктемде қар жылдам ериді, көшкін жүруі, қардың опырылуы жиірек байқалады. Ақ Уба көлінің ауданында жылына 1600-2000 мм-ге дейін қар түседі, кейде одан да көп, 3000 мм-ге дейін жетеді. Жалпы қорық аумағында жауын-шашынның деңгейі бірқалыпты десе де болады.

Аумақтың климаты континентальды жағдайда қалыптасады, бірақ тауда ауа температурасының төмендеуі мен жауын-шашынның, әсіресе, Атлантика мұхитынан келетін ауа массасы үшін ашық батыс және солтүстік-батыс беткейлерде көп болуына байланысты - бұл аудандар анағұрлым ылғалды болып келеді. Сондай-ақ таулы жер бедері атмосфералық ауа айналымы процесінің дамуына әсер етеді және теңіз деңгейінің биіктілігіне, жер қыртысының формасына, беткейлердің экспозициясына және жер беті жамылғысының сипатына қарай өзгеріп отыратын климат жағдайларының әртүрлілігін тудырады. Тауда қалыптасатын ауа массасы өзінің сипаты жағынан жанаса орналасқан жазықтың ауа массасынан қатты ерекшеленеді.

Бұл аумақта жауын-шашынның күшеюін туғызатын фронтальды бөліктердің шиеленісуі болады. Тауаралық қазаншұңқырлармен және кең тауаралық ойпаттармен ауа массасы өздерімен бірге қалың жауын-шашын ала келіп, таудың алыс түкпірлеріне енеді. Әсіресе бұл тұрақсыз атлантикалық ауа массасының енуі кезінде байқалады. Ауа массалары өз жолдарында тау беткейлерімен кезігіп, салқындайды, және бұл да жауын-шашын тудырады. Жер бетінің әртүрлі жамылғысы (шалғын, орман, шабындық және т.б.) жергілікті ылғал айналымын қалыптастыратын конвективті процестерді тудырады, бұл да өз кезегінде жауын-шашынды көбейтеді. Жыл маусымдарына қарай ауа айналымы процестері де әртүрлі. Суық кезеңдерде бұл жердің климатында азия антициклонының батыс сілемдерінің суық, бұлты аз, жауын-шашыны жоқ деуге болатын бірнеше күн бойы сақталатын ауа-райының әсері білінеді. Ылғалдылығы аз солтүстік-батыс және солтүстік арктикалық ауа массасының енуі байқалады. Жылы маусымдарда батыс және солтүстік-батыс бағыттағы циклондардың енуі басым болады, онымен атмосфералық шептердің өтуі байланысты. Ауа-райының фронтальды түрінде әдетте бұлттылық қалыңдай түседі, ал фронтальды бөлік тау жоталарына жақындаған кезде жауын- шашан болады және желдің жылдамдығы арта түседі. Жазда континенталды процестер күшейе түседі, бұл нөсер жауындар мен ақ жауындардың көбеюіне әкеп соғады. Ауаның тиімді температурадағы жоғарғы ылғалдылығы қорықта тайганың қалыптасуын қамтамасыз етіп, орман және шалғын өсімдіктерінің пәрменді дамуына қолайлы жағдай туғызады.

 

Сұрақ атауы 2.

Қорықтың ландшафты - таулы-тайгалы сипатта болады және қара топырақты, күңгіртқылқанды тайга, субальпілік, альпілік, егістік белдемдер кіреді. Ормандар түзілімдердің 3 сыныбына жатады: жапырақты, күлгртқылқанды, ақшыл қылқанды ормандар. Жапырақты ормандар ағашы кесілген жерлер мен өртеңдерде қалыптасады. Ақшыл қылқанды ормандар үзік-үзік болып негізінен құрғақ беткейлерде кездеседі. Қорық аумағына күңгіртқылқанды тайга тән.

