Озаттар» Үшін: балалар не Үшін керек. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Озаттар» Үшін: балалар не Үшін керек.

Поиск

Балалар өмірге бүлінбеген, шындықтың бір бөлшегі ретінде келеді. Оларда кінә сезімі жоқ, теңдессіз көп жақты тұрғыны қабылдайды, уақыт өте келе өздеріне теріс оймен қарай бастайды. Кішкентай бала өзін жай ғана сүйеді, өз тілегін сыйлайды, бүкіл әлем олардың арманын жүзеге асыруға жаралған деп ойлайды. Жеке басын сезінеді, өзін жеңіл көрсете алады, олай істемеудің себебін көрмейді, бұл табиғи нәрсе, ол жылайды, күледі, айқайлайды. Бұл жанжақты тұрғының пайда болуының белгісі. Менің тілектерім және Жеке басым. Әрі қарай дүниемен қаншалықты араласуына байланысты кінәмен, айыптаумен, сынмен жолыға бастайды. Бұл сәттер онда әр нәрсе әртүрлі іздер қалдыра отырып, тұрғы қалыптастырады. Бұл тұрғылар оның ішкі түйсігіне тап болып, әрі қарай өз болмысын құра бастайды. «Өзіңді жай сүюге болмайды –онда мен  өспеймін, дамымаймын». «Жеке басымды көрсетуге болмайды: ағамды жақсы көреді, сол сияқты боламын, сонда мені де жақсы көретін болады». Сонымен ол санасы арқылы ішкі түйсігіне тұрғы жинай бастайды, бұл өмірден өткенге дейін жалғасады, бірақ адам есейген сайын ішкі түйсікке тұрғы орналасуы қиын болады, үлкен адамды қайта тәрбиелеуге болмайды деп  айтатыны сондықтан. Сонымен  бізде нейрондық байланыс пайда болады. Физиологиялық деңгейде тұрғы нейрондық байланыс деп аталады.

Бір қыз «1:1 аксиомасын қабылдай алмаймын,бұл рас болса, ұшатын адамдардың ортасында туса, оларда ұшып жүрген болар еді.(левитация)». Яғни, сана айналамызда болып жатқан нәрсенің бәрін қабылдай бастайды және оны нық жасайды. Олай болса бұл қатты нәрсе. Отбасының, ата-аналардың, өзінің   бейнесі қалыптасады. Қарым қатынас бейнесі. Бұл бейнелер болмыстың шындығына айналады, біз елес арасында өмір сүре алмаймыз ғой. Біз бәрі нық болғанын қалаймыз. Жинақталған бейне арқасында біздің болмысымыз сол жиналған бейнелерді көрсете отырып қалыптасады. Бала әуелде естімейді, көрмейді, бұның бәрі басынан басталады. Айналасындағылардың әсерімен соларға тұрғы қалыптасады. Жаңа адамның баласы дүниені тани бастаса, онда нейрондық байланыс орнап, дүние туралы түсінігі қалыптаса бастайды да, оқиға желісі дамуының тек бір нұсқасы ғана бар деп ойлайды. Егер бала бай, ата-аналары көп жалақы алатын  отбасында туса, олардың ақшаға қарым қатынасына байланысты да емес, жай бұл бала басқаша өмір сұре алмайды. Еркеліктен емес, басқа өмір туралы елестете алмайды, солай өмір сүреді. Ал кедей отбасында дүниеге келген бала ерік күші және басқа тұрғыны қайта қалыптастыру арқылы өз болмысын өзгерте алады. Өздерінің өмір сүрген болмысы жалғыз нұсқа емес екенін, нұсқа өте көп, таңдау өз қолында екенін түсінуі керек. Бұл қатты емес, оны қабылдадық оны өзіміз қайта көрсетеміз. Бала не үшін келеді? Бұл әйел мен еркектің ара қатынасының мағынасы емес. Біз шындықтың алғашқы күйінде жолықтық. Телефон сатып алсаңыз, онда завод күй келтіретінін қайтару қызметі бар. Бәрін өзгертуге болады, ал сол тетігін бассаңыз, бәрін қайтаруға болады. Жан жақты тұрғы қабылдау тетігі – біздің ішімізде. Ал бала – бұл   завод тетігі бар жаңа телефон, одан бүлінбеген шындықты алу біздің мақсатымыз. Ал ол бізден алады. Ол тамақтандырып, өсіретін қуыршақ қана емес. Сізден бірде бір кем емес тұлға. Оның да мақсаты, міндеті бар, ойы бар, бұл Құдайдың тағы бір жұмысы. Бала КЕРЕК, бала өз ата баба жолын жалғастыру КЕРЕК деген бос сөз. Біз ешкімге ештеңе қарыз емеспіз. Жай БАЛА керемет. Балаға қарап өзіңізді көру тамаша, шектен асып мән берудің керегі жоқ. Кез келген «керек», «парыз, қарыз» ақылдың, саналылықтың, қисынның шектен тыс мән беруінен туындайды. Ең қызығы осы «керек»тің кесірінен көп адам балалы бола алмай жүр. Ішкі түйсік бізге керектің бәрін бермейді. Ол біздің қалағанымызды ғана береді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 56; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.006 с.)