Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк аумақтарын аймақтарға 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк аумақтарын аймақтарға

Поиск

Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк аумақтарын аймақтарға

бөлу және оларды пайдаланудың ерекшелiктерi

 

1. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде табиғи кешендердi қорғау режимiне және пайдалану мақсаттарына қарай мынадай функционалдық аймақтар мен шағын аймақтар ерекшеленедi:

1) қорық режимiндегi;

2) мынадай шағын аймақтары бар заказдық режимдегi:

ü рекреациялық пайдалану;

ü әкiмшiлiк-өндiрiстiк мақсаттағы;

ü келушiлер мен туристерге қызмет көрсету;

ü шектеулi шаруашылық қызмет.

2. Ұлттық парктердiң қорық аймақтарының шегiнде кез-келген шаруашылық қызметке, рекреациялық пайдалануға тыйым салынады және онда мемлекеттiк табиғи қорықтардың ерекше қорғалатын аумақтарының режимiне сәйкес келетiн режим қолданылады.

Заказдық режим аймақтарында табиғи кешендер мен объектiлердi сақтауға арналған жағдайлар қамтамасыз етiлiп, сол аумақта оларды қатаң реттей отырып пайдалануға, соның iшiнде: рекреациялық пайдалану, шектеулi шаруашылық қызмет, әкiмшiлiк-өндiрiстiк мақсаттағы және келушiлерге қызмет көрсету шағын аймақтарында спорттық және әуесқойлық аң аулау мен балық аулау, рекреациялық орталықтардың, қонақ үйлердiң, кемпингтердiң, мұражайлар мен туристерге қызмет көрсететiн басқа да объектiлердiң құрылысын салуға және пайдалануға беруге жол берiледi.

3. Шектеулi және дәстүрлi шаруашылық қызмет өңiрлерiнде мемлекеттiк ұлттық парктердiң тұрақты пайдаланылуына берiлген жер учаскелерi сияқты, бұл жер учаскелерiн меншiк иелерi мен жердi пайдаланушылардан алып қоймай, соларға бекiтiлген жер учаскелерi де енгiзiлуi мүмкiн.

4. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде ғылыми зерттеулер, мәдени-ағарту және оқу шаралары мемлекеттiк табиғи қорықтар үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

 

Сұрақ атауы 2 Мемлекеттік қорық өңірлері мен Мемлекеттік ұлттық заказниктер



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 66; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.01 с.)