Алдын-ала жүргізілген бағалау бойынша қазіргі күні Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында Алтай ботаникалық бағының жетекші ғылыми қызметкері биология ғылымдарының кандидаты Юрий Андреевич Котуховтың сипаттауы бойынша 800 түрден аса өсімдік өседі. Оның ішінен 45 түр - бұл сирек кездесетін, құрып бара жатқан және жергілікті түр, ал мына 16 түр Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген: 1. Сібір қандығы 2. Сафлор тәрізді рапонтикум 3. Ұсақ торлы жуа 4. Ірі гүлді шолпанкебіс 5. Нағыз шолпанкебіс 6. Телпек сүйсін 7. Алтай рауғашы 8. Алтай гимноспермиумы 9. Қызғылт семізот 10. Алтай суықшөбі 11. Алтай қасқыржидегі 12. Қылтанды дәлен 13. Еуропа орманоты 14. Су қазанақ 15. Ұсақ жемісті мүкжидек 16. Таңдамалы плаун (сушырмауық)

Сондай-ақ көптеген бағалы дәрілік шөптер өседі: қызғылт семізот – золотой корень, сафлор тәрізді левзей – маральи корень, шай тиынтағы - белошный корень, кәдімгі сәлдегүл (таушымылдық) - пион Марьин корень, ұсақ торлы жуа - черемша, колба және көптеген басқа өсімдіктер.. Қорық аумағында реликті (көне) қарағайлы ормандар - сібір самырсын қарағайы немесе сібір қарағайы - орналасқан, бұл қорық қорғайтын және күзететін өсімдіктер әлемінің ішіндегі қорықтың негізгі байлығы

Сұрақ атауы 3

Қорықтың жануарлар дүниесін тайгалық жануарлар: бұлан, марал, елік, құдыр, қоңыр аю, құну, сілеусін, бұлғын, сасық күзен, аққалақ, қара күзен, кәмшат, тиін, шұбар тышқан, суыр, түлкі және әртүрлі кеміргіштер құрайды. Құстар әлемі алдын ала алынған деректер бойынша 100 аса түрден тұрады. Олардың ішінде Қызыл кітапқа енгізілген: қара дегелек, тундра шілі, бүркіт, аққұйрық субүркіт бар.

Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы – бірегей табиғат туындысы және оны қорғау ұлттық және жалпымемлекеттік міндет. Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағы табиғатты пайдаланудан алып қойылған жерлерде орналасқан. Бұрын бұл жерлер қорғауға алынып қойылғанға дейін қатты тозып кеткен еді: осы жерлерде басты мақсатқа пайдалану үшін ағаш кесулер және аң терісін дайындау кәсіпшілігі жүргізілген болатын. Қорық аумағы арқылы Ресей мен Қазақстанды байланыстыратын орман тасуға арналған жол өтеді. Осы жолмен кесілген ағаш тиелген машшиналар тізбегі жүреді. ҚР Үкіметі 2002 жылдан 2004 жылға дейін «Риддер - Алтай Республикасының шекарасы» жолын салу туралы шешім шығарды. Қорық жерінің 87 га алынып қойылды. Және де қорық аумағы екіге бөлініп қалды. Қорық аумағын кесіп өтетін 22 км жолды жүріп өткенше бірталай көз қызықтырып еліктіретін нәрселерді байқайсыз.

Бір кездері қорық беткейлері мүлдем жалаңаштанып қалған болатын, ал оларды қалпына келтіру - табиғи қалпына келуіне жағдай жасау жаңа-жаңа қолға алынуда. Қорық аумағындағы тау беткейлерінің тым тік болуы, сондай-ақ өте алмайтын бақпақты болуы, қорық ормандарын мүлдем құрып кетуден сақтап қалды.

Адамдардан жапа шеккен жаралы табиғат жарасын емдеп, бұрынғы сұлулығы мен байлығын қалпына келтіруге тырысуда. Қазіргі кезде орман жапқан жердің жалпы құрамы 12,5 мың га жерді құрайды (бұл қорық ауданының 20 %). Негізгі орман құрайтын ағаш түрлері:

· қылқанжапырақты ағаштар: самырсын қарағайы, майқарағай, балқарағай, шырша, қарағай;

· жапырақты ағаштар: қайың, көктерек, терек, шетен.

Көлемі бойынша самырсын қарағайлы ормандар бірінші орын алады - 3184 га, майқарағайлы орман - 2353 га, шыршалы ормандар - 1169 га

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Батыс Алтай табиғи қорығының жалпы сипаттамасы.

2. Батыс Алтай табиғи қорығының флорасы.

3. Батыс Алтай табиғи қорығының фаунасы.

4. Батыс Алтай табиғи қорығының маңызы

 

Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Сәтімбеков, Р. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік: оқу құралы / Р. Сәтімбеков.- Алматы: Эверо, 2015.- 471б.
  2. Реймере Н.Штильмарк Ф. Особо охраняемые природные территорий.    М.Мысль.1978. 259с.
  3. К.П. Филонов. Ю.Д. Нухимовская. Летопись природы в заповедниках                         СССР методическое пособие М к наука, 1990.215c
  4. Заповедное дело в Казахстане. Алма-Ата,Наука 1982-215c.
  5. Биосферные заповедники» современное состояние и перспективы                         развития (тезисы докладов),Пушкино 1981-137c.
  6. Заповедники и национальные парки мира.М к Наука.1959-238c.
  7. Географическое размещение заповедников РСФСР и организация их деятельности.М.1981.-137c.
  8. Закон РК Об особо охраняемых природных территориях. (c изменениями и дополнениями по состоянию на 17.07.2009г.).
  9. Қазақстан қорықтары. Т.1.- Алматы: Санат, 2007.- 485б.
  10. Қазақстан қорықтары. Т.2.- Алматы: Санат, 2007.- 471б.
  11. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары/ Құраст.: А.А. Иващенко.- Алматы: Алматыкітап, 2006.- 283 б.
  12. Қазақстан табиғаты. 3 том. Қ -М / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 302б.
  13. Қазақстан табиғаты. 4 том. М - С / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012.- 303б.
  14. Алыбаева, Р.А. Құрлықтық және су экожүйелерін қорғау: [оқу құралы] / Р.А. Алыбаева.- Алматы: Бастау, 2013.- 342б.

 

12 Дәріс. Алакөл табиғи қорығы.

Сұрақ атауы 1 Алакөл табиғи қорығы.

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы '(lang-ru|Алако́льский госуда́рственный приро́дный запове́дник}}) , Тентек өзені сағасының табиғатын және Алакөл аралдарындағы сирек кездесетін жануарларды сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған. Алматы облысының Алакөл және Шығыс Қазақстан облысының Үржар аудандарында орналасқан. Аумағы 20743 га. Қорықтың аумағы 7 телімге бөлінген. Қорықта өте сирек кездесетін реликті шағаланың ұя салып, балапан өрбітетінін қазақ орнитологы Е.Әуезов 1968 – 69 жылдары жүргізген ғылыми жұмыстары кезінде анықтады. Қорық аумағындағы аралдар құстардың топталып ұя салуына өте қолайлы. Сондықтан да қорықты нағыз «құс базары» деп атауға болады. Қорық жануарлар дүниесіне өте бай. Мұнда балықтардың 15, қосмекенділердің 2, бауырымен жорғалаушылардың 14, құстардың 330 және сүтқоректілердің 21 түрі кездеседі. Омыртқасыздардан инеліктердің 34 түрі бар. Құстардың 15 түрі (бұйра бірқазан, қалбағай, қара дегелек, безгелдек, дуадақ, үкі, т.б.) және балқаш алабұғасыҚазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Өсімдік жамылғысына да бай (өсімдіктің 270-ке жуық түрі өседі). Қорықта жеті тақырыптық жоба бойынша ғылыми - зерттеулер жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сондай-ақ «Табиғат жылнамасы» жазылады. «Табиғат мұражайы» жұмыс істейді, шағын дендрарий ұйымдастырылған. Қорық шекарасында ұзындығыы 2 км болатын қорғаныш белдем салынған. 2004 жылдан Қазақстан Республиканың Үкіметі мен БҰҰ-ныңҚазақстандағы өкілдігінің біріккен ұзақ мерзімге арналған жобасы қолға алынды. Алакөл қорығының туризмді дамытудағы маңызы зор.

Алакөл – Тарбағатай тауының жоталары мен Жоңғар Алатауының аралығында Алматы облысының оңтүстік-шығысында орналасқан. Ол Балқаш-Алакөл жазығының ең төмен бөлігінде, Балқаш-Алакөл қазаншұңқырының шығысында теңіз деңгейінен 343 метр биіктікте орналасқан. Ауданы 2700 шаршы шақырым. Оның ұзындығы-120 шақырым, орташа ені - 52 шақырым, судың көлемі - 58,5 млрд.текше метр, судың жиналатын алабының ауданы - 47849 шаршы шақырым, орташа тереңдігі 22,1 метр, ең терең жері 45 метрге барады. Көл ағынсыз, ол солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Алакөл және Ұялы, Сасықкөл, Жалаңашкөл сияқты ұсақ көлдер бірігіп Алакөл алабын құрайды. Алакөл Жалаңашкөл және Сасықкөлмен жер асты сулары арқылы сабақтасып, аралары ну қамыспен тұтасып кеткен. Оның ауданы 55 мың шаршы шақырым.

Сұрақ атауы 2

Алакөл мемлекетік табиғи қорығы аумағында суда мекендейтін және жер бетінде мекендейтін омыртқалы жануарлардың 5 классы, 331 түрі мекендейді, оның ішінде балықтың 17 түрі, құстардың 269 түрі, өсімдіктердің 107 түрі, сүтқоректілердің 33 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырмен жорғалау -шылардың 10 түрі кездеседі.

Аумақтың табиғи потенциалы, экологиялық жағдайының әртүрлілігі осында мекендеушілерге әртүрлі биологиялық айналымдардың сатыларын, әсіресе көбею сатысын қарқынды жүзеге асыруғамүмкіндік береді [4, 24 б].

Омыртқасыз жануарлар. 2004 жылдың күзінде Алакөл-Сасықкөл көлдер жүйесінің құрт-құмырсқалар (бунақденелер) фаунасының жағдайына зерттеу жүргізілген болатын. 13 отрядқа жататын бунақденелердің 11048 түрлері анықталып, жиналған болатын. Тікқанатты жәндіктер - 38.1%, қатқыл - қанаттылар – 17.6%, теңқанаттылар – 12.4%, екіқанаттылар – 12.0%, қабыршақтықанаттылар – 3.4%, жартылайқатқылқанаттылар– 2.5%, шегіртке – 2.4%, дәуіт – 0.8% [4,48].

Омыртқалы жануарлар. Балықтар. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының көлдік бөлігіндегі қазіргі кездегі ихтиофаунасына 17 түр, 6 тұқымдас кіреді. Кестеде көрсетілген түрлердің ішінде қазіргі кезде бастылары: ашық кеңістік үшін – табан балық, ну (қопа) биотоптары үшін – алабұға болып табылады. Тентек өзенінің атырауындағы балықтардың қоғамдастығының түрлік құрамы.

Тентек өзені атырауының ихтиофаунасы алты тұқымдасқа жататын 12 түрден тұрады. 2001-2004 жылдарғы зерттеулерге сай торта (балық) және балқаштық шармайдың тағы екі түрі белгілі болған [4 ,64], 1-қосымша.

Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылар.Алакөл ойысында қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 24 түрі кездеседі. Оның ішінде 2-10 түрлері қорықта байқалған.

АМТҚ аумағында мекендейтін қосмекенділердің 2 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабына енгізілген, солардың бірі – даната құрбақа. 1999-2004 жылдар аралығында құрбақа Тентек өзені атырабында кездеспеген, анықтау бойынша ондағы көлдік бақалардың көп болуы себеп болған. Алайда құрбақа сол жылдары өзен аңғарының батыс бөлігінде кездескен. Жеке кезеңдерде бұл құрбақа Алакөлдегі Кішкене Аралтөбе аралының ойпаттық бөліктерінде байқалған.

Құстар.Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының қазіргі аумағында құстардың 269 түрі, оның ішінде 263 түрі (119 түрі ұялайды) Тентек өзенінде, 88 түрі (48 түрі ұялайды) Алакөл аралдарында мекендейді. АМТҚ-ның аумағында қазіргі кезде Қызыл Кітапқа енгізілген 16 түр ұялайды. Және 8 түр (қызғылт бірқазан, дала қыраны, қыран-қарақұс, бүркіт, қарақұс, сұңқар-ителгі, қылаңтөс немесе қылқұйрық бұлдырық және т.б.) қорықтың шекарасынан тыс жерде ұялайды [5,74] Алакөл қорығы аумағында ұя салатын негізгі құстардың таралуының картасы 2-суретте және          2-қосымшада көрсетілген.     

Сүтқоректілер. Алакөл ойысының жазықты бөлігінде сүтқоректің 68 түрі кездеседі. Оның ішінде қорық аумағында қазіргі кезде 33 түрі мекендейді.Қорық аумағында мекендейтін сүтқоректілер тізіміне американдық қаракүзен енгізілмеген, бұл жануар 1980 жылдары тентек өзенінің төменгі ағысынан бірнеше рет табылған. Кейінгі жылдары ол бұл аймақтарға бейімделе алмаған соң, мұнда енді байқалмаған. Және де тізімге Жоңғар Алатауында кездескен манул кірмеген. Ол тек күз-қыс айларында ғана және өте сирек байқалады. Текелі Жалғыз жағдай, манул тек ғана Текелі тауында ұсталып, тіркелген. Жоғалып кеткен аборигендік түрге тұрандық жолбарыс жатады. Ол ХІХ ғасырда Алакөл-Сасықкөл көл жүйесінің қамыстар арасында мекендеген. Өкінішке орай бұл жолбарыс түрінің Алакөл қорығы аумағында соңғы рет қашан байқалғандығы туралы мәлімет жоқ. Алайда 1948 жылға дейін ол Балқаш маңының оңтүстігінде мекендеген [4, 108].

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары 

1. Алакөл табиғи қорығының жалпы сипаттамасы.

2. Алакөл табиғи қорығының флорасы.

3. Алакөл табиғи қорығының фаунасы.

4. Алакөл табиғи қорығының маңызы

 

 

Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Сәтімбеков, Р. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік: оқу құралы / Р. Сәтімбеков.- Алматы: Эверо, 2015.- 471б.
  2. Реймере Н.Штильмарк Ф. Особо охраняемые природные территорий.    М.Мысль.1978. 259с.
  3. К.П. Филонов. Ю.Д. Нухимовская. Летопись природы в заповедниках                         СССР методическое пособие М к наука, 1990.215c
  4. Заповедное дело в Казахстане. Алма-Ата,Наука 1982-215c.
  5. Биосферные заповедники» современное состояние и перспективы                      развития (тезисы докладов),Пушкино 1981-137c.
  6. Заповедники и национальные парки мира.М к Наука.1959-238c.
  7. Географическое размещение заповедников РСФСР и организация их деятельности.М.1981.-137c.
  8. Закон РК Об особо охраняемых природных территориях. (c изменениями и дополнениями по состоянию на 17.07.2009г.).
  9. Қазақстан қорықтары. Т.1.- Алматы: Санат, 2007.- 485б.
  10. Қазақстан қорықтары. Т.2.- Алматы: Санат, 2007.- 471б.
  11. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары/ Құраст.: А.А. Иващенко.- Алматы: Алматыкітап, 2006.- 283 б.
  12. Қазақстан табиғаты. 3 том. Қ -М / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 302б.
  13. Қазақстан табиғаты. 4 том. М - С / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012.- 303б.
  14. Алыбаева, Р.А. Құрлықтық және су экожүйелерін қорғау: [оқу құралы] / Р.А. Алыбаева.- Алматы: Бастау, 2013.- 342б.

 

13 Дәріс..Қаратау  табиғи қорығы.

 

Сұрақ атауы 1 Қаратау табиғи қорығы

Қорық жері айналасында орналасқан Мойынқұм шөлдерімен және Бетпақдала өңірімен шектеседі. Қорықтың солтүстік-шығысында Созақ ауданы бар, батысында Баялдыр және Түйетас, оңтүстігінен Талдыбұлақ, ал ұзына бойына Жыңғылшық өзендері ағып өтіп, Қараағаш тау жотасына ұласады. Қорықтың солтүстік шекарасында Бессаз тауы (теңіз деңгейінен 2176 м) орналсқан. Жер бедерінің айрықша ерекшелігі - өзіндік қатпарлары болуы. Девон дәуіріндегі әктастың сирек, ал палеозойда тас көмір кезеңіндегі шөгінді жыныстардың көп болуы тән. Қорық аймағы ерте кезден бастап-ақ адамдардың тіршілік етуіне қолайлы аймақ болғандығы ондағы тас, қола және темір дәуірлерінен қалған мәдени ескерткіштерден (тасқа салынған суреттер, адам тұрақтары, т.б.) айқын байқалады. Табиғат құйған ғажайып тас мүсіндер (Түйетас, Хантағы, Кемпіртас, т.б) ерекше көз тартады.

Ауа райы континенттік климат, құрғақ. Жылдық орташа температурасы 8-12°С (қаңтардағы орташа температура -5°С, шілдедегі орташа температура 27°С).
Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 400 мм шамасында, таудың жоғары бөлігінде 500 мм, жекелеген жерлерде 700 мм.
Қардың қалыңдығы 20-30 см, желдің орташа жылдамдығы 3-4 м/с.

Қаратау қорығының аласа таулы бөлігі таулы-жусанды белдеуді, ал орта таулы бөлігі дала белдеуін алып жатыр. Жусанды белдеуде кәдімгі сұр топырақ, дала белдеуінде таудың қоңыр және қара топырағы қалыптасқан. Тек Бессаз тауында ғана түрлі субальпі шөптері өскен таудың өзіндік шалғынды-далалы топырағы, ал өзен жағалауы жайылмасында орманды-шалғынды топырақ кездеседі.

Сұрақ атауы 2

Тауда қаратау жусаны басым. Сондай-ақ тікенекті шөптер және шала бұталар мен бұташықтардан кемпіршөп, сетен, көбенқұйрық, Регель тарбақайы, Қаратау маралтамыры, Қаратау жыланбасы, Қаратау кекіресі, Қаратау қауы, Қаратау томағашөбі, Грейг қызғалдағы, т.б. эндемик болып саналады. Ал Қаратау қорығының Берікқара шатқалында ғана өсетін Берікқара терегі – өте сирек кездесетін эндемик, реликт түр болғандықтан қорғауға алынып, Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген. Жапырағы түсетін бұталар тоғайы аз аумақты алып жатыр, олар беткейдің ойысты жерлерінде және шатқал табанына бейімделген. Өзен жағалауын бойлай созылған тоғайларда түркістан доланасы, тұт, Сиверс алмасы, Семенов үйеңкісі кездеседі. Қорықта өсетін 1600 өсімдік түрінің 62-сі эндемик, 52-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Құстардың 118 түрі бар, Қызыл кітапқа енгізілген жыртқыш құстардан ителгі, бүркіт, жұртшы, бақалтақ қыран, жыланшы мен сақалтай; қосмекенділерден сарыбауыр қарашұбар жылан мекендейді. Қосмекенділерден барлық жерлерде жасыл құрбақа басым, көлбақа сирек кездеседі. Сонымен қатар "Қызыл кітапқа" енгізілген сүтқоректілердің 3 түрі (қаратау арқары, үнді жайрасы, тас сусары) осында қорғалады

Өзін-өзі тексеру сұрақтары 

1. Қаратау табиғи қорығының жалпы сипаттамасы.

2. Қаратау табиғи қорығының флорасы.

3. Қаратау табиғи қорығының фаунасы.

  1. Қаратау табиғи қорығының маңызы.

 

Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Сәтімбеков, Р. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік: оқу құралы / Р. Сәтімбеков.- Алматы: Эверо, 2015.- 471б.
  2. Реймере Н.Штильмарк Ф. Особо охраняемые природные территорий.    М.Мысль.1978. 259с.
  3. К.П. Филонов. Ю.Д. Нухимовская. Летопись природы в заповедниках                         СССР методическое пособие М к наука, 1990.215c
  4. Заповедное дело в Казахстане. Алма-Ата,Наука 1982-215c.
  5. Биосферные заповедники» современное состояние и перспективы                      развития (тезисы докладов),Пушкино 1981-137c.
  6. Заповедники и национальные парки мира.М к Наука.1959-238c.
  7. Географическое размещение заповедников РСФСР и организация их деятельности.М.1981.-137c.
  8. Закон РК Об особо охраняемых природных территориях. (c изменениями и дополнениями по состоянию на 17.07.2009г.).
  9. Қазақстан қорықтары. Т.1.- Алматы: Санат, 2007.- 485б.
  10. Қазақстан қорықтары. Т.2.- Алматы: Санат, 2007.- 471б.
  11. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары/ Құраст.: А.А. Иващенко.- Алматы: Алматыкітап, 2006.- 283 б.
  12. Қазақстан табиғаты. 3 том. Қ -М / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.- 302б.
  13. Қазақстан табиғаты. 4 том. М - С / Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012.- 303б.
  14. Алыбаева, Р.А. Құрлықтық және су экожүйелерін қорғау: [оқу құралы] / Р.А. Алыбаева.- Алматы: Бастау, 2013.- 342б.

 

14 Дәріс. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мен ескерткіштері. Мемлекеттік қорық өңірлері мен Мемлекеттік ұлттық заказниктер.

Сұрақ атауы 1 Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мен ескерткіштері.

1. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк - айрықша экологиялық, рекреациялық және ғылыми жағынан ерекше құнды табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен объектiлердi сақтауға, қалпына келтiруге және сан-салалы пайдалануға арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

2. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер республикалық маңызы бар санатқа ие.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 61; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.025 с.